Файл: Білім беру йымдарында аморшылы кеесті жмысын йымдастыру жне оны сайлау тртібіні лгілік аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 117

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.


5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату


      33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:



      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;



      2) ТжКБ ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;



      3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;



      4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.



      34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:



      1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);



      2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 355 бұйрығына
4-қосымша

Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі


      Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер


      1. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі –Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.




      2. Қамқоршылық кеңес балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымын (бұдан әрі – Мектептен тыс ұйым) басқарудың алқалы органы ретінде оның дамуына жәрдемдесетін және мектептен тыс ұйымның қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:



      1) тәуелсіздік;



      2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;



      3) еріктілік;



      4) ашықтық;



      5) жариялылық пен шынайылық.



      3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:



      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;



      2) өз қызметін мектептен тыс ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.


2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі


      4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды.



      Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.



      5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.



      Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.



      6. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.



      Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.




      7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.



      Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.



      8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.



      Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.



      9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:



      1) өтінім (еркін түрде);



      2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;



      3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;



      4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);



      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.



      Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.



      10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:



      1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;



      2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;




      3) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;



      4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;



      5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;



      6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;



      7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.



      11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсына алады.



      Ата-аналар қауымдастығынан үміткерлердің тізімі (әрбір жас тобынан осы мектептен тыс ұйымдағы білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.



      12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде кандидаттар ұсынған құжаттарды қарайды, кандидаттың осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.



      Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.



      13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және мектептен тыс ұйымында орналастырылады.


3- тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары


      14. Мектептен тыс ұйымының Қамқоршылық кеңесі:



      1) мектептен тыс ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;



      2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектептен тыс ұйымның жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;



      3) мектептен тыс Ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;




      4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;



      5) мектептен тыс ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады және демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдаланудың бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде оның нысаналы жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;



      6) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;



      7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың, тамақтану сапасының, ауыз су режимінің сақталуына, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;



      8) мектептен тыс ұйым басшысының мектептен тыс ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;



      9) қиын өмірлік жағдайға тап болған білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектептен тыс ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;



      10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;



      11) мектептен тыс ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;



      12) білім алушыларына және ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектептен тыс ұйымның оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;



      13) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;



      14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;