Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2368
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| «Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының алғашқы ағартушы-ғалымы». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. Шоқан Уәлиханұлы – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған. Шоқан – әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды жақсы көрді. Шоқан Уәлиханұлы 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. 2-3 жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында-ақ болашақ ғалым деп білген. Шоқан Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқы ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинаған. Ш. Уәлиханұлының ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында 22 жасында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Потанин Шоқанды «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деген. 1856 жылы Ш. Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар болды. 1857 жылы Шоқан Уәлиханұлы Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш. Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі болып саналатын ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. Оның «Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болды. Шығыс Түркістандағы Қашғария еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп Қашғарияны жан-жақты зерттеп қайтты. Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты. |