ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1845
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
$$$002 Гингивит
Қыз бала 8 жаста дәрігер-стоматологқа тіс тазалағандағы қанағыштыққа шағымданып келді. Бір жыл бойы мазалайды. Қарау кезінде: тіл мен ерін үзбелері қысқарған. Қызылиек толығымен гиперемияланған, цианозды реңкпен, ісінген. ГИ=3. Тісін 6 жасынан бастап тазалайды, үнемі емес. Денсаулығы жақсы. Емдеу әдісін таңдаңыз:
А) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия
В) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия, френулопластика
С) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия, вестибулопластика
D) ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, ортодонтқа бағыттама беру
Е) жергілікті ем: антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия
{Дұрыс жауабы}=В
{Күрделілік }= 3
$$$003Гингивит
Бала 12 жаста қызылиектің қышуына, ауыз қуысынан иістің шығуына шағымданады. 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2, 4.3 аймағындағы шырышты қабық цианозды, ісінген, қызылиек емізікшелері тіс сауыттарының 1/3 биіктігін жауып жатыр, тиген кезде қанайды. Төменгі фронтальды тістердің тығыз орналасуы. ГИ= 3. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:
А) Катаральды гингивит. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, физиотерапия
В) Гипертрофиялық гингивит,ісінулік формасы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар
С) ) Гипертрофиялық гингивит,фиброзды формасы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, стероидты емес препараттар, кератопластикалық заттар
D) Жаралы гингивит. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. Жергілікті-жансыздандырғыштар, антисептиктер, протеолитикалық ферменттер, кератопластикалық заттар
Е) Катаральды гингивиттің асқынуы. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету, антисептикалық өңдеу, антибактериалды жақпалар, ортодонтқа бағыттама беру
{ Дұрыс жауабы }=В
{ Күрделілік }= 3
$$$004Гингивит
Қыз бала 11 жаста тіс тазалағанда қызылиектерінің қанағыштығына шағымданады. 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2, 4.3 аймағындағы қызылиек жиегі цианозды, қызылиек емізікшелері болбыр, қызылиек қалталарынан геморрагиялық бөліністері бар грануляциялар байқалады. Тістердің қозғалмалылығы 2 дәрежеде. Рентгенограммада альвеолярлы өсіндінің сүйек тінінің воронкатәрізді деструкциясы. Науқасқа қандай маманның кеңесі өте қажет?
А) гематолог кеңесі
В) ортодонт кеңесі
С) педиатр кеңесі
D) эндокринолог кеңесі
Е) гинеколог кеңесі
{ Дұрыс жауабы }=D
{ Күрделілік }= 3
$$$005 Пародонтит
Бала 14 жаста 2 жыл бойы тістерін тазалағанда және қатты тағам жегенде қызлиегінің қанауына шағымданады. Объективті: 3.1,3.2,3.3,4.1,4.2 және 4.3 тістер аймағындағы шырышты қабық ісінген, гиперемияланған, цианозды реңкпен. Қызылиек жиегі валиктәрізді қалыңдаған. Төменгі жақтың алдыңғы тістерінің тығыз орналасуы байқалады. Диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу әдісі қажет:
А) рентгенография
B) реопародонтография
C) Шиллер-Писаревсынамасы
D) Кулаженко сынамасы
E) пункция
{ Дұрыс жауабы }=A
{ Күрделілік }= 3
$$$006 Пародонтит
Бала 12 жаста төменгі жақтың алдыңғы тістерінің түбірлерінің жалаңаштануына және бірнеше жыл бойы тістерін тазалағанда қызлиегінің қанағыштығына шағымданады.Объективті: 3.1 және 4.1 тістердің қызылиек жиектері ісінген, цианозды реңкпен. Тістемі ортогнатиялық, төменгі еріннің үзбесі –қысқарған. Рентгенологиялық осы аймақта тісаралық перденің ұшының кортикальды пластинкасының деструкциясы байқалады. Емдеу әдісін таңдаңыз:
A) симптоматикалық терапия, френулопластика
B) симптоматикалық терапия, тістерді жұлу
C)витаминотерапия, френулопластика
D) симптоматикалық терапия, вестибулотерапия
E) гипосенсибилиздеушітерапия, гингивопластика
{ Дұрыс жауабы }=A
{ Күрделілік }= 3
$$$007Пародонтит
13 жастағы қыз балада қызылиегінің қанағыштығы және соңғы айда алдыңғы тістерінің қозғалғыштығы байқалған. Объективті: төменгі күрек және сүйір тістер маңындағы қызылиек шырышты қабығы ісінген, гиперемияланған, тиген кезде қанайды. Осы тістердің қозғалғыштығы І дәрежелі, пародонтальды қалталар -3 мм. Ортопантомограммада - тісаралық перденің сүйек тінінің 1/3 биіктігіне төмендеуі байқалады. Төменгі жақтың фронтальды тістерінің тығыз орналасуы анықталады. ГИ –4,2. Бірінші кезекте қандай жергілікті емдеу шараларын жүргізеді?
A) Ортодонтиялық ем.
B) Қабынуға қарсы терапия.
C) Кәсіби гигиена.
D) Физиотерапиялық ем.
E) Антибактериалды терапия.
{ Дұрыс жауабы }=C
{ Күрделілік }= 3
$$$008 Пародонтит
Қыз бала 8 жаста қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Бала қант диабетімен ауырады.Объективті: төменгі және жоғарғы жақ маңындағы қызылиек емізікшелерігиперемияланған, ісінген, сауыттың 1/3 жауып жатыр. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілуі мүмкін?
A) реопародонтография
B) рентгенография
C)вакуумды сынама
D)РМА индексі
E) стоматоскопия
{ Дұрыс жауабы }=B
{ Күрделілік }= 3
$$$001 Жарақаттық зақымдалулар
Жасанды тамақтандырылған 4 апталық балада анасы таңдайында екі «жараны» байқады. Анамнезінен баланың шала туылғаны, салмақты нашар қосатыны байқалды. Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында диаметрі 0,8 см мөлшерге жуық дөңгелек екі симметриялы эрозиялар байқалады. Емдеу әдісін таңдаңыз:
A) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы препараттар
B) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және вирусқа қарсы препараттар
C) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және кератопластикалық препараттар
D) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және антибактериалды заттар
Е) анестетиктермен аппликация, қабынуға қарсы және иммуностимулдейтін заттар
{Дұрыс жауабы } = С
{Күрделілік } = 3
$$$002 АҚШҚ вирусты аурулары
3 жастағы баланың анасы сілекей ағуға, жараларға, баланың аузындағы ауырсынуға, тамақтан бас тартуына, Т-39С болуына шағымданады. Объективті: қызылиектің гиперемиясы, ісінуі, қызылиек емізікшелері қансырайды. Тілде, ерінде, таңдайда ақшыл қақпен жабылған 20 шағын эрозиялар байқалады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады, консистенциясы жұмсақ эластикалық. Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) жедел герпетикалық стоматит
В) жедел саңырауқұлақтық стоматит
С) көптүрлі экссудативті эритема
D) Венсангингивостоматиты
Е) қайталамалы герпетикалық стоматит
{Дұрыс жауабы } =А
{Күрделілік } = 2
$$$003 АҚШҚ вирусты аурулары
Бала бір жарым жаста, екі апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, дене температурасы екінші күн 39°С дейін көтерілді,тамақтан бас тартады. Объективті: төменгі жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті, көп мөлшерде сілекей ағу, екі ерінінің, тіл ұшының және ұрттың жедел гиперемияланған шырышты қабығында –фибринозды қақпен жабылған, шекаралары айқын көптеген ұсақ эрозиялар. Қызылиек ісінген, қанайды. Жергілікті емдеу үшінқолданылатыннегізгі зат және неліктен:
А) вирусқа қарсы, себебі вирусты инфекция симптомдары
В) ыстық түсіретін, себебі дене температурасын төмендету керек
С) жансыздандырғыш, себебі көптеген эрозиялар
D) антисептикалық, себебі ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы Е) иммунитет стимулдейтін, себебі иммунитет төмендеген
{Дұрыс жауабы } =А
{Күрделілік } = 3
$$$004 АҚШҚ аллергиялық аурулары
Бала 15 жаста тамақ ішкендегі ауырсынуға шағымданады. Объективті ауыз қуысында қатты, жұмсақ таңдайдың және төменгі еріннің гиперемияланған шырышты қабығында фибринозды қақпен жабылған эрозиялар. Пайда болуын сульфаниламидтер қабылдаумен түсіндіреді. Науқасқа қандай ем көрсетілуі мүмкін:
А) жансыздандыру
В) кератопдластикалық заттар
С) десенсибилиздеуші терапия
D) витаминотерапия
Е) иммуностимулдеуші терапия
{Дұрыс жауабы } =С
{Күрделілік } = 3
$$$005 Балaлардың инфекциялық ауруларында АҚШҚ өзгерістері
Ұл бала 9 жаста 2 күн бойы ауыз қуысының аурсынуына, дене температурасының жоғарылауына, дімкәстікке шағымданады. Объективті: катаральды стоматит, ұрттың шырышты қабығында 1.6, 2.6 тістер аймағында сарғыш-ақ түсті әк шашырандысы түріндегі бөртпелер, саны 25-ке жуық, тампонмен алынбайды. Науқасқа қандай маманның кеңесі көрсетілуі мүмкін және неліктен?
A) инфекционист, себебі скарлатинаның симптомы
B) инфекционист, себебі қызылшаның симптомы
C)инфекционист ,себебі дифтерияның симптомы
D)гематолог, себебі лейкоздың симптомы
E)гастроэнтеролог, себебі созылмалы гастриттің симптомы
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } = 3
$$$006 АҚШҚ саңырауқұлақ аурулары
Бала 10 айда мазасыз, тамақтан бас тартады. 2 күн бұрын ауырып қалған. Педиатрда пневмония бойынша емделуде, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабығы гиперемияланған, ісінген, ұрт, ерін, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабығында кейбір жерлерінде –эрозиялардың түзілуімен алынатын ақшыл қақ. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Нистатинді жақпамен аппликация тағайындалды. Тактика дұрыс таңдалды ма және неліктен:
A) дұрыс, себебі жедел кандидозды стоматиттың симптомы
B) дұрыс емес, себеі жедел герпетикалық стоматиттың симптомы
C) дұрыс емес, себебі созылмалы кандидозды стоматиттың симптомы
D) дұрыс, себебі аллергиялық стоматиттың симптомы
E) дұрыс емес, себебі созылмалы афтозды стоматиттың симптомы
{ Дұрыс жауабы } =А
{Күрделілік } = 3
$$$001 Балалардағы жансыздандыру
Бала 7 жаста, қатынасқа түседі. 5.1, 6.1 тістердің қозғалғыштығына шағымданып келді. Аталған патологияда қандай жансыздандыру әдісі қажет:
A) таңдайлық жансыздандыру
B) мандибулярлы жансыздандыру
C) Аппликациялық жансыздандыру
D) инфраорбиталдыжансыздандыру
E) тубералды жансыздандыру
{ Дұрыс жауабы } =C
{ Күрделілік } =2
$$$002 Балалардағы жансыздандыру
5 жастағы баланың анасы жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тістерінің бұзылуына шағмданды. Тіс тағам қабылдау кезінде мазалайды. 5.4, 6.4, 7.4, 7.5 тістер қызылиек деңгейіне дейін бұзылған, 5.4, 7.5 тістер аймағындағы қызылиекте вестибулярлы жағынан іріңді бөліністері бар жыланкөздер бар. Науқасқа қандай жансыздандару әдісі көрсетілуі мүмкін?
A) Туберальды және мандибулярлы жансыздандыру
B) Жергілікті жансыздандыру
C) Аппликациялық жансыздандыру
D)Инфильтрациялық жансыздандыру
E)Жалпы жансыздандыру
{ Дұрыс жауабы } =E
{ Күрделілік } =3
$$$003 Жалпы асқынулар
Бала 5 жаста, тілдің қысқа үзбесі бойынша отаға келді. 1,5 мл 1% тримекаин ерітіндісімен инъекциядан кейін қозғалыстық, мазасыздық, құсқысы келу, іштегі ауырсыну пайда болды. Объективті: есі сақталған, бет, мойын терісі гиперемияланған, тынысы жиілеген, қиындаған, пульсі жиі, коликалар. Аталған патологияда қандай емдеу тактикасы қажет:
А) 25% кордиамин ерітіндісін б/і енгізу
В) 10% кофеин ерітіндісін п/қ енгізу
С) Балаға горизонтальды қалып беру
D) 0,1 % адреналин ерітіндісін п/қ енгізу
Е) 24% эуфиллин ерітіндісін б/і енгізу
{ Дұрыс жауабы } =D
{ Күрделілік } =3
$$$004 Жалпы асқынулар
Бала 9 жаста тіс жұлу мақсатымен лидокаинмен жергілікті жаныздандыру жүргізілді. Аяқ астынан науқастың беті бозарып кетті, жалпы әлсіздік, шеткері мүшелердің тоңазуы, есінің жоғалуы, толуы әлсіз, жиі пульс байқалады. Науқаста қандай асқынудың пайда болуы мүмкін:
A) анафилактикалық шок
B) коллапс
C) асфиксия
D) Квинке ісінуі
E) естен тану
{ Дұрыс жауабы } =E
{ Күрделілік } =3
$$$005 Жансыздандыру кезінде және одан кейінгі жергілікті асқынулар
7 жастағы балада мандибулярлы жансыздандырудан кейін ине шаншыған орында қансырау байқалады. Диагноз қойыңыз және емдеу әдісін таңдаңыз:
А) Мимикалық бұлшықеттің парезі. Уақытша құбылыс, седативті заттар
В) Қантамырларының жарақаттануы. Ине шаншу орнын басу. Суыту.