ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1841
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Е) Жедел іріңді периодонтит
{Дұрыс жауабы}= А
{Күрделілік}= 2
$$$002 -Уақытша тістердің пульпиттері -
Бала 6 жаста, анасының айтуы бойынша соңғы 3 күнде нашар ұйықтап жүр. Тіс бұрын тітіркендіргіштерден ауырған. Қарау кезінде: 5.5 тістің апроксимальды бетінде тісжегілі қуыс. Жұмсарған дентинді алған кезде тіс қуысы ашылды, қансыраған ауырсынатын ұлпа көрінді. Индекс кп =7. Төмендегі аталғандардан қандай емдеу әдісі дұрыс?
А) Тісті жұлу;
В) Витальдыпульпотомия;
С) Консервативті ем;
D) Витальдыпульпэктомия;
Е) Девитальдыпульпотомия.
{Дұрыс жауабы}=D
{Күрделілік}= 3
$$$003 -Уақытша тістердің пульпиттері
Бала 6 жаста. Төменгі жақта тісте тағам қабылдау кезіндегі екі апта бойы ауырсынуға шағымданып келді. Қарау кезінде 7.5 тісте көп мөлшердегі жұмсарған дентинге толы тісжегілі қуыс, оны алу кезінде ұлпа жалаңаштанды, зондтағанда ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. Шырышты қабық алқызыл түсті. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:
A)Жедел серозды пульпит,девитальды ампутация
B) Созылмалы фиброзды пульпит, девитальдыэкстирпация
C)Созылмалы гангренозды пульпит, витальды ампутация
D) Жедел іріңді пульпит, витальды ампутация
E) Созылмалы фиброзды пульпит, витальды ампутация
{Дұрыс жауабы}=Е
{Күрделілік}= 3
$$$004 -Уақытша тістердің пульпиттері
Бала 9 жаста тамақ қабылдаған кездегі қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 5.5 тістің апроксимальды бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы. Терең зондтау жедел ауырсынады, қансырау байқалады, перкуссия ауырсынусыз. Тіс екі келуде емделген. Емдеу тактикасы дұрыс таңдалдыма және неліктен:
А) дұрыс, себебі девитальды ампутация қажет
В) дұрыс, себебі девитальды экстирпация қажет
С) дұрыс емес, тістің экстирпациясы қажет
D) дұрыс емес, себебі витальды экстирпация қажет
Е) дұрыс емес, себебі витальды ампутация қажет
{Дұрыс жауабы}= Е
{Күрделілік}= 3
$$$005- Уақытша тістердің пульпиттері
Бала 4 жаста жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте жағымсыз сезімдерге шағымданады. Қарау кезінде: 5.4 тісте терең тісжегі, өткір иісі бар, лас сұр массаға толы, зондтау түбір каналдарының өзегінде ауырсынады. Төмендегілердің ішінен қандай болжам диагноз мүмкін?
А) Созылмалы гранурлирлеуші периодонтит
В) Созылмалы гипертрофиялық пульпит
С) Созылмалы фиброзды периодонтит
D) Созылмалы гангренозды пульпит
Е) Созылмалы жай пульпит
{Дұрыс жауабы}= D
{Күрделілік}= 3
$$$006- Уақытша тістердің пульпиттері
Анасы 3 жастағы баламен шағымданып келді. Ұл балада жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте өткір ауырсыну. Анасының айтуы бойынша, тіс алғаш рет 2 күн бұрын ауырған. Бала дені сау, кп = 2. 5.4 тістің шайнау бетінде ашық сары дентинге толы кариозды қуыс, зондтау ауырсынады, перкуссия аздап ауырсынады, тіс айналасындағы шырышты қабық алқызыл түсті. Төмендегілердің ішінен қандай болжам диагноз мүмкін?
А) Созылмалы периодонтиттің асқынуы;
В) Созылмалы пульпиттің асқынуы;
С) Жедел серозды пульпит;
D) Жедел іріңді пульпит;
Е) Жедел периодонтит.
{Дұрыс жауабы}= С
{Күрделілігі}= 3
$$$007- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің пульпиттері
Бала 10 жаста 3.6 тістегі түнгі ауырсынуларға шағымданып келді. Ауырсыну алғаш рет 2 тәулік бұрын пайда болды. Объективті қарауда: 3.6 тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегілік қуыс. Температуралық тітіркендіргіштерге ұзақ мерзімді ауырсыну, ЭОД-10 мкА. Зондтау тісжегі қуысы түбімен ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. КПУ=2. Диагноз қойыңыз:
А) Жедел серозды жартылай пульпит
В) Созылмалы фиброзды пульпит
С) Созылмалы гангренозды пульпит
D) Созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
Е) Жедел іріңді жалпы пульпит
{Дұрыс жауабы}= Е
{Күрделілігі}= 2
$$$001- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң жағындағы 4 күн бойы ауырсынуға шағымданады, нашар тамақтанады. Қараудан кейін кп= 7, 6.4 тісте – медиальды-шайнау бетінде тісжегі қуысы, тіс қуысы ашық, зондтау ауырсынусыз, перкуссия ауырсынусыз, тіс түсі өзгерген, шырышты қабық гиперемияланған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген. Диагноз қойыңыз:
А) Созылмалы пульпиттің асқынуы;
В) Жедел іріңді периодонтит;
С) Жедел іріңді пульпит;
D) Периодонт тінінің қатысуымен жедел пульпит;
Е) Созылмалы периодонтиттің асқынуы
{Дұрыс жауабы}= Е
{Күрделілігі}= 2
$$$002- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 5 жаста. Тістеген кездегі ауырсынуға және 5.1 тістің маңында жыланкөздің пайда болуына шағымданады. 1 жыл бұрын тіс бір келуде тісжегі бойынша емделген. Объективті: шайнау бетінде пломба бар. Тістің түсі аздап өзгерген. Тістің маңындағы шырышты қабық көкшіл түсті, грануляциялы және іріңді бөліністері бар жыланкөз. Емдеу әдісін таңдаңыз:
А) консервативті бір келуде
В)консервативтіекікелуде
С) консервативті үш келуде
D) хирургиялық – тіс түбірінің резекциясы
Е) хирургиялық – тісті жұлу
{Дұрыс жауабы}= Е
{Күрделілігі}= 3
$$$003- Уақытша тістердің периодонтиттері
Қыз бала 4 жаста жоғарғы жақтың оң жағындағы тағам қабылдағанда күшейе түсетін өздігінен пайда болатын өткір ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 2 күн бұрын пайда болған. Объективті: 5.5 тіс жұмсақ ақшыл дентинге толы терең тісжегілі қуыс. Тіс қуысы ашылмаған. Қуыс түбін зондтағанда аздап ауырады. Перкуссияда ауырсынады. Болжам диагноз:
А) Жедел пульпит, периодонтитпен асқынған
В) Жедел іріңді пульпит
С) Жедел серозды пульпит
D) Созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы
Е) Жедел іріңді периодонтит
{Дұрыс жауабы}= А
{Күрделілігі}= 3
$$$004- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 8 жаста жоғарғы жақтың оң жағындағы тістегенде күшейетін 2 тәулік бойы өткір ауырсынуға шағымданады. Объективті: 1.6 тістің апроксимальды-дистальды бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы, температуралық тітіркендіргіштерге жауап, зондтау ауырсынусыз, перкуссия өткір ауырсынбалы, тіс түсі өзгермеген, қозғалмалы, 1.6 тістің маңындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада – периодонтта өзгеріс жоқ. Болжам диагноз қойыңыз және емдеу тактикасы қандай:
А) Жедел іріңді периодонтит – апексофикация әдісі
В) Созылмалы периодонтиттің асқынуы – тістің экстракциясы
С) Жедел іріңді пульпит – ұлпа экстирпациясы
D) Жедел серозды периодонтит – апексофикация әдісі
Е) Жедел серозды пульпит – ұлпа ампутациясы
{Дұрыс жауабы}= А
{Күрделілігі}= 3
$$$005- Уақытша тістердің периодонтиттері
Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң жағындағы 4 күн бойы ауырсынуға шағымданады, нашар тамақтанады. Қараудан кейін кп= 7, 6.5 тісте – медиальды-шайнау бетінде тісжегі қуысы, тіс қуысы ашық, зондтау ауырсынусыз, перкуссия ауырсынусыз, тіс түсі өзгерген, түбір каналында грануляция, шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада 6.5 периодонтында және 2.4 фолликуласының кортикальды пластинкасында деструктивті өзгерістер. Емдеу әдісін таңдаңыз:
А) консервативті – тіс қуысын ашумен бір келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау
В) консервативті –тіс қуысын ашумен екі келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау
С) консервативті –тіс қуысын ашумен үш келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды пастамен пломбылау
D) хирургиялық –тісті жұлу
Е) консервативті – тіс қуысын ашумен бір келуде, механикалық және медикаментозды өңдеу, каналдарды фосфат-цементпен пломбылау
{Дұрыс жауабы}= Е
{Күрделілігі}= 3
$$$006- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері -
9 жастағы балада төменгі жақ тісінде тістегенде күшейе түсетін қақсап ауырсынулар. Тісті 2 апта бұрын емдеді, күшәлә пастасын салған, қабылдауға уақытында келмеді. Объективті тексеруде: 4.6 шайнау бетінде тісжегілі қуыс, тіс қуысымен байланыспайды. Зондтау және перкуссия өткір ауырсынады. 4.6 аймағындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Жұмсарған дентин мен пломбалық материалдың қалдықтарын алғаннан кейін қансыраған ұлпа жалаңаштанды. Диагноз қойыңыз:
А) жедел медикаментозды периодонтит
В) созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
С) созылмалы гранулирлеуші пульпиттің асқынуы
D) жедел жарақаттық периодонтит
Е) жедел инфекциялық периодонтит
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілік}= 2
$$$007- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің периодонтиттері
Бала 8 жаста 2 тәулік бойы жоғарғы жақтың оң жағындағы тісте тістегенде күшейе түсетін өткір ауырсынуға шағымданады. Объективті: 1.6 тістің апроксимальды-дистальды бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы, термиялық тітіркендіргіштерге жауап, зондтау ауырсынусыз, перкуссия жедел ауырсынады, тіс түсі өзгермеген, қозғалғыш, 1.6 тіс маңындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада –периодонтта өзгерістер жоқ. Болжам диагноз қойыңыз және емдеу тактикасы қандай:
А) Жедел іріңді периодонтит -апексофикация әдісі
В) Созылмалы периодонтиттің асқынуы-тіс экстракциясы
С) Жедел іріңді пульпит - апексогенез әдісі
D) Жедел серозды периодонтит - апексофикация әдісі
Е) Жедел серозды пульпит - ұлпа ампутациясы
{Дұрыс жауабы }=А
{Күрделілік }= 3
$$$001Гингивит
Қыз бала 13 жаста ауырсынуға, қызылиегінің қанағыштығына шағымданып келді. Екі күн бұрын ауырып қалған. Объективті: бала бозғылт, дене температурасы 38,5 С. Жақасты лимфа түйіндері сол жағынан ұлғайған және ауырсынады, астында жатқан тіндермен байланыспаған. 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7 тістердің аймағындағы қызылиек емізікшелері мен қызылиектің жиектік бөліктері гиперемияланған, жараланған, некротикалық қақпен жабылған. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:
А) Жаралы-некротикалық гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар
В) Жедел катаральды гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, кератопластикалық заттар
С) Созылмалы гипертрофиялық гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар
D) Созылмалы катаральды гингивит. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, кератопластикалық заттар
Е) Созылмалы гингивиттің асқынуы. . Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар
{ Дұрыс жауабы }=А
{ Күрделілік }= 3