Файл: азастан Республикасы Денсаулы сатау министрлігі Тркістан облысыны адами леуетті дамыту басармасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 107

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, ол кнопкалардың және қолданылатын қондырғылардың не үшін керек екенін көрсетеді.

15 сурет. Люксметр

Өлшегіш құралда екі шкала болады, ол 0-100 дейін және 0-30 дейін. Өлшеуді бастау нүктесі белгіленген: ол 0-100 шкаласында 20 санының тұсында болады, ал 0-30 шкаласы 5 санының үстінде болады.

Аспаптағы корректор аспаптың тілін нөлге қоюға көмектеседі. Аспаптың жанындағы бөлігінде селенді фотоэлементті қосатын жері болады.

Әрбір қондырғылар әріптермен белгіленеді, олар М-10, Р-100, Т-1000. Әрбір қондырғы өлшеу диапазонын кеңейту үшін қолданылады.

Егер люксметр суық ауадан жылы жерге кіргізілсе, қорабын 2-3 сағатқа дейін ашуға болмайды. Жарық көлемін анықтар алдында люксметрдің өлшегіш құралы мен фотоэлемент көлденеңінен қойылады. Өлшегіш құралдың тілінің нөлде тұрғанын байқау үшін, алдымен фотоэлементті өлшегіш құралдан ажыратып тастайды.
Табиғи жарық коэффициенті
Табиғи жарық коэффициенті ( ТЖК) - үйдің ішіндегі жарық нүктесі Е1 мен бір мезгілде даладағы жарық нүктесінің (Ед) проценттік ара қатынасын 100 көбейту арқылы анықтайды.

Е1 ∙ 100%

ТЖК =

Ед
Тұрғын үйлер үшін ТЖК - 0,5%, аурухана бөлмелерінде - 1%, оқу бөлмелерінде, бала - бақшаларда – 1,5%, операция жасайтын жерлерде -2,5% кем болмауы керек.
III тарау
Елді мекенді жоспарлау және салудың гигиеналық негіздері

Елді мекенді жоспарлау – коммуналдық гигиенаның маңызды бөлімдерінің бірі.

ХХ ғасырдың бір ерекшелігі урбанизация (қалалардың өсіп, онда адамдардың көп шоғырлануы) процесінің жоғарылауы. Ол ескі қалалардың кеңейтілуі және жаңа қалалардың, жаңа өндірістік мекемелердің салынуымен, сонымен қатар табиғи қазыналардың игерілуімен тығыз байланысты. Мұндай кезде гигиенаның негізгі міндеті, адамдардың өміріне қолайлы жағдай жасау. Ол бүтін экономикалық аудандар немесе жеке аймақтар салу арқылы іске асыралады.

Жобалау мәселелерін шешуде қолданылатын негізгі нормативтік құжаттарға Құрылыс нормасы мен ережесі « Қала салу. Қаланы және ауылды жерлерді жобалау және салу», ҚР «Қала құрылысы жобаларының құрамы, әзірленуі, келісілуі және бекітілу тәртібі туралы нұсқау» болып табылады.

Осы заңды құжаттарға сай елді мекенді дұрыс жобалау адамдарды әр түрлі зиянды факторлардан сақтауда өте үлкен рөл атқарады.

Бұл құжат республиканың барлық елді мекендеріне қатысты. Бұл құжатқа сәйкес барлық елді мекендер халық санына байланысты және елді-мекеннің дамуы мен демографиялық болжауын ескере отырып жеке топтарға бөлінеді.

Қалалар үлкен 5 топқа бөлінеді:

    1. аса ірі қала, адамдарының саны - 1 млн;

    2. ірі қала, адам саны 250 мыңнан 1 млн –ға дейін;

    3. үлкен қала, адам саны 100-125 мың;

    4. орта қалалар, адам саны 50-100 мың;

    5. кіші қалалар, алам саны 50 мыңға дейін.


Ауылдық жерлер 4 топқа бөлінеді:

  1. ірі ауыл, адам саны 3000-нан жоғары;

  2. үлкен ауыл, адам саны 1000-нан 3000-ға дейін;

  3. орта ауыл, адам саны 200-ден 1000-ға дейін;

  4. кіші ауыл, адам саны 200 ден аз.

Кез келген елдімекен бір-бірімен функционалды байланысқан және аумақта жүйелі орналасқан құрылымдық элементтердің (өндірістік, тұрмыстық, транспорттық, мәдени-тұрмыстық) күрделі кешені болып табылады. Сонымен қатар қалалық және ауылдық жерлер барынша жайластырылған, тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында, әртүрлі коммуникациялар мен аумақтары гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл арнайы өңделген жобалар санитарлық эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылау болған кезде ғана мүмкін болады.

Қазіргі кезде ірі қалаларда халықтың тұрмыс жағдайының жаңаруынан, табиғи жүйелер жасандыға ауысып, қоршаған орта ластанып, атмосфера, топырақ және су нысандары өзгеріп, адамға түсетін химиялық, физикалық, психикалық жүктемелер жоғарылап отыр. Климат өзгеріп, аумақтар мен ғимараттарда инсоляция 15-30 % төмендеген, ультракүлгін сәулелену 50 %, бұлтты күндері 10% -ға төмендеген. Үлкен қалаларда көптеген аурулар, соның ішінде жұқпалы аурулар жоғары деңгейде.

Қала тұрғындары арасында өкпе ісігімен сырқаттанушылық, ауылда тұратын адамдарға қарағанда 2 есе жоғары, туа біткен аурулар, сонымен байланысты балалар арасындағы сырқаттанушылық, психикалық аурулардың жоғары көрсеткіштері байқалады.

Сонымен қалаларды салу кезінде табиғи ресурстарды және адам денсаулығын қорғау жөніндегі мәселелер бірінші кезекте тұрады. Сондықтан бұл мәселені көптеген факторларды ескеріп, кешенді түрде шешкен дұрыс. Осындай шешімдердің бірі - елдімекенді гигиеналық тұрғыдан жүйелі жоспарлау болып табылады.

Жоспарлау сатылары. Елдімекенді жобалау және салудың барлық кезеңдерінде санитарлық қадағалау мекемесі сақтық санитарлық бақылау жүргізеді. Қалаларды жобалау 3 негізгі сатыдан тұрады; бірінші саты - аудандық жоспарлаудың жобасы мен сызбасы негізінде қаланың бас жоспары құрылады; екінші саты-қаланың бас жоспары негізінде нақты, егжей – тегжейлі (детальді) жоспарлау жобасы өңделеді; үшінші саты - нақты жоспарлау жобасы негізінде

құрылыс жобасы құрылады.

Қаланың жоспарлануы мен салынуын анықтайтын негізгі құжат бас жоспар болып табылады, оны өңдеу үшін технологиялық - экономикалық негіздеу жүргізіледі. Бас жоспардың технологиялық - экономикалық негізделуі экономикалық, демографиялық, табиғи, жоспарлық және инженерлік жағдайлардың талдаулары негізінде жүргізіледі. Аудандық жоспарлаудың сызбасын, сонымен қатар қаланың бас жоспарын өңдегенде жергілікті жердің топографиялық жоспарымен және жағдайлы жоспармен міндетті түрде ескеріледі.

Қала аумағын функционалды аймақтарға бөлу.Санитарлық қызмет бас жоспарда көрсетілген қала аумағын функционалдық аймақтарға бөлу дұрыстығына баға береді. ҚНменЕ «Қала салу. Қалар мен ауылды жерлерді жобалау және салу» құжаты бойынша қала аумағы селитебті, өндірістік және ланшафты-рекреационды аумақтарға бөлінеді.

Селитебті аумақта тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, ғылыми зерттеу институттары т.б. әр түрлі мекемелер, көшелер торабы, саябақтар, алаңдар орналасады. Сонымен қатар бұл аймақта санитарлық қорғау аймағын қажет етпейтін коммуналдық және өндірістік нысандарды орналастыруға болады.

Бұрынғы кезде елдімекенді кварталды құрылыспен салған. Мұндай құрылыс кезінде балабақшалар, мектептер, дүкендер, тұрмыстық нысандар тұрғын үйлерден алыс орналасқан. Балаларға көлік көп жүретін көшелерден өтуге тура келетін, ал ересектер шаруашылық қажеттіліктерге көп уақытын кетіретін болған. Кейіннен елдімекендерді жоспарлау, тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып жүргізілді. Қазіргі кезде тұрмыстық процестерді ұйымдастырудың дұрыс жоспарлануына шағын аудандар сәйкес келеді.

Өндірістік аумақта өндірістік өнеркәсіптерді және олармен байланысты нысандарды, тәжірибелік өндірістері бар ғылыми мекемелерді, коммуналдық нысандарды орналастыруға арналған. Келесі функционалды аймақтардан тұрады: өндірістік, ғылыми, ғылыми-өндірістік және коммуналды.

Ландшафты - рекреациялық аумақ қалалық ормандар, бақтар, орман қорғау аймақтары, су қоймалары, ауылшаруашылығына қолданған жерлерден тұрады.

Көгалдандыру мөлшері қала аумағында 40% -дан төмен болмауы керек, ал тұрғын аудан шекарасында 25% - дан кем емес.

Сонымен қатар санитарлық сипаттамаға: қаланы функциялық аймақтарға бөлуді бағалау, қала бойынша атмосфералық ауаның, топырақтың санитарлық жағдайына сипаттама; сумен қамтамасыз етудің санитарлық жағдайлары; ағын суларды тазалаудың сипаттамасы; тұрғын аудандарда шудың режимін бағалау; тұрғындарға қызмет көрсетуді (медициналық, мәдени-тұрмыстық және спорттық) бағалау кіреді.


Гигиеналық көзқарас бойынша құрылыс кезінде елді мекенді функциялық аймақтарға бөлу, ол аймақтардың бір-бірімен дұрыс байланыста орналасқаны аса маңызды мәселе болып саналады. Бұл кезде келесі жағдайларды ескеру керек: селитебті аудандар өндірістік аудандарға қатысты желге қарсы орналасуы керек; бекеттерді (темір жол және автокөлік) орналастыруға арналған сыртқы көлік аймағы және дем алуға арналған орындары бар қала сыртындағы аймақтарды бөлуге болады; Қаланың санитарлық жағдайын бағалау үшін, сумен қамтамасыз ету, канализация, ағын суларды тазарту жағдайлары маңызды орын алады. Осы бөлімде су тұтыну мөлшері су алу көздері, оның сапасы, тазарту әдістерінің тиімділігі және сумен қамтамасыз етуді дамыту туралы болжамдар көрсетіледі. Санитарлық сипаттамаға міндетті түрде қала халқының жалпы және жеке жас топтары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштері кіреді.

Қорытындылай келе, қаланың санитарлық сипаттамасының соңында осы құжатта келтірілген мәліметтер негізінде

СЭС ұсынған сауықтыру (алдын алу) шараларының тізімі келтіріледі.

Түсініктеме қағазда жобаланып жатқан қаланың халық саны туралы мәліметтер болады, ол еңбек балансы негізінде құрылады.
Осыған сәйкес қала халқы шартты түрде 3 негізгі топқа жіктеледі:


    1. халықтың қала түзуші тобы (қалалық маңызы бар мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар), бұл топ 35%-ды құрайды;

    2. халықтың қызмет көрсету тобы (коммуналды шаруашылықта, саудада, қоғамдық тамақтану орындарында, білім беру, денсаулық сақтау және мәдени-тұрмыстық мекемелерде жұмыс істейтін адамдар) үлкен қалаларда бұл топ 23-26%-ды құрайды;

    3. жұмыс істемейтін адамдар (балалар, қартайған адамдар, мүгедектер), бұл топ 46-48%-ды құрайды.

Қаланың салынуына және оның өсуіне әсер ететін негізгі факторларды қала түзуші факторлар деп атайды. Оған: қала салуға негіз болған кәсіпорындар, әкімшілік және ғылыми мекемелер, республикалық маңызы бар курорттар мен демалыс үйлері т.б. жатады.

Қаланың қызмет көрсету жүйесіне: білім беру, денсаулық сақтау,

денешынықтыру, өнер, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, коммуналды шаруашылық мекемелері жатады (85%-дан төмен емес немесе 1000 адамға 180 орын болуы тиіс), орта біліммен қамтылуын

(100% бала қамтылуы тиіс немесе 1000 адамға 180 орын) есепке алу керек.

Құрылыс жүйесі. Елдімекеннің құрылыс жүйесі жергілікті жердің табиғи - климаттық жағдайларына байланысты. Егер жергілікті жерде қатты жел жиі соғатын болса, оларды қорғау мақсатында периметральді құрылысты қолданады.
Периметральді құрылыс дегеніміз - ғимараттарды көше бойымен, кварталдың төрт жағында тұйық тік төрт бұрыш түзіп орналасуы. Бұл жұйінің кемшіліктері: кварталдың нашар желдетілуі және инсоляцияның төмендеуі.

Тізбекті құрылыс кезінде кварталдағы ғимараттар бір-біріне паралель орналасады, ғимараттың желдік бағыты инсоляция және желдетілу жағдайларына байланысты болады.

Топтық құрылыс дегеніміз квартал немесе шағын аудан аумақтарында бірнеше топ үйлердің үйлесімділігі, бұл кезде топ ішінде орналасқан үйлер қорғалады.

Кейбір жағдайларда еркін құрылыс қолданылады, бұл кезде инсоляцияны, аэрацияны, шудан қорғауды және архитектуралық әдемілікті ескере отырып, ғимараттар бос орналасады. Бірақ қазіргі кезде қала салу тәжірибесінде құрылыстың аралас түрі кеңінен қолданылады.

Аралас құрылыс әр түрлі жүйелердің элементтерінің үйлесімділігі.

Қаланың тұрғын ауданының құрылысы негізінен жергілікті климаттық-географиялық жағдайларға байланысты. Қиыр Солтүстіктегі аумақтар үшін құрылыстың жалпы және жартылай тұйықталған жолақты түрлері; жел көп соғатын аудандарда - топтық; жел жоқ жерлерде - жолақты түрлері қолданылады.

Қазақстан Республикасының санитарлық заңдылықтарына сәйкес мектепке дейінгі және мектептік, сонымен қатар емдеу-профилактикалық мекемелерден басқа, барлық тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, үздіксіз инсоляцияның ұзақтығы 22 наурыз бен 22 қыркүйек аралықтарында күніне 2,5 сағаттан кем болмауы тиіс. Мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мекемелерде, мектеп-интернаттарда, денсаулық сақтау және дем алу мекемелерінде бұл уақыт 3 сағаттан кем болмау керек. Бұл талаптар СанЕменН «Тұрғын үй аумақтарын, тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды инсоляциямен қамтамасыз ету туралы санитарлық норма мен ереже», сонымен қатар ҚНменЕ «Қала салу. Қала және ауылды жерлерді жобалау және салу» құжаттарында көрсетілген.