ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.09.2021
Просмотров: 569
Скачиваний: 4
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
Тақырыбы:
«Операциондық
жүйе және программалау жүйесі. MS DOS. NC,
Far Manadger қауашық программасы»
Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырушы: Омарбекова Н.К
Қарағанды, 2011
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ ____ Хаттама «____»______ 2010 ж.
Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.
ТАҚЫРЫБЫ: «Операциондық жүйе және программалау жүйесі. MS DOS. NC, Far Manadger, Total Commander қауашық программасы»
МАҚСАТЫ: Программалық жабдықтаудың негізгі категориялар мен олардың тағайындалуын оқу.
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:
-
Программалардың негізгі категорияларын білу керек;
-
Программалау жүйелерінің тағайындалуын білу керек;
-
Қолданбалы программалардың тағайындалуын білу керек;
-
Операциондық жүйелердің тағайындалуын, классификациясын, есептерін білу керек;
-
Қауашық программалар түрлерін, негізгі функцияларын білу керек;
-
Файлдық жүйенің ұйымдастырылу принциптерін білу керек;
-
МS DOS ортасында жұмыс істеу;
-
NC-да файлдар мен папкалармен жұмыс істеу;
-
Far Manager-де файлдар мен папкалармен жұмыс істеу.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
-
Программалық жабдықтаудың тағайындалуы, негізгі категориялары, мысалдары.
-
Программалау жүйелерінің негізгі түрлері, мысалдары.
-
«Қолданбалы программалар», «қолданбалы программалар пакеті» деген түсініктері, мысалдары.
-
Жүйелік программалар категориясы, олардың тағайындалуы.
-
Операциондық жүйелер классификациясы, мысалдары.
-
Операциондық жүйенің негізгі компоненттері.
-
Операциондық жүйенің функциялары.
-
MS DOS операциондық жүйесі, негізнгі модульдері, интерфейсі, негізгі функциялары және командалары.
-
Файлдық жүйенің ұйымдастырылуы, файл, папка (каталог), файлдар орналастыру кестесі түсініктері.
-
Дискілердің физикалық және логикалық құрылымы.
-
NC қауашық программасы, функциялары, интерфейсі, негізгі командалары.
-
Far Manager, Total Commander қауашық программасы, функциялары, интерфейсі, негізгі командалары.
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:
Сұхбат.
Практикалық тапсырманы орындау.
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.
-
Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.
-
30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.
-
Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.
БАҚЫЛАУ:
-
Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.
-
Келесі сұрақтар бойынша сұрау:
-
Бағдарламалық жабдықтау дегеніміз не?
-
Бағдарламалық жабдықтау қандай негізгі категорияларға бөлінеді?
-
Программалау жүйелерінің қызметі қандай? Бағдарламаларға мысалдар келтіріңіз.
-
Қолданбалы бағдарламалар қандай қызмет атқарады? Қолданбалы бағдарламалардың пакеттері? Мысалдар келтіріңіз.
-
Қандай бағдарламалар жүйелік бағдарламаларға жатады? Олар қандай қызмет атқарады?
-
Операционды жүйе дегеніміз не? Ол қандай қызметтер атқарады?
-
Операционды жүйенің жіктелулері, мысалдар келтіріңіз.
-
Операционды жүйе қандай негізгі компоненттерден тұрады?
-
MS DOS қызметтерін сипаттаңыз, оның интерфейсі.
-
MS DOS құрамына қандай негізгі модульдер кіреді?
-
Файлдық жүйе дегеніміз не?
-
Файл дегеніміз не?
-
Файлдың негізгі мінездемелерін атаңыз.
-
Файлдың аты қандай бөлімдерден тұрады? Файлдың атында қандай символдарды қолдануға болмайды?
-
Сіз қандай кең тараған файл кеңейтілулерін білесіз?
-
Папка (каталог) дегеніміз не?
-
Иерархиялық файлдық құрылым қалай ұйымдастырылған? Мысал келтіріңіз.
-
Объектке қол жеткізу жолын не құрады?
-
Файлдарды орналастыру кестесі (FAT) дегеніміз не?
-
Дисктің физикалық және логикалық құрылымдары түсініктеріне анықтама беріңіз.
-
Файлдар қайда сақталады, файлдарды жазу қалай жүзеге асырылады?
-
Қауашық-бағдарламалар қандай қызмет атқарады?
-
Total Commander қауашық-бағдарламасының қызметі мен интерфейсін сипаттаңыз.
-
Total Commander-да көлденең менюді қалай шақыру керек?
-
Total Commander-дағы ақпарат панелі нені көрсетеді? Оны қалай қосу керек?
-
Total Commander-дағы папкалар Ағашы панелі нені көрсетеді? Total Commander-да папкалар ағашын қалай ашады?
-
Total Commander-дағы тез көру панелі нені көрсетеді? Total Commander-да тез көру панелін қалай ашу керек?
-
Total Commander-да объекттердің көшірмесін алу қалай жүзеге асырылады?
-
Total Commander-да объекттердің орнын ауыстыру қалай жүзеге асырылады?
-
Total Commander-да жаңадан папка ашу қалай жүзеге асады?
-
Total Commander-да мәтіндік файлдың жасалуы және түзетілуі қалай жүзеге асырылады?
-
Total Commander-да объекттерді өшіру қалай жүзеге асырылады?
-
Total Commander-да топтық ерекшелеу қалай жүзеге асырылады?
-
Total Commander-да көмекті қалай шақырады?
-
Total Commander-да интерфейс тілін қалай өзгертеді?
-
Практикалық тапсырмаларды орындау:
№1 нұсқа
1. Total commander-ді іске қосу
2. Компьютер экранына қарап үш өзіндік бөлімді ерекшелеңіз:
-негізгі панельдер;
-операциондық қабықтың шақыруы бар жолын;
- F1, F2......F 10 функционалдық пернелерінің тағайындауы бар жолын.
3. Әрбір панельдің атауын (загаловок) анықтаңыз. Қай панель ағымдық болып табылады? Tab пернесі немесе ТСК (тышқанның сол жақ кнопкасы) көмегімен бір панельден басқасына, осылайша ағымдық панельді өзгерте отырып, ауысыңыз.
4. Ағымдық панельде каталогтардың атын табыңыз. Атына курсор орналастырылған каталогты табыңыз. Ол жайлы мәліметтерді панельдің төменгі бөлігінен қараңыз: құрастыру күні мен уақытын. Бұл жол мини-статус (қалып жолы) деп аталады.
5. Ағымдық панельден файлдардың аттарын табыңыз. Атына курсор орналастырылған файлды табыңыз. Ол жайлы мәліметтерді панельдің төменгі бөлігінен қараңыз: құрастыру күні мен уақытын, файлдың көлемін (байтпен).
6. Каталогтың құрамын көру үшін оның атына курсорды орналастырыңыз. ENTER немесе ТСК пернелерін бассаңыз, панельде каталогтың құрамы шығады: файлдар және каталогтар (егер бар болса). Панельдің атауына назар аударыңыз: онда таңдалған каталогтың аты көрсетіледі, ал панельдің бірінші жолында – екі нүкте.
7. Бастапқы каталогқа қайтып оралу үшін курсорды панельдің екі нүктесі бар бірінші жолына орналастырып, ENTER немесе ТСК пернелерін басыңыз. Экранда панельдің бастапқы қалпы пайда болады.
8. F9 функционалдық батырмасының көмегімен ТС менюімен танысыңыз.
9. Файлдар жайлы қысқа және толық мәліметті көрсетіңіз.
10. Файлдарды атымен, сосын типі бойынша сұрыптаңыз.
11. «С» дискін сол жақ панельге тағайындаңыз.
12. «D» дискін сол жақ панельге тағайындаңыз.
13. Функционалдық пернелердің тағайындалуын оқып-біліңіз.
14. С дискінде: өз тобыңызға каталог ашыңыз.
15. Өз тобыңыздың каталогына кіріңіз.
16. «HELLO, WORLD!» деген мәтіні бар PRIMER.ТXТ файлын құрыңыз. Сақтаңыз. Редактордан шығыңыз.
17. PRIMER.TXT файлының құрамын қарап шығыңыз.
18. Оның жолына «Мy name is _________» деп қосымша жаза отырып, PRIMER.TXT файлын өзгертіңіз.
19. Өзгертулерді сақтаңыз.
20. PRIMER.TXT файлының құрамын қарап шығыңыз.
21. PRIMER.TXT файлының атын EXAMPLE.TXT деп өзгертіңіз. Жаңа EXAMPLE.ТХТ файлының бар екендігіне және ескі PRIMER. ТХТ файлының жоқтығына көз жеткізіңіз.
22. EXAMPLE.TXT файлының атын EXAMPLE.DOC файлына өзгертіңіз.
23. Өзіңіздің директорияңызда PRIMER атты каталог құрыңыз. PRIMER каталогының құрылғандығына көз жеткізіңіз.
24. Курсорды PRIMER каталогының атына орналастырып, «Enter» пернесін немесе ТСК басыңыз. Каталогтың құрамы пайда болады, ол бос болады (екі нүкте мұның түбірлі каталог еместігіне нұсқайды).
25. RIMER. ТХТ файлын PRIMER каталогына көшіріп алыңыз. PRIMER.TXT файлының PRIMER каталогына көшірілгеніне көз жеткізіңіз.
26. PRIM1.TXТ. PRIM2.TXT, PRIM3.TXT, PRIM4.TXT, PRIM5.TXT файлдарын құрыңыз. Құралған файл топтарын қызыл түспен ерекшелеңіз.
27. PRIM2.TXT және PRIM3.TXT файлдарының атынан түсті шешіңіз.
28. PRIM2.TXT, РRIM3.TXT файлдарын қайтадан топқа қосыңыз.
29. Ерекшеленген файлдарды PRIMER каталогына көшіріңіз.
30. PRIM1.TXT және PRIM2.TXT файлдарын өшіріңіз. Ағымдық каталогта өшірілген файлдардың аттарының жоқтығына көз жеткізіңіз
31. PRIM.3.TXT, РRIM4.ТХТ, PRIM5.ТХТ файлдарын ерекшелеңіз.
32. Ерекшеленген файл топтарын өшіріңіз. Ағымдық каталогта өшірілген файлдардың аттарының жоқтығына көз жеткізіңіз
33. PRIMER каталогын өшіріңіз. Total Commander-дан шығыңыз.
№2 нұсқа
1. Қауашық-бағдарлама TC-ды іске қосыңыз. Оң жақ панельге диск атауын, шығарыңыз.
3. Экраннан алып тастаңыз, сосын ретімен сол және оң жақ панельдерді қалпына келтіріңіз. Экраннан алып тастаңыз, сосын екі панельді де бір уақытта қалпына келтіріңіз.
4. Оң жақ панель үшін каталогтар мен файладар тізімін толық корсету режимін қойыңыз. Бір панельден екіншісіне және керісінше ауысып көріңіз.
5. С: дискындағы барлық каталогтар мен подкаталогтардың атауларын ретпен қарап шығыңыз.
6. Сол жақ панельге өз каталогыңыздың мазмұнын шығарып, бұл панельді белсенді етіңіз.
7. Өз каталогыңызда SUBDIR және SUBWORK подкаталогтарын құрыңыз.
8. SUBDIR подкаталогында «Переход на другую панель - TAB» деген мәтіні бар NOTE,TXT файлын құрыңыз.
9. NOTE.ТХТ файлын SUBWORK каталогына көшіріңіз.
10. SUDIR-ға «Убрать панели – комбинация клавиш », «Оглавление другого диска -Alt +F1 «Печать на принтер- F5, PRN» деген мәтіндері бар FILE1.TXT, FILE2.txt, FILE3.txt файлдарын құрыңыз.
11. Бұл файлдарды SUBWORK подкаталогына көшіріңіз (тобымен).
12. FILEl.txt файлының атын FILE.doc деп өзгертіңіз.
13. FILE2.txt және FILE3.txt файлдарын сәйкес файлдарға doс кеңейтуімен өзгертіңіз (тобымен).
14. NOTE.txt-ны қарап шығыңыз. NOTE.txt-ны редакциялаңыз.
15. Түпкі (негізгі) каталогқа ауысыңыз. Схема бойынша каталог пен файл құрыңыз. STR.TXT файлының құрамында сүйікті жазушының фамилиясы мен шығарма аты кіреді.
Өзіндік жұмыс
1-тапсырма.
Total Commander-ді іске қосыңыз.
-
С дискында «Студенты» папкасын құрыңыз. (С дискына шығу үшін тышқанның немесе курсорды бақылау пернелерінің көмегімен курсорды екі нүкте тұрған панельдің жоғарғы жолына қойып, Enter-ді басу керек).
-
«Студенты» папкасында өз факультетіңіздің папкасын құрыңыз, мысалы «Лечебный_факультет» папкасын.
-
Факультет папкасында өз тобыңыздың папкасын құрыңыз, мысалы «101».
2-тапсырма.
-
Өз тобыңыздың папкасында «Список группы» атты мәтіндік файл құраңыз.
-
Бұл файлды ашып, өз тобыңыздың тізімін, туған жылдары және мекен-жайларымен бірге енгізіңіз. F2-ні басу арқылы құрылған файлды сақтаңыз.
3-тапсырма.
-
Өз тобыңыздың папкасында «123» папкасын құрыңыз және оған «Список группы» файлын көшіріңіз.
-
Берілген файлдың атын «Спгр_123» деп өзгертіңіз.
-
«Спгр_123» файлын «123» папкасынан өз тобыңыздың папкасына ауыстырыңыз.
-
«Список группы» файлын өшіріңіз.
-
Файлдармен операция кезінде бір уақытта екі панельді де қолданыңыз.