Файл: Ашы сратар ою арылы оушыларды математика сабаында ойлау абілетін жетілдіру таырыбындаы іс рекетті зерттеу есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 70

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мұнан менің байқағаным оқушылар тапсырма орындауда бір – біріне ашық сұрақтар қойып, соның негізінде жауап іздесе әлдеқайда белсенділігі арта түсіп, өз ойларымен бөліседі. Бұл тапсырманы орындағанда С мен А оқушыларым бір топта болды. С оқушымның бойынан күнделікті сенімсіздік пен үрейдін жойылуы байқалды. А оқушымен қатар тапсырманы орындауға қызығушылықпен қарап, белсенділік танытты. Оқушылардың пікірсайысқа қатысу дағдыларын дамыту мақсатында сабақ барысында білімдерін талқылау мақсатында ПСМТ (позиция, себеп, мысал, талқылау) әдісін қолдандым. Осы тапсырманы орындау кезінде ашық сұрақтардың негізінде топтар параллелограмм аудандарын есептеудің бірнеше формулаларын келтірді. І - ші жұп параллелограммның ауданың тіктөртбұрыштың ауданы , ІІ - жұп ромбты параллелограмм деп, ІІІ – жұп ромбтың ауданың параллелограммның ауданы арқылы есептеуге болады деген позицияларды ұстанып, аталған фигуралардың анықтамаларын еске түсірді. Параллелограммға мысалдар келтіріп, қасиеттеріне сүйене отырып, осы фигураларды параллелограмм деп дәлелдеп шықты. Бұл жаттығу балаларға сабақтың тақырыбың жан – жақты ашып, түсінуге көмектесті. А оқушым өз жауабын талқылауда аргументтерді нақты келтірді, С оқушым ромбтың ауданың биіктігі және оған іштей сызылған шеңбер арқылы есептесеу тәсілін ашып берді. сөздік қорының аз болса да тақырыпқа байланысты диалог құрастыру оған қиындық тудырған жоқ, өйткені оның алдыңғы сабақтарда ашыла бастағанын байқаған топ мүшелері оны тапсырмаға негіздеп сұрақтар қойып сөйлетуге, тақтаға жазғызуға үйретті. Әсіресе өз тобын алға ұмтылдыратын С оқушысы жиі көмектесіп алға шығарып, оны жұптық жұмыс кезінде жақсы оқушылар мен диалогқа түсіп және айтқандарын дәлелдеуді үйренді. Бұл оқушыға жоғары деңгейлі сұраққа жауап беру қиын болды, бұл кездерде ол топ мүшелерінің көмегіне жүгінді. Оған көбіне орта деңгейлі тапсырмалар, сұрақтар қойылды. Әр тапсырмадан соң оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін бағалауда әр түрлі смайликтерді қолданып, 3,4,5 түрлі смайликтер жинаған оқушыларды бағаладым. Оқушылар ұпай жинап бағалануға құлшыныстарын танытты. Сыныпта тапсырмаларды бірлесе отырып талқылаy және орындаy кезінде оқушылардың білім сапасы, белсенділігі артты ма? деп өзіме – өзім сұрақ қойдым. Бірінші және екінші сабақтарымның қорытындысы бойынша осы үш оқyшымның өзгере бастағанын байқап, бақылаyды әрі қарай жалғастырдым.


Оқушылардың кері байланыс парақтарында жазылғандай бүгінгі сабақ қызықты тапсырмалармен ұнағанын байқадым. Оқушылардың тақырыпты жинақтау, пысықтау мақсатында берілген тапсырманы жоғары белсенділікпен орындағанын байқадым. Бұл тапсырма олардың тақырыпты терең түсініп, ұғынуларына көмектесті.

Оқушы үні мен кері байланыстың негізінде жасалған төртінші сабағымды психологиялық дайындық жасап, геометриялық фигуралар арқылы екі топқа бөліп отырғыздым. Ашық сұрақтарды пайдалана отырып «Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойынымен параллелограммның, тіктөртбұрыштың анықтамасын және одардың элементтерін еске түсіріп, білімдерін қайталады. Оқушылардың үй жұмысы бойынша бірге ізденді, бір – бірімен әңгімелесу арқылы ойларын толықтырды, өз ойларын жинақтай білді. Өздерінің мүмкіндіктеріне сенбей, сабақтарда шектеліп отыратын оқушылар тәжірибе барысында сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын топқа салып, топтық жұмысты қорғауға шықты. Оқушылардың параллелограммның аудынының формуласын есеп шығаруда дұрыс қолдануын «315» әдісі (3 амалдан тұратын есепті шешу ) арқылы жүргізілді. Бірінші оқушы берілген фигураны және аталған элементтерін ерекшелеп сызды, екінші оқушы осы есепті шешуде қолданылатын формуланы сызба арқылы көрсетті, үшінші оқушы сызбамен формуланы пайдалана отырып есептеу әдісін жүргізді. Осы тапсырманы орындауға 5 минут беріледі. Тапсырмалар пазлды жинау әдісімен орындалды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсады және білімді бірлесіп алуда немесе "пікір алмасу" барысында тең құқылы серіктестер болып табылатынын байқадым. Өткен тақырыпты қайталау мақсатымен ой қозғау арқылы сұрақтарға жауаптар беруі арқылы оқушыларға өз ойларын ортаға салып талқылауды өтіндім. Әр

оқушы өз тарапынан түсінгенін айтып, бір – бірінің ойын жалғастырып отырды. Сабақтың жинақтау бөлімінде «Ақылдың алты қалпағын» пайдаландым. Мұнда оқушылар төртбұрыштың ауданының формуласының білу қажеттілігі бойынша өз ойларын ортаға салды. Бұл үдеріс барысында В деңгейлі оқушы өзінің белсенділігімен өлең шумақтарын жазды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау тәсілі арқылы білім

алғандығын көрсету үшін сабақта көптеген дәлелдемелер жинадым. «А» оқушым топты алға қарай жетелеуді көздеп, өз тапсырмасын орындаумен қатар сыныптастарының да іс-әрекетін қадағалап, түсінбеген жерлеріне көмектесіп отырғанын, ылғи белсенді болғанын көрдім. «В» оқушым тапсырмаларды өздігінен орындауға тырысып, қиын жаттығуларды талдау барысында достарының көмегінсіз өзінің алға қарай ұмтылғанын байқадым. Ал, төмен үлгірім С оқушым постер қорғау барысында ойын ашық жеткізуге тырысқаны, сабақ соңындағы рефлексияда: «маған сабақты мазмұндау қиын, бірақ топта достарымның көмегімен бұл қиындықты жеңе алдым», - деп ойлы пікір айтып, бір қадам болса да алға жылжығаны мені қуантып тастады.

Мұнан менің байқағаным ашық сұрақтың негізінде оқушылар алған білімін өмірде қолдана алуы. Оқушылардың кері байланыс парақтарында жазылғандай бүгінгі сабақ қызықты тапсырмалармен ұнағанын байқадым. Оқушылардың тақырыпты жинақтау, пысықтау мақсатында берілген тапсырманы жоғары белсенділікпен орындағанын байқадым. Топпен жұмыс істеген сабақтың жаңаша өткізілуі оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар сабаққа құлшыныспен қарайтын болды. Оларға топта отырып, жұмыс істеу ұнады. Оқушылардың өздеріне деген сенімдері қалыптасты.

3 – бөлім:Қорытынды және талдау.

Жаңа форматтағы оқу бағдарламасын меңгергенге дейін сабақтарымда жоғарыда айтылғандардың бір де біреуі сезілмеген болса, сабақтарыма жаңа модульді енгізгеннен кейін оқушылардың алға қарай жылжығанын байқадым. Александердідің(2008) пайынмдауынша «диалог түрінде оқыту оқушыларды ынтадандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды»(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 99 – бет). Осының негізінде үнемі оқушыны ынталандыру мақсатында мадақтау, қолдау, яғни ынталандырып керек. Мысалы: Тапсырманы жақсы орындап отырсың! Сен ол есепті шығара аласың! Жауабың өте жақсы! Жарайсың! Керемет! Бүгін сабаққа өте жақсы қатыстың! т.б. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылардың жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бұл мадақтаулар оқушылардың ары қарай жұмыстар жасауына өзін-өзі басқара білуіне үлкен көмек болады. Оқушылар сабақта өздерін еркін ұстап, белсенділік танытты, мұғалімнің көмегінсіз өз беттерінше, жұпта, топта жұмыс істеуге дағдыланды.

Сабақ барысында оқушылар ашық сұрақтардың негізінде өз идеяларын салыстырып жүйелеп саралап жеткізе білді.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда оқyшыларға тақырыпты өзім түсіндірyші едім және ережелерді оқyшылардың дәптеріне жаздырып отыратынмын, яғни дайын білім бердім. Есептерді шешу кезінде 3 – 4 оқушыны тақтаға шығарып, қалғандары отырған орнында орындайтын, ал үлгерімі нашар оқушыларға жеңіл деңгейдегі жаттығyлар берyмен ғана шектелдім. Оқyшылардың берген жаyаптарын «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағалап, оқyшылардың әрі қарай ойлаyына мүмкіндікті жасамаған екенмін. Сабақ берyде үнемі назарымды жақсы оқитын оқyшыларға аyдарып отыруды ұйғарып, үлгерімі нашар оқyшылар тасада қалып қойғанын онша ескермеппін. Сабақта оқyшылардың білімдерін бағалаy үшін тек қана сандық бағаны пайдаландым. Диалогтік оқытудың нәтижесінде тапсырмалар орындағанда сыныптың білім сапасы жоғарлайтынын, дарынды және талантты оқушылардың артатынын, тобын басқара алатындай көшбасшы оқушылардың табылатынын, оқушылардың белсенділігін байқадым. Тақырыптың қиындығына қарамастан, әр деңгейдегі оқушылар өз ойларын еркін бөлісіп отырды. Оқушылардың бойында қорқыныш сезіліп, өздерінің түрлі идеяларын топтаса отырып талдауы сабағымның нәтижелі өтуіне ықпал етті. Олардың айтқан әрбір пікірі құнды, сондықтан тақырыпты ашу үшін барлық пікірге назар аудару керек деп шешім қабылдадым. Оқушыларды күнделікті білім алудағы үлгерімдерін өзім сабақ жүргізу үстінде бұған дейінгі уақыттардан бері хабарым бар болатын. Осы сыныптан алған оқушыларымды үлгерім деңгейлері бойынша анықтадым. Осылай оқу деңгейлері арқылы бір сыныптағы үлгерімі әртүрлі балаларды бақылауға болады деп шештім. Ашық сұрақтар қойып оқытудың нәтижесін көруде мен үнемі бағалауға жүгініп отырдым. ««Бағалау»термині «Жақын отыру»дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес,себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 105бет)

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес математика пәнінде диалогті оқытуды жиі пайдаландым. Өйткені, орташа оқитын оқушы түсінбеген есебін топ мүшелерінен, қажет кездерінде мен бағыт бағдар беріп, түрткі болдым, соның нәтижесінде тақырыпты меңгеріп, түсініп, келесі сабақтарда өздігінен жұмыс жасауға ынтасы артып, қызығушылығы арта түсті. Оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып сұрақты түсінікті әрі қарапайым етіп қоюға тырыстым. Сыни тұрғыдан ойлауларын да жетілдіру үстінде жұмыс жасадым. Ой қозғау, шатастырылған логика, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық есептер беріп сабаққа деген қызығушылығын арттыруды жолға қойдым.


Сабақтарда қойылған сұрақтар туралы деректер:

Мен бақылауды түрлі тапсырмаларды орындату арқылы (жаттығулар жұмысы, шығармашылық тапсырмалар, эссе, зерттеу жұмысы, т.б.) жүзеге асырып, балалардың жұмыстарын жинап алып саралап отырдым.

Мұғалім сұрақтарының түрлері және оқушылар жауаптарының деңгейі.

Блум таксономиясына сәйкес ойлаудың деңгейі

Осы ойлау түрі боынша қойылған сұрақтардың саны

Осы ойлау түрінің болғанын көрсететін жауаптардың жалпы саны

Қойылған сұрақтардың мысалдары

Білу

12

12

Қандай фигура төртбұрыш деп аталады? Қандай фигура параллелограмм деп аталады? Төртбұрыштың қандай төбелері – көршілес, қандайлары қарама-қарсы төбелер деп аталады? Төртбұрыш қалай белгіленеді?

Түсіну

11

11

Параллелограмм қарсы қабырғалары тең болатынын дәлелдеу. Параллелограмм диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетінін дәлелдеу

Қолда

ну

12

10

Қандай геометриялық фигуралардан гүлзарларға гүл отырғызу жоспары құралады? Неше олар және қандай формулалар оның ауданының есептелімі үшін білуге қажет?

Талдау

12

10

Егер тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары шектелген ондық бөлшектермен өрнектелсе, онда оның ауданы натурал санмен өрнектелуі мүмкін бе?

Жинақтау

15

13

Параллелограммның ауданың диагональдары арқылы қалай өрнектеге болады? Параллелограммның ауданың оның іргелес жатқан қабырғлары мен арасындағы бұрыш арқылы қалай өрнектеуге болады?

Баға

лау

62

56





Тізбектелген төрт сабаққа кіріктірілген өзгерістер төмендегі кестеде көрсетілген:



Сабақтың тақырыбы

Не өзгерді?

Қалай өзгерді?

Неге өзгерді?

Болған өзгерістердің қандай дәлелдемелері бар?

Өзгерісті неден байқадым

1

Тіктөртбұрыштың ауданы

Оқушылардың қарым – қатынасы нығайды

Топтағы бірлескен тапсырма

ларды орындау арқылы

Сабақтарыма жеті модульді кірістірістіріп отырдым.

Фотосуреттер, бейнежазбалар, сауалнамалар.

Топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс жасай отыра бір – біріне көмектесе білді.

2

Тіктөртбұрыштың ауданы

Оқушыларда өзіне деген сенімділік, ойларын еркін жеткізу қалыптасты

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі арқылы

Сабақ жүргізу әдісін өзгертуім

Топпен, жұппен жұмыс кезеңдері, деңгейлік тапсырмалар орындау кезінде түскен фотосуреттер мен бейнежазбалар.

Бұрын көпшілік алдына шығып сөйлеуге дағдаланбаған оқушылар, өздерін таныта білді.

3

Параллелограммның ауданы

Өзара бағалау, өзін бағалау

Критериалды бағалау

ды түсінуі арқылы

Оқыту мен оқуды бағалаудың мағынасын түсінгенім арқылы

Әр сабақта бірін – бірі,жұбы,топ басшыла

рының бағалауы, бағалау парақтарының фотосуреттері мен бейнежаз

балары

Оқушылар бағалау үдерісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды, нақты дәлелел

дер келтіреді.

4

Параллелограммның ауданы

Сыни пікір қалыптасты

Сабағым да жеті модульді ықпалдастыра отырып, тиімді пайдала нудың арқасын да

мен оқушылар дың сыни көзқарасын дамытатын тапсырма лар беріп, жағдай жасадым.

Бейнежаз балар мен тапсырмаларды орындау кезінде түсірілген фотосуреттер

Оқушылар тақырып ты ашу барысын да оқулықтан басқа ақпарат көздерінен қажетті мәлімет терді іздестіру, салыстыру талқылау ға дағдыланды.