ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1869
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Науқастың жасы 60, 1 ай бұрын төменгі ерінде тығыз түзілім пайда болуына шағымданады. Обьективті: төменгі еріннің қызыл жиегінде сол жақта тығыз қабыршықтанған ақ-сұр түстес, өлшемі шамамен 0,5х1 см зақымдаушы элемент бар. Ерін бетінен сәлғана ойықтанып түскен. Болжамды диагноз:
A) Сүйел тәрізді обыралды
B) Қызыл жегі, типті түрі
C) Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі
D) Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі
E) Шектелген обыралды гиперкератоз
{Дұрыс жауабы}=E
{Күрделілігі}=3
$$$001
Науқастың жасы 65, 1 ай бұрын төменгі ерінде тығыз түзілім пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің қызыл жегінде, сол жағында өлшемі шамамен 0,5х1 см консистенциясы тығыз, қалың мүйізденген қабатпен жабылған, кір-сұр түстес түзілім бар. Маңындағы тіннен көтеріңкі орналасқан. Конус пішіндес, сипап тексергенде ауырмайды. Болжамды диагнозын анықтаңыз:
A) Тері рог
B) Сүйел
C) Кератоакантома
D) Веррукозды лейкоплакия, сүйел тәрізді түрі
E) Папиллома
{Дұрыс жауабы}=A
{Күрделілігі}=3
$$$002
62 жастағы науқас жоғарғы жақтың оң жақ маңында пайда болған ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді қолданғалы 2-3 аптадан кейін пайда болған. Протезді таққан кезде күшейе түседі. Объективті: жоғарғы жақтың оң жағындағы 4.4 мен 4.5 тістердің проекциясының өтпелі қатпарында, протездің шеті түйісу орнында, көлемі 4-5 мм, жазық жара (эрозия) байқалады. Жараның перифериясында қатпар (складка) анықталады (фиброзды тканнің өсуі). Сіздің болжамды қоятын диагнозыңыз:
A) Папиллома
B) Декубиталды ойық жара
C) Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)
D) Трофикалық ойық жара
E) Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі
{Дұрыс жауабы}=C
{Күрделілігі}=3
$$$001
Науқас С., 24 жаста. Диагноз: 2.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 27 апталы жүктілік. Анезтезияны өткізуге анестетикті таңдаңыз:
A) Убестезин
B) Ультракаин
C) Новокаин 0.5%
D) Лидокаин 1%
E) Мепивикаин 3%
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}= 3
$$$002
Науқас 25 жаста, жоғарғы жақсүйегінің оң жағындағы тісінің ауру сезіміне шағымданды. Дәрігер келесі диагнозды қойды: 1.4 тістің созылмалы периодонтиті және инфраорбитальді анестезия жүргізді. Бұл кезде анестезияны.... енгізеді:
A) көзасты тесігінің аймағына
B) жоғарғы үшінші үлкен азу тістің ұяшық қырынан 18 – 25 мм жоғары
C) күрек тістік тесіктің шырышты қабатына
D) үлкен азу тістердің шайнау беткейінен 0,75-1см жоғары
E) көз алмасының төменгі сыртқы бұрышының жоғарғы шекарасы аймағына
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделілігі}=2
$$$003
Науқас 18 жаста, 4.4 тісті жұлу көрсетілді. Тіс жұлу операциясы кезінде қандай жансыздандырудың негізгі әдісін қолданады:
A) Жергілікті өткізгіштік
B) Жалпы (наркоз)
C) Комбинирленген
D) Нейролептаналгезия
E) Жергілікті инфильтрациялық
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=3
$$$004
Ауру С., 40 жаста тіс поликлиникасына тіс салдыру алдында, санация мақсатымен келгені. 1.1,1.2 тістері сау, қозғалғыштығы 3 сатыда, түбірлері ⅓ ұзындыққа ашылған, жұлу керек. Осы тістерді жансыздандыруда қандай нервтерді жансыздандру керек:
A) терең жартасты және бетсүйек-бет
B) үлкен жартасты және бетсүйек-самай
C) күрек тіс, таңдай
D) таңдай, жоғарғы артқы альвеолярлы
E) мұрын-тандай, жоғарғы алдыңғы альвеолярлы
Дұрыс жауап = E
Күрделілігі = 2
$$$005
20 жасар боз бала жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасы деген диагноз қойылды. Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу операциясын жүргізу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап, сүйек бұдырын тауып алды да, одан 0,75 см төмен нысана көзін тауып алған соң, бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де, инені 1.2 және 1.1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады ине бағыты жоғары, артқа сыртқа қарай жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?
А) Күрек тіс жансыздандыруын
В) Төмпешіктік жансыздандыруды
C) Көз асты жансыздандыруын
D) Инфильтрациялық жансыздандыруын
E) Көз ұяшығы арқылы орталық жансыздандыруын
{Дұрыс жауабы}=С
{Күрделілігі}=2
$$$006
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы еріннің коллатеральдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған. Ауыз ішінде 1.2 - тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған, түсі өзгерген, қаққанда қатты ауырады. 1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсында альвеолярлы өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауыз ішінен жасалған рентген суретінде 1.
2-тістің түбір өзегінің ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз?
А) Альвеолярлы өсіндінің екі жағынан инфильтрациялық жансыздандыру
В) Көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тістік жансыздандыруын
C) Туберальды жансыздандыруының ауыз сыртылық тәсілі мен таңдай жансыздандыруы
D) Иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар
E) Берше-Дубов және туберальды жансыздандырудың ішкі тәсілі
{Дұрыс жауабы}=B
{Күрделілігі}=3
$$$007
Науқас К. 35 жаста, төменгі жақжүйегіндегі 4.1 тістен болған радикулярлы кистаны алып тастау көрсетілген. Тіс бұзылған, бұрын бірнеше рет емделген, тісті кистамен бірге алып тастау көрсетілген. Жансыздандырудың ең тиімді әдісін көрсетіңіз:
A) Оң жағынан торусальді анестезия
B) Оң жағынан мандибулярлы анестезия
C) Ментальді анестезия және инфильтрациялық анестезия
D) Вайсблат бойынша анестезия
E) Оң жағынан инфраорбитальді
{Дұрыс жауап}=C
{Күрделілігі}=3
$$$008
Науқас М. 43 жаста, қатты таңдайдың оң жағындағы ауру сезімі бар ісінудің пайда болғанына шағымданды. Анамнезден: 2 күн бұрын балық қылқанымен жарақаттап алған, содан кейін қатты таңдайында ауыру сезімі бар ісіну пайда болған. Обьективті: жоғарғы жақ сүйектегі тістері интактілі. Қатты таңдайдың оң жағында 1,0x2,0 см – лік инфильтрат бар, оның астындағы шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, пальпациялау кезінде флюктуация анықталды. Диагноз қойылды: қатты таңдайдың оң жағындағы абсцессі. Берілген анестетиктердің ішіндегі ең тиімдісін таңдаңыз:
A) 10 % лидокаин ерітіндісі
B) 0,5 % новокаин ерітіндісі
C) 2 % новокаин ерітіндісі
D) 1% новокаин ерітіндісі
E ) 2 % убестезин ерітіндісі
{Дұрыс жауап}=D
{Күрделілігі}=3
$$$009
Науқас 45 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінде ауыру сезімі бар, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Тексерістен кейін келесі диагноз қойылды: 2.7 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 2.7 тісті жұлу керектігі көрсетілді. Жансыздандырудың келесі әдісі тиімді болып саналады:
А) Туберальді анестезия
В) Туберальді және таңдайлық
С) Туберальді және күрек тістік
D) Көзастылық және күрек тістік
Е) Күрек тістік және таңдайлық
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=2
$$$010
Диагнозы: 2.6 тістің созылмалы гранулденген периодонтитінің асқынуы.
Емдеуі: 2.6 тісті жұлу. Жансыздандыру үшін ... нервін блокадалау керек.
A) Ортаңғы жоғарғы альвеолярлы бұтақтарын
B) Мұрын – таңдайлық нервті
C) Таңдайлық нервті
D) Алдыңғы жоғарғы альвеолярлы бұтақтарын
E) Артқы альвеолярлы бұтақтарын және үлкен таңдай нервін
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}=3
$$$011
2.2 тісті жұлу үшін дәрігер анестезия жасады. Вестибулярлы беткейінен 2.1 тістің деңгейінде ине енгізді, ине қиындысы сүйекке қараған, инені 2.3 тіске қарай жылжытты, және жылжыту барысында анестетик жіберіп отырды. Екінші енгізуді таңдай беткейінен, 4.2 тістің проекциясында жүргізді. Ерітіндіні шырышты қабат астына, инені жылжытпай жіберді. ... анестезисы жүргізілді?
A) Ментальді
B) Торусальді
C) Мандибулярлы
D) Инфильтрациялық
E) Вайсблат бойынша
{Дұрыс жауап}=D
{Күрделілігі}=2
$$$012
Дәрігер науқасқа келесі диагнозды қойды: 2.7 тістен дамыған жоғарғы жақсүйегінің жедел іріңді периоститі, консервативті емге жарамайды. 2.7 тісін жұлып, вестибулярлы беткейінен периостотомия жүргізу керек. Ол үшін дәрігер – стоматолог қандай анестезия түрін жүргізуі тиіс?
А) Таңдайлық және инфильтрациялық
В) Таңдайлық және туберальді
С) Таңдайлық және инфраорбитальді
D) Күрек тістік және таңдайлық
Е) Күрек тістік және инфильтрациялық
{Дұрыс жауап}= В
{Күрделілігі}= 3
$$$013
Төменгі жақтың екінші үлкен азу тісті жұлу үшін ... жансыздандыру түрін жасау керек.
А) Ментальді
В) Мандибулярлы
С) Мандибулярлы және инфильтрациялық
D) Туберальді
Е) Берше бойынша анестезия
{Дұрыс жауап}=С
{Күрделілігі}=3
$$$014
Хирург-стоматолог келесі диагнозды қойды: 4.8 тістің жарып шығуының қиындауы жедел іріңді перикоронитпен, 4.8 тісті жұлуда, блокадалауға ең тиімді нерв:
А) Төменгі ұяшықты, тілдік
В) Ұрттық, мұрын - таңдайлық
С) Таңдайлық, инфраорбитальді
D) Жоғарғы артқы ұяшықтық
Е) Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделілігі}=3
$$$015
Дәрігер науқасқа келесі диагнозды қойды: 2.7 тістен дамыған жоғарғы жақсүйегінің жедел іріңді периоститі, консервативті емге жарамайды. Жансыздандырудың ең тиімді әдісі:
А) Таңдайлық және туберальді
В) Таңдайлық және инфильтрациялық
С) Таңдайлық және инфраорбитальді
D) Күрек тістік және таңдайлық
Е) Күрек тістік және инфильтрациялық
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}= 3
$$$016
Дәрігер екі жағынан инфильтрациялық анестезияны жүргізді. 4.5 тісті жұлу кезінде әлсіз ауыру сезімімен болды. Жұлу кезінде тістің түбірінің ұшының сынып кетуі болып, оны әрі қарай алып тастау қатты ауыру сезімінен мүмкін болмады. Анестезины қайталап өткізуге тура келді. Қосымша анестезия таңдаңыз:
A) Мандибулярлы инфильтрациялық немесе торусальды
B) Берше-Дубов бойынша
C) Егоров бойынша
D) Ментальді
E) Туберальді
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=3
$$$017
Ауызішілік (саусақтық) әдіс арқылы мандибулярлы анестезияны жасау кезіндегі анатомиялық ориентирді анықтаңыз:
A) үлкен азу тістер
B) самайлық қырат
C) үлкен азу тісартылық шұңқыр
D) қанатжақ қатпары
E) торус
{Дұрыс жауап }=C
{Күрделілігі}=3
$$$001
30 жастағы науқаста 2% новокаин ерітіндісін 2 мл мөлшерде өткізгіштік жансыздандыру үшін енгізген кезде, бет, аяқ – қол және дене терісінде қызыл түстес, тері беткейінен көтерілмейтін, қышынумен жүретін дақтар пайда болды. Науқаста қандай асқыну:
A) Есекжем
B) Квинке ісінуі
C) Анафилактикалық шок
D) Контактілі дерматит
E) Күлбіреуікше
{Дұрыс жауап}=A
{Күрделілігі}=2
$$$002
Ер адам 46 жаста, 4.6 тісін жұлу мақсатында 2% новокаин ерітіндісімен жергілікті өткізгіштік жансыздандыру жасалды. 50 секунд өткеннен кейін науқаста қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, ернінің көгеруі, АҚ 60 мм.сын. бағ. , қарашық кеңейген, жарыққа әсер етпейді, еріксіз зәр шығару. Төмендегі асқынулардың қайсысы науқаста байқалды?
А) Коллапс
B) Естен тану
C) Диабеттік кома
D) Анафилактикалық шок
E) Гипертониялық криз
Дұрыс жауап =D
Күрделілігі=2
$$$003
45 жастағы әйел адам, 4.6 тісін жұлу мақсатында 2% новокаин ерітіндісімен жергілікті өткізгіштік жансыздандыру жасалды. 50 секунд өткеннен кейін науқаста қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, АҚ 90 мм.сын. бағ. , пульсі жиіленген, терісі бозарған.Төмендегі асқынулардың қайсысы науқаста байқалды?
А) Коллапс
B) Эпилепсия ұстамасы
C) Диабеттік кома
D) Анафилактикалық шок
E) Гипертониялық криз
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=2
$$$004
18 жастағы науқастың 1.8 тісін жұлу үшін жансыздандыру жасағаннан кейін оң жақтағы ұрты аймағында ісіну пайда болды. Дәрігер 1.8 тісті жұлды. Суық қою ұсынылды. 5-6 күн өткеннен кейін самайға берілетін жоғарғы жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды. Объективті: құм сағат симптомы. Ауыздың ашылуы шектелген. 1.7, 1.8 аймағының өтпелі қатпарында пальпация кезінде қатты ауру сезімі. 1.8 тіс ұяшығы эпителизация сатысында. Қандай диагноз сай келеді деп ойлайсыз?
A) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың гематомасы
В) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың флегмонасы
С) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың абсцессі
D) Самайастылық аймақтың одонтогенді флегмонасы
Е) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың гематомасының іріңдеуі
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}=2
$$$005
Науқас созылмалы периодонтит диагнозымен 4.6 тісін жұлдырту мақсатымен келді. Анамнезінде – тағамдық аллергия. Анафилактикалық шоктың профилактикасы қандай?
А) Науқасты қарау
B) Анестетиктерге сынама жасау
С) Тісті жұлар алдында қабынуға қарсы терапия жүргізу
D) Тісті жұлар алдында физиотерапия курсын жүргізу
Е) Жалпы қан анализін жүргізу
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=3
$$$006
Науқас созылмалы периодонтит диагнозымен 1.6 тісін жұлдырту мақсатымен келді. Анамнезінде – дәрілік аллергия. Анафилактикалық шоктың профилактикасы қандай:
A) Тісті жұлар алдында физиотерапия курсын жүргізу