ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1884
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-Артикуляторда
-Окклюдаторда
+Параллелометрде
-Ғанышты модельде
-Отқа төзімді модельде
#55 жастағы науқасты металлдыкерамикалық көпіртектес протезбен протездеу барысында қандай тіс техникалық әдістер қолданылды?
-штамтау
-созу
+құю
-соғу
-иію
#Анасы 4 жастағы баласымен келді. Шағымы: оң жағындағы жоғарғы тісте ауыру сезімі бар. Ауыз қуысында: 5.4–тісте қуыс, дентині жұмсарған пигменттелген, сүңгелеген кезде тіс қуысы ашылды, іріңді эксудат бөлінді, терең сүңгілегенде ауырсыну бар. кп = 2. Диагноз болжаңыз.
-жедел периодонтит
-жедел сірлі пульпит
+жедел іріңді пульпит
-созылмалы пульпиттің асқынуы
-созылмалы периодонтиттің асқынуы
#Бала 1 жас 8 айлық. 2 күннен бері мазасыз, ұйықтамайды. Тіс сауыттары бортәріздес түсті. 51,61 тістердегі бұзылған тіндерді алғанда қанағыш ұлпа ашылды. Диагноз қойыңыз:
-жедел ошақты пульпит
-жедел диффузды пульпит
+созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы
-созылмалы гипертрофиялық пульпиттің асқынуы
-созылмалы гангреналық пульпиттің асқынуы
#Бала 13 жаста. Шағымы: тістері жылдам бұзылады, ауырсыну шамалы. Ауырсыну тіс тазалағанда, суық және тәтті ас қабылдағанда болады. КПЖ=14. Жоғарғы және төменгі тіс қатарындағы фронталды тістердің мойын бөлігінде тісжегі қуыстары бар. Емделген және емделмеген тістердің вестибулярлы беті мен мойын бөлігінде бор тәріздес дақтар анықталды. Қандай емдеу әдісі тағайындалады?
-ауыз қуысын сауықтыру
-Са және F препараттарын ішке қабылдау
-рационалды протездеу
-ауыз қуысының рационалды гигиенасы
+ауыз қуысын сауықтыру және ішке Са, F препараттарын қабылдау
#Бала 14 жаста. Ауыз қуысын сауықтыру кезінде 1.4, 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5 тістерде вестибулярлы бетінің мойын тұсында бортәріздес дақтар байқалған. Кіреуке беті күңгірт, кеуекті(пористый). КПЖ= 9. ГИ= 1,4. Бала уақытында дүниеге келген, өз жасына сәйкес өсіп жетілген. 1 жасқа дейін 2 рет отитпен, жедел респираторлық аурумен ауырған: Балаға ең алдымен тағайындау қажет:
+Са және F препараттарымен реминералдаушы терапия
-емдік-алдын алу тіс сықпалары көмегімен ауыз қуысы тазалығын сақтау
-эмальдің зақымдалған бөлігін алу
-емдік тамақтану
-Са, Р және F препараттарын ішке қабылдау
#Бала 3 жаста. Жоспарлы тексерілу кезінде 85 тістің шайнау бетінде терең қуыс бар. Жұмсарған дентинді алғаннан кейін, сүңгілеу кезінде қуыс тіс қуысымен қатысатыны және ұлпанын ауырсынуы мен қанағыштығы анықталды. кп=5. Диагноз қойыңыз.
-жедел серозды пульпит
+созылмалы фиброзды пульпит
-созылмалы гранулиялық периодонтит
-созылмалы гангреналық пульпит
-созылмалы гипертрофиялық пульпит
#Бала 4 айлық. Объективті: альвеолярлы өсінді мен ерін аймағындағы ақау ені 22 мм. Мұрын түбі жоқ. Тіл әрдайым жоғары қалыпта болады. Ақау қатты таңдай мен жұмсақ таңдайға жайылады. Диагноз қойыңыз:
+туа біткен қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың ақауы
-айқасқан тістесу
-прогнатиялық тістесу
-ортогнатиялық тістесу
-тік тістесу
#Бала 4 жаста. 8.5 тістің шайнау бетінде қуыс, кіреуке мен дентинді қамтыған, тіс қуысымен байланыспаған. Дентин ылғалды, дымқыл, ақ сары түсті. Сүңгілеу, перкуссия ауырсынусыз. Температуралық қоздырғышқа реакциясы оң. Айналасындағы сілемейі ақшыл-қызғылт түстес. Пломбалық материал таңдаңыз және оның әсер ету механизмі қандай?
-силикаттық цемент, сілекейде нашар еритін болғандықтан
-силикофосфаттық цемент, тіс тіндеріне жақсы жабысатын болғандықтан
-галлодент, мықтылығы жоғары қасиетке ие
-композиттік материал, түсін таңдап алуға мүмкіншілік бар
+шыныиономерлік цемент, реминерализдеуші қасиеті болғандықтан
#Бала 4 жаста. Қарау кезінде: 8.5 тістің шайнау беткейінде қуыс, дентин ақшыл түсті, дымқыл, жеңіл алынады. Сүңгілегенде: кіреуке-дентин шекарасы ауыршаң, кп=7. Қандай емдеу әдісі жүргізіледі?
-аралық төсем, тұрақты пломба
+емдік төсем, уақытша пломба
-шұңқырларды мөрлеу, пломбалау
-реминералдаушы терапия
-уақытша пломба
#Бала 4 жаста. Тексерген кезде: 75 – тістің шайнау бетінде қуыс, дентині жұмсарған, пигменттелген. Сүңгілегенде тіс қуысымен қатысады, ауырсыну және қанау бар. Перкуссия ауырмайды. кп-5. Емдеу әдісін таңдаңыз.
-Девитальды экстирпация
+Девитальды ампутация
-Биологиялық әдіс
-Витальды ампутация
-Витальды экстирпация
#Бала 4 жаста. Шағымы: 8.5 тіс өздігінен себепсіз қатты ауырады, ауырмайтын кезеңі қысқа мерзімді. Ыстық және суық тамақ ішкенде, тістерін түйістергенде ауырсыну күшее түседі. Баланы қарағанда: кариестің декомпенсация түрі, 8.5 тісте терең қуыс, тағам қалдықтарына толы, дентин жұмсарған. Жұмсарған дентинді экскаватормен алып, қуыс түбін сүңгілегенде ауырсыну. Перкуссияда күрт ауырады. 8.5 аймағындағы қызыл иек аздап қызарған, пальпацияда ауырады. Ұлпадағы жедел қабынудың бастапқы механизм болып не табылады?
-пролиферация
+альтерация
-экссудация
-секреция
-некротизация
#Бала 5 жаста. Жоспарлы тексеру кезінде кп=8. 7.4-тісте қуыс, дентині ашық түсті, ылғалды, жұмсарған. Сүңгілегенде эмаль-дентин шекарасында ауырсыну бар. Эмаль жиегі жұқарған, морт сынғыш. Диагнозды болжаңыз.
-орташа кариес субкомпенсация түрі
-терең кариес декомпенсация түрі
-созылмалы периодонтит субкомпенсация түрі
+орташа кариес декомпенсация түрі
-орташа кариес компенсация түрі
#Бала 5 жаста. Шағымы: тағам қабылдағанда тісі ауырады. Тексерген кезде: 7.4-тістің шайнау бетінде қуыс, дентині пигменттелген, қатты, кіреуке-дентин шекарасында ауырсыну. кп=3. Ем жүргіз.
+аралық төсем, тұрақты пломба
-емдік төсем, уақытша пломба
-тіс шұңқырларын мөрлеу, пломбалау
-реминералдаушы терапия
-уақытша пломба
#Бала 6 жасар. Жұтыну кезінде тіс қатарлары арасына тілін итеру әдеті пайда болды. Қажетті ортодонтиялық емсіз қандай аномалия пайда болуы мүмкін?
-терең тістесу
+ашык тістесу
-прогнатиялық тістесу
-ортогнатиялық тістесу
-тік тістесу
#Бала 8 жаста. Ауыз қуысында: тіс қатарының қабысуы кезінде, 6мм сагитальды саңылау анықталады, тіссауыттары 6/6 бұзылған. Диагноз қойыңыз:
+терең күрек тістік
-айқасқан тістесу
-прогнатиялық тістесу
-ортогнатиялық тістесу
-тік тістесу
#Бала, 10 жас. Ауыз қуысында тіс қатарының және апикальды базистің тарылуы байқалады. Тарылу сатысын анықтайтын зерттеу әдісін атаңыз?
+Снагина
-Тон
-Пон
-РМА
-КПИ
#Бала, 12 жас. Антропометриялық зерттеу кезінде жіңішке бет анықталды. Биометриялық зерттеу тіс доғасының кенеттен тарылуын көрсетті. Ем үшін қандай аппарат қажет?
-Френкель
+Дерихсвайлера
-Гашимов
-Леон
-Брюкль
#Бала, 5 жаста, дұрыс емес тістем мен жоғарғы еріннің батыңқылуына . Ауыз қуысын тексеру кезінде, балада сүт тістер мен бірінші тұрақты молярлары бар екені анықталды. Тіс доғалары жартылай дөңгелек формалы, фронтальды тістер арасында трема анықталмаған. Кері күрек тістік жабылу белгіленді, улкен азу тістердің түйісуі дұрыс. З.И. Долгополова бойынша модельдерде антропометриялық зерттеу, жоғарғы тіс қатарының 5.2 және 6.2 арасында 1 мм-ге, 5.3 және 6.3 арасында 3 мм-ге тарылуын анықтауға мүмкіндік берді. Тіс қатары 3,5 мм-ге қысқарған. Төменгі тіс қатары сүйір тістер мен бірінші уақытша үлкен азу тістердің тарылуы 1 мм-ге жуық, алдыңғы бөлігінде 2 мм-ге қысқарған. Бұл патологияны емдеуге арналған әдісті таңдаңыз:
+жоғарғы жақ тіс қатарының кеңеюі
-жоғарғы жақ тіс қатарының ұзаруы
-төменгі жақ тіс қатарының кеңеюі
-жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларының ұзаруы
-жоғарғы және төменгі жақ тіс қатарларының кеңеюі
#Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі
-Қан кету баяу
-Қан тамшылап ағады
-Баяу және созылмалы қан ағу
-Қан қоңыр-қызыл түсті
+Жылдам және атқылаған қан ағу
#Қыз 18 жаста, тағам тістеп алуының қиындығына шағымданып келді. Объективті: профилі дөңес, иегі ығысқан. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында диастема, тремалар, сагиттальды саңылау – 7мм, азу тістердің түйісуінің бұзылуы – 3мм.
Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ең бірінші?
+Жоғарғы алдыңғы тістерді артқа жылжыту
-Жоғарғы алдыңғы тістерді алға жылжыту
-16,26 тістерді дистализациялап, төменгі жақты алға шығару
-Төменгі жақты алға жылжыту
-Тістер қатарының мөлшерін қысқарту
#Қыз бала 18 жаста. Бастың формасы - долихоцефаликалық . Ауыз қуысында жоғарғы және төменгі фронтальды тістер тығыз қалыпта. Жақсүйектің апикальды базисін биометриялық өлшеу II дәрежелі ені мен ұзындығының кішіреюін көрсетті. Қандай ортодонтиялық ем қолданған ең қолайлы?
-апроксимальаралық сепарация
-тіс қатарларының кеңеюі
-тістерді протрагирлеу
-тістердің дистализациясы
+жеке тістерді жұлу
#Металлокерамикалық сауыт дайындаудың 2-клиникалық кезеңінде металл қаңқа тіс тұқылына жеңіл орнатылады, саты бойымен дұрыс орналасқан, антагонист – тістермен окклюзия аралық саңылау 0,5 мм, металл қалпақшаның қалыңдығы 0,8 мм тең. Қандай асқыну болуы мүмкін:
-сауыт нашар бекиді
+керамикалық масса сынып кетеді
-металл қалпақша тесіліп қалады
-сауыт цементтен босап, түсіп қалады
-сауыттың эстетикалық ақауы болады
#Науқас 11 жаста. Алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Объективті зерттеу кезінде – жоғарғы жақтың фронтальды бөлімінде тістердің шоғырланып орналасуы, 16,26 тістердің мезиальды ығысуы, сөйлеудің, жұтынудың бұзылысы, еріндерінің қабыспауы. Сіздің ем жоспарыңыз:
+панорамная рентгенография
-томография
-аксиография
-реография
-электромиография
#Науқас 12 жаста. Объективті: 1.3 және 2.3 тістері тіс доғасынан тыс орналасқан, вестибулярлы қалыпта. 1.3 және 2.3 сауыттарына вестибулярлы доғасына М – тәрізді кламмерлермен кеңейткіш табақша жасалған. Тістердің орын ауыстыру сипатын көрсетіңіз:
-сауытты орын ауыстыру
+корпусты орын ауыстыру
-бойлық осі бойымен орын ауыстыру
-вертикальды орын ауыстыру
-тіс түбірінің орын ауыстыруы
#Науқас 14 жаста. Ауыз қуысында: Тіс доғасында орын жетіспеушілігінен жоғарғы сүйір тістердің протрузиясы.Ортогнатиялық тістем. Жақсүйек модельдерін Пон индексі бойынша биометриялық зерттеу кезінде: премолярлы – 80; молярлы – 64. Бұл патологияны емдеу үшін жүргізеді:
-ортодонтиялық аппараттың көмегінсіз 13 және 23 тістерді жұлу
-ортодонтиялық аппараттың көмегінсіз 14 және 24 тістерді жұлу
+ортодонтиялық аппараттың көмегімен 14 және 24 тістерді жұлу
-ортодонтиялық аппаратты хирургиялық әдіссіз қолдану
-13 және 23 тістерді келешекте протездеу мақсатында жұлу
#Науқас 18 жаста, дәрігер-ортодонтқа тіс доғасынан вестибулярлы шығыңқы жоғары ұры тіске шағымданып келді. Объективті:жоғары ұры тіс окклюзия доғасынан 1/2 қалыңдыққа шығыңқы, тіс қатарының қарама-қарсы жағында тұрақты ұры тіс жоқ, оған тіс қатарында орын жеткіліксіз. Жақ ортопантограммасында көршілес жиектік күрек тістерге бұрыш астында горизонтальды орналасқан ұры тіс анықталды. Тістердің даму ақауының қай түрі?
-тістер адентиясы
+тістер ретенциясы
-жоғарыкомплектті тістер
-тістер макродентиясы
-тістер пішінінің аномалиясы
#Науқас 50 жаста ортопедиялық қабылдауда ауыз қуысын қарағанда тіс қатарында ақау байқалады, тіс формуласы. 1817161501211/2122232425000. Диагноз қойыңыз және Агапов бойынша шайнау әсерін анықтаңыз?
-Кеннеди бойынша ІІІ класс ІV подкласс, 20 %
-Кеннеди бойынша,І класс ІІІ подкласс ,40 %
-Кеннеди бойынша ІІІ класс 1 подкласс, 50 %
-Кеннеди бойынша ІІІ класс ІV подкласс, 60 %
+Кеннеди бойынша ІІ класс ІІІ подкласс, 26 %
#Науқас А., 17 жаста шағымы жоғарғы жақ тісінде ауырсынуға. Беті симметриялы. Беттің терісі қалыпты түсті. Ауыздың ашылуы еркін. 1.6 тістің сауыты толық бұзылған, түбірлері қызылиек деңгейінде. 1.6 тістің аймағында кілегей қабық қызарған. Емдеу әдісі мен аспабын таңдаңыз:
-1.6 тісті емдеу + пульпоэкстрактор
-остеоперфорация+стоматологиялық қондырғы
-периостотомия + скальпель
+1.6 тісті жұлу +әмбебап қысқаштар
-1.6 тісті бақылау + стоматологиялық айна
#Науқас А., 25 жаста. Эстетикалық ақаудың болуына шағымданып келді. Анамнезінен 21 тісін бірнеше мәрте емдеген, бірақ пломба бірнеше рет түсіп қалған. Қарап тексергенде: 21 тістің кесу-дистальды бетінде терең тіс жегі қуысы бар, ол тіс сауытының 2\3 көлемін алып тұр. Қуыс түбінде пломбалық материалдың қалдықтары көрінеді. Сіздің тиімді іс-әрекетіңіз:
+Металлокерамикалық сауыт
-Металокерамикалық көпір тектес протез
-Дәнекерленген-штамптталған көпір текес протез
-Консольді протез
-Доғалы протез
#Науқас А., 32 жаста қараған кезде - 2.7 тістің сауыты толық бұзылған, түбірлері қызылиек жиегі деңгейінде. Кілегей қабық қызарған, ісінген. Анамнезінде – 27 апта жүктілік. Анестетикті таңдаумен емдеу тактикасын анықтаңыз: