ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1914
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
#Науқас 11 жаста. Алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Объективті зерттеу кезінде – жоғарғы жақтың фронтальды бөлімінде тістердің шоғырланып орналасуы, 16,26 тістердің мезиальды ығысуы, сөйлеудің, жұтынудың бұзылысы, еріндерінің қабыспауы. Сіздің ем жоспарыңыз:
+панорамная рентгенография |
-томография |
-аксиография |
-реография |
-электромиография |
#Науқас 12 жаста. Объективті: 1.3 және 2.3 тістері тіс доғасынан тыс орналасқан, вестибулярлы қалыпта. 1.3 және 2.3 сауыттарына вестибулярлы доғасына М – тәрізді кламмерлермен кеңейткіш табақша жасалған. Тістердің орын ауыстыру сипатын көрсетіңіз:
-сауытты орын ауыстыру |
+корпусты орын ауыстыру |
-бойлық осі бойымен орын ауыстыру |
-вертикальды орын ауыстыру |
-тіс түбірінің орын ауыстыруы |
#Науқас 14 жаста. Ауыз қуысында: Тіс доғасында орын жетіспеушілігінен жоғарғы сүйір тістердің протрузиясы.Ортогнатиялық тістем. Жақсүйек модельдерін Пон индексі бойынша биометриялық зерттеу кезінде: премолярлы – 80; молярлы – 64. Бұл патологияны емдеу үшін жүргізеді:
-ортодонтиялық аппараттың көмегінсіз 13 және 23 тістерді жұлу |
-ортодонтиялық аппараттың көмегінсіз 14 және 24 тістерді жұлу |
+ортодонтиялық аппараттың көмегімен 14 және 24 тістерді жұлу |
-ортодонтиялық аппаратты хирургиялық әдіссіз қолдану |
-13 және 23 тістерді келешекте протездеу мақсатында жұлу |
#Науқас 18 жаста, дәрігер-ортодонтқа тіс доғасынан вестибулярлы шығыңқы жоғары ұры тіске шағымданып келді. Объективті:жоғары ұры тіс окклюзия доғасынан 1/2 қалыңдыққа шығыңқы, тіс қатарының қарама-қарсы жағында тұрақты ұры тіс жоқ, оған тіс қатарында орын жеткіліксіз. Жақ ортопантограммасында көршілес жиектік күрек тістерге бұрыш астында горизонтальды орналасқан ұры тіс анықталды. Тістердің даму ақауының қай түрі?
-тістер адентиясы |
+тістер ретенциясы |
-жоғарыкомплектті тістер |
-тістер макродентиясы |
-тістер пішінінің аномалиясы |
#Науқас 50 жаста ортопедиялық қабылдауда ауыз қуысын қарағанда тіс қатарында ақау байқалады, тіс формуласы. 1817161501211/2122232425000. Диагноз қойыңыз және Агапов бойынша шайнау әсерін анықтаңыз?
-Кеннеди бойынша ІІІ класс ІV подкласс, 20 % |
-Кеннеди бойынша,І класс ІІІ подкласс ,40 % |
-Кеннеди бойынша ІІІ класс 1 подкласс, 50 % |
-Кеннеди бойынша ІІІ класс ІV подкласс, 60 % |
+Кеннеди бойынша ІІ класс ІІІ подкласс, 26 % |
#Науқас А., 17 жаста шағымы жоғарғы жақ тісінде ауырсынуға. Беті симметриялы. Беттің терісі қалыпты түсті. Ауыздың ашылуы еркін. 1.6 тістің сауыты толық бұзылған, түбірлері қызылиек деңгейінде. 1.6 тістің аймағында кілегей қабық қызарған. Емдеу әдісі мен аспабын таңдаңыз:
-1.6 тісті емдеу + пульпоэкстрактор |
-остеоперфорация+стоматологиялық қондырғы |
-периостотомия + скальпель |
+1.6 тісті жұлу +әмбебап қысқаштар |
-1.6 тісті бақылау + стоматологиялық айна |
#Науқас А., 25 жаста. Эстетикалық ақаудың болуына шағымданып келді. Анамнезінен 21 тісін бірнеше мәрте емдеген, бірақ пломба бірнеше рет түсіп қалған. Қарап тексергенде: 21 тістің кесу-дистальды бетінде терең тіс жегі қуысы бар, ол тіс сауытының 2\3 көлемін алып тұр. Қуыс түбінде пломбалық материалдың қалдықтары көрінеді. Сіздің тиімді іс-әрекетіңіз:
+Металлокерамикалық сауыт |
-Металокерамикалық көпір тектес протез |
-Дәнекерленген-штамптталған көпір текес протез |
-Консольді протез |
-Доғалы протез |
#Науқас А., 32 жаста қараған кезде - 2.7 тістің сауыты толық бұзылған, түбірлері қызылиек жиегі деңгейінде. Кілегей қабық қызарған, ісінген. Анамнезінде – 27 апта жүктілік. Анестетикті таңдаумен емдеу тактикасын анықтаңыз:
-анестезинмен 2.7 тісті жұлу |
+ультракаинмен 2.7 тісті жұлу |
-прокаинмен 2.7 тісті жұлу |
-тримекаинмен 2.7 тісті эндодонтиялық емдеу |
-дикаинмен 2.7 тісті эндодонтиялық емдеу |
#Науқас Е., 37 жаста, штамталған металл сауытты тіске шақтап көру кезеңінде қызылиекке дұрыс орналасуы:
-Тістің анатомиялық мойыны деңгейінде |
-Тістің клиникалық мойыны деңгейінде |
-Қызылиек астына 0,4 мм – ге енеді |
-Қызылиек астына 0,2-0,Змм – ге енеді |
+Қызылиек астына 0,1-0,2мм – ге енеді |
#Науқас И., 21 жаста, ауыз қуысын сауықтыруды өткізу жоспарлануда. Екі жақта бірнеше тістерді жұлу және емдеу көрсетілген. Қосалқы диагнозы: эпилепсия. Әрекетті өткізуге жансыздандырудың қандай түрі қажет?
-гипноз |
-атаралгезия |
-аудио жансыздандыру |
+жалпы жансыздандыру |
-өткізгіштік жансыздандыру |
#Науқас К., 28 жаста, қараған кезде ұрттың кілегейі аймағында ауырсынулы инфильтрат анықталады. Үстіндегі кілегей қызарған, ісінген. Флюктуация симптомы оң. Жансыздандыру түрін таңдаңыз:
+инфильтрациялық жансыздандыру |
-интралигаментарлы жансыздандыру |
-аппликационды |
-мұздату |
-эндотрахеальды наркоз |
#Науқас С., 32 жаста клиникаға төменгі оң жақ тісіндегі ауырсыну шағымымен келді. Екі тәулік бойы ауырады. Беті симметриялы. Беттің терісі қалыпты түсті. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. Ретромолярлы және қанатжақ қатпарының кілегейі қызарған және ісінген. Төменгі оң жақ «ақыл» тістің медиальды төмпешіктері көрінеді, дистальды кілегейдің астында. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, ауырсынулы. Рентгенограммада – төменгі «ақыл» тістің горизонтальды орналасуы, ретромолярлы кеңістік 0,5 см-ден кіші. Жансыздандыру тәсілін анықтаңыз:
-инфильтрациялық +туберальды жансыздандыру |
+Берше-Дубов бойынша жансыздандыру + инфильтрациялық |
-туберальды + аппликационды жансыздандыру |
-инфильтрациялық + интралигаментарлы жансыздандыру |
-ментальды + аппликационды жансыздандыру |
#Науқас У., 27 жаста, жансыздандыру өткізгеннен кейін оң жақ ұрт аймағында ісіну пайда болды. Стоматолог-хирург 1.8 тісті жұлды, суық басуды ұсынды. 3 куннен кейін жоғарғы жақ аймағында құлаққа және самайға таралатын ауырсыну пайда болды, дене қызуы көтерілді. Қараған кезде – құмды сағат симптомы бар. Ауыздың ашылуы шектелген, ІІІ дәрежелі контрактура. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің өтпелі қатпары аймағында күрт ауырсыну анықталады. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйындысымен жабылған. Алғашқы диагнозды қойыңыз:
-самайасты, қанат таңдай аймақтарының гематомасы |
+самайасты, қанат таңдай аймақтарының флегмонасы |
-самайасты, қанат таңдай аймақтарының абсцесі |
-ұрт-бет аймағының гематомасы |
-самай және самайасты аймақтарының гематомасы |
#Науқас Ф. 16 жас, дәрігер - ортодонтқа ге бүйірлік күрек тістің тіс доғасынан вестибулярлы шығып тұруына шағымданып келді. Объективті: жоғарғы сүйір тіс окклюзия доғасынан тіс қалыңдығының ½ бөлігіне дейін шығып тұр.Ем үшін қандай аппарат қолданған жөн?
-Хургина |
-Лури |
-Башарова |
+Эйнсворт |
-Нэнси |
#Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 1.1,2.1 және 2.7 тістер болатын металлокерамикалы көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге?
-Дұрыс – көпіртектес протез шайнау қысымын толығымен қалыптастырады. |
-Дұрыс емес – тірек тістер ұлпасы алынбаған |
+Дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі |
-Дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді |
-Дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз |
#Ортопед-стоматолог дәрігер 52 жастағы науқасты қарау кезінде төменгі жақсүйегіне бюгельді протезді ұсынды. Параллелометрияда ғанышты үлгіні анализдеуде, Нея жүйесі бойынша 5 типті тірек-ұстаушы кламмерді ұсынды. Науқастың тіс қатарындағы ақауды көрсетіңіз?
-екіжақты шектелген ақау- премолярлармен шектелген |
-біржақты шектелген ақау- премолярлармен шектелген |
+бүйір бөлігіндегі шектелген ақаумен жалғыз тұрған молярлармен |
-алдыңғы бөлігіндегі шектелген ақаумен жалғыз тұрған премолярлармен |
-төменгі және жоғарғы жақсүйекте жалғыз тұрған премоляр |
#Клиникаға 15 жастағы Е. науқас оң жақ ұрт аймағында ауырсыну, ісіну, әлсіздік, дене қызуының 37,2 0С дейін жоғарылауы шағымымен келді. 4.6 тісі ауырғанына 5 тәулік болды. 2 тәулік бұрын ұрт аймағының ісінуі пайда болды. Объективті: оң жақ ұрт аймағының ісінуі есебінен беттің асимметриясы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыздың ашылуы ауырсынулы. 4.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған. Өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген, керілген. Пальпацияда ауырсынады. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу қағидасын анықтаңыз:
+4.6 тістен жедел іріңді периостит, хирургиялық емдеу |
-4.6 тістің жедел іріңді периодонтиті, тістің депульпациясы |
-4.6 тістің жедел іріңді пульпиті, хирургиялық емдеу |
-4.6 тістен созылмалы периостит, тістің депульпациясы |
-4.6 тістен жедел остеомиелит, тістің депульпациясы |