ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.08.2021
Просмотров: 374
Скачиваний: 1
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Білімді бағалау критерийлері |
А |
Пәннің теориялық сұрақтарының мазмұны толықтай ашылған және жетілген клиникалық дағдылар көрсетілген. Жауап беруде қажетті логикалық бірізділікпен пәндік саланың терминологиясы мен символикасы пайдаланған. Студент қажет болған жағдайда басқа курстар мен оқу пәндерінің мәліметтерін пайдалана отырып, күрделілігі әр түрлі деңгейдегі оқу материалын еркін меңгергендігін көрсетеді. Қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде өз ойын дамыту, проблеманы және оны шешу жолдарын табу қабілеттілігі байқалады. Студент ойлай және тәжірибелік сабақты өздігінен орындай алатындығын көрсетеді. Тәжірибелік бөліктің барлық тапсырмалары жоғары деңгейде орындалған, клиникалық ойлау қабілеті көрсетілді. Шешімдері логикалығымен, негізделгендігімен, оңтайлылығымен сипатталады. Шешімдерді орындауда стандартты емес тәсілдемелердің мүмкіндіктерін көрсетеді. Коммуникативтік дағдыларды жетік меңгерген. |
А- |
Жауап беру кезінде студент әр түрлі қиындық деңгейі бар оқу материалдарымен қаруланғанын көрсетеді, оқу пәнінің мазмұнын толық меңгерген, пациенттермен жұмыста осы білімдерін шығармашыл қолдана алады. Тәжірибелік бөлігінің тапсырмаларын шешу кезінде студент үздік техника мен клиникалық ойлауын көрсетеді. Үздік жауап беру кезінде жауап берушінің өзі оңай түзететін және қорытынды нәтижеге әсер етпейтін болмашы кемшілік жіберіледі. Коммуникативтік дағдыларды жақсы меңгерген. |
В+ |
Студент бағдарламалық оқу материалын жақсы меңгерген. Жауап бергенде, студенттің өзі түзететін бір-екі қателіктері бар. Қосымша тапсырма берілген жағдайда студент клиникалық ойлауын, клиникалық дағдыларының жақсы техникасын және коммуникация тәсілдерін көрсете отырып, бейтаныс жағдайда қиындықтарды табысты жеңеді. |
В |
Студент таныс жағдайда еркін пайдалана отырып, бағдарламалық материал бойынша білімді жалпы меңгерген. Жауап беру кезінде бір-екі кемшілік көрінеді. Студент сенімді түрде негізгі оқу бағдарламасы курсының негізгі ережелеріне қатысты қосымша сұрақтарға жауап береді, бірақ өзіне таныс емес жағдайда клиникалық есептерді шешуде қиындыққа тап болады. Стандартты есептерді шешу үшін сәйкес клиникалық дағдыларды білімді қолдана алу. Тәжірибелік тапсырма (пациентпен жұмыс) бойынша есепті ресімдеу кезінде елеусіз қателері бар. Коммуникативтік дағдыларды сенімді меңгермеген, бірақ тиімді диалог жүргізу қабілеттілігін көрсетеді. |
В- |
Оқу бағдарламасының негізгі ережелері кейбір қателіктерімен айтылады. Алайда қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент аса көп қателіктер жібермей, оқу материалының негізгі бөліктеріне жауап бере алады, үлгі бойынша таныс жағдайда бар білімдерін көрсету. Тәжірибелік бөлімнің тапсырмаларын (пациентпен жұмыс) ресімдеуде аздаған қателіктер жіберілген. Коммуникативтік дағдылар толық қолдана алмайды. |
С+ |
Оқу материалын нақты білмейді. Жауап бөлшекті, схемалы. Пациентті (клиникалық жағдаят) клиникалық тексеру фактілері мен негізгі түсініктеріне қатысты қосымша сұрақтар студенттің клиникалық терминологияны түсініп, қолдануында қиындықтар туғызады. Тәжірибелік бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент елеулі қателіктер жібереді. Клиникалық дағдыларды сенімсіз қолданады. Типтік клиникалық есептерді қатемен орындайды, нәтижесінде оқытушының көмегімен дұрыс шешімге келеді. Медперсонал мен науқастармен қарым-қатынас кезінде қателіктер жасайды. |
С |
Бағдарламалық оқу материалын толық білмейді. Клиникалық зерттеулердің бірқатарын дұрыс орындамайды. Өз білімін тек әдеттегі таныс жағдайда ғана қолдана алады, ал сұрақ сәл өзгерген жағдайда қиындыққа тап болады. Сондай-ақ, арнайы білік пен дағдаларды қолдануда қиындықтар бар. Тек типтік клиникалық есептерді ғана шеше алады, коммуникативтік дағдыларды нашар меңгергендігін көрсетеді. |
С- |
Студент жауап беруге тырысты, бірақ оның білімдері үзілген және жүйесіз. Пәндік саладағы терминологияны төмен меңгерген. Тәжірибелік тапсырманың үштен бірі орындалған. Студент алған білімі мен нақты клиникалық есепті жеткілікті дәрежеде байланыстыра алмайды. Оқытушының көмегінсіз науқастармен бірге өздігінен жұмыс жасай алмайды. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі жөнінде тек теориялық білімі ғана бар |
D+ |
Студент қойылған сұраққа жауап беруге талпынды, бұл оның оқу материалы туралы кейбір түсінігін ғана көрсетеді. Жүйелік білім оқу пәнінің теориялық саласында жоқ. Клиникалық дағдыларды нашар меңгерген. Төрттен кем тәжірибелік тапсырма шешілген. Клиникалық есептерді шешуде де, тәжірибелік тапсырмаларды ресімдеуде де айтарлықтай кемшіліктері бар. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін төмен деңгейде түсінген. |
D |
Сұраққа жауап беруге талпынған кезде студент пәннің теориялық бөлігінің мазмұны туралы нақты түсінігінң жоқтығын көрсетеді. Ұсынылған клиникалық есепті шешу әрекеті жасалған,бірақ көптеген маңызды кемшіліктер жасалған. Тәжірибелік тапсырма тек жарым-жартылай ғана орындалған. Студент тек жеке клиникалық дағдыларды ғана меңгерген. |
F |
Студент жауап беруден бас тартады немесе сұраққа жауап беруге талпынғанда оқу материалы бойынша білімінің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Бірде-бір клиникалық есеп шешілмеген, бірде-бір тәжірибелік тапсырма орындалмаған. |
Аралық бақылаудың бағдарламасы.
Аралық бақылау № 1
1. Молекулярлық биология
Жасушаның молекулярлық биологиясы.
Жасушаның негізгі компоненттерінің молекулярлық құрылысы және қызметі: ядро, митохондрия, лизосома, Гольджи кешені, жасуша орталығы, эндоплазмалық тор, цитоқаңқа.
Жасуша тіршілігінде мембрананың белгілері.Биологиялық мембрананың молекулярлық құрылысы және қызметі. Мембрана липидтері және ақуыздардың қызметі және типтері. Гликокаликстың құрылысы және қызметі. Арнайы мембрананың жалпы сипаттамасы (нейрондар,эритроциттер).
Мембрана арқылы тасымалдану: белсенді,белсенсіз. Везикулярлы тасымалдану туралы түсінік. Жасушааралық байланыстар, жасушааралық адгезия, жасушадан тыс матрикс. Медициналық белгілері.
Жасушаға сигналдың берілуінің негізгі этаптары. Сигналды молекулаларының жалпы сипаттамасы. Жасушаішілік рецепторлар және мембранамен байланысты туыстастығының жалпы сипаттамасы. Сигналдың берілу этаптарының құрылымының ерекшеліктері.
Нуклеии қышқылдар және ақуыздардың құрылысы және қызметі
Биологиялық макромолекулалар: ақуыздар және нуклеин қышқылы. Белоктардың кеңістіктегі ұйымы. Ақуыздың құрылысы және қасиеті.
Нуклеин қышқылдарының құрылысы. Особенности пространственной организации ДНК. Митохондриалды ДНК құрылымының ерекшеліктері. ДНҚ қызметі және қасиеті. Жасушадағы РНҚ типтері. Әр түрлі типтегі РНҚ қызметі. Особенности пространственной организации тРНК, мРНК и рРНК.
Нуклеин қышқылы және ақуыз биосинтезі
Генетикалық хабардың негізгі берілу жолдары. ДНҚ биосинтезі (репликация). Репликативті комплекстің сипаттамасы. Репликация этаптары. Алғашқы және кеш синтезделетін тізбектердің ерекшеліктері. Теломерлер және теломезалар. Алғашқы РНҚ-транскриптаттың синтезі (транскрипция) м-РНҚ-ның процессингі және сплайсингі.
Аралық бақылау № 2
Клеткалық цикл туралы түсінік. Клеткалық циклдің фазалары, олардың ұзақтығы. Митоз. Цитоқаңқаның рөлі. Клеткалық циклдің реттелуі. Митоздың стимуляция факторы туралы түсінік (МРҒ). Циклиндер және циклин тәуелді киназдың рөлі. р53 белоктың регуляторлық рөлі. Апоптоз туралы түсінік. Апоптоз кезіндегі молекулярлық құбылысының жалпы сипаттамасы. Қартаю теориясы. Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процесстердегі рөлі.
Генетикалық код. Белок биосинтезі (трансляция). Белок биосинтезі (трансляция). Белок синтезінің этаптары. Белок синтезі процесіндегі рибосоманың құрылысы және қызметі. Фолдинг туралы түсінік. Белок биосинтезі процесіндегі шаперонның рөлі. Белоктардың трансляциядан кейінгі процессингі.
Прокариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмі. Оперон теориясы. Индукция және репрессия механизмі бойынша бақыланатын оперондардың қызметі. Эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі. Медициналық маңызы.
Клетканың генетикалық аппараты. Генетикалық гомеостаз.
Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымы. Гендердің жіктелуі. Кластерлік гендер. Геном туралы түсінік. Прокариот және эукариот геномы құрылымының және функционалдық ұйымының ерекшеліктері. Митохондриялар геномының ДНҚ және РНҚ бар вирустар. Хромосомалар. Хромосоманың құрылымдық ұйымының деңгейлері ұйымы. Адам геномының ұйымы. Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. Хроматин. Эу-және гетерохрохроматин. Адам кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі. Адам хромосоманың карталары. Генетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоз.
Даму генетикасы.
Онтогенездің генетикалық механизмдері және олардың бұзылуы. Морфогенез негізгі ретінде, гендердің дифференциалдық белсенділігі. Тератогенез. Тератогендік факторлар. Онтогенездің тератогендік кезеңдері. Дамудың туа біткен ақауларының пайда болуындағы клеткалық механизмдер. Бағаналық клеткалар, медицинада қолданылуы.
Аралық бақылау № 3
Мутациялар: генді, хромосомды және геномды. Ата-аналық дисомиялар, геномды импринтинг кезіндегі эффектісі. Мутацияның патологиялық эффектісі. Летальдық және сублетальдық мутациялар, жалпы аурулар мен өлім деңгейіне қосатын үлесі. Соматикалық және генеративтік мутациялар. Мутагенез. Мутагенді факторлар. Репарация. Репарация типтері, репарацияның ферменттік жүйесі. Генетикалық гомеостаздардың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі.
Медициналық генетика негіздері.
Генетика негіздері. Тұқымқуалау белгілерінің типтері:моногенді, полигенді тіркес. Цитоплазматикалық тұқымқуалау. Тұқымқуалайтын аурулар, жалпы медициналық патологиядағы орны. Тұқымқуалайтын классикалық және классикалық емес типтегі,моногенді аурулар (ата-аналық дисомия,митохондриальдық). Полигендік немесе мультифакториальдық аурулар. Тұқымқуалайтын ерекшеліктері. Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі. Тұқымқуалайтын аурулардағы генетикалық полиморфизмнің негізі ретінде, генокопия және фенокопия. Хромосомды аурулар. Тұқымқуалайтын аурулардың зертханалық диагностика әдістері (цитогенетикалық, биохимиялық, молекулярлы-биологиялық). Тұқымқуалайтын аурулардың алдын-алу шарттары (МГК, генетикалық скрининг, пренатальды диагностикасы). Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия.
Аралық бақылау № 4
Молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістері.
Молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістері және олардың медицинада қолданылуы. Адам геномын зерттеудегі негізгі нәтижелер. ДНҚ-диагностикалық әдісі. Медициналық және фармакологиялық зерттеулерде қолданылуы. Адам ауруларының жетілуіне қатысатын гендердің идентификациясы. Генетикалық маркерлер. Генді инженерлік технология. Трансгендік өнімдер (ағзалар), фармацияда және медицинада қолданылуы. Ағзаларды клондау.
Экогенетика мен фармакогенетика негіздері.
Экогенетика мен фармакогенетика негіздері. Тұқымқуалауға бейімділік полиморфизмі, дәрілік препараттарға ағзаның реакциясы. Дәрілерді қолдануда туындайтын аурулар. Генотоксикалық құбылыс. Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар.
Популяциялық генетика негіздері.
Популяциялық генетиканың медициналық аспектлері. Адам популяциясындағы генетикалық құрылым. Популяцияның генетикалық құрылымына элементарлы эволюция факторларының әсері. Харди-Вайнберг заңы. Генетикалық полиморфизм. Адам популяциясындағы генетикалық салмақ, медициналық – әлеуметтік маңызы. Популяциялық-генетикалық зерттеулер.
Молекулярлық биология және медициналық генетика пәні
бойынша қорытынды бақылау бағдарламасы.
Клетканың молекулярлық биологиясы.
Клеткалардың негізгі компоненттерінің молекулярлық құрылымы және қызметі: ядро, митохондриялар, лизосомалар, Гольджи комплексі, клетка орталығы, эндоплазмалық ретикулум, цитоқаңқа.
Клетка тіршілігіндегі мембрананың маңызы. Биологиялық мембрананың молекулярлық құрылымы және қызметі. Белоктар және липидтер мембраналардың типтері және қызметі. Гликокалистің құрылысы және қызметі.
Мембрана арқылы тасымалдау:белсенді, белсенсіз. Везикулярлы тасымалдау туралы түсінік. Клеткааралық байланысты, клеткааралық адгезия, клеткадан тыс матрикс. Медициналық маңызы.
Клеткаға сигналды берудің негізгі этаптары. Сигналды молекуланың жалпы сипаттамасы. Мембранамен байланысты және клеткаішілік рецепторлар туыстасының жалпы сипаттамасы. Сигналды беру этаптары, құрылысының ерекшеліктері. Медициналық маңызы.
Клеткалық цикл туралы түсінік. Клеткалық циклдің фазалары, олардың ұзақтығы. Митоз. Цитоқаңқаның рөлі. Клеткалық циклдің реттелуі. Митоздың стимуляция факторы туралы түсінік (МРҒ). Циклиндер және циклин тәуелді киназдың рөлі. р53 белоктың регуляторлық рөлі. Апоптоз туралы түсінік. Апоптоз кезіндегі молекулярлық құбылысының жалпы сипаттамасы. Қартаю теориясы. Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процесстердегі рөлі.
Белоктардың және нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі.
Биологиялық макромолекулалар; белоктар және нуклеин қышқылдары. Белоктардың кеңістіктегі ұйымы. Белоктардың қызметі және қасиеті. Нуклеин қышқылдарының құрылысы. ДНҚ-ның кеңістіктегі ұйымының ерекшеліктері. Митохондриальды ДНҚ құрлысының ерекшеліктері. ДНҚ құрылысы және қызметі. Клеткадағы РНҚ типтері. Әртүрлі типтегі РНҚ қызметі. т-РНҚ,м-РНҚ-ның кеңістіктегі ұйымының ерекшеліктері.
Нуклеин қышқылдарының және белоктардың биосинтезі.
Генетикалық хабардың негізгі берілу жолдары. ДНҚ биосинтезі (репликация). Репликативті комплекстің сипаттамасы. Репликация этаптары. Алғашқы және кеш синтезделетін тізбектердің ерекшеліктері. Теломерлер және теломезалар. Алғашқы РНҚ-транскриптаттың синтезі (транскрипция) м-РНҚ-ның процессингі және сплайсингі.
Генетикалық код. Белок биосинтезі (трансляция). Белок биосинтезі (трансляция). Белок синтезінің этаптары. Белок синтезі процесіндегі рибосоманың құрылысы және қызметі. Фолдинг туралы түсінік. Белок биосинтезі процесіндегі шаперонның рөлі. Белоктардың трансляциядан кейінгі процессингі.
Прокариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлы механизмі. Оперон теориясы. Индукция және репрессия механизмі бойынша бақыланатын оперондардың қызметі. Эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі. Медициналық маңызы.
Клетканың генетикалық аппараты. Генетикалық гомеостаз.
Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымы. Гендердің жіктелуі. Кластерлік гендер. Геном туралы түсінік. Прокариот және эукариот геномы құрылымының және функционалдық ұйымының ерекшеліктері. Митохондриялар геномының ДНҚ және РНҚ бар вирустар. Хромосомалар. Хромосоманың құрылымдық ұйымының деңгейлері ұйымы. Адам геномының ұйымы. Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. Хроматин. Эу-және гетерохрохроматин. Адам кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі. Адам хромосоманың карталары.
Генетикалық гомеостаздардың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі. Мутациялар:генді, хромосомды және геномды. Ата-аналық дисомиялар, геномды импринтинг кезіндегі эффектісі. Мутацияның патологиялық эффектісі. Летальдық және сублетальдық мутациялар, жалпы аурулар мен өлім деңгейіне қосатын үлесі. Соматикалық және генеративтік мутациялар. Мутагенез. Мутагенді факторлар. Репарация. Репарация типтері, репарацияның ферменттік жүйесі. Генетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоз.