Файл: 1. Стандарт Сырты жыныс азаларын карау Масаты сырты жыныс азаларыны жадайын анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 313
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту |
11. Қынапқа сеппе дәрілер себу. Қынапқа сеппе дәрілер себудің мақсаты: қабыну ауруларын емдеу жыныс мүшелерін (жергілікті әсерінен шырышты қынап және қынаптық бөлінді, жатыр мойны) Көрсетулері:Кольпит, эндоцервицит Қарсы көрсетілімдері:Аналық безден қан кету, етеккір, жүктілікті үзу қаупі, аллергиялық реакция препараттарға. Жабдықталуы:Стерильді қынап айналар, стерильді қолғап, ұзын пинцет, корнцанг, дәрілік заттар (присыпка), порошковдуватель ( стерильді шпатель, стерильді мақталы шарик) Техника қауіпсіздік қолғаппен жұмыс істеу Ақпараттандыру туралы науқасты :Түсіндіру мақсаты туралы және оның орындалу барысын түсіндіру. Іс-әрекеттерінің реттілігі: - науқасты гинекологиялық креслоға жатқызып, қынаптық айнаны енгіземіз. - қынаптың қабырғаларынжәне жатырдың мойнын сүртеміз мақталы тампонмен немесе дәке шариктерімен шырыштыларынан - қынапқа сеппені арнайы порошковдувателя немесе стерильді мақта шарик немесе стерильді шпательменкөмегімен енгізу - абайлап қынаптықайнанышығару Бағалау қол жеткізілген нәтижелер Мүмкін болатын асқынулар:травматизация шырышты қынап және жатыр мойны. |
Ескерту |
12.Гинекологиялық науқастардың операциядан кейінгі күтімі. 1. Операция аяқталғаннан кейін жараға заласыздандырылған дәке қойылады. 2. Операция қынапқа жасалған кезде кейде оның ішіне жұмсақ дәке немесе дренаж салынады, дәкені келесі күні ал дренажды 5 күннен кейін алады. 3. Операциядан соң әйелді төсекке жастықсыз жатқызады. 4. Операция жарасына мұзды 1-2 сағатқа қояды, кейін 0,5-1 сағ үзіліс жасайды, мұзды 1 тәуліктен артық қоймайды. 5. Науқас наркоздан оянбағанша оның төсегінің қасында үнемі медбике отырып оны бақылауы керек. 6. Әйелдің жүрегі айнып, құсқан кезде басын бір бүйіріне бұрып , ауыз қуысын құсықтан тазалап, асфиксияның алдын алады. 7. Операциядан кейіңгі кезенде науқас әйелді ауырсыздандыру қажет. 8. Науқас әйелдің ауыз қуысын тазалап, тісін жуып шаяды. 9. Операция жарасының жіптері 6-8 күні алынады, жіптерін алғаннан кейін әйел төсекте жату керек. 10. Операциядан соң бірінші күні науқасқа тамақ берілмейді, тек аузын сумен шаюға рұқсат етіледі, екінші күні минералды му, шай, құрғақ нан жеуге рұқсат. Үшінші күні сорпа ішуге болады, ал бесінші күннен бастап жалпы тамаққа көшеді. 11. Науқастың қан қысымын, тамыр сғысын, дене қызуын қажағалау. 12. Зәр бөліндіру, ішектің перистальтикасын тындап, ауаны іштен шығаруын қадағалайды. 13. Кейде науқастарда төсекке көп жатқаннан денесінде ойық жаралар пайда болады, оларды алдын алу немесе емдеу үшін күніне 2-3рет денені камфор спиртімен , әсіресе жара жерлерін сүрту керек. |
Ескерту |
13.Сүт бездерін қарап тексеру. Мақсаты: сүт бездерінің ауруларын алдын алу. Іс-әрекет алгоритмі: Өзінің аты-жөнін айтып, науқастың есімін, жасын сұрап, зерттеу барысын түсіндіріп, зерттеуге келісім алу. Науқасты беліне дейін шешінуін сұрап, шүйде аймағында екі қол саусақтарын айқастырып ұстау. Екі қолды сабынмен жуып, таза құрғақ сүлгімен сүртіп құрғату, антисептикпен өңдеу. Визуалды сүт бездерін бағалау: тері жамылғыларының түсін, емізікшілер жағдайын (пигментациялар, ішке тартылулар), қызару, «лимон терісі» әсері, ішке кірулер немесе томпаюлардың болуы, бөртпелер. Визуалды сүт бездерінің симмтериялығын бағалау (шамалы ассиметрия болуы мүмкін), дұрыс пішіні, өлшемдер айырмашылығы. Визуалды емізікшелер жағдайын бағалау (пішіні, өлшемдері, пигментация, ішке тартылуы). Бірінші және екінші саусақтармен алдымен оң кейін сол сүт безінің емізікшесіне басу. Емізікшелер жағдайын және бар болатын бөліністерді бағалау. Науқасты қолдарын беліне қойып, кеуде торы бұлшықеттерін тырыстыруын сұрану. Бір қолмен сүт безін ұстап тұрып, екінші қолдың саусақтарымен оны мұқият пальпациялау. Пальпацияны үстіңгі сыртқы квадранттан бастап, ішкі квадранттар және төменгі квадрантқа өтіп пальпация жүргізу. Оң қолды науқастың оң иығына қойып, сол қолмен регионарлы қолтық асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізу (екінші жақтан да лимфа түйіндерін солай пальпациялау). Регионарлы бұғана үсті- және бұғана асты лимфа түйіндерін пальпациялау (бірінші, кейін екінші жағынан). Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау. |
Ескерту |
14.Пациенттерді жатырішілік контрацепциямен таныстыру. Мақсаты: жүктіліктен сақтану әдісі Қолдану көрсетілімдері: босанудан кейін, көп жүктіліктен кейін Қарсы көрсетілімдері: жүктілік кезінде, етеккір циклы бұзылу, қабыну ауруларында, иммунодефицит, эндометрит, балға аллергия, жатыр ісіктері , жатыр мойны және түтікшерелі ауруларында, анемияның ауыр түрінде. Асқынулар: гиперполименорея, альгоменорея, жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының дамуын арттырады. Дайындаңыз: ВМС стерильді қаптамада, стерильді қолғап, Куско айнасы, корнцанг, лоток,96% спирт, жатыр зонды, стерильді мақта тампондары, қайшы, сақиналық қысқыш, дезинфекцияланған сұйықтық, стерильді контейнердегі стерильді су, жарық. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Бимануальды тексеру кезінде жатырдың көлемі мен орны анықталады. 2. Айнаны қынапқа енгізіледі. Жатыр мойны мен қынапты антисептикпен өңдейді. 3. Жатыр қуысы зондталады. Ол кем дегенде 6 см болуы тиіс, ал одан аз ашылса, контрацептив жатырда тұрмайды. 4. Парацервикалды анастезия 1% атропинмен араласқан лидокаин ерітіндісімен (10 мл), 0,5 мг (шартты түрде) жүргізіледі. Бұл жатырға контрацептивті енгізгенде ауырсынуды басады. 5. Жатыр ішіндегі контрацептивті өткізгіш жатыр мойны арнасына мұқият кіргізіледі. 6. Т-тәрізді контрацептив салынған кезде, жатыр мойнында орналасқан өткізгіш алдымен іштегі контрацептивтердің иығына босатылады, содан кейін оны түбіне тигенге дейін бірнеше рет мұқият енгізіңіз. |
Ескерту |
15.Функционалдық тесттер жүргізу «қарашық белгісі». «Қарашық белгісі» – организмде гормондардың жеткіліктілігін көрсететін белгі. Қынапты айнаменашып, жатыр мойнының сыртқы ернеуінде тұрған шырышқа жарық түсіріп қарағанда,ол қарап тұрған «көз қарашығына» ұқсас келеді.Эктроген гормонының өндірілуі мол болған сайын, жатыр мойнының өзегі кеңірек болып,онда жиналған шырыштың мөлшері көп болады. Түтіктің ең кең, шырыштың ең мол болатын кезі-оловуляция кезеңі,12-14 күндері.Бұл былай белгіленеді++++. Циклдің бесінші күнінің басталуымен жатыр мойнының сыртқы ернеуі ашыладңы. Бұл ақуыздың толық жетілгеніне дейін орыналады. «Қарашық белгісі» 4 сатыға жіктеледі: 1. (-)– теріс«Қарашық белгісі» (жатыр мойнында шырыштың болмауы). 2.(+)– әлсіз оң (жатыр мойнындағы канал – бұл сазды секрециядан тұратын тар жолақ немесе нүкте). 3.(++) - оң«Қарашық белгісі» (каналдың 20мм дейін ашылуы). 4.(+++) – бірден оң (ашылуы 30 мм ге дейін, көп шырышты бөлінділердің бөлінуі). |
Ескерту |
16.. Функциональдық тесттер жүргізу:базальды температураны өлшеу Мақсаты: етеккірдің гормоналды қанықтылығын және сипатын анықтау Құрал жабдықтар: температуралық парақ ,әртүрлі түстегі (қара және қызыл) қарындаштар немесе қаламсаптар,сызғыш, 2 термометр, дезерітінді немесе ерітіндісі үш есе, вазелин майы, етеккірлік күнтізбек, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал, тумбочка. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Пациентке емшара барысын түсіндіріп келісімін алыңыз 2.Емшараның орындалу тәртібін, шарттың және дұрыстығын түсіндіріңіз. 3.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 4.Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 5.Тумбочкаға залалсыздандырылған 2 стаканды қойыңыз, әрқайсысына бір-бір термометрден салыңыз және стақандарды таңбалаңыз: «қолтық асты температура» үшін және «тік ішек» үшін. 6.Таңертең қимылсыз күйде, төсектен тұрмай (осының алдында 2 сағат бойы төсекте жату қажет) екі қызуөлшегішті (термометрді) қойыңыз: біреуін-қолтықасты аймаққа, екіншісін-тік ішекке. 7. 10 минуттан кейін екі қызуөлшегішті алыңыз (оларды ауыстырып алмаңыз!). 8.Параққа екі көрсетудіде белгілеңіз. 9.Емшараны күнсайын ертемен бір-екі ай бойы қайталаңыз. 10.Температулалық графикті әртүрлі түспен сызыңыз,онда етеккірлік циклдің күндерін және етеккірлік күндердің санын белгілеңіз. 11.Дәрігерге температуралық графикті көрсетіңіз. 12.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 13.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз құрғатыңыз .Ескерту.Әйелге түсіндіріңіз,ректалды (базалды) температураны өлшеуге болады,тек қолтықасты темрпературасы қалыпты болған кезде,ал егерде ол жоғары болатын болса,онда өлшеуді тоқтату қажет.Оны қайтадан бастауды тек қолтық асты температураның қалпына келгенде ғана жүргізу керек.Егерде әйел графикті өз алдына сызуын білмесе,онда ол температураның нәтижелерін қағаздың парағына жазып әкелуі керек,ал медбике осы мәліметтердің негізінде температуралық параққа графикті сызып береді. |
Ескерту |
17.Функцияналдық тесттілер жүргізу: «Папоротник белгісі» Мақсаты:-етеккір циклінің сатысына сәйкес эстроген гормонының мөлшерін анықтау - жатыр мойнының шырышын тексеру. Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған қысқыш,пинцет,микроскоп,жаялық,алжапқыш,бір рет қолданылатын қолғап,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Пациентке жұмыстың барысын және мақсатын түсіндіріңіз. Келісімін алыңыз. 2.Қолымызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз. Қолғапты киіңіз. 3.Әйелді гинекологиялық креслоға отырғызыңыз. 4.Сол қолымыздын 1және2 саулақтарымен улкен және кіші ернеулерді ашып 5.Жатыр мойнына қысқышты, не пинцентті 0,5см енгізіп,шырышты алыңыз. 6.Алыңған шырышты әйнекке жағып, кепкенін күтіңіз. 7.Оны микроскоппен 10х10 есе үлкейтіп қараймыз. 8.Қолданылған пинцетті және қысқышты залалсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. 9.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 10.Нәтижені құжатқа толтырыңыз. 11.Қолыңызды жуып,кептіріңіз. Баға:1балл(+) -ұсақ,жіңішке кристалдар (фолликуланың өсу ырғағының бас кезі). 2балл(++) -жапырақтың анық белгісі көрінеді (орта кезі). 3балл(+++) -үлкен,өрескел жапырықтар (эстрогеннің молдығы). Ескерту:Етеккір циклі кундері «папоротник белгісі» бар болса,онда эстрогеннің шексіз көптігі,сары дененің әлсіздігі. |
Ескерту |
18.Жанұяны жоспарлау туралы мәлімет беру. Жанұяны жоспарлау отбасынан басталады. Екі жұп: ер жігіт пен бойжеткен қосылып, шаңырақ тіккен күннен бастап жанұяны жоспарлау керек. Кез келген ер адам неме- се əйел адам жанұяда қанша бала болатындығын бірлесе ақылдасып шешеді. Жанұяны жоспарлау жанұяның өсіп өнуіне көп үлесін қосатыны анық. Мысалы, босанатын əр баланың жас аралығы 2-3 жас болуы керек. Себебі, 2-3 жаста бала өсіп, анасына келесі босанған баласын бағып -қағуына кедергі болмайды. Екінші жағынан, 2-3 жылда анасының ағзасы толық қалпына келіп, созылмалы аурулары бар болатын болса, дер кезінде емдеп, тапсы- ратын анализдерін тапсырып анализдері жақсы болған кезде ғана гинеколог дəрігерменен ақылдасып жүкті болғаны абзал. Босанғаннан кейін баласын бір жас немесе бір жарым жасқа дейін емізгені дұрыс. Егер жүкті əйел кесар тілігіменен босанған болса, онда босану аралығы 4-5 жыл аралығында сақталуы тиіс. Егер одан ерте көтеріп қалатын болса, жатыр тыртығы жарылып кетуі мүмкін. Ондай жағдайлар əйел өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қазіргі таңда жүктіліктен сақтану жолдарының көптеген түрлері бар: 1. Жатырішілік зат (спираль). Көбіне, жатырішілік затты 2-3 рет босанған əйелдерге салғаны дұрыс. Жатырішілік затты салғаннан кейін көптеген əйелдерде қолайсыз жағдайлар болуы мүмкін. Себебі, ол бөгде зат болып табылады. ЖІЗ салғаннан кейін етеккір мөлшері көп болуы да мүмкін. 2. Гармональды дəрілер, көбіне жастарға арналған.Қолдануға қолайлы, күнделікті бір мезгілде ішіп отыру ұсынылады. Қолайсыз жақтары- гармональды өзгерістер болуы мүмкін: Мысалы толысып кетуі, тағы басқалары. 3. Күнтізбелік əдіс: етеккірі кеткеннен кейін 6-7 күн ішінде əйел ағзасында ұрықтану болмайды. Сонымен қатар етеккір алдында 7-8 күн бұрын ұрықтану болмайды. Бұл əдіс көбіне қауіпті, себебі етеккірі бұзылысымен байқамай қалуы мүмкін. 4. Мүшеқап: ең тиімдісі жəне көп қоданылатын əдіс, адам ағзасына еш зияны жоқ. Қазіргі таңда жүктіліктен сақтанудың 80 пайызы осымен сақтанады. 5. Жедел сақтану жолдары: Фарматекс дəрілері өте тиімді. Əсері жақсы бір мезгілдік қодануларға арналған. 6. Жатыр мойны қапақшалары: өте сирек қолданатын əдіс. Қолдану жолдары қиындық тудырады. Жанұяны жоспарлау жанұяға дені сау, сүйкімді, қалаулы баланы дүниеге алып келуін айтамыз. Жоспарсыз жүктіліктен сақтанған жөн.Көп жағдайда жоспарсыз жүктілікпенен əйелдер аборт жасатуға көптеп келіп жатады. Ал абортың салдарынан асқынулар өте көп. Қорыта айтқанда, əр адам жанұясының көрікті балаларының денінің саулығын, олардың еркін өсіп, білім алып, үлкен азамат жəне азаматша болғанын қалайды.Сол үшін жанұяны жоспарлау соған бірден бір себеп болып табылады. |
Ескерту |
19. Пациенттерді инъекциялық контрацепция әдісімен таныстыру. Инъекционды, немесе ұзақ әсерлі контрацептивтер. ( Депо-Провера,Нористера): Инъекционды контрацептивтер ұзақ әсерлі контрацепция үшін қолданылады. Қазіргі кезде осы мақсатта медроксипрогестерон ацетат құрамдыдепо-провера қолданылады. Перля индексінің инъекционды контрацепциясы 1,2 ден аспайды. Бірінші, бұлшықет ішілік инъекцияны етеккір циклінің кез келген алғашқы бес күнінде жасалады, келесі иньекцияны әр бір 3 айдан кейін салынады. Препараттарды аборттан кейін,босанудан кейін ,егер әйел емшекпен емізбесе, босанғаннан кейін емшекпен емізгеннен 6 апта өтсе егуге болады. ГАК мен депо-провера қолдану кезіндегі әсер ету механизмі мен кері көрсеткіштерібірдей. Әдістің артықшылығы: жоғарғы контрацептивті әсер; препаратты күнделікті қолданудың қажеттіліктің болмауы; әсердің ұзақтығы; кері әсердің аздығы; эстрогентәуелсіз асқынулардың болмауы; эндометридің гиперпластикалық , қатерсіз процестерінде сүт безінің ауруларында ,жатыр миомасында, аденомиозда. Әдістің кемшіліктері: Фертильділіктің мерзімінен өте қалпына келуі (препараттың әсер етуі тоқтағаннан кейін 6 айдан 2жылға дейін); жиі қанды бӛлінділердің пайда болуы (кезекті инъекциялар аменореяға алып келеді). Инъекционды контрацепция ұзақ әсерлі қайтымды контрацепцияны қажет ететін әйелдерге,лактация кезеңінде, эстрогенқұрамды дәрілерге кері әсерлері бар әйелдерге,гормональды контрацептивтерді күнделікті қолдануды қаламайтын әйелдерге ұсынылады. |
Ескерту |
20.. Стандарт «Онкоцитологияға cervex – brush – ты қолданып жағынды алу және жолдама толтыру» Тексерудіңмақсаты : онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы. Ресурстар :Гинекологиялық кресло, залалсызданған жөргек, бүйрек пішінді дәкелік тығын, әйнек, 96% - ды этил спирті немесе наркозға арналған эфир, бекіткіш . Іс – қимыл алгоритмі : 1 Пациенттен тексеруге келісім алады. 2 Гинекологиялық креслоға жеке залалсызданған жөргек төсейді. 3 Пациентке гинекологиялык креслоға шалқасынан жатуға және аяқтарын аяқ ұстағышқа орналастыруғакөмектеседі . 4. Қолдыәдістердіңбіреуіменөңдейді. 5. Бүйрекпішінділотокқа бір жұп қолғап, Куско айнасын, пинцет, 4 – 6 дәкелік тығын салады. 6. Әйнекдайындалады (жуып, спирт немесе эфирмен сүртіп кептіреді ), бекіткіш,қораптағы Cervex – Brush. 7. Залалсызданғанқолғаптаркиеді. 8. Оңқолға Куско айнасын алады. 9. Сол қолдыңсұқжәне бас бармағымен жыныс еріндерін ашады. 10. Айнаны қынаптың ортасына дейін жабық күйінде енгізеді. 11. Айнаны көлденеңінен орналастырып қынап күмбезіне дейіненгізеді. 12. Айнаны ашады. 13. Айнаны винт арқылы бекітеді. 14. Жатыр мойнын, қынаптыңқабырғаларынқарайды. 15. Визуалды жатыр мойны қалыпты болса, оның бетіндегі шырыштың мөлшерін бағалау керек. 16. Егер шырыштың мөлшерікөп болса, оны жұмсақмақта тампонымен абайлап сүртеді. 17. Cervex – Brush қорабын ашады. 18.Cervex – Brush – тықынапқа визуалды бақылаумен енгізеді және оның конусын абайлап жатыр мойны түтігіне бағыттайды. 19. Cervex – Brush – тың конусын цервикалды түтіккеенгізгенсоң, оныңқылтандарын жатырмойныныңбетінежақындатыпсағаттілібойыншаүш жәнесағаттіліне қарсыекіреттолықайналымжасайды. 20. Қылтандықынаптаншығарады. 21. Қылтанғаалынғанзаттыәйнеккеұзынабойынасызыпжағады(қылтанныңекі жағын дақолданады). 22. Жағындыныбекіткішпен бекітеді. 23. Айнаныңвинтіншешеді. 24. Айнанышығарады. 25. Айнаныдезинфекциялықерітіндігесалады. 26. Пациентке тұруұсынылады, гинекологиялықкресло дезинфекциялықерітіндімен өңделеді. 27. Қолғаптардышешіпдезинфекциялықерітіндіге салады. 28. Қолдысабынмен немесе антисептикпен жуып, кептіреді. |
Ескерту |
21 Маммография жəне оған жолдама жазу Маммографиялық зерттеу-рентген сәулеті арқылы орындалады (кеудені сканерлеуге арнайы жобаланған сәулет жүктілігі), кеудеде сәулелерді жинайтын тілімшеге түсетін және кеуденің рентген суретін жасайды. Түсірілім әр кеуде де екі түрлі кескінде орындалады, бұл сомасында 4 түсірілімді құрайды. Түсірілім жасау үшін кеуде 4 см ені мен екі кескін арасында басылады, қысым кеуденің құрылымдық бірліктерін бөлуге көмектеседі және сәулеге шалдығу дозировкасын төмендетеді. Кеудеге қысым жасау бірнеше секунд уақытында жүргізіледі, ауырсынусыз өтеді, бірақ бірнеше уақыт көлемінде адам өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Маммографиялық зерттеуден өту кімге ұсынылады? Соңғы жылдары дәрігерлер мен ғалымдар арасында адам жасына қатысты даулар туындады, онда жүйелі түрде маммографиялық зерттеулерді жүргізу керек деп айтылған. Кез-келген жағдайда, генетикалық тәуекел жоқ әйелдерге 50 жастан бастап, дәрігердің нұсқаулықтарына сәйкес немесе қадағалау түрінде екі жылына бір рет маммографиялық зерттеуден өту қажет. 20 жастан асқан әйелдерге дербес тексеруден өтуге және жылына бір рет дәрігердің тексеруінде болу қажет. Тәуекелі жоғары деңгейлі әйелдерге маммографиялық зерттеуді 40 жасынан бастап жылына бір рет орындау ұсынылады. Маммолог қызметтері: сүт бездері ауруларын ерте диагностикалау. Сүт бездерін УДЗ әдісімен тексеру. пункциялық биопсия. онко-маркерлерді, пунктаттарды зерттеу. Маммография зерттеуіне жолдама беру. Онко-маммологтың консультативтік тексеруі. Мастопатияны, кисталарды, фиброаденомаларды, емізу кезінде лактостазды емдеу. Маммография кабинеті Маммография кабинеті үш жеке бөлмеге бөлінген: 1 – кабинет пациенттердітіркеугеалу, 2 – кабинете маммографияны түсіретін ALFA R, 3 – кабинете пленканы көрсететін фотозертханаорналасқан. |