ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1847
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
B) Дұрыс емес, себебі остеотропты болып табылатын линкомицин қажет
C) Дұрыс емес, себебі пролангирленген сульфаниламидтармен бірге пенициллин тағайындау қажет
D) Дұрыс, себебі аталған антибиотик ауыспалы тістемі бар балаларға тағайындалған
E) Дұрыс емес, себебі, әсері пролангирленген сульфаниламидтермен шектелу қажет
{ Дұрыс жауабы} = B
{ Күрделілік} =3
$$$006 Балалардың жақтарының гематогенді остеомиелиттері
Жаңа туған балаға 7 күн. Аяқ астынан ауырды. Гипертермия. Жалпы жағдайы ауыр. Омырау емуден бас тартады. Объективті: оң жақ бет асимметриясы. Көз саңылауы толық жабылған. Көзұясының төменгі жақ жиегі аймағында инфильтрат. Инфильтрат үстіндегі тері гиперемирленген. Аузын еркін ашады, ауыз қуысының шырышты қабаты өзгеріссіз. Болжам диагноз қойыңыз:
А) жоғарғы жақтың оң жағындағы гематогенді остеомиелиті
В) жоғарғы жақтың оң жағындағы созылмалы одонтогенді остеомиелит
С) жоғарғы жақтың оң жағындағы жедел одонтогенді остеомиелит
D) созылмалы одонтогенді остеомиелит, деструктивті формасы
Е) жоғарғы жақтың оң жағындағы жедел іріңді периостит
{ Дұрыс жауабы} = А
{ Күрделілік} =2
$$$007 Балалардың жақтарының гематогенді остеомиелиттері
Балаға 2,5 ай жоғарғы жақтың оң жағының ісінуімен аудандық балалар ауруханасына жолданды. Анамнезінде: ұзақ уақыт жазылмайтын кіндік жарасы. Қарау кезінде жоғарғы жағының ісінуі, мұрын-ерін қатпары тегістелген, ауыз қуысын қарауда жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінде іріңді бөлінісі бар жыланкөз анықталды. Диагноз қойыңыз және емдеу орнын анықтаңыз:
А) Көзасты аймағының абсцессі. Жақ-бет хирургиясы бөлімінде
В) Гематогенді остеомиелит. Хирургиялық бөлім
С) Мұрын фурункулы. ЛОР-бөлімі.
D) Ұрт аймағындағы флегмона. Хирургиялық бөлім.
Е) Жедел одонтогенді периостит. Жақ-бет хирургиясы бөлімі.
{Дұрыс жауабы} =В
{Күрделілік} =3
$$$001 Балалардағы тіс жарақаттары
Травматологиялық пунктқа 2.1 тістің орналасуының таңдай бағытына өзгеруімен жасөспірім шағымданып келді. Анамнезден: бір күн бұрын жұдырықпен бетінен соққы алған. Болжам диагноз қойыңыз:
А) 2.1 тістің толық емес шығуы
В) 2.1 тістің толық шығуы
С) 2.1 тістің сауыттық бөлімінің шығуы
D) 2.1 тістің енгізіле шығуы
Е) 2.1 тістің сауыттық бөлімінің сынуы
{Дұрыс жауабы} =А
{Күрделілік} =2
$$$002 Балалардағы тістердің жарақаттары
Бала 5 жаста тісінен жарақат алған. Объективті: 5.1 және 6.1 тістердің сауыты жартылай жоқ. 5.1 және 6.1 тістер аймағындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген. Рентгенограммада 5.1 және 6.1 тістердің түбірлерінің апикальды бөлігіндегі периодонтальды саңылау жоғалған, 5.1 және 6.1 тістердің түбірлерінің ұштық бөлігі жоғарғы жақ денесінің кемікті пластинкасына кіріп кеткен. Емдеу тактикасын анықтаңыз:
А) диспансерлік бақылау
В) 5.1 және 6.1 тістерді жұлу
С) 5.1 және 6.1 тістерді репозициялау
D) тістерді лигатуралы шеңдеу
Е) реплантация
{Дұрыс жауабы} =В
{Күрделілік} =3
$$$003 Балаларда ЖБА аралас жарақаттанулары
Бала 8 жаста әткеншектен құлап қалған. Есін жоғалтқан. Жедел жәрдем каретасымен жақ-бет хирургиясы бөліміне жеткізілді. Объективті: ұрт аймағының оң жағындағы тері жабындыларының бүтіндігі бұзылған, көзасты аймағының гематомасы, ауыз қуысынан қан кету. Ауыз қуысының ашылуының шектелуі. Науқасқа қандай мамандар көрсетілуі мүмкін:
А) Хирург, офтальмолог, стоматолог
В) Жақ-бет хирургы, офтальмолог, педиатр
С) Жақ-бет хирургы, невропатолог
D) Хирург, офтальмолог, педиатр
Е) Хирург, офтальмолог
{Дұрыс жауабы} =С
{Күрделілік} =3
$$$004 Балалардың ЖБА аралас жарақаттанулары
Ұл бала 6 жаста тіс жарақатын алған. Қарау кезінде: 8.1 және 7.1 интактілі, көршілес тістерден қысқарақ, 2 дәрежелі қозғалғыштық, перкуссияға жауап ауырсынады. Рентгенограммада 8.1 және 7.1 түбірлерінің 1/3 резорбциясы, түбірлер кемікті затқа енген. Аталған жағдайда оптимальды емдеу әдісін таңдаңыз:
А) 8.1 және 7.1 репозициялау
В) 8.1 және 7.1 жұлу
С) 8.1 және 7.1 реплантациялау
D) 8.1 және 7.1 шеңдеу
Е) диспансерлік бақылау
{Дұрыс жауабы} =В
{Күрделілік} =3
$$$005 Балалардың жақсүйектерінің сынуы
Бала 13 жаста бет-жақ аймағы хирургиясы бөліміне төменгі жақ аймағындағы ауырсынуға шағымданды, неврологиялық симптомдармен тістемнің бұзылуы (жүрек айну, құсу). Қатынасқа қиындықпен түседі, жылайды, мазасыз. Бетінде көптеген қан кетулер және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттық ісінуі. Сіздің диагнозыңыз:
A) біріккен жеңіл дәрежедегі жақ-бет және бассүйек-ми жарақаты
В) төменгі жақтың сынуы, бас миының шайқалуы, беттің жұмсақ тіндерінің соққысы
С) төменгі жақтың сынуы,беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
D)төменгі жақтың сынуы, беттің жұмсақ тіндерінің соққысы
Е)төменгі жақтың сынуы, бассүйек негізінің сынуы
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } =2
$$$006 Балалардың жақсүйектерінің сынуы
Дене шынықтыру сабағында 10 жастағы бала бетімен төмен құлады. Объективті: беті симметриялы, аузы жартылай ашық. Төменгі жақсүйек солға ығысқан. Пальпаторлы: оң жақ буын басы буын шұңқырынан тыс орналасқан. Емдеу әдісін таңдаңыз:
A) төменгі жаққа сымды шеңдеуіш-скоба
B)шығып кетуді орнына келтіру
C)төменгі жаққа пластмассалы тіс-қызылиектік шеңдеуіш
D)төменгі жақтың буындық өсіндісіне сүйектік тігіс салу
E)шайнау тістері маңына моноблок
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } =3
$$$001 Балалардағы эпидемиялық паротит, клиника, диагностика, емі
Ұл бала 6 жаста дене температурасының 38 С жоғарылауына және оң жақ және сол жақ құлақмаңы және құлақарты аймақтарының ісінуіне шағымданады. Объективті: құлақмаңы және құлақарты аймақтарындағы қамыртәрізді инфильтрат есебінен беттің асимметриясы. Құлақ сырғалығының алдында, емізікшетәрізді өсіндінің алдында және төменгі жақтың кесіндісінде ауырсынатын нүктелер байқалады. Тері қатпарға жиналады. Құлақмаңы сілекей безінің өзегінен аздаған мөлшерде мөлдір сұйықтық бөлінеді. Диагноз қойыңыз:
A) жедел бактериалды паротит
B) жедел эпидемиялық паротит
C) созылмалы паротиттің асқынуы
D) құлақмаңы аймағының жедел одонтогенді емес лимфадениті
E) Герценбергтің жалған паротиті
{Дұрыс жауабы } =В
{Күрделілік } =2
$$$002 Балалардағы эпидемиялық паротит, клиника, диагностика, емі-3
6 жастағы баланың ата-анасы оң жақ құлақмаңы аймағындағы уақытылы пайда болатын ісінуге, ауыз қуысының құрғауына, дене темпаратурасының 37,7°С көтерілуіне шағымданып келді. 6 ай бұрын дәл осы көріністер болған. Қарау кезінде: оң жақ құлақмаңы аймағында аздап ауырсынбалы инфильтрат анықталды. Сілекей тұтқыр, оң жақ сілекей безінен аз мөлшерде секрет бөлінеді. Болжам диагноз қойыңыз:
А) созылмалы паренхиматозды паротиттің асқынуы
В) жедел іріңді паротит
С) құлақмаңы сілекей безінің аралас ісігі
D) құлақмаңы аймағының жедел іріңді лимфадениті
Е) эпидемиялық паротит
{Дұрыс жауабы} =А
{Күрделілік } =2
$$$003 Балалардың паренхиматозды сиалодениті, клиника, диагностика, емі
5 жастағы баланың ата-аналары екі жақты құлақмаңы-шайнау аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне, температураның 38,0 С жоғарылауына шағымданады. Объективті: құлақмаңы сілекей бездері ісінген, пальпациялағанда аздап ауырады. Терісі кернеп тұр, оның үстіндегі тері қатпарға жиналады. Сілекей безінің өзегінен аздаған мөлшерде мөлдір сілекей бөлінеді. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Менингит, мастит, панкреатит, пневмония
В) Миокардит, артрит, нефрит
С) Панкреатит, менингоэнцефалит, мастит
D) Нефрит, пневмония, бронхит
Е) Менингит, панкреатит, орхит
{Дұрыс жауабы } =E
{Күрделілік } =3
$$$004 Балалардың паренхиматозды сиалодениті, клиника, диагностика, емі
Бала Д., 11 жаста оң жақ құлақмаңы аймағындағы мерзімімен пайда болатын ісінуге және ауырсынуға шағымданып келді. 2 жыл бойы ауырған. ЖРВИ-дің фонында оң жақ құлақмаңы аймағындағы ісіну пайда болған. Қарау кезінде: оң жақ құлақмаңы аймағындағы ісіну. Пальпацияда тығыз, төмпешікті, ауырсынбалы инфильтрат анықталды. Ауыз қуысында оң жақ құлақмаңы сілекей безі өзегінен кір-лас, тұтқыр секрет бөлінеді. Емдеу әдісін таңдаңыз:
А) қабынуға қарсы, симптоматикалық, десенсибилизациялаушы терапия, мазьды компресстер, құлақмаңы өзегіне дәрілік заттармен инстилляция
В) қабынуға қарсы, симптоматикалық, десенсибилизациялаушы терапия, мазьды компресстер
С) қабынуға қарсы, симптоматикалық, десенсибилизациялаушы терапия, мазьды компресстер, витаминотерапия
D) қабынуға қарсы, симптоматикалық, десенсибилизациялаушы терапия, мазьды компресстер, физиотерапия
Е) симптоматикалық, десенсибилизациялаушы терапия, мазьды компресстер, құлақмаңы өзегіне дәрілік заттармен инстилляция
{Дұрыс жауабы} =А
{Күрделілік} =3
$$$005 Жаңа туған нәрестелердің және балалардың паротиті, клиника, диагностика, емі
2 айлық бала мазасыз, омырау емуден бас тартады. Дене температурасы 39С. Қарау кезінде оң жақ құлақмаңы аймағында диффузды ісіну, флюктуация симптомы. Стенов өзегі аймағының шырыштысы ісінген, гиперемияланған, массажда ірің бөлінеді. Болжам диагноз қойыңыз:
А) Жедел вирусты сиалоденит
В) Жаңа туған нәрестенің жедел паротиті
С) Созылмалы паренхиматозды паротиті
D) Созылмалы интестициалды паротит
Е) Созылмалы паренхиматозды паротиттің асқынуы
{Дұрыс жауабы} = В
{Күрделілік} =2
$$$006 Жаңа туған нәрестелердің және балалардың паротиті, клиника, диагностика, емі
2 айлық бала мазасыз, омырау емуден бас тартады. Дене температурасы 39С. Қарау кезінде оң жақ құлақмаңы аймағында диффузды ісіну, флюктуация симптомы. Стенов өзегі аймағының шырыштысы ісінген, гиперемияланған, массажда ірің бөлінеді. Болжам диагноз қойыңыз:
А) Қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы, иммуностимулдеуші терапия, физиоем /ответі бірдей
В) Қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы, иммуностимулдеуші терапия, детоксикационды терапия, физиоем
С) Іріңді ошақты дренаждау, десенсибилизациялаушы, иммуностимулдеуші, детоксикационды терапия
D) Қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы, иммуностимулдеуші терапия, іріңді ошақты дренаждау
Е) Қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы, иммуностимулдеуші терапия
{Дұрыс жауабы} = D
{Күрделілік } =3
$$$001 Балалардың жұмсақ тіндерінің ауытқулары, клиникасы, емі
Бала 3 жаста артикуляция бұзылысына және дыбыстарды дұрыс шығара алмауына байланысты логопедтен жіберілді. Ауыз қуысында тіл үзбесі қысқа, тығыз. Ауыз қуысының шырышты қабығы алқызыл түсті. Аталған патологияда қандай емдеу тактикасы қажет:
А) Тігіс салусыз френулотомия
В) Вертикальды жазықтықта тігіс салумен френулотомия
С) Лимберг бойынша жергілікті тіндермен пластика
D) Тігіс салусыз френулэктомия
Е) Қарама-қарсы үшбұрышты лоскуттармен пластика
{Дұрыс жауабы} = В
{Күрделілік } =3
$$$002 Балалардың жұмсақ тіндерінің ауытқулары, клиникасы, емі
Омыраудағы балада ему актісі қиындаған, тілімен қағады, салмағын жоғалтқан. Болжам диагноз:
А) Жоғарғы еріннің қысқа үзбесі
В) Төменгі еріннің қысқа үзбесі
С) Тілдің қысқа үзбесі
D) Ауыз қуысының кіреберісінің таяздығы
Е) Жоғарғы еріннің туа пайда болған жырығы
{Дұрыс жауабы} = С
{Күрделілік } =2
$$$003 Ерін және таңдайдың туа пайда болған жырығы
Жаңа туған балада мұрын саңылауы негізіне дейін жететін сол жақ жоғарғы еріннің барлық биіктігі бойымен ақау байқалады. Жоғарғы еріннің тіндерінің ақау жиегімен жетілмеуі, сәйкес жақта мұрын қанатының жазықталуы анықталады. Болжам диагноз қойыңыз: