Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2363
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№1 сұрақ жауабы:
«Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз.
Иә, бұл пікірмен мен толықтай келісемін. Оған бірнеше дәлел келтірейін: Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылды. Ол этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіретін институт болып табылады.
Республикамызды мекендейтін этникалық топтарды біріктірудің сара жолы ҚХА болып саналды. Әлемде теңдесі жоқ жаңа құрылымды ұйымдастыру аймақтарда кіші Ассамблеялар құрудан басталды. Мақсаты: республикадағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету,
2008 жылы ҚХА туралы Заң қабылданды. Сонымен, ҚХА негізгі міндеттері: Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталады; Ассамблея ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі; Бұл қоғамдық құрылым мемлекеттік тілді және Қазақстан диаспораларының ана тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсетеді.
Қазіргі таңда ҚХА 23 республикалық және 470-тен астам ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын қосып, «Достықтың инфрақұрылымына» айналды
ҚХА құнды тәжірибесі әлемдік тәжірибеге енгізіліп, жоғары бағасын алды. Бұл еліміздің абыройын асқақтатып отыр. ҚХА тәжірибесін ТМД елдері қолданып отыр. Халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан: «Қазақстан барлық мемлекеттер үшін тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің үлгісі болып табылады» деп атап айтты.
№ 2 сұрақ жауабы:
«Алаш» партиясының құрылуы – қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы ең маңызды қадам». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә,бұл пікірмен келісемін,себебі Алаш қозғалысының қалыптасуының өзі халықтың мыңдаған жылдық мемлекеттілігінің дәстүрін жаңғырту үшін күрес жолындағы маңызды кезең болды.
Алаш партиясының құрылуының ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихындағы ең маңызды қадамдарының бір дәлелі ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды тізбектеп айта аламыз.Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы Жоламан Тіленшіұлы, Есет батыр, Досан Тәжіұлы бастаған көтерілістер және қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға ықпал еткен 1916 ж ұлт-азаттық көтерілісті айтсақ болады.Ұлт-азаттығы жолындағы күресте қазақтың оқыған,халық мүддесі үшін бар күш-жігерін аямаған азаматтар алға шықты.ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы ұлтты азаттыққа бастады. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан біржолата жойылып кетпеуі үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады.
ХХғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі –Алаш партиясының құрылуы, Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. 1905-1907 жылғы оқиғалар,Бірінші дүниежүзілік соғыс,Ақпан және Қазан революциялары сияқты ірі тарихи бетбұрыстар қазақ халқының қоғамдық-саяси санасының оянуына ерекше серпін,қуат берді.Революция қазақтарға қантөгіссіз патша үкіметі қанауынан азаттық әкелді,өзін-өзі басқару үмітін оятты.Осындай жағдайда ұлттық элита саяси партия құру туралы шешім қабылдады.1917ж шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ сьезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. «Алаш» партиясы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бағдарлама әзірлеген тұңғыш саяси ұйым болды.. Алаш партиясы халықтың игілігі үшін құрылды және де саяси ағымы ретінде либерал-демократиялық бағытты ұстанды. Партияның көшбасшылары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы т.б ұлт зиялылары еді.Олар қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды.
Алаш қайраткерлерінің түпкі мақсаты,ең алдымен,ұлттық автономияға қол жеткізу,одан кейін толық тәуелсіз мемлекет құру еді.Қазақстан 1920 ж автономиялық республика,1936ж –одақтас республика,1991ж тәуелсіз мемлекетке айналды. Алаш идеясы Қазақстан азаматтарының бірігу,болашаққа жылжудың айқын бағыты,бірлігімізді бекемдей түсетін ұлы жол деп білуіміз керек.
3-сұрақ:«Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтарын сипаттаңыз.
Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, ХІХ ғасырдан бастап отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, халықтың қасіретін жырлаған ағым пайда болды. Оған себеп: қазақ даласында әскери бекіністер мен округтік орталықтарының салынуы, Кіші және Орта жүз қазақтары ежелден бері көшіп-қонып жүрген бірқатар жерлерінен қуып шығарылуы, көші-қон жүйесін бұзылуы секілді тағы басқа мәселелер мысал болады. Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Бір кездегі дамыған көшпелі малшаруашылығы тұйыққа тіреліп,күрт құлдырай бастады. Бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, отаршылдық биліктің орнауы ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармашылығында басты тақырыпқа айналды. Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен теңеді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады. Олар отаршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға, салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.Олардың шығармаларында өткен заманды аңсау, келер күннен үмітінің жоқтығы, отаршылдардың озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді.
. ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Олар «Зар заман» дәуірінің ақындары аталды.
Дулат Бабатайұлы. Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. 1822–1824 жылдары хандық биліктің жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістер кезіндегі қазақтың ауыр жағдайын «О, Сарыарқа, Сарыарқа» атты өлеңінде суреттейді, халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырлайды. Дулат Бабатайұлы «Кеңесбайға», «Бараққа» деген өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтады.
Шортанбай Қанайұлы-Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген. «Зар заман» атты өлеңінде қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшыраған сырын ашып, кедей және байға жіктелудің күшейгені туралы айтады. Ел ішінде кең таралған осы өлеңнен бастап, олар «Зар заман» ақындары ретінде таныла бастады. «Билер, пара жемеңдер» деген өлеңінде ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді жырға қосып, төрелік айтатын билердің парақорлық қылықтарын айыптады. Мұрат Мөңкеұлы. Ақын «Қазтуған», «Үш қиян» жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтардың жерінен айырылғанына қатты күйінді. .
№ 4 сұрақ жауабы.
«Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев қазақстандық академиялық ғылымның дамуына зор үлес қосты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик
Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. , «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.
Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше.
№5 сұрақ:
«Жаһандану дәуірінде мәдени-генетикалық код сақталмаса, мәдениетіміз құлдырап, ұлттық ерекшеліктерімізден айрылуымыз мүмкін». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Жауабы:
Мәдени-генетикалық код дегеніміз не соған тоқталайық. Яғни, этнос (ұлт) мүшелерінің арасындағы ерекше өзара байланыстар. Бұл биологиялық өзара байланыс, тарихи өзара байланыс және әлеуметтік өзара байланыс болып табылады. Өткен дүние туралы түсініктер өзгеруі мүмкін. Мысалы: Кеңестік уақытта көптеген халықтың дәстерлері, мәдениеті, тілі ұмытыла бастады. Өз этносының мәдениетімен өткенін жақтырмауы мәдени-генетикалық кодтың бұзылуымен байласнысты және ұлттық нигилизмге – этникалық тегінің құндылықтарын жоққа шығаруға өз этносын төмен бағалауға әкеледі.
. Мәдени-генетикалық кодты сақтау үшін тілдің маңызы өте зор. Тіл мәдениетпен тығыз байланысты, оның ажырамас бөлігі. Тіл – мәдениеттің ірге тасы. Тіл өзіне этно мәдени ақпаратты жинақтайды және сақтайды. ХХ ғасыр жаңғарту, индустрияландыру, революциялық қайта құру ғасырлары болды. Технократиялық жаңғырту қазақ мәденеті мен тілі жойылып кете жаздады. Ұрпақтар сабақтастығы үзіліп мәдени-генетикалық кодты жоғалту қатерін төндірді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мәдениетке басымдылық берілді.
Қорытындылай келе, мәдени-генетикалық код – этностың ұлт немесе өркениеттің негізі. Бұл рухани ұғымдар және дәстүрлер. Олар тілмен нышандардың көмегімен адамдарды көрінбейтін жіппен байланыстыра отырып, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мәдени-генетикалық кодтың бұзылуы этносқа жойылу қатерін төндіретін қауіпті салдарға әкеледі.
6 сұраққа жауап.
«Қазақ КСР-нің құрылуы – мемлекеттілікті қалпына келтірудегі алғашқы қадам». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
ана файлда
№7 сұрақ жауабы
«ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер еңгізілді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. ана файлда бар
Жауабы:
«ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер еңгізілді деген пікірмен келісемін. Жауабымды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріп өтейін: