ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1910

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


0 к к к п п

8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8

к 0 0

Рентген суретінде: 3.5 тіс тұсында төменгі жақ денесі сынығының ескірген саңылау сызығы көрінеді. Шендеуішпен 1,5 аптаға иммобилизациялау жеткілікті ме? Бұл шендеуіш түрін қоюдың қолайлы мерзімі қанша?:

-жеткілікті; 1-3 күн қажет

-жеткілікті; 1-2 апта қажет

-жеткілікті; 3-4 апта қажет

+жеткіліксіз; 3-4 апта қажет

-жеткіліксіз; 3-4 ай қажет
#28 жастағы науқасқа «Төменгі жақ денесінің жалған буыны» диагнозы қойылды. Бір ай бұрын Тигерштед шендеуішін 1,5 аптаға салып ем жүргізген. Анамнезінде: науқас инсулинге тәуелді қант диабетімен ауырады. Жалған буынның пайда болу себебін атаңыз:

-ұзақ уақытты иммобилизация

+аз уақытты иммобилизация

-соматикалық аурулардың әсерінен

-сынықтары дұрыс қойылмаған

-қойылған шендеуіш құрылымы осы клиникалық жағдайға болмайды.
#68 жастағы науқастың төменгі жақ сынып, Васильев шендеуіші салынғаннан соң 28-ші күні шешкеннен кейін сол жағындағы үлкен азу тістері мен кіші азу тістердің аттас емес төмпешіктерінің түйісуі байқалды. Сипап тексергенде сынықтар білінбейді. Аз ғана бет ассиметриясы бар. -Диагноз қойыңыз және төменгі жақ сынығының сызығы қайдан өткенін анықтаңыз:

-жалған буын; төменгі жақтың сол жағындағы сүйір тіс пен кіші азу тіс ортасынан

-жалған буын; төменгі жақтың сол жағындағы кіші азу тіс пен үлкен азу тіс ортасынан

-айқасқан тістем; төменгі жақтың сол жағындағы сүйір тіс пен кіші азу тіс ортасынан

-бітіспеген сынық; төменгі жақтың сол жағындағы кіші азу тіс пен үлкен азу тіс ортасынан

+дұрыс бітіспеген сынық; төменгі жақтың сол жағындағы сүйір тіс пен кіші азу тіс ортасынан
#45 жастағы науқаста төменгі жақ сынығын Тигерштед шендеуішімен емдегеннен кейін 4 апта аралығында сынықтардың сыну сызығы бойынша қозғалғандығы анықталды. Шендеуіш тіс қатарына үш лигатура сымымен байланып бекітілген. Резиналық тартқыш 3 күнде бір рет ауыстырылған.

Диагноз қойыңыз. Осы жағдайға байланысты операция жасауға қарсы көрсеткішін ескере отырып ортопедиялық ем жоспарын тағайындаңыз:

+жалған буын; тірек ретінде 3.3, 3.4, 3.6, 3,7, 3.8 тістерімен шарнирлі көпіртәрізді протез

-төменгі сол жақ денесінің дұрыс бітіспеген сынығы; тірек ретінде 3.2, 3.3, 3.4, 3.6, 3,7 тістерімен шарнирлі көпіртәрізді протез

-төменгі сол жақ денесінің бітіспеген сынығы; ортопедиялық ем қарастырылмаған

-жалған буын; шарнирлі алмалы протез

-жалған буын; тірек ретінде 3.4, 3.6 тістерімен шарнирлі көпіртәрізді протез сустав

#46 жастағы науқас стоматологиялық емханаға қатты тағамды шайнағында және тіс тазалау кезіндегі ауру сезіміне шағымданып келді. 4.4, 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 3.2, 3.3 тістерде кіреуке (эмаль) дентинге дейін қажалған, олардың сауыттарының биіктігі 1/3-ге азайған. Барлық тістердің кіреукесінде өткір қырлы ойық тәрізді (кратерообразный) қуыстар бар. Қажалған тістер аймағында альвеолярлы өсіндінің вакантты гипертрофиясы анықталмайды. Аса қажалудың дәрежесі мен формасын анықтаңыз:

+I дәреже, декомпенсирленген, көлденең

-I дәреже, декомпенсирленген, тігінен

-I дәреже, компенсирленген, көлденең

-II дәреже, декомпенсирленген, аралас

-III дәреже, компенсирленген, көлденең
#50 жастағы науқас, тамақты шайнаудың мүмкін еместігіне шағымданып келді. Ауыз қуысында 1.4, 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3 сақталған тістердің сауыттарының биіктігі 2/3 бөлігіне қажалған. Қажалған тістер аймағында альвеолярлық өсіндінің қалыңдауы байқалмайды.

Осы клиникалық жағдайдағы тістем түрін анықтаңыз:

+бекітілмеген

-бипрогнатиялық

-опистогнатиялық

-ортогнатиялық

-тік тістем
#42 жастағы науқас Д., тістерінің жартылай ақауы және косметикалық кемістігіне шағымданып келді. Объективті: тік тістем. Науқас ауыр атлетикамен айналысады. Жаттығу кезінде тістерін қатты тістенетін әдеті бар, жақындарының айтуы бойынша тістерін түнде сықырлатады. Алдын-ала диагноз қойыңыз. Кіші азу тістер және фронтальді тістердің экваторға дейін қажалғанын ескеріп, науқаста төменгі және жоғарғы жақта үлкен азу тістердің болуын анықтаңыз::

-флюороз; бар

-гиперестезия; бар

-қышқылды некроз;

-эмаль гипоплазиясы; бар

+аса қажалуы; жоқ
#64 жастағы науқас Р. жоғарғы жне төменгі жақтардың кіреуке және дентині жоқ фронтальді тістерінің температуралық тітіркендіргіштерге сезімталдығына шағымданып келді. Сауыттарының биіктігінің 1/3 төмендеген. Беттің төменгі 1/3 бөлігі өзгерілмеген. Фронтальді тістерінің аралық түйісуі сақталған. Қалған тістер бүтін. Науқаста аса қажалудың қандай түріне жатады:

-ошақты көлденең(горизонтальді)

+ошақты компенсирленген

-ошақты декомпенсирленген

-жайылған компенсирленген

-жайылған декомпенсирленген
#28 жастағы ер кісі шынығу снаряды тиіп кетіп бетінен жарақат алған. Тексеріп қарағанда: бетінің ісігіне байланысты бетінің ассиметриясы, төменгі жақтың оң бетінде жұмсақ тіндері қанталаған, окклюзиясы бұзылған, төменгі жақ қыры тегіс емес «кертпе» симптомы байқалады, сүегі қытырлайды. Алдынғы диагнозды қойыңыз, дәрігерге дейінгі жәрдеміңізді көрсетіңіз:




+төменгі жақтың оң жақ денесі сынған, сынықтары жылжыған. Емханаға жеткізу үшін иек асты байламмен бекіту

-төменгі жақтың оң бұтағы сынған. Екі жақты тартпа ілгекті шеңдеуішпен бекіту

-төменгі жақтың оң жақ денесі сынған, сынықтары жылжымаған. Тістерін

сыммен байлап, қосымша бас-төбесіне иек асты байламмен бекіту

-төменгі жақтың оң жақ денесі сынған, сынықтары жылжыған. Емханаға Васильев шеңдеуішімен бекітіп жеткізу

-төменгі жақтың сол жақ денесі сынған. Емханаға қапсырма шеңдеуішімен (шина скоба) бекітіп жеткізу.
#Пациент Н., 45ж. Дәрігерге шайнаудың мүмкін болмауына, қызыл иектің қанағыштығына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарап көргенде жоғарғы тістердің тремалардың пайда болуымен веертәрізді ажырауы және төменгі жақ күрек тістерінің 2 дәрежелі қозғалғыштығы, маргинальді пародонттың көкшіл-қызыл болуы, 2 мм-ге дейін қызыл иек қалталары анықталды. Рентгенограммада сүйек тінінің тісаралық қалқанының 2/1 түбір биіктігіне дейін фестоникалық сорылуы анықталды. Диагноз қойыңыз. Ем тактикасын таңдаңыз:

+пародонтит; шендеу

-пародонтоз; тістерді жұлу

-тістер протрузиясы; брекет жүйесі

-гингивит; қабынуға қарсы препараттар

-Венсан гингивостоматиті; антисептиктер
#Науқас М. 40 жаста, клиникаға қызылиектің қанауына, тағам қабылдауының мүмкін болмауына және жоғарғы жақ тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Объективті: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2. – 1 дәрежелі қозғалғыштық. Рентгенограммада сол тістер аймағында альвеола қабырғасының түбір биіктігінің ¼-не біркелкі емес горизонтальді резорбциясы. Шендеудің рациональді стабилизация түрін таңдаңыз:

-дуга бойынша

+алдыңғы

-сагиттальді

-трансверзальді

-парасагиттальді
#Науқас 30 жаста, химиялық фабрикада жұмыс істейді. Ортопед стоматолог дәрігерге алдыңғы тістердің дефектісіне, сонымен қатар тәттіге, ыстыққа сезімталдылығының жоғары болуына шағымданды. Қарап тексергенде, төменгі фронтальді тістердің тіс сауытының биіктігі 1/3 төмендеген, альвеолярлы өсіндісі айқын, дентин деңгейінде тегіс беткейлі қажалу біліктері бар. Жоғары фронтальді тістерде клиникалық талаптарға сай металсыз керамикалық сауыт орнатылған. Сол протездеу нәтижесіне қарап, ем жоспарын анықтаңыз. Диагноз қойыңыз:

-тісжегі, алдыңғы реставрация

-гиперестезия, реминерализдеуші терапия

-қышқылды некроз, қарама-қарсы салмалармен протездеу

-қажалудың жоғарғы декомпенсирленген түрі, толыққұйылған сауыт


+қажалудың жоғары компенсирленген түрі, металсыз керамикалық сауыт
#Жұлынған тіс қай тәулікте остеоидті тінмен толып, және бірінші азу тісті жұлғаннан кейін, көрсеткіш бойынша қай тәулікте ортодонтиялық ем жүргізуге болады:

-1-3

-7-10

+18-21

-50-55

-60-65
#Науқас клиникаға тіс қатарының тығыздалу шағымымен келді, диффериенцальді диагностика жасау мақсатында PONT бойынша биометриялық зерттеу жүргізілді. Оны нені анықтау үшін жүргізеді:

-тістем түрін анықтауға

+тіс қатарларының көлемін анықтауға

-тіс қатарларының ортақ белгісін анықтауға

-тістердің тұрақтылық факторларын анықтауға

-окклюзиялық қарым қатыныас сипатын анықтауға
#Науқас клиникаға тістердің тарылуына және тілін үнемі зақымдауына шағымданып келді. Науқастың диагностикалық мүсінін зерттеу кезінде жоғарғы төменгі жақтың шайнау тістерінде қандай төмпешіктік қатынас бұзылғандығы анықталды:

-жоғарғы тілдік төмпешіктер төменгі тік фиссурада орналасқан

-жоғарғы тілдік төмпешіктер төменгі төмпешіктің тік фиссурасына жетпей орналасқан

-жоғарғы тілдік төмпешіктер төменгі төмпешіктерінің аттас емес тістерімен тығыз жанасады

+жоғарғы тілдік төмпешіктер төменгі аттас тістердің төмпешіктерімен тығыз жанасады

-жоғарғы тістердің вестибулярлы беті төменгі тістердің тілдік беткейімен жанасады
#Науқастың шайнау тістерінде фиссурлық-төмпешіктік контакт жоқ, бірақ жоғарғы шайнау тістерінің вестибулярлы беті төменгі жақтың шайнау тістерінің тілдік беткейіне жанасады.Мұндай клиникалық жағдайда қандай аномалия болуы мүмкін:

-жоғарғы жақ тіс қатарының қысқаруы

-төменгі жақ тіс қатарының қысқаруы

+жоғарғы жақ тіс қатарының бүйір бөлігінде тарылуы

-төменгі жақ тіс доғасының алдыңғы бөлігінің жазықталуы

-жоғарғы жақ тіс доғасының алдыңғы бөлігінің жазықталуы
#Науқас клиникаға профилактикалық қаралу үшін келді. Пон әдісі бойынша диагностикалық мүсіндердің биометриялық зерттеуі жүргізілді. Жоғарғы 4 күрек тіс саны - 32,5 мм анықталған; бірінші премолярлар арасының ені 56 мм. Қалыпты жағдайда күрек және премолярдың мұндай көрсеткіші кезінде молярлар арасындағы ені 50 мм болу керек. Диагноз қойыңыз:

-жоғарғы жақтың моляр аймағындағы тіс қатарының тарылуы

-жоғарғы жақтың премоляр аймағындағы тіс қатарының тарылуы

+жоғарғы жақтың моляр аймағындағы тіс қатарының кеңеюі

-жоғарғы жақтың премоляр аймағындағы тіс қатарының кеңеюі

-төменгі жақтың тіс доғасының алдыңғы бөлігінің жазықталуы