ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1865

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


A) қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі

B) екіншілік сифилис, папулезді түрі

C) созылмалы гиперпластикалы кандидоз

D) лейкоплакия, эрозивті түрі

E) Боуэна ауруы

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

$$$003

Ер адам, жасы 30. Дәм сезудің нашарлаумен, тілдегі шымырлап ауратын ару сезіміне шағымданады. Анамнезі бойынша: осыған дейін фосфор өндіруші заводты жұмыс жасаған. Қарап тексергенде: ұрттың шырышты қабығында тістердің түйісу сызығы бойында және тілдің бүйір бетінде әртүрлі өлшемді гиперкератоз ошақтары бар. Зақымданған ошақтағы эпителийнің мүйіздену процесін қалыптастыруына тиімді нәтижелі препаратын көрсетіңіз:

A) ретинол ацетат (Витамин А)

B) тиамин нитрат (Витамин В1)

C) аскорбин қышқылы (Витамин С)

D) колекальциферол (Витамин Д)

E) токоферол ацетат (Витамин Е)

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=3

$$$001

42 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар үйде 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары сірке қышқылын абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, қоршаған тіндермен тығыз байланысқан, қатты қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?:

A) Колликвациялық некроз

B) Папилломатоз

C) Коагуляциялық некроз

D) Гиперкератоз

E) Акантоз

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

$$$002

Науқастың жасы 40. Қосалқы аурулары жоқ. Жалпы дені сау. Үш апта бұрын төменгі жақтың оң жақтағы тістің пломбасы түсіп қалғаннан кейін тілдің оң жақ маңында ауру сезімі пайда болғанына шағымданып келген. Қарап тексергенде: тілдің оң жақ бүйір бетінде өлшемі 0,5х0,4 см жара, беті некротикалық қақпен жабылған, шеттері қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. 46 тісте үлкен тіс жегі қуысы бар. Тіл жақ шеттері өткір. Цитологиялық зерттеуде атипиялық клеткалар анықталмаған. Диагнозын анықтаңыз:

A) Трофикалық жарасы

B) Декубитальды жарасы

C) Туберкулезды жарасы

D) Мерез жарасы

E) обыр жарасы

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

$$$003

Жақ-бет аймағындағы жаңа түзілімді емдеуде, рентген және гамма терапиясын қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабатында (АҚШҚ) қосалқы зақымданулар дамиды. Сәуле реакциясына АҚШҚ бірінші болатын белгісі:

A) ақ түсті некроз ошағы

B) ұсақ нүктелі қанның ұйюы


C) мүйіздену симптомдары

D) жеңіл қызару, ісіну

E) жаралардың пайда болуы

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

$$$001

45 жастағы айел, еріннің құрғап, керіп, шымырлауна шағымданып келген. Анамнезі бойынша: геолог болып жұмыс жасайды. Ауру жыл мезгіліне байланысты қайталанып тұрады. Обьективті: еріні құрғақ, оңай алынбайтын көптеген қабыршықтар, тек ерінді ғана зақымданған. Жоспарлы емге келесі төменде көрсетілгендер кіреді:

A) ашық жерде жұмыс жасамау (мүмкіндігінше) Р тобындағы витаминдерді тағайындау, В тобындағы витаминдерді ерінге жергілікті кортикостероиддермен бірге жағу

B) Аллергияға қарсы дәрі-дәрмектерді тағайындау (супрастин, фенкарол), кортикостероидті сықпаларды жағу

C) Аллергияға қарсы дәрі-дәрмектерді тағайындау (супрастин, фенкарол), (супрастин, фенкарол), 30% тиосульфат натрия ерітіндісін б/е//

D) седативті дәрі-дәрмектер, кортикостероидті және микробқа қарсы сықпаларды ерінге жағу

E) гигиеналық далабын, индифферентті сықпаларды ерінге жағу

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

$$$002

18 жасар қыз төменгі еріннің құрғауына және күю сезіміне шағымданып келген. Қарап тексергенде: төменгі еріннің қызыл жиегінде Клейн сызығынан төмен жұқа мөлдір қабыршақтар анықталады, орталары ерінге қатты бекітілген, ал шеттері бос және көтеріңкі. Қабыршақтар жеңіл алынады, орындарында гиперемияланған ошақтар қалады. Бұл аурудың салыстырмалы диагностикасын жүргізу үшін қандай симптом маңызды болып табылады?:

A) таспа (лента)

B) Зонд

C) Шық

D) Алма іркілдек

E) «шабылған шалғынның» табақшалар (бляшки «скошенного луга»)

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

$$$001

Ер адам. Жасы 34, көктем және жазғы мезгілдерінде еріннің күю, қышу сезімдері мазалайды деп шағымданады. Айтылған белгілері басқа жыл мезгілінде болмайды. Ауырғанына 5 жыл уақыт болған. Объективті: еріннің қызыл жегі гиперемияланған, ісінген, осы беткейінде көпіршіктер, өлшемі 2мм ауратын эрозиялар, қабыршықтар, тіліктер орналасқан. Диагнозы қандай

A) Актиниялық хейлит,экссудативті түрі

B) Метеорологиялық хейлит

C) Экзематозды хейлит, жедел ағымы

D) Эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі

E) Еріннің қызыл жегінің жаралы түрі

{Дұрыс жауабы}=A

{Күрделілігі}=3

$$$002

Науқас М. Жасы 48, еріннің күю, қышуына шағымданады. Қарап тексергенде еріннің қызыл жегі ісінген, қызарған. Көптеген ұсақ көпіршіктер, қабыршақтар мен қабықтар ауыз уысының тері беті маңында орналасқан. Қандай ауру туралы айтады



A) Актинический хейлит,экссудативті түрі

B) Метеорологиялық хейлит

C) Экзематозды хейлит, жедел ағымы

D) Эксфолиативті хейлит, экссудативті түрі

E) Еріннің ызыл жегінің эрозивті түрі

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

$$$001

Науқас С, 31 жаста. Ас қабылдағанда, тіс тазалауда қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Осы белгілердің пайда болуына 1апта болған. Жақында жедел вирусты респираторлы аурумен сырқаттанған. Объективті көрініс: жоғарғы және төменгі жақтың қызыл иектері қызарған, ісінген, қызыл иек бүртіктері ойықты жараланған, ауырады және қанайды. Пародонтальды қалта жоқ, тістерде патологиялық қозғалғыштығы жоқ. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады. Төменде аталғандардың қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болып табылады:

A) рентгенологиялық зерттеу

B) эхоостеометрия

C) полярография

D) жалпы қан анализі

E) pеопародонтография

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

$$$002

Қызыл иектің түсі ақшыл-қызыл, тіс мойындарына мықты бекінген. Пародонт қалталары жоқ. Бұрын пародонтологта емделген. Жақтың альвеола аралық қалқан сүйектерінде рентгенологиялық өзгерістер анықталмайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз:

A) созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі

B) созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі

C) созылмалы катаральды гингивит, ремиссия сатысы

D) созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі, ремиссия сатысы//

E) пародонтоз, жеңіл дәрежесі

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

$$$003

Науқастың жасы 25, тіс тазалау барысында қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Қызыл иектің қанауы 14 жасынан басталған, тұрақты ем алмаған. Соңғы жылдары қанағыштығы күшее түскен. Қарап тексергенде: сыртқы әлпеті қалыпты жағдайда. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі жақтың фронтальді тістері тығыз орналсқан (скученность). Тіл және еріннің үзенгілері қысқа, ауыз қуысының кіреберісі тары (мелкое). Қызыл иек бүртіктерінде цианоз, ісінген, деформация. Тығыз орналасқан тістердің гипертрофияланған (сосочковой и маргинальной) бүртіктері тіс сауытының ½ жабады. Гигиена индексі-3,5. Тіс қызыл иек үсті тастары бар. 3.6, 4.4 жұлынған. Ортопантомограммада- тіс аралық қалқан компактілі пластинкасының биіктігі сақталған. Аталған ем шараның қай түрін бірінші бастау керек:

A) Ашық кюретаж

B) Ауыз қуысының гигиенасын коррекциялау, иек үсті қақтарды алу

C) Ортодонтиялық емді

D) Ортопедиялық емді (протездеу)

E) Ауыз қуысының кіреберісіне және үзенгілеріне пластика жасауды


{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

$$$001

Келесі белгілер - рентген суреттеме бойынша өте аз уақытта байқалатын жақ сүйегінің толық еруі және шұңқырлардың (лакуна) пайда болумен сүйек тіннің тез дамитын сорылуы – қандай ауруға тән?

A) пародонтит

B) пародонттың идиопатиялық аурулар

C) гингивит

D) пародонтоз

E) пародонтома

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

$$$001

Науқасты қарап тексеру барысында қызыл иектің гиперемиясы, ісіну әсерінен қызыл иек шеттері біркелкі емес гипертрофияланғаны анықталды. Тсітердің қозғалғыштығы 2-3 дәрежелі, пародонт қалтасы тереңдігі 7мм. Рентгенологиялық суреттемесі бойынша болжамды диагнозы қандай:

A) тіс түбірлерінің альвеола аралық қалқанның биіктігі ½біркелкі емес төмендеген

B) сүйек тіннің деструкциясы альвеола аралық перденің биіктігі маңында

C) альвеола аралық перденің½ биіктігінің біркелкі емес резорбцияланған

D) альвеола аралық перденің биіктігінің 1/3-½ біркелкі емес резорбцияланған

E) тіс түбірлерінің альвола аралық перденің биіктігінің 1/3 дейін төмендеген

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

$$$002

16 жастағы қыз қызыл иектің ауыратынына, қанағыштығына, ауызынан жағымсіз иіс шығуына шағымданып келген. Науқас қызыл иектің ауыратынынан тістерін тазаламайды. Жақын арада жедел респираторлы аурумен ауырған. Қарап тексергенде:тістер беттерінде көп мөлшерде қызылиек үстілік тіс шөгінділері бар, қызыл иек шеті мен бүртіктері айқын қызыл, ісінген, сипап тексергенде ауырады, жеңіл қанайды. Тіс-қызылиек бекітілуінің бүтіндігі бұзылмаған. Қанның жалпы толық анализі қалыпты. Рентгенограммада альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер байқалмайды. Емдеу шаралардың ең тиімдісін таңдаңыз:

A) Жансыздандыру, антисептикалық өндеу, тіс шөгінділерін алып тастау, гингивотомия, қабынуға қарсы препараттар


B) Жансыздандыру, қарапайым гингивоэктомия, антимикробтық терапия, қабынуға қарсы емдеу

C) Жансыздандыру, мамандырылған гигиена, қабынуға қарсы терапия, гигиеналық үйрету

D) Жансыздандыру, ашық кюретаж, қызылиектік таңбалар, диспансерлік бақылау

E) Жансыздандыру, радикалды гингивоэктомия, қызылиектік таңбалар, рационалды тамақтану

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=3

$$$003

Әйел адам, 38 жаста, қызыл иектің жағымсіз сезімдеріне, тіс тазалаған кезде пайда болатын қанағыштығына шағымданып келген. Қарап тексергенде: қызыл иектің шырышты қабығының шеті көкшіл түсті, ісінген. Қызыл иек шеті борпылдақ, тереңдігі 4-5 мм-ге дейін пародонталды қалталар анықталады. Ортопантомограммада: тістердің мойын бөлігінің периодонт саңылауының кеңейюі, альвеолааралық қалқан сүйектерінің ½ бөлігіне дейін біркелкі емес аралас резорбциясы. Емдеу шаралардың ең тиімдісін таңдаңыз:

A) тіс шөгінділерін алып тастау, микробтарға қарсы терапия, ауыз қуысының санациясы

B) жергілікті патогенді факторларды жою, симптоматикалық гингивитті емдеу, жабық кюретаж

C) тіс шөгінділерін алып тастау, микробтарға қарсы және қабынуға қарсы терапия

D) тіс шөгінділерін алып тастау, микробтарға қарсы терапия, кальций препаратарымен қызылиек үстілік электрофорез

E) тіс шөгінділерін алып тастау, қабынуға қарсы терапия, қызыл иекке жанаспалы дарсонвализация жасау

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

$$$001

Ауру 61 жаста , қызыл иектің жағымсыз сезіміне, қышыуна, тістердің жоғары сезгіштігіне шағымданады. Ауыз құысында қызыл иек бозарған, қызыл иектің ретракциясы әр түрлі дәрежеде, 13,14, 15 23, 24, 25 тістерінде сыны тәрізді ақау. Диагнозды таңдаңыз. Қандай тексерү әдісін қолдану қажет:

A) пародонтоз, кан анализін

B) қызыл иектің қабынуы, кан анализін

C) қызыл иектің ісіктері, рентген әдісі

D) пародонтоз, рентген әдісі

E) пародонтит, рентген әдісі

{Дұрыс жауабы}=D

{Күрделілігі}=3

$$$002

Диагноз қойыңыз: науқастың шағымы - тістердің қозғалыштығына; қарап тексергенде ауыз қуысының шырышты қабығы және қызыл иек шеті ақшыл-қызыл, атрофияланған, сонымен қатар қызыл иек бүртіктері да айтарлықтай атрофияланған, тістер түбірлері 4-5 мм-ге дейін жалаңаштанған, пародонталды қалталар жоқ. 1-2 дәрежелі тіс қозғалыштығы:

A) пародонтоз, жеңіл дәрежесі

B) пародонтоз, орта дәрежесі

C) қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі

D) жайылмалы пародонтит, жеңіл дәрежесі