Файл: 1. Стандарт Сырты жыныс азаларын карау Масаты сырты жыныс азаларыны жадайын анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 315

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Ескерту




22. Стандарт. «Сыртқы жамбас өлшемдерін өлшеу»

Тексеру мақсаты: Тар жамбасты анықтау.

Құрал жабдықтар: Кушетка, жаялық, жамбас өлшегіш.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелге бұл зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз.

2. Әйелді арқасымен аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.

3. Әйелдің оң жағына бетіне қарап тұрыңыз.

4. Жамбас өлшегішті сандық шкала жазылған жағын үстіне қаратып, үлкен және сұқ саусағыңызды жамбас өлшегіштің түймелеріне жайғастырыңыз.

5. Сұқ саусағыңызбен өлшейтін жерді анықтап, жамбас өлшегіштің түймелерін өлшейтін жерлерге қойып, сандық шкала бойынша табылған өлшемді жазыңыз.(Қалыпты жағдайда

25-26см).

6. Мықын сүйегінің үстіңгі өсінділерінің аралығын өлшеу үшін жамбас өлшегіштің ұштарын мықын сүйегінің алдыңғы үстіңгі өсінділеріне қойып өлшеңіз. (Қалыпты жағдайда 25-26см).

7. Мықын қанаттарының аралығын өлшеу үшін жамбас өлшегіштің ұшын мықын қанаттарының шығыңқы нүктелеріне қойып өлшеңіз.(Қалыпты жағдайда 28-29см).

8. Ортан жіліктің ұршық аралығын өлшеу үшін ортан жіліктің ұршық аралығының шығыңқы нүктесін тауып, жамбас өлшегітің ұшын қойыңыз. (Қалыпты жағдайда 30-31см).

9. Сыртқы конъюгатаны өлшеу үшін – әйелді қырымен, астыңғы аяғын жамбас сан буынында бүгіп, үстіңгі аяғын созып жатқызыңыз. Жамбас өлшегіштің бір ұшын симфиздің үстіне, екінші ұшын сегізкөз ойысына қойып өлшеңіз. (Қалыпты жағдайда 20-21см).

10. Нақты конъюгатаны (conjugata vera) табу үшін сыртқы конъюгата өлшемінен 8-10см алып тастаңыз.

11. Қолыңызды жуыңыз.

12. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеңіз.

13. Жамбас өлшегішті дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз.






Ескерту



23. Стандарт ‘‘Диагональді коньюгатаны өлшеу ’’.
Зерттеу мақсаты: жамбас тарлығының дәрежесін анықтау

Керекті құрал - жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық,сантиметрлік лента, жамбас өлшегіш және бір рет қолданыста болатын қолғаптар

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелді зерттеу жүргізетіндігі туралы және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.

2. Жаялықтың үстіне гинекологиялық креслоға әйелді шалқасынан жатқызыңыз.

3. Қолға стерильденген қолғап киіңіз.

4. Сол қолдың бірінші, екінші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші, үшінші саусағын біртіндеп қынапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың үшінші саусағын сегізкөздің мүйісіне тіреп, сол қолдың сұқ саусағын оң қолдың шат сүйегіне түйіскен жеріне қойып ұстаңыз.

6. Сол ұстаған күйі саусағыңызды қынаптан шығарыңыз.

7. Ассистенттің көмегімен белгіленген аралықты сантиметрлік лентамен немесе жамбас өлшегішпен өлшеңіз. Қалыпты жағдайда бұл аралық 13 см тең. Нақты коньюгатаны табу үшін өлшеген өлшеммен 2 см шегеру керек.

8. Инфекцияның алдын алу шараларының ережелерін сақтай отырып қолыңыздағы қолғапты шешіп, тастаңыз.

9. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

10. Сантиметрлік лентаны және жамбас өлшегішті дезинфекциялықерітіндімен залалсыздандырыңыз.

11. Медициналық құжатқа нәтижесін жазыңыз.







Ескерту




24.Стандарт. Бимануальды тексеру
Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.

  3. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.

  4. Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.

  5. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.

  6. Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз

  7. Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).

  8. Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.

  9. Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.

  10. Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.

  11. Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.

  12. Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.

  13. Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.

  14. Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.

  15. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.








Ескерту




25. Стандарт. «Соловьев индексін өлшеу»

Тексеру мақсаты: Жамбас сүйегінің қалыңдығын анықтыуға негізделген.

Құрал жабдықтар: Сантиметрлік лента.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жүкті әйелге тексеру жүргізілетінін ескертіңіз.

2. Орындыққа отырғызыңыз

3. Стерильді сантиметрлік лентамен әйелдің білезік айналымын өлшеңіз.

4. Алынған нәтижені белгілеңіз.

5. Қолыңызды жуыңыз.

6. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеңіз.
Ескерту:Солавьев индексі бойынша нақты конъюгатаны анықтау.

-Соловьев индексі 14см төмен болғанда сыртқы конъюгтадан 8см-ді алып тастаңыз, диоганальлды конъюгатадан 1,5см алып тастаңыз.

-Соловьев индексі 14-15см болса сыртқы конъюгатадан 9см алып тастаңыз, диоганальды конъюгатадан 1,5см-ді алып тастаңыз.

-Соловьев индексі 15см көп болса сыртқы конъюгатадан 10см алып тастаңыз, диоганальды конъюгатадан 2см алып тастаңыз







Ескерту




26.Стандарт.“Сыртқы акушерлік зерттеулер”
( Леопольд- Левицкидің әдістері)
Тексеру мақсаты: жатырдағы ұрықтың орналасуын анықтау.
Құрал- жабдықтар: кушетка, фантом, қуыршақ
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Жүкті әйелге тексеруді жүргізу мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Жүкті әйелді арқасымен аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.

  3. Кушетканың оң жағына жүкті әйелге бетпе-бет отырыңыз.

  4. 1- ші тәсілді жүргізіңіз.

Жатырдың деңгейін оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайсыз. Ол үшін 2 қолды алақан жағымен жатыр түбіне орналастырып саусақтарды жақындастырмай, жатырдың деңгейін, баланың ірі мүшесін анықтайсыз.


  1. 2-ші тәсілді жүргізіңіз ол үшін екі қолыңызды жатыр түбінен кіндікке қарай ығыстырып, жатырдың бүйіріне қойыңыз, қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтайсыз. Арқасы сол бүйіріне қарап орналасса бірінші позиция, оң бүйіріне қарап орналасса екінші позицияда жатқанын анықтайсыз.

Арқасы алдыңғы жатыр қабырғасына қарап жатса алдыңғы түрі, артқы қабырғаға қарап жатса артқы түрі екендігін анықтайсыз.


  1. 3-ші тәсілді ұрықтың ірі мүшесін анықтау үшін жүргізіңіз. Ол үшін оң қолды бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырып, бірінші және сұқ саусақпен ірі мүшені ұстап, бас әлде жамбас екендігін анықтаңыз. Бас болса ол қатты, дөңгелек, қозғалмалы болады.

  2. 4-ші тәсілдің ұрықтың ірі мүшесінің кіші жамбас астауына қатынасын анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін әйелдің аяғына қарап тұрыңыз. Екі алақаныңызды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, саусақтарыңыздың ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете жылжытып отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтаңыз.







Ескерту




27.Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарау».

Мақсаты: босанғаннан кейінгі жарақаттар диагностикасы.

Ресурстар: босану кереуеті, заламыздан құралдар:қайшы, босанғаннан кейінгі

айналар, қысқыштар, мен ұстағыш, хирургиялық инелер, тігу материалдары,

анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, корнцангтер, антисептик

ерітіндісі (1% йодонат ерітіндісі немесе 2% йод ерітіндісі), залалсыздан

жаялық, залалсызданған қолғаптар, залалсызданған мақта тампондары.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Босанған әйелге зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз

2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеңіз.

3. Босанған әйелдің жамбасының астына залалсыздан жаялық төсеңіз.

4. Босану пакетінен босанғаннан кейінгі жалпақ айналарды алыңыз.

5. Айналарды бірінен кейін бірін енгізіп жатыр мойнын ашыңыз.

6. Айнаны ассистентке ұстатып екі қысқыштың көмегімен 12 сағаттан бастап сағат

тілі бойынша жатыр мойнының шеттерін қарап шығыңыз (жатыр мойнының

жыртылуын анықтау үшін, егер бар болса жыртылу қай жерден басталады және

ұзындығын анықтаңыз).

7. Айнаны шығарып жатып қынаптың қабырғаларын муқият қараңыз. Жыртылу

анықталса оның дәрежесін анықтаңыз.

8. Мақта тампондарының көмегімен сыртқы жыныс мүшелерін, артқы жабысқақты,

аралықты қарап шығыңыз.

9. Аралық, қынап, жатыр мойнының жыртылуы анықталса, оларды асептика және

антисептика ережелерін сақтай отырып және ауырсыздандыру әдістерін қолданып

тігіңіз (стандарттарды қараңыз).







Ескерту




28. Стандарт «Болжамалы босану күнін және туғанға дейінгі декреттік демалыс беруді анықтау».

Босану күнін анықтауда жүктілік мерзімін анықтағандай анықтайды және ескере отырып жүктіліктің орташа мерзімінде 280 күн 40 аптаға созылады.

Босану күнін анықтау үшін негеле формуласы қолданылады. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа шегеріп анықталған нәтижеге 7 күн қосасыз.

Қазіргі уақытта туғанға дейінгі декреттік демалыс жүктіліктің 30 аптасында беріледі 126 күнге. Көп ұрықты жүктілікте 28 аптада 180 күнге беріледі.

Босану асқынған әйелдерге қосымша 14 күн беріледі.

30 аптаға дейін тірі бала босанса, туған мекемеден туғаннан кейін 156 күн декреттік демалыс беріледі. Бала өлі туылған жағдайда немесе ол туылғаннан кейінгі 7 күнге дейін өлсе, туғаннан кейінгі декреттік демалыс 86 күн.

Радиактивті зақымдалған аумақтарда тұрған әйелдерге туғанға дейінгі декреттік демалыс 90 күнге, ал туғаннан кейін 70 күнге беріледі.

Жаңа туған баланы асырап алған жағдайда туылған жердегі мекемеден туғаннан кейінгі декреттік демалыс 70 күнге беріледі.







Ескерту



29. Стандарт «Жатыр мойынының жетілгендігін бағалау

Мақсаты: босану жолдарының босануға дайындығын бағалау.

Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық, залалсыздандырылған қолғаптар, мақта шаригі, 1 % иоданат ерітіндісі немесе 2 % йод ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жүкті әйелге тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз.

2. Жүкті әйелдің жеке жаялығын төсеп гинекологиялық креслоға жатқызыңыз.

3. Сыртқы жыныс мүшелерін бір дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз (1 % иоданат немесе 2 % йод ерітіндісі).

4. Стерильді қолғапты киіңіз.

5. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың 2 және 3 саусағын қынапқа еңгізіңіз.

6. Жатыр мойнына пальпация жасай отырып, оның тығыздығын, ұзындығын, жамбастың осіне сәйкес келе жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.

7. Жатыр мойнының жетілуіне баға беріңіз. Жатыр мойны 2 см қысқарса, жұмсарса, цервикальды канал 1 саусаққа ашылса және жатыр мойны осі жамбастың осіне сәйкес келсе, жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.

8. 1 рет қолданыста болған биялайды шешіп инфекцияның алдын-алу ережесіне сәйкес қоқысқа тастаңыз.

9. Қолыңызды сабынды сумен жуыңыз.

10. Медициналық құжатқа жазыңыз.








Ескерту



30.Стандарт.Босану кезінде қынаптық зерттеу жүргізу.
Босану кезінде қынаптық зерттеу жүргізу

Мақсаты: ішкі қынаптық тексеру.

Құрал-жабдықтар:

• Гинекологиялық кресло

• Жаялық

• Стерильді қолғаптар

• Қынаптық айналар
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқастың қуығын босатым алуын сұраныңыз.

2. Науқасқа тексеру гинекологиялық креслоларда өтетінін айтыңыз.

3. Кальций гипохлоритінің 0,5% ерітіндісімен

гинекологиялық креслоны өңдеңіз.

4. Таза жаялықты орындыққа жайыңыз.

5. Науқасты гинекологиялық орындыққа жатқызып: аяғын тізе мен жамбас буындарында бүгуін және екі жақа ашуын өтінеміз.

6. Екі қолыңызда бір рет пайдаланылатын стерильді қолғаптарды киіңіз (пациент стерильді қолғап кигеніңізді көруі керек).

7. Жарамды жарық беруді қамтамасыз етіңіз.

8. Сыртқы жыныс органдарын тексеріңіз.

9. Қынаптық айнамен жатыр мойнын тексеріңіз.

10. Клиникалық тексеру:сол қолдың 1-2 саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз, он қолыңыздың 2-3 саусақтарын қынапқа еңгізіңіз .

11. Зерттеу кезінде назар аударыңыз:

• Үлкен вестибулярлық бездердің жағдайы.

• Уретраның жағдайы (екінші саусақпен қынаптың алдыңғы қабырғасы).

• Жамбас бұлшық еттерінің жағдайы.

• Қынапты қарау барысында көлеміне, пішініне, қынаптың торшасына, ауырсыну күйіне, бөліндінің сипатына назар аударыңыз;

12.Жатыр мойнының тексеріп, жатыр мойнының формасын анықтау ;

• консистенциясын;

• жылжымалдылығын;

• жылжу кезінде сезімталдық;

• жатыр мойны арнасының өтуі;

• Патологиялық ісіктің болуы.

13. Бір реттік қолданылатын қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

14. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

15. Медициналық жазбаларда жазыңыз.