Файл: Ашы сратар ою арылы оушыларды математика сабаында ойлау абілетін жетілдіру таырыбындаы іс рекетті зерттеу есебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 69
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Темиралина Светлана Иркуловна мұғалім портфолиосы А - есебі
8 – топ ІІ – деңгей
Алматы қаласы 24.04.2015ж
«Ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың математика сабағында ойлау қабілетін жетілдіру» тақырыбындағы
іс – әрекетті зерттеу есебі.
1 – бөлім : Іс – әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
Заман талабына сай мұғалімдердің кәсиби біліктілігін арттыруда туындап отырған жаңа үлгідегі білім беру міндеті мен мақсатына, әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Аталған талаптарды орындау үшін мен педагогтардың біліктілігін арттыру курсында өз білімді жетілдіру үстіндемін. Бірінші бетпе – бет кезеңінде алған теориялық білімімді мектептегі іс - тәжірибеммен ұштастырдым.Джон Гир пікірінше, «ашық сұрақтар жеке тұлғаларға сұраққа өз сөздерімен жауап беруге мүмкіндік береді». Оқытудағы проблемалық мәселелердің бірі - оқушыларға дұрыс сұрақ қоя білмеушілік. Оқушыларға жабық сұрақтар қою, тығырыққа тірейтін сұрақтар беру- күнделікті сабақта кездесетін жағдайлар. Нәтижесінде баланың ойы дамудың орнына тежеледі, білім алуға құштарлығы төмендейді. Сұраққа жауап бере алмағандығынан өз-өзіне сенімсіздік танытады, «дұрыс емес!» деген сияқты ескертпелер баланың сөйлеу дағдысына кедергі жасайды. Осы жағдайларды ескере отырып, мен мектептегі тәжірибе кезеңінде «Ашық сұрақтар қою арқылы математика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болады?» деген зерттеу сұрағына жауап іздедім.
Мен екінші деңгей бағдарламасының бірінші бетпе – бет кезеңінде өзімнің алған білімімді әріптестерім мен оқушыларға жеткізу үшін оқып білгенімді оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, тиімді жұмыс жасау жолдарын қарастырдым. Екінші деңгей бағдарламасының идеясы – қазіргі заман талаптарына сай бейімделген, жан – жақты дамыған, өз білімін қолдана алатын, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Бұл түсініктеме маған мұғалім алдына қойылатын талаптар жоғары екенін ұғындырды.Сондықтан мен іс – әрекетті зерттеу тақырыбын «Ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың математика сабағында ойлау қабілетін жетілдіру»деп белгіледім.
Мұндағы мақсатым оқушылардың ашық сұрақтар қою арқылы ойлау дағдыларын дамыту, оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сыныбымдағы оқушыларды топқа бөле отырып, бірлесе әрекет етуге жұмылдыра отырып, білім алуға бағыттау. Яғни «мұғалімнің міндеті- оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның жолын көрсету» /Д.Б. Эльконин/, «Оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу» /Т.Я. Гальперин/
болып табылатынын тәжірибеме енгізу. Ал, оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл - ой белсенділігін дамытуға,сұраққа жауап беру арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Ашық сұрақтарды тиімді қолдана білу, сол арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру, білім деңгейін көтеруге ықпал ету. Сұрақ қоя отырып, оқушыларды терең, жан-жақты ойлауға, оқушыларды өз біліміне белсене қатысуға және дұрыс сұрақтар арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету, жақсарту, кеңейту, тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандыру. Зерттеудің міндеттері- сабақ барысында оқушыларға сұрақтарды іріктеп, саралап барып қою. Сұрақтар әзірлей отырып, оқушыларға дұрыс жауап беруіне бағыт көрсету, сұрақ түрлерін анықтау, жауап берудегі қиындықтан шығуға көмектесу, жауапты күту, дұрыс айтылмағанда жетекші сұрақтар арқылы тығырықтан шығу. Сонымен қатар оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыпта стыру, білімге құштарлығын дамыту, сын тұрғысынан ойлауға көмектесу, бір-бірінің идеяларын құрметтеуге, бағалауға дағдыландыру, оқудағы кедергілерді анықтау.
Зерттеу жүргізе отырып, мына нәтижеге жету қажет деп ойлаймын - оқушылардың мұғалімдермен, есеп шығару барысында тиімді сұрақ қою, жауап алу арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру. Сол сияқты: жеке тұлғаның еркін дамуына толық мүмкіндіктер жасалады, оның өмірге деген құлшынысын, ішкі сезімін оятады, әрбір нәтижені ойлауда үлкен ізденіс, шығармашылық танытады.Оқушылардың барлығын қамтитын, оларды шығармашылық оқу еңбегіне бағыттайтын орта құрылады.
Сұрақ қoю - маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәpежелі, жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданылады деген пікір бар.Төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес сұрақтар» деп бағаланатын сұрақтар. Ал ашық сұрақтар қойылғанда, oқушылар ақпаратты белгілі бір дәрежеде қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп отырады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болатындығы нұсқаулықта көрсетілген. Білім беру үдерісінде оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық болуы керек. Әрине, мұндай жағдай әңгімелесу арқылы, сұрақ-жауап арқылы орнайды. Тіл - тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде білім алу диалог арқылы беріледі. Әңгімелесу - оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.
Александер «диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды». Білім алуда сұрақ қоюдың, сұрақ түрлерін ажыратудың өте маңызды екенін түсіндім. Енді сабағымда ашық сұрақтарды дұрыс дайындап, орынды пайдаланамын деген ойдамын.
2 – бөлім: Іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.
Мектептегі іс – тәжірибеме өзгеріс енгізy кезінде сабақтарымды жоспарлағанда «Оқушылар нені білyі және түсінyі керек?» және «Оқушылар сабақта қандай мәселелерді талдай және зерттей білyлері керек?» деп өзіме – өзім сұрақ қойдым. Осыған жауап іздеуде мұғалімнің зерттеу сұрағы екі бөлікке бөлінетін қағидаға сүйендім. Ол алдымен оқушылардың проблемаларды талдау қабілеттерін зерделеу, екіншіден талдау кезінде аргументтерге сүйене отырып ойларын жеткізуді анықтау. Іс -әрекетті зерттеу Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылындағы КММ «Абай орта мектебінде» жүзеге асты. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңін оқып келгенде алғашқы әрекетімді мектеп басшысымен, мектептегі әріптестеріммен сұхбаттасудан, тәлім алушыны таңдаудан, сыныпты зерттеу үшін тиісті іс-әрекет (рұқсат алу,сауалнама дайындап,оны алудан), бағдарлама модульдерін қайта оқудан бастадым.
Өйткені мен зерттейтін сыныптағы оқушы саны: 6; Қыз бала саны: 5; Ұл бала 1; Өзімнің зерттеу нысаным ретінде үш оқушыны бақылауға алдым. «А» деңгейіндегі сынып үздігі, оқуға құштарлығы зор, математика сабағында үнемі белсенділік танытады, бірақ ойлау жүйесі кең емес. «В» деңгейіндегі оқу үлгерімі орташа, математика сабағында берілген тапсырмаларды өзіне сенімсіздікпен орындайды, бірақ есепті жақсы шығарады. «С» деңгейіндегі оқушы қағылез, тез ойланады, оқу үлгерімі жаман емес, тапсырмаларды қағазға жақсы орындағанмен, тақтаға шығуға ұялады.
А оқушы В оқушы С оқушы
Осыған негіздей отырып орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарымды Блум таксономиясы бойынша жасадым. Тізбектеп атап айтқанда «Тіктөртбұрыштың ауданы» және «Параллелограммның ауданы» тақырыптарына тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Іс тәжірибедегі бірінші сабағымның тақырыбы «Тіктөртбұрыштың ауданы», мақсаты тіктөртбұрыштың аудандарының формулаларын түсіндіру және іс – жүзінде есептер шығару барысында қолдана алу. Сыныптын психологиялық атмосферасын қалыптастыру үшін ең алдымен мен оқушыларды жұпқа фигуралар арқылы бөлдім. «Миға шабуыл» ойыны арқылы сұрақ қойып оқушылар төртбұрыш анықтамасын және оның элементтерін еске түсіріп, білімдерін қайталады. Бұл жерде қойылған сұрақтарға жауап беру нақтылығы, ойларын терең жеткізуі. А оқушысы сұрақтарға жауаптары толық, нақты болды, В оқушысы сұрақтарға жауап бергенімен, бойында сенімсіздік байқалды, А оқушы қойылған сұрақтарға өз еркімен жауап бере алмады, сыныптастарының көмегіне жүгінді.Жаңа тақырыпты Джигсо әдісін пайдалан отырып меңгерттім. Тақырыптың қиындығына қарамастан, әр деңгейдегі оқушылар өз ойларын еркін бөлісетініне көз жеткіздім. Оқушылардың бойындағы қорқыныш сейіліп, өздерінің түрлі идеяларын топтаса отырып, төртбұрыштардың аудандарын есептеу формулаларын дәлелдеу жолдарын талқылады. Сабақтың «түсіну» кезеңінде алған теориялық білімдерін дұрыс қолдана білді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізді. А оқушы осы кезеңдегі берілген деңгейлік тапсырмаларды орындап, жаңа тақырыпқа берілген есепті тақтада шығару жолын түсіндіріп жауап берді. Оның тапсырмаларды орындаудағы әрекетінде өзіне деген сенімділік болды. В оқушы тапсырманы сұрағанда ғана айтып өздігінен әрекет етуге ынта көрсетпеді. С оқушының берілген тапсырмаларды дәптеріне жазып, кейбір жаттығуларды шығаруда қателік жіберіп отырғандығы байқалды, тақтада жұмыс жасау барысында орындауда қателескен балаларға көмек беруге келген оқушы жаттығудың дұрыстығын үнсіз ғана түзеді. Есептің алгоритмін құрып, түсідіру әдісін сабақта өтілген материалды талдау барысында қолдандым. Есептің мағынасын ашуда әр топ бірін – бірі толықтырып, есепті шешу жолдарын салыстырулары сабаққа деген ынта – жігерін алдағы сабақтарда белсенді жұмыс жүргізулеріне ықпал етті. Сыныптағы оқушылардың бірлескен есептерді талдауда оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік жасадым, басқа да оқушылардың өз идеялары болатындығын түсіндіруіне көмектестім. Бұл тапсырманы орындау кезеңінде А оқушым есепті шешуде теориялық білімін практикалық жүзінде көрсете білді. Түсті қағаздан бір қабырғасы екіншісінен екі есе артық етіп қиып, фигуранын периметрімен ауданың теңдеу құру арқылы есептеу тәсілді түсіндіріп берді. Сабақта алған білімдерін жинақтау кезеңінде «Синквейн» стратегиясы жүргізілді. Әр топ «Бес жолды тұжырым»арқылы тіктөртбұрыш туралы білімдерін нақтылады. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр оқушыға жақсы көңілдері болу үшін әр оқушыға шабыт берді. Себебі осы тапсырма аясында В оқушым өзінің тіл байлығын, ойлау қабілетінін арттқанын байқадым. С оқушым әдеттегідей қызығушылық танытпады. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасалды. Осы сабақта оқушылар бірін-бірі бағалау барысында топпен ақылдасып, өздерін бағалады, бағалау парақшасы арқылы, жұлдызшалар және түрлі – түсті қағаздар арқылы бағалай білді. Мұнда байқағаным әр оқушы жұлдызшалар жинап алға ұмтылып отырды. Осы реттегі алғашқы әрекетім оқушылардың бағдарлама бойынша негізгі оқу пәндеріне деген қарым – қатынасы мен қызығушылығын зерттеуге арналған сауалнама жүргізумен басталды. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәнімен қоса, математикаға пәніне ерекше ықыластары бар екенін мені қуантты. Алайда олар өз ойын, пікірін еркін жеткізе алмайтындарын және айтса да қиналатындарын айтып кетті. Аталған жауаптар мені іс – әрекеттегі зерттеу тақырыбына қатысты болжамымды нақтылай түсті. Математика сабағында оқушылардың танымдық қабілетін қалай дамытамыз?
Менің бұдан кейінгі әрекеттерімнің, соның ішінде оқушылардың ойлауын бағыттауға арналған тапсырмалар сапалылығының маңыздылығы айтпаса да түсінікті еді. Бірақ қандай тапсырма беру керек? Ойлау туралы ойлануға берілген тапсырмалар қандай болу керек? Оқыту қалай ұйымдастырылса тиімді болады?
Екінші сабағымда тіктөртбұрыштын ауданы тақырыбын жалғастырдым. Тіктөртбұрыштың ауданы формуласы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін анықтыуды «635 тәсілі» және «INSERT» оқыта үйрету ойыны арқылы көздедім. «635 тәсілі» ойыны арқылы мен сыныптағы 6 оқушы толығымен жұмыс жасауға тарттым, олардың әрқайсысы есепті шешу жолдары туралы 3 идеядан ортаға салды және осы есепті шешудің тиімді әдісін өзара талқылауға 5 минут уақыт берілді. «Егер тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары шектелген ондық бөлшектермен өрнектелсе, онда оның ауданы натурал санмен өрнектелуі мүмкін бе? Жауабын түсіндіріңдер»деп берілген келесі тапсырманыINSERT әдісі арқылы талқылады. Сабақтың талдау бөлімінде «Т» кестесі арқылы
диалогтік қатынасқа түсіп, тапсырманың дұрыс, бұрыс жақтарын салыстырды. А оқушымен қатар сыныптағы озат оқушыларының бірі үнемі алға шығып көшбасшылық танытты, жүктелген тапсырманы орындауға алға ұмтылып, топ арасында қызу бәсекелестік туындады. Оқушылардың, әсіресе оның ішінде зерттеуге алынған үш оқушының жұмыс жасай білуін, зерттеушілік әңгіме арқылы бір-біріне түсіндірді, Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын бақылау барысында, ортада ынтымақтастық қалыптаса бастағанын байқадым. Сабақтың соңында «Ойлау бутербродымен» кері байланыс алдым. Кері байланысты оқи отырып оқушылардың белсенділігі артқанын, диалогтік қатынасқа түсіп сұрақ жауап негізінде тапсырмаларды орындаған ұнағаны менің келесі сабағыма жоспар жасауға түрткі болды.
Үшінші сабағымның тақырыбы «Параллелограммның ауданы». Оқушылар параллелограмм туралы жалпы білімдерін анықтау негізінде электрондық тест тапсырды. С оқушым тест тапсырмаларын орындауға жауапкершілікпен қарады, В оқушым білімін жинақтап, оқып білгенің, шынайы сыни көзқарасымен нәтижеге жетті. Мұнда мен «Киностудия» оқыта үйрету ойыны арқылы оқушылар параллелограммның ауданың есепте формулалары туралы ақпаратты интернет желісі арқылы іздеп, табылған нақты мәліметтерді флипчартқа түсіріп «суретшілер» жаңа фильмге кадрлар ұсынды, ал кейін «режиссерлар» кеңесінде талқылап алдарындағы кадрлардан «фильмнің» мазмұның толық ашқан жұмысты таңдады. Жасаған жұмыстарын талқылауда топтағы оқушылар бір – біріне ашық сұрақтар қойып, сол сұраққа жауап іздеп, өз ойларын нақты жеткізіп қорытындылады.