Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2365

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1919 жылы «сауатсыздықты жою туралы» жарғысы шықты. Сауатсыздықты жою мен ағартудың негізгі ошағы – қызыл отау болды.

1920-1921 жылдары Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пунктерінде 70 мыңдай адам оқыды. 1924 жылы сәуірде «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылды.

1920-21 жылы Қазақстанда 2410 мектеп жұмыс істеді

ХХ ғасырдың 20 жылдары Қаззақстанның бастауыш және орта мектептерін арналған оқулықтар жарыққа шықты. Ә.Бөкейханның «География» оқулығы, С.Асфендиярофтың «Қазақстан тарихы» оқулығы, М.Дулатұлының хрестоматия оқулығы, Қ.Сәтбаев алгебра оқулығын құрастырды

1929 жылға дейін араб, 1929 жылы латын жазуына, ал 1940 жылы кирил әліпбиіне көшті.

1920 жылдардың соңында республикада маман кадрларды 24 техникум дайындады. Жоғары білімді мамандар Мәскеуде, Ленинградта, Ташкентте оқып, білім алды.

Орал, Семей, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент пен Қостанайда педагогикалық мұғалімдер институттар ашылды. 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. 1932 жылы КСРО ҒА –ның қазақстандық базасы құрылды. Төрағасы болып академик, түрік танушы А.Н. Самойлович болды.

С.А.Асфендияров 1935 жылы жарық көрген көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақстан тарихының» І бөлімін жазып шықты. Қазақ тіл білімінің дамуында профессор Қ.Жұбанов жетекші рөл атқарды
8сұрақ жауабы:
«ХХ ғасырдың 20-80 жылдардағы урбанизация Қазақстанның мәдени дамуына қуатты серпін берді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.








«Қазақ халқының этногенезіне түркітілдес тайпалардың Ұлы қоныс аударуы үлкен өзгерістер әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.

Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңінің бастауы ғұндармен байланысты . Зерттеушілердің көпшілігі ғұндарды түркі тілдестер деп есептейді..

ғұндар б.з.б. III ғасырда көшпелілердің үлкен империясын құрды. Юэчжилерді ығыстырып,олар Солтүстік-Батыс Қытай аумағын иеленді. Ол жерден ғұндардың жасақтары қазіргі Қазақстан аумағына еніп, жергілікті тайпалармен соғыса бастады

Ғұндардың ұлы қоныс аударуы Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларға қалай әсер етті?

Ғұн дәуірінде жергілікті халықтардың түркіленуі басталды.

Жергілікті сақ,қаңлы тайпалары шығыстан батысқа қарай жылжып, тарихи мекендерін ауыстыра бастады.

Тайпалардың бет-бейнесі өзгеріске ұшырады.

Түркі тілінің таралуын күшейтті .

10 сұрақ.

«Қазақ хандығында Ұлы Даланың көшпелілер империяларымен мемлекеттік құрылыс сабақтастығы сақталды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.

Бұл пікірмен толықтай келісемін,

1 дәлел ретінде Көшпелі қоғам өзіне тән ұйымдасуы, , көшпелі қоғамның күрделі қатынастарға негізделген әлеуметтік ұйым болғанын көреміз. Көшудің басты шарттары және оның бағыттары мен тәсілдері ертеден қалыптасып әдеттік-құқықтық қатынастарда орын алған. Көшіп-қону маршруты ғасырлар бойы қалыптасып, өзгермейтін түрге енді. Ол шаруашылықты ұйымдастырудағы басты заңдылық болды. Көшіп-қону дәстүрі қатаң сақталып отырды. .

Қазақ хандығының құрылуында Әбілхайырдың саясатына қарсы Жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың өзінің көшіп-қону бағытын өзгерткені белгілі. Мұндай саяси қарсылықтар көшу арқылы шешілгенін Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты

Келесі дәлел ретінде жоғары билікке келу жолы көшпелілер арасында аса қиын болды. Себебі оның генеологиясы мен қатар жеке басының қабілетінің ықпалы орасан болды. Сондықтан билікке барлық жағынан мәртебесі жоғары билеуші келді. Дала билеушілерін біз жас күнінде мұрагерліктің жолымен емес, саяси ахуалға сай іс-қимыл жасай білген, әскери қолбасшылығы арқылы танылған немесе Мөде сияқты «ысқырғыш жебелерді» ойлап тауып, оны өзінің әскери жорықтарында тиімді пайдалану арқылы билікті өз қолына алғандығын көреміз.



Әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысхан билік үшін күресте өмірлік тәжірибесін тиімді пайдаланды. Достықты, одақтастықты бәрін билік жолында қолданды.

Қазақ ордасының мемлекеттік өрлеуі Қасым хан тұсына келеді. Мемлекеттің қалыптсауындағы демографиялық фактор да, Қасым ханның есімімен байланысты. Кең байтақ аумақта қоныстанған далалықтардың билеушісі ретінде ол қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу үдерісін жүзеге асырды. Сонымен қатар бұл кезең қазақ елінің өзнің құқықтық негізінің орныққан тұсы. Қасым хан жоғары билігін заң қабылдау арқылы нығайтты.

Қасым ханның Мөде, Бумын қаған, Шыңғыс хан сияқты ел ішіндегі беделінің өсуі бойындағы жеке қабілеті ретінде қарастырған жөн.


11 сұрақ -

«Қазақстандағы білім беру жобалары еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.

ХХІ ғасырдың басында Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамсыз ету жоғары техникалық және басқару құзіреттілігі бар кәсіби мамандар дайындау қажеттігін туғызды. 2008 ж дарынды балаларға арнлаған «Зияткерлік мектептер» жобасы қосылды, 2011 ж қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептеі» туралы ҚР заңы қабылданды. НИШ мектептерінің міндеті-орта білім берудің қазақстандық озық дәстүрлері мен халықаралық үздік тәжірибелерді есепке ала отырып, көптілділік жүйені енгізу арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету.

Мектептің ерекшелігі 3 тілде сабақ беру, сабақан тыс қызметті өздігінен жүргізу болып табылады. 3 тілде оқу барысында оқушылар икемділік, сыни және шығармашылық ойдау дағдыларын дамытады.

Техникалық кәсіптік саланы дамыту үшін білім беру мпен жұмыс берушілердің серіктестік ретінде бірлескен Дуальды оқыту жүйесі енгізілді. Оның ерекшелігі-кәсіптік оқыту үдерісінің 80 пайызы базалық кәсіпоорында өтеді. 2015 ж Германия, Канада, Сингапур және баска елдерме бірлескен оқу орталықтарын ашу арқылы Техниалық және кәсіптік білім жүйесін жетілдіру міндеті қойылған.

2010 ж Қазақстан БОЛОН декларациясыга қосылып, отандық білім беруді халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік берді.

1993 ж ҚР тұңғыш президенті-Елбасының «Болашақ» халықаралық стипендиясы қаулысы бектілді. Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастар толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алуға мүмкіндік туды. «Болашақ» стипендиаттары ағылшын тілінде білім алады. Себебі ағылшын тілі арқылы әлемнің көптеген елдерімен тікелей қарым-қатынас орнатуға, озық ілім-білімді, жаға технологияларды иегруге болады. Болашақ стипендиаттары елден тыс жерде оқып, республиканың оң имиджін қалыптастыруға үлкен септігін тигізуде. Бұл жоба қоғамның ұлттық, зияткерлік зиялыларын қалыптастырдаы.
12 сұрақ
Қазақстан Еуразияның дінаралық диалог алаңына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә, бұл пікірмен мен келісемін. Қазақстанда этностар мен діндердің арасында берік қатынас үлгісі қалыптасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім ахуалына негіз болды.


Дін саласы бойынша мемлекеттің негізгі саясаты - конфессиялардың рухани рөлін құрметтеу.Сонымен қатар мемлекеттік- конфессиялық қатынастар бойынша мемлекет саясатындағы негізгі басымдық Қазақстан Конституциясы кепілдік берген әрбір азаматтың ар-ұждан бостандығы мен құқығын қамтамасыз ету және олардың ұлттық заңдардан

Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде бүгінгі таңдағы ислам өркениетінің бөлінбес бір бөлшегі. 2011 жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі біздің еліміздің ислам әлеміндегі маңызды орнын көрсетеді

Қазақстан астанасында өткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің рөлі мен маңызы.

Қазақстан Республикасының конфессияаралық қатынастар бойынша жүргізіп отырған саясаты Қазақстан мемлекеттілігі дамуының заманауи жаһандық үдерістермен астаса жүріп жатқандығын ескере отырып құрылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының І съезі болды. . Қазір бұл шара дәстүрге айналып, әр үш жыл сайын Бейбітшілік және келісім сарайында тұрақты түрде өтіп келеді. .
13 сұрақ «Қазақстан мәдениеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы әлемге танылуда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Бұл пікірмен толықтай келісемін, Қазақстан мәдениеті халықаралық деңгейде алға жылжуда. Оған дәлел дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологиясын паш ететін қазақ даласынан алтын адамның табылуы – көне тарихты қайта түлетіп, әлемдік археологияны жаңа арнаға бұрды. Көшпенділер өркениетінің зор жетістігі қасаң түсініктер мен жалған пайымдарды біржола өзгертті. Қазақ тарихы жаңа өріс алып, ғылыми тұрғыда қайта зерделене бастады. Еліміздің әр түкпірінен табылған «алтын адамдар» шоғырын әлем жұртшылығына таныстырып, ұлы дала өркениетінің бай мұрасын насихат ету мақсатында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме-жобасы қолға алынып, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы музейлерінде ұйымдастырылды. Әлем жұртшылығының көшпелілер өркениетіне қызығушылығы артып, жоғары бағасын берді