Файл: араанды мемлекеттік медицина университеті Жпалы аурулар жне дерматовенерология кафедрасы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мерездің үшіншілік кезеңі сіңбелі шектелген (төменшілік гуммалар) немесе жайылмалы, жайылған түзілістер түзілуімен сипатталып, зақымдалған мүшелер мен ұлпаларда деструктивті өзгерістермен аяқталады. Үшіншілік кезеңге қосымша айқын клиникалық көріністерімен жасырын ағымның (кеш жасырым мерез) алмасуы тән, бірақ ем қабылдамаған күнде де жасырын жағдай жиі байқалады. Мерездің үшіншілік кезеңі жұқтырғаннан соң 3-5 жылдан кейін дамиды.
Төмпешік гумма түрінде тері мен кілегей қабатта ғана емес, ішісі мүшелерде, жүйке жүйесі, сүйекте, буйындарда кездеседі. Үшіншілік кезеңде қайталанулар сирек байқалады және бір-бірінің ұзақ жасырын кезеңмен алшақталған. Екіншілік кезеңдігі бөртпелермен салыстырғанда үшіншілік кезең сифилидтерінде бозғылт трепонемалар аздаған санда кездеседі, сондықтан да практикалық түрде контагиозды емес. Үшіншілік зақым ошағындағы бозғылт трепонемалар оған қарамастан өзінің патогенезділігімен вируленттілігін сақтайды.
Иммунитет. Суперинфекция. Реинфекция.
Мерез кезінде иммунитетке қатысты қазіргі кезде біржақты көзқарас жоқ. Ертеректе мерезге туа пайда болған иммунитет жоқ. Солай десекте соңғы кездері дені сау адамдардың қансарысуында термолабильды, трепонема стабильды, трепонемацидты заттар бар, олар контакт кезеңде жұқтыруға кедергі келтіреді. Алайда мерезбен ауырған, емделгендерде жүре пайда болған. Иммунитет дамымайды, сондықтан қайта жұқтыруы мүмкін (реинфекция).
Мерездік инфекция ағзада бозғылт трепонема жайылу кезеңіне дейін сақталатын инфекциялық иммунитет қалыптасады. Контакт болған кезде гуморальды және клеткалық иммунитет факторлары жетіліксіздігімен, қансарысуында трепонемастатикалық, трепонемацидты заттардын төмен деңгейімен адамдарда жұқтырып алады. Сондықтанда мерездік инфекция ДДҰ жіктеуі бойынша иммунологиялық жеткілісіздікпен сипатталатын аурулар қатарына жатады. Шеткері қанда, лимфоидты мүшелердің Т-тәуелді зоналарында Т-лимфоцит сонының азаюымен, арнамалы аллергиямен көрінетін инфекция дамуының ерте кезеңінде клеткалық иммуносупрессия қабылданған.
Мерездің инкубациялық кезеңінде бозғылт трепонемалар ағзаға түсіп, тез арада лимфогенді жолмен таралады. Ағзаның біріншілік сифилома және аймақтық склераденит түрендегі реакциясы кешеуілдейді. Біріншіліктің соныңыда және мерездің екіншілік кезеңінің басында трепонеманың жалпылама көбеюі және олардың бүкіл ағзаға таралуы (спирохеталы сепсис) жүреді. Сырқаттын жалпы симптомдарының (температуралық реакция, әлсіздік, шаршау, сүйек-буын ауруы, полиаденит) дамуы осыған байланысты. Науқас ағзасында иммунобиологиялық қорғаныш механизмдерінің мобилизациясы нәтижесінде спирохеттердің көп бөлігі өліп, екіншілік мерездің жасырын кезеңі дамиды.
Макроорганизмнің қорғаныш процесінің белсенділігінің төмендеу дәрежесі бойынша спирохеталар көбестіп, рецидив береді (екіншілік рецидивті мерез). Осыдан кейін ағзаның қорғаныш механизмі қайта мобилизацияның, ем қолданбаған жағдайды қайтадан бозғылт трепонемалар (цист-түрі мүмкін) мерездік инфекцияның сақталуына себеп болады. Инфекцияны талқынды ағымы екіншілік кезеңде микро- және макроорганизм арақатынасының күрделілігін көрсетеді.
Екіншілік кезеңде лимфоциттердің пролиферативті қызметін төмендететін факторлар белсенеді, нитрофилездің фагоциттік белсенділігі төмендейді және фагосом түзуге қабилеті жоғарылайды. Гуморальды фактордың жағдайы реактивтіліктің жоғарылауымен сипатталады. Антидене синтезі белсеніп, сарысулық иммуноглобулин G, А және М концентрациясы жоғарылайды. Мерезбен ауырған кезде алғашында қансарысуында G, М иммуноглобулиндерінің жоғары деңгейі, кеш түрінде тек иммуноглобулин G қалады. Антиген-антидене реакциясы мерез инфекциясына тән, аурудың ағымының толқын тәрізді ағымын сипаттайтын иммунологиялық реакциялармен қосарланады, әсіресе бірінші және екінші кезеңдерінде.
Мерездің үшінші кезеңінде бозғылт трепонемаларды саны азайғандықтан, бозғылт трепонема мен олардың токсиндеріне деген жоғарғы деңгейдігі сенсибилизация. Некрозбен, тыртықтанумен сипатталатын анафилактикалық реакциямен көрінеді. Емделген соң мерездің көріністері ғана емес, иммунды қорғаныштын гуморальды-клеткалық факторы регрессияланады, қайтадан контакт болса жұқтырып алады. Мұндай ағымда инфекция біріншілік кезеңнен бастап даму циклын қайталайды. Қайталап жұқтыру реинфекция деп аталады. Реинфекцияның дәлелі үшін шанкрдың басқаша орналасуы, бозғылт трепонемалардың болуы аймақтық склерадениттің көрінуі керек. Реинфекция бірінші зақымның жеткілікті емделуі, емделген соң тұрақты теріс стандартты серологиялық реакцияның болуы арқылы дәлелденеді. Сонымен бірге ауру түрінде мерез инфекциясының болуына назар аудару керек. Реинфекцияны жазылмаған науқастын қайта жұқтыруы-суперинфекциядан ажырату керек. Бұл кезде бозғылт трепонемалардың жаңа порциясы қосылғандай болады, сондықтанда аурудың әртүрлі кезеңінде суперинфекция әртүрлі көрінгеді мерездің біріншілік кезеңінің 10-14 күндері, инфекциялық кезеңде инфекциялық иммунитет қалыптаспаған кезде, косымша жұқтыру жаңа шанкрдың дамуымен көрінеді. Бұл шанкрдың көлемі кішірек, қысқарған инкубациялық (10-15 күн) кезеңнен кейін пайда болады. Мұндай шанкрларды ілеспелі деп атайды. Суперинфекцияның басқа кезеңінде ағза жаңа жұқтыруға бөртпелер түрінде жауап қайтарады, яғни қай кезеңде трепонемалардың жаңа порцияларының түрісіне байланысты. Екіншілік кезеңде зақым
орнында папула не пустула, ІІІ кезеңде- төмпешікке гумма түзілетіндіктен. Жасырын кезенде дамыған суперинфекция (RW, РИФ) серореакцияларының титрлерінің жоғарылауымен көрінуі мүмкін.
-
Иллюстрационды материал:
-
кестелер -
муляждар.
-
Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Ю. К. Скрипкин, А. А. Кубанова, В. Г. Акимов. Тері және венерологиялық аурулар : оқулық / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2015. - 440 б
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Н.А. Бун Инфекционные и кожные заболевания : пер. с англ. / - М. : Рид Элсивер,
2010. - 296 с.
2. К. Вольф Дерматология Фицпатрика в клинической практике : пер. с англ. / - М. :
БИНОМ
Т. 1. - 2012. - 868 с.
Дерматология Фицпатрика в клинической практике : пер. с англ. / - М. : БИНОМ
Т. 2. - 2012. - 1838 с.
Дерматология Фицпатрика в клинической практике : в 3т.: пер. с англ. / - М.:БИНОМ
Т. 3. - 2013. - 2621 с.
3. Зудин, Б. И. Кожные и венерические болезни : электр. учебник / - 2-е изд., перераб. и
доп. - М. : ГЭОТАР- Медиа, 2011. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронные
учебники)
4. Т.А. Муминов Клинические атлас- лекции по дерматологии : Атлас / - Алматы,
2011. – 240 с.
Клинические атлас-лекции по дерматологии : атлас / - [б. м.], 2012. - 1
эл. опт. диск (CD-ROM)
Лекции по венерологии : учебник / - Алматы : Литерпринт, 2014. - 520 с.
5. Ю.К. Скрипкин Кожные и венерические болезни –учебник для студентов
медицинских институтов., Москва, ГЭОТАР-Медиа, 2011, 544 с.
Кожные и венерические болезни : электр. учебник /, - М. : ГЭОТАР-
Медиа, 2011. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронные учебники)
6. Г. Уайт Атлас по дерматологии : Пер. с англ. ГЭОТАР-Медиа, 2009, 384 с.
7. Д.У илкинсон Дерматология: атлас-справочник: пер. с англ. М: Мед. лит., 2007. 208с.
8. В.В. ЧеботаревДерматовенерология : Учебник / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 272 с.
Қосымша:
-
Адаскевич В. П., Козин В. М.. Кожные и венерические болезни : учебное руководство / - 2-е изд. - М. : Медицинская литература, 2013. - 672 с. -
Альбанова В.И. Первая помощь при поражениях кожи / - М. : БИНОМ, 2011. - 128 с. -
Вейнберг С. Детская дерматология : атлас - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2015. - 336 с -
Даньел П. Детская дерматология : Справочник: пер. с англ. /. - М. : Практическая медицина, 2010. - 608 с. -
С.В. Кошкин Атлас по дерматовенерологии.Алгоритмы установления диагноза : атлас / - Киров : Кировская государственная медицинская академия, 2009. - 140 с -
Кулмагамбетов И.Р. Алиханова К. А. Руководство по классификациям заболеваний / - Караганда : Гласир
Т.2 : Ревматология.Фтизиатрия. Профессиональные болезни. Дерматовенерология. Инфекционные болезни. - 2009. - 416 с
-
Кубанова А. А. Рациональная фармакотерапия заболеваний кожи и инфекций, передаваемых половым путем / - М. : Литтерра, 2007. - 512 с. - (Рациональная фармакотерапия). - (COMPENDIUM) -
А.А. Кубанов Дифференциальная диагностика и лечение кожных болезней : атлас-справочник /- М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 304 с. -
К.Ш. Кейн Детская дерматология : цв. атлас и справочник: пер. с англ. / - М. : БИНОМ. Лаборатория знаний, 2011. - 496 с. -
Консультант врача. Дерматовенерология. Версия 1.2 [Электронный ресурс] : Полная электронная версия руководства по дерматовенерологии (В 2-х т.). - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). - (Электронная информационно-образовательная система) -
М.Б. Морган Атлас смертельных кожных болезней : пер. с англ. / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 304 с. -
Н. В. Низаметдинова ;Методы обследования и лечения больных с дерматовенерологическими заболеваниями : учебно-методическое пособие / КГМУ. - Караганда, 2014. - 48 с -
Скрипкин Ю. К., Бутов Ю. С.Иванов О.Л. Дерматовенерология : руководство / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2013. - 1024 с. -
Соколова Т. В. Практические навыки в дерматовенерологии : Справочник для врачей / - М. : МИА, 2011. - 132 с. -
Уайт Г., Кочергин Н. Г., Иванов О. Л.. Атлас по дерматологии : Пер. с англ. /- М. : ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 384 с. -
Х. К. Шадыев, В. Ф. Сиразитдинова, Г. А. Дмитриев. Инфекции, передаваемые половым путем, у детей : руководство / - М. : БИНОМ, 2011. - 392 с.
17., Khanna N. Illustrated Synopsis of Dermatology and Sexually Transmitted Diseases /
N. Khanna. - 4th ed. - New Delhi : Elsevіer, 2011. - 427 p. : il. - (ELSEVIER)
-
Қорытынды сұрақтар
1.Мерзбен зақымдалу шарттары.
2.Мерездің бірінші кезеңінің клиникалық көрінісі.
3.Типті қатты шанкрдың негізгі клиникалық көріністері.
4.Қатты шанкрдың атипті түрлері.
5.Екіншілік мерезде сифилидтердің жалпы көріністері.
7.папулезді сифилидтің түрлері.
8.Мерезбен ауыратын науқастарды күту ерекшелігі.
9. Жалпы және жеке профилактиканың принциптері.