ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1889

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


-анестезинмен 2.7 тісті жұлу

+ультракаинмен 2.7 тісті жұлу

-прокаинмен 2.7 тісті жұлу

-тримекаинмен 2.7 тісті эндодонтиялық емдеу

-дикаинмен 2.7 тісті эндодонтиялық емдеу
#Науқас Е., 37 жаста, штамталған металл сауытты тіске шақтап көру кезеңінде қызылиекке дұрыс орналасуы:

-Тістің анатомиялық мойыны деңгейінде

-Тістің клиникалық мойыны деңгейінде

-Қызылиек астына 0,4 мм – ге енеді

-Қызылиек астына 0,2-0,Змм – ге енеді

+Қызылиек астына 0,1-0,2мм – ге енеді
#Науқас И., 21 жаста, ауыз қуысын сауықтыруды өткізу жоспарлануда. Екі жақта бірнеше тістерді жұлу және емдеу көрсетілген. Қосалқы диагнозы: эпилепсия. Әрекетті өткізуге жансыздандырудың қандай түрі қажет?

-гипноз

-атаралгезия

-аудио жансыздандыру

+жалпы жансыздандыру

-өткізгіштік жансыздандыру
#Науқас К., 28 жаста, қараған кезде ұрттың кілегейі аймағында ауырсынулы инфильтрат анықталады. Үстіндегі кілегей қызарған, ісінген. Флюктуация симптомы оң. Жансыздандыру түрін таңдаңыз:

+инфильтрациялық жансыздандыру

-интралигаментарлы жансыздандыру

-аппликационды

-мұздату

-эндотрахеальды наркоз
#Науқас С., 32 жаста клиникаға төменгі оң жақ тісіндегі ауырсыну шағымымен келді. Екі тәулік бойы ауырады. Беті симметриялы. Беттің терісі қалыпты түсті. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. Ретромолярлы және қанатжақ қатпарының кілегейі қызарған және ісінген. Төменгі оң жақ «ақыл» тістің медиальды төмпешіктері көрінеді, дистальды кілегейдің астында. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, ауырсынулы. Рентгенограммада – төменгі «ақыл» тістің горизонтальды орналасуы, ретромолярлы кеңістік 0,5 см-ден кіші. Жансыздандыру тәсілін анықтаңыз:

-инфильтрациялық +туберальды жансыздандыру

+Берше-Дубов бойынша жансыздандыру + инфильтрациялық

-туберальды + аппликационды жансыздандыру

-инфильтрациялық + интралигаментарлы жансыздандыру

-ментальды + аппликационды жансыздандыру
#Науқас У., 27 жаста, жансыздандыру өткізгеннен кейін оң жақ ұрт аймағында ісіну пайда болды. Стоматолог-хирург 1.8 тісті жұлды, суық басуды ұсынды. 3 куннен кейін жоғарғы жақ аймағында құлаққа және самайға таралатын ауырсыну пайда болды, дене қызуы көтерілді. Қараған кезде – құмды сағат симптомы бар. Ауыздың ашылуы шектелген, ІІІ дәрежелі контрактура. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің өтпелі қатпары аймағында күрт ауырсыну анықталады. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйындысымен жабылған. Алғашқы диагнозды қойыңыз:


-самайасты, қанат таңдай аймақтарының гематомасы

+самайасты, қанат таңдай аймақтарының флегмонасы

-самайасты, қанат таңдай аймақтарының абсцесі

-ұрт-бет аймағының гематомасы

-самай және самайасты аймақтарының гематомасы
#Науқас Ф. 16 жас, дәрігер - ортодонтқа ге бүйірлік күрек тістің тіс доғасынан вестибулярлы шығып тұруына шағымданып келді. Объективті: жоғарғы сүйір тіс окклюзия доғасынан тіс қалыңдығының ½ бөлігіне дейін шығып тұр.Ем үшін қандай аппарат қолданған жөн?
-Хургина

-Лури

-Башарова

+Эйнсворт

-Нэнси
#Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 1.1,2.1 және 2.7 тістер болатын металлокерамикалы көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?

-Дұрыс – көпіртектес протез шайнау қысымын толығымен қалыптастырады.

-Дұрыс емес – тірек тістер ұлпасы алынбаған

+Дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі

-Дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді

-Дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз
#Ортопед-стоматолог дәрігер 52 жастағы науқасты қарау кезінде төменгі жақсүйегіне бюгельді протезді ұсынды. Параллелометрияда ғанышты үлгіні анализдеуде, Нея жүйесі бойынша 5 типті тірек-ұстаушы кламмерді ұсынды. Науқастың тіс қатарындағы ақауды көрсетіңіз?

-екіжақты шектелген ақау- премолярлармен шектелген

-біржақты шектелген ақау- премолярлармен шектелген

+бүйір бөлігіндегі шектелген ақаумен жалғыз тұрған молярлармен

-алдыңғы бөлігіндегі шектелген ақаумен жалғыз тұрған премолярлармен

-төменгі және жоғарғы жақсүйекте жалғыз тұрған премоляр
#Пациент Н. стоматологиялық клиникаға алдын ала тексеру мақсатымен келген. Пациентті қарап тексергенде, 3.6 тістің шайнау бетінде тамақ қалдығымен толы терең келген тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА. Көрсетілген объективті мәліметтер қандай аурудың клиникасына сәйкес келеді:

+баяу дамыған терең тісжегі

-жедел ошақты ұлпа қабынуы

-тез дамыған терең тісжегі

-созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы

-баяу дамыған орта тісжегі
#Пациент, химиялық кәсіпорнының жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаулардың пайда болуына шағымданып келген. Объективті көрінісі: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің вестибулярлы беткейінде эмаль және дентиннің жоғарғы қабаттың ішінде сопақ пішінді ойықтар анықталады. Ойықтардың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы қысқа мерзімді. Дәрігер пациентке жұмыс уақытында міндетті түрде жеке қорғаныс затты қолдануға кеңес берді. Осындай ақаулар кезінде қандай қосымша ем жүргізу керек:



-Реминералдау терапия курсы

+Қуыстарды егеп, композициялық материалмен пломбылау

-Ақау бар тістерді жылтырататын пастамен өңдеу

-Реминералдау терапия курсын жүргізіп, композиттік материалмен пломбылау, кейін ремтерапия курсын қайталау

-Ақау аумағын «Белак» құралмен жабу
#Пациентті қарап тексергенде 1.4 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуыс анықталған. Қуыстың табаны дентин-кіреуке шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?

-Беткей тісжегі

+Терең тісжегі

-Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы

-Жедел ошақты ұлпа қабынуы

-Жергілікті гипоплазия
#Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:

-калий перманганатының әлсіз ерітіндісі

-1% натрий гидрокорбонатының ерітіндісі

-лимон қышқылының аз конецентрациялы ерітіндісі

+таза су

-3% натрий хлоридінің ерітіндісі
#Стоматологиялық кабинетке науқас М., 19 жаста анасымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Анамнезінен - қыз бала невропатологта Даун ауруы диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұр. Қараған кезде жоғарғы және төменгі жақта көптеген бұзылған тістер (түбірлер) анықталды. Кілегей қабық ашық-қызыл түсті. Регионарлы лимфа түйіндері ерекшеліксіз. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз?

+жалпы жансыздандыру

-инфильтрациялық

-нейролептаналгезия

-аппликациялық

-атралгезия
#Тістерді армирленген композитті талшықпен шендеу кезінде, коффердамды орнатқаннан кейін, ағаш сыналарды тіс аралығына енгізеді. Бұл процедура не үшін жүргізіледі:

-реставрация түсіп қалмау үшін

-композит шеті түсінің боялуының алдын алу үшін

+қызыл иек емізікшелеріне сұйық композит тимеу үшін

-шендеуден кейін тістердің қозғалғыштығын тоқтату үшін

-физиологиялық қозғалғыштық болу үшін саңылау қалыптастыру
#Сынық бөліктерді біріктіру кезінде ит тістер мен бірінші молярдың контакттілік беттерін алдын-ала сепарациялауды қажет ететін шендеуіш:

-Порта

-Шура

-Вебер

-Збаржа

+Ванкевич
#19 жасар науқас ортодонт-дәрігерге жоғарғы жақ тістерінің дұрыс орналпауына шағымданды. Науқас ортопантомографиялық суретке жіберілді. Ортопантомографиялық суреттті талдау барысында оң жақта сүйір тістің дистопиясы анықталды. Сүйір тістер дистопиясы кезінде олардың қатар тұрған тіске қарым-қатынасы және тіс қатарларына байланысты орналасуынан басқа нені ескеру қажет:


+орталық және бүйір күрек тістер түбірлерінің резорбциясының болуы

-сүйек тіндерінің қайтадан түзілуі

-тістер ұш маңайында патологиялық ошақтың болуы

-периодонтальды саңылаудың кеңеюі

-сүйек тіндерінің некрозының болуы
#70 жастағы науқасқа жартылай алынбалы пластиналы протезбен протездеу барысында 1-ші клиникалық кезеңінде альгинатты массамен толық анатомиялық үлгі алынған. Анатомиялық үлгінің сапасына кандай талаптар қойылады?

-Үлгі стандарттық қасыққа жақсы орналасып протез орнын толық көрсетеді. Жиектері тегістелген, бетінде көпіршіктері жоқ қасықтан 1,5-2 см шығып тұрады.

-Үлгіде протез орнының рельефі жақсы көрінеді, тістің мойындары айқын үлгінің қалыңдығы 6 мм. көпіршіксіз.

-Протез орнының микро рельефін, өтпелі қатпарды, тіс рельефтерін, тіс аралық кеңістіктер мен мойнын айқын көрсетеді. Көпіршіксіз, ауа кеуектері жоқ үлгінің қалыңдығы 2 мм.

-Үлгіде протез орнының рельефі жақсы айқындалған жиектері тегіс, дөңгелектенген.

+Үлгі бір-бірімен тығыз байланысқан улгіде протез орнының рельефі өтпелі қатпар айқын көрінеді. Үлгінің қалыңдығы стандартты қасықтан 3-4 мм –ге шыққан жиіектері тегіс.
#Ортопантомографиялық сурет анализдеу барысында физиологиялық тістесу жағдайында 3-ші азу тістер қисаю бұрышы орталық сагиттальді сызыққа қарағанда қарым-қатынасы 53,0± 0,9о. ал дистальді окклюзиясы бар науқастарда ол ұлғаяды шамамен://

-3± 4о//

-2± 1о

+5,0± 0,9о

-1,5о

-2.5о
#Ахмедов бойынша штифтті тіспен протездеу кезінде, егер штифті канал ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін ғана енгізсе, қандай асқыну пайда болады:

-антогонист тістің қозғалмалығы

+штифт цементінің ыдырауы

-екіншілікті тісжегі дамуы мүмкін

-периодонтта қабыну пайда болады

-қызыл иек жиегінде қабыну пайда болады
#Бала 10 жаста, созылмалы периодонтит себебінен 3.6 тісті жұлғаннан соң, 2 күннен кейін жұлынған тістің ұяшығындағы үнемі солқылдаған ауру сезіміне, ас қабылдау кезінде үдейтіндігіне, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуына шағымданып қайта келді. Объективті: жұлынған тістің айналасындағы қызыл иек қызарған, ұяшық сұр түсті ыдыраған ұйындыға толы. Диагноз қойыңыз:

-неврит

+альвеолит

-парестезия

-жақтың сынуы

-жақтың остеомиелиті
#Емханаға 16 жастағы Д. науқас 1.6 тістің аймағында тұрақты және жедел ауырсыну, «өскен тіс» сезімі, тістегенде ауырсынудың күшеюі шағымымен келді. Объективті: беті симметриялы. Тері жамылғысы таза, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады
, 1.6 тістің аймағында кілегей қабығы қызарған, ісінген. 1.6 тістің таңдайлық бетінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс бар, зондтау ауырсынусыз, перкуссиясы күрт ауырсынады. Рентгенограммада 1.6 тістің түбір ұшы және бифуркация аймағында диаметрі 0,3 х 0,3 см-ге дейін, дөңгелек пішінді, анық тегіс контурлары бар сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және 1.6 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:

+1.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, сол жақ тісшемен S- тәрізді қысқаш

-1.6 тістің созылмалы периодонтиті, тіке элеватор

-1.6 тістің жедел периодонтиті, S-тәрізді жымдасқан қысқаш

-1.6 тістің жедел пульпиті, тіке қысқаш

-1.6 тістің созылмалы пульпиті, оң жақ тісшемен S-тәрізді қысқаш
#Клиникаға 15 жастағы Е. науқас оң жақ ұрт аймағында ауырсыну, ісіну, әлсіздік, дене қызуының 37,2 0С дейін жоғарылауы шағымымен келді. 4.6 тісі ауырғанына 5 тәулік болды. 2 тәулік бұрын ұрт аймағының ісінуі пайда болды. Объективті: оң жақ ұрт аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. 4.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған. Өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген. Пальпацияда ауырсынады. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу қағидасын анықтаңыз:

+4.6 тістен жедел іріңді периостит, хирургиялық емдеу

-4.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, тістің депульпациясы

-4.6 тістің жедел іріңді пульпиті, хирургиялық емдеу

-4.6 тістен созылмалы периостит, тістің депульпациясы

-4.6 тістен жедел остеомиелит, тістің депульпациясы
#Клиникаға 16 жастағы И. науқас ауырсыну және сол жақасты аймағында жыланкөзден іріңнің бөлінуі шағымымен келді. 1,5 ай бұрын 3.6 тіс бойымен төменгі жақ денесінің сынығы диагнозымен стационарлы емдеуде болды. Қараған кезде: төменгі сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Жақасты аймағында ісінген грануляциялары және іріңді экссудаты бар жыланкөз жолы бар. Ауыздың ашылуы 3,0 см дейін шектелген. 3.6 тістің ұяшығы грануляцияларға толы. Рентгенограммада: 3.6 тістің ұяшығы проекциясында төменгі жақтың денесі аймағында ұсақ секвестрлер бар. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз:

+созылмалы жарақаттан кейінгі остеомиелит, секвестрэктомия+

-жедел жарақаттан кейінгі остеомиелит, периостотомия

-фиброзды дисплазия, мукогингивопластика

-іріңдеген радикулярлы киста, цистэктомия

-жедел іріңді периостит, остеоперфорация
#Клиникаға 17 жастағы Э. науқас жоғарғы сол жақ аймағында ісіну және ауырсыну, дене температурасының 380С жоғарылауы шағымымен келді. Ауырғанына 3 кун болған. Объективті: жоғарғы сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беттің асимметриясы, пальпацияда ауырсынулы. Ауыз ашылуы ауырсынулы, 2.6 тістің сауыты толық бұзылған, 2.6 тістің айналасында кілегей қабығы қызарған, ісінген. 2.6 тістің деңгейінде өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген, пальпацияда ауырсынады. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу әдісін анықтаңыз: