Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2364
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
89 Билет.
Қазақстан аумағында шаруашылықтардың қалыптасуына әсер еткен
табиғи-географиялық факторларды анықтаңыз.
Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.
Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарғабейімделіп,тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі, қоршаған ортаны игеру тәжірибесінен қалыптасты. Ежелгі Қазақстанның қуаң даласын мекендеген тұрғындардың өмір сүруді қамтамасыз етудегі негізгі кәсібі – көшпел ітірлікке негізделген мал өсіру болды. Көшпелі малшаруашылығына көшу себептерінің бірі – жылқыны қолға үйрету еді. Жылқы малы ең алдымен Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілді. Бұл жерде ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі, әлемге әйгілі Ботай мәдениеті табылған. Ботай қонысы 15 гектардан астам жерді алып жатты. Жылқыны қолға үйретіп, кейін оны мініс көлігіне айналдырудың барысында адам орасан зор кеңістікті игерді.
Көшпелі өмір салты малды жау шапқыншылығынан және табиғат апаттарынан аман сақтап қалып отырды. Сонымен қатар жайылымдардың тозуы да табиғи талаптарға байланысты мал өрістерін ауыстырып отыру қажеттілігін тудырды.
Көшпеліліктің пайда болуы ғасырлар бойы малшылардың қоршаған ортаның табиғи- климаттық жағдайына икемделуіне байланысты еді. Бұл тұжырымды ХІХ ғасырдағы Қазақстанды зерттеуші ғалымдар да қолдайды. Орыс ғалымдарының басым көпшілігі көшпелі малшаруашылығы қалыптасуын табиғи жағдайға тәуелділіктен туындағанын негізге алады. (И.Ф. Бла- рамберг, А.Н. Макшеев, Л.Л. Мейер, Г.Н. Потанин, И.И. Зава- лишин, А.И. Добросмыслов және т.б.).
90 сұрақ. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғас. басындағы Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жәдид мектептерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
ХХ ғасырдың басында дәстүрлі мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырмады. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдидшілер болды. ХХ ғасырдың бас кезінен жаңа әдісті мектептер қалыптаса бастады. Мұсылман балаларын хат танытуда дыбыстың жүйеге негізделген әдіс қолданылды.
Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері Исмаил Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі «Ахмет Риза» медресесінде жаңа әдістемелік оқыту методикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді
панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.
Жәдидшілер «Ресей мұсылман ағартушылары мектепті реформалауды, бұқараны ағартуды халықты қараңғылық пен теңсіздіктен құтқару жолы деп түсінді» дейді. Алдыңғы қатардағы ұлттық интеллигенция орыс және еуропалық білім жүйесінің әсер етуімен діни қағидаттарды жаттату мен оларды түсіндіруді оқытудың негізі етіп алған ортағасырлық мектептерге қарсы шықты.
Жәдидтер оқытудың жаңа, дыбыстық әдісін ұсынды , сонымен қатар, мектепте діннен басқа, ана тілі мен әдебиетін, математиканы, тарихты, жағрафияны және басқа да дүнияуи (зайырлы) ғылымдарды оқытуды талап етті. Бұның бәрі бірден дәстүрлі мектептің жақтаушылары – қадымшылардың тарапынан қарсылық тудырды.
Субъективті тұрғыдан алғанда халықты ағарту, оны әлемдік мәдени жетістіктерге жеткізу ұлттық сана-сезімді оятуға және оны дамытуға қызмет етті. Жәдидтер өз халқын білімді, құлдықтан, рухани дағдарыстан еркін халық ретінде көргісі келді.
Жәдидтіктер Түркістанда, Бұхара мен Хиуада қысқа мерзім ішінде оқу және жазуға үйренуге мүмкіндік беретін жаңа әдісті мектептер ашып, жергілікті халықтың балаларын оқытуға кірісті. Бұл мектептерде тарих, арифметика, география, ана тілі және басқа да зайырлы пәндер оқытылды. Мұндай мектептер Ташкент, Әулие-ата, Шымкент, Ферғана, Қоқан, Бішкек және Алматыда кең тараған. Жыл өткен сайын жәдидтік мектептер көбейіп, 1905 жылға дейін тек Түркістан өңірінде ғана жәдидтік мектептер саны 35-ке жеткен.
Түркістандық, бұхарлық жәдидтер Ресей империясының шығыс аудандарынан, сондай-ақ Түркия, Ауғанстан, Үндістан сияқты шектес елдерден де ұдайы газет-журналдар алып отырды. Олар осы әдебиеттермен өлке халықтарын таныстырды. Бұл басылымдарда басылған мақалалар сол кездегі ғылым, философия, саяси экономика, халықаралық құқық хақында, қалалық өзін-өзі басқару, тағы басқалар туралы жалпы түсінік берді. Сөйтіп, түркістандық оқырмандардың қоғамның жаңалықтары мен жаңа құбылыстарын түсінуіне жол ашты.
Жаңа білім беру жүйесін енгізушілердің бұл әрекеттері отаршыл үкіметті шошындырып, үкіметтің жергілікті билік органдары жәдидшілдерге қарсы бақылау әрекеттерін күшейтті.
91 сурак
| «Күштеп ұжымдастыру саясаты тарихи қалыптасқан ұлттық көшпелі өркениеттің негіздерін жойды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. 927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. |
| «Қазақ хандығындағы саяси-құқықтық заңдар мемлекеттің саяси жүйесін нығайтып, қоғамдық қатынастарды реттеуде маңызды орын алды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан хандық құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер: мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң (қосын жасақтау, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері). |