Файл: Реферат Пні Автоматтандырылан апаратты жйелер Таырыбы Апаратты жйелер жне оларды класификациясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Корпоративтік ақпараттық жүйе ірі компанияларда қолданылады; оның кең тараған тораптары мен желілері болуы мүмкін. Олар көбінесе бірнеше деңгейден тұратын иерархиялық құрылымды болады. Мұнда пайдаланылатын серверлер: Oracle, DB2, Microsoft SQL Server.

Пайдалану саласы бойынша ақпараттық жүйелер төртке бөлінеді: транзакцияларды өңдеу мен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері, анықтамалық - ақпараттық және офистік ақпараттық жүйелер. Транзакцияларды өңдеу жүйелері дестелік (пакеттік) және оперативтік болып екіге бөлінеді. Мұнда көбінесе транзакцияны оперативтік өңдеу (OLTP-OnLine Transaction Processing) жүйесі қолданылады. Шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері (DSS-Decision Support System) әртүрлі күрделі сұраныстардың көмегімен деректерді алу мен талдау жасауды қамтамасыз етеді. Анықтамалық-ақпараттық жүйелер гипермәтіндік құжаттар мен мультимедиаға негізделген. Мұндай жүйелер Интернетте кеңінен қолданылған. Офистік информациялық жүйелер қағаздағы құжаттарды электрондық түрге келтіруге, іс қағаздарын автоматтандыруға және құжат айналымын басқаруға арналған.

Ұйымдастыру тәсілі бойынша топтық және корпоративтік ақпараттық жүйелер келесі кластарға бөлінеді:

- файл-сервер архитектурасы негізінде;

- клиент-сервер архитектурасы негізінде;

- көп деңгейдегі архитектура бойынша;

- Интернет/интранет негізінде.

ЭЕМ мен пайдаланушы арасындағы қатынасты басқарады. Пайдаланушының әрекеттерін (менюден команданы немесе тізімнен таңдағанда, кнопканы басқанда) өңдейді.

BL

Business Logic (қолданбалы логика)

Қосымша орындауға тиісті шешім қабылдауға қажетті ережелер, есептеулер мен амалдар жиыны

DL

Data Logic (деректерді басқару логикасы)

Деректерді басқарудың қолданбалы логикасын жүзеге асыруды орындауға тиіс амалдар (SQL операторлары жүзеге асыратын)

DS

Data Services (ДБ-на амалдар қолдану)

Басқару логикасын жүзеге асыратын ДББЖ-нің амалдары. Мысалы, деректерді өңдеу, деректерді анықтау, транзакцияларды бекіту мен қайтару және т.б.

FS

File Services (файлдық амалдар)

ДББЖ және басқа компоненттер үшін деректерді оқу мен жазудың дискілік амалдары. Операциялық жүйенің функциялары.

Файл-сервер архитектурасы. Файл-сервер архитектурасында барлық деректер бір немесе бірнеше каталогта, қуаты мол компьютерде орналасады. Ондай компьютерді файл-сервер деп атайды. Бұл архитектураның артықшылығы – оның қарапайымдылығы, локальді желінің және оған қосылатын компьютерлерде операциялық жүйені орнатудың жеңілдігі. Бұл архитектураның кемшілігі – желіге түсетін ауырлықтың болуы.


Клиент-сервер архитектурасы желіге түсетін ауырлықты азайтады, себебі әрбір клиент деректерді арнайы ДБ-ның сервері арқылы алуына және өңдеуіне болады.

Көп деңгейдегі архитектура клиент-сервер архитектурасының жетілдірген түрі деп атауға болады. Ол үш деңгейден тұруы мүмкін: төменгі, орта және жоғары.

Интернет/интранет негізіндегі архитектура бойынша информациямен жұмыс істеу келесі схема арқылы орындалады: браузер – қосымшаның сервері – ДБ –ның сервері - динамикалық беттердің сервері – веб-сервер.

Информациялық жүйелердің қолданылу облыстары мен оларға қойылатын талаптар. Соңғы жылдары компьютер басқару ісінің негізгі құралына айналды. Ақпараттық технологияның жылдам дамуы оның пайдалану облысының ауқымын да кеңейтуде. Егер ертеректе ақпараттық жүйелердің пайдалануын тек бухгалтерлік жұмысты автоматтандыруда кездестіретін болса, ал қазіргі кезде адамзат қызметінің көптеген облыстарында ақпараттық технология енгізілген. Корпоративтік ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану басқару ісінде болжаудың сапасын көтеріп, қателерді азайтуға мүмкіншілік жасайды. Мұндай мүмкіншілік кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда ұтымды жұмыс істеуіне мүмкіншілік береді.

Енді ақпараттық жүйелердің программалық жабдықтарының көмегімен орындалатын жұмыстардың және оларға негізделген ақпараттық жүйелердің қолданылу облыстары қарастырылсын. Олардың негізгілері мыналар:

- бухгалтерлік есеп;

- қаржы ағымын басқару;

- қойманы, ассортиментті, сатып алуды басқару;

- өндірістік процесті басқару;

- маркетингті басқару;

- құжат айналымы;

- кәсіпорынды оперативті басқару;

- фирма туралы информация алу.

Ақпараттық жүйелердің алғашқы қолданыла бастаған саласы бухгалтерлік есепті автоматтандыру болатын. Оның негізгі себептері: біріншіден, бухгалтерлік есептің өте қиындығы және көп уақыт пен төзімділікті қажет ететіндігі, екіншіден, бухгалтерлік есепте жіберілген қатенің қымбатқа түсетіндігі. Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп формальді түрге келтіруге ыңғайлы болғандықтан, оны автоматтандыру техникалық қиындық туғызбады. Әрине, бухгалтерияның автоматтандыруда қиындық туғызатын өзіндік ерекшеліктері де бар. Мысалы, оның сенімділігіне деген талаптың жоғары болуы мен оған қатысты құжаттардың (салық пен бухгалтерлік есептерде) жиі өзгеріп отыруы.

Ақпараттық жүйелердің қазіргі кезде ең кең қолданылатын облысының бірі қаржы ағындарын басқару ісі. Кез келген банк жүйесі, ақша аудару, несие алу мен фирма аралық есептесу жүйелері және т.б. ақпараттық технологиялардың арқасында жұмыс істейді. Кез келген мекеме немесе өндіріс орны өз қызметінде көптеген әріптестермен, әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындармен, тауар немесе қызмет түрлерімен байланыста болады. Олармен тиімді әрі оперативті жұмыс жүргізу күрделі болғандықтан, қиындықтар туғызатыны белгілі. Сондықтан тауар қоймасын, оның ассортиментін, сату және сатып алуды тиімді басқару үшін оперативті түрде ақпарат алу және өңдеумен айналысу керек болады. Мұндай жағдай арнайы ақпараттық жүйелердің болуын қажет етеді.



Өндіріс процесін оңтайлы (оптимальді) басқару проблемасы адамзаттың пайда болуымен қатар пайда болған мәселе деуге болады. Адам өзінің өмір сүруіне қажетті жұмыстар мен қарым-қатынастарды оңтайлы түрде орындауды негізгі мақсаты деп есептеген. Қазіргі заманда, бұл мәселеде басқару ісіне байланысты көптеген есептерді шешуге тура келеді: қаржы мен ресурстарды жоспарлау, технология мен өндіріс әдістерін таңдау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, басқа әріптес немесе бәсекелес фирмалар мен компаниялар туралы мәліметтер алу, ішкі және сыртқы информациялар негізінде өндірісті оперативті басқарудың шешімдерін қабылдау және т.б. жұмыстарды орындау. Мұндай күрделі іс өте үлкен көлемді информацияны жинақтауды, сақтауды, өңдеуді және қажет кезінде жылдам табуды қажет етеді.

Қазіргі кезде мемлекет басқару ісінде немесе халықпен қарым-қатынас жасаудағы үлкен мәселенің бірі - құжат айналымы. Бұл мәселені шешуде де ақпараттық жүйенің болуы аса қажет. Сондықтан қазіргі кезде «Электрондық үкімет» атты ұлттық деңгейдегі жобалар жүзеге асырылуда.

Сонымен, ақпараттық жүйелердің пайдаланылу облыстары адамзат өмірінің барлық дерлік саласын қамтиды. Соңғы жылдарды «ақпараттық технологиялар» кезеңі немесе ғасыры деп атау, елдердің даму деңгейін осы ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланыстыру осыған байланысты.

Ақпараттық жүйелерді құрастыру ісі өте күрделі әрі жоғары деңгейдегі білікті мамандарды қажет етеді. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар да оны жүзеге асырудың пайдаланушылар үшін тиімді болуы да қажет. Қазіргі кезде құрастырылатын ақпараттық жүйелерге қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- икемділік;

- сенімділік;

- тиімділік;

- қорғалғандық.

Ақпараттық жүйе пайдаланушы үшін арзанға түспейді. Сондықтан әрбір пайдаланушы құрастырылып, жүзеге асырылатын ақпараттық жүйенің ұзақ мерзімге есептелгенін қалайды. Бірақ өмірде әртүрлі өзгерістердің өте жиі кездесетіндігінен ақпараттық жүйе соған сәйкес болуы немесе қажетті өзгерістер оған ешбір қиындықсыз енгізілетін болуы тиіс. Басқаша айтқанда, ақпараттық жүйе жаңа жағдайларға икемді (адаптивті) болуы қажет. Ақпараттық жүйе ерте ме, кеш пе моральді түрде ескіреді. Сондықтан оны жаңарту немесе толығымен ауыстыру қажет болады. Ал ақпараттық жүйені құрастырушылар көбінесе оны қолданатын облыс бойынша мамандар емес. Осыған байланысты ақпараттық жүйені жаңарту немесе қайта құрастыру кезінде алғашқы құрастырушылардың қатысқаны жөн болады.