ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.09.2021
Просмотров: 574
Скачиваний: 4
Клавиатуралық үйлесімдер
F1 |
Көмек. |
F2 |
Панель құрамын жаңарту. |
F3 |
Файлдарды қарау (қарау әдістері мен объекттері күйге келтіруде (настройки) беріледі. |
F4 |
Файлдарды түзету. |
F5 |
Файлдарды көшіру. |
F6 |
Файлдардың атын өзгерту/орнын ауыстыру. |
F7 |
Жаңадан каталог ашу. |
F8 |
Файлдарды өшіру. |
F9 |
Ағымдық панель үстінен менюді активті ету (сәйкесінше, шеткі сол жақтағы немесе шеткі оң жақтағы). |
F10 |
Шеткі сол жақ менюді активті ету/сөндіру. |
ALT+F1 |
Сол жақ дискті таңдау. |
ALT+F2 |
Оң жақ дискті таңдау. |
ALT+F3 |
F3 үшін альтернативті берілген қарап шығушыны (просмотрщик) қолдану (сыртқы немесе ішкі). |
ALT+SHIFT+F3 |
Ішкі қарап шығушыны қосу және ондағы плагинсіз және графика мен мультимедияны өңдеудің мүмкіндіктері жоқ файлды ашу. |
ALT+F4 |
Шығу. |
ALT+F5 |
Таңдалған файлдарды жинақтау (упаковка). |
ALT+SHIFT+F5 |
Ағымдық файлдарды біртіндеп жоюмен файлдарды жинақтау. |
ALT+F6 |
Файлдарды босату (распаковка) ( Windows 9x-та жұмыс істемейді, онда ALT+F9-ды қолданыңыз!). |
ALT+F7 |
Іздеу. |
ALT+F8 |
Командалық жолдың тарихын ашу. |
ALT+F9 |
Файлдарды босату (әсіресе ALT+F істемейтін Windows 9x-та пайдалы). |
ALT+SHIFT+F9 |
Архивтерді тестілеу. |
ALT+F10 |
Ағымдық каталог ағашымен диалогтық терезені ашу. |
ALT+влево/вправо |
Ашылған каталогтардан алдыңғы/келесі каталогқа ауысу. |
ALT+вниз |
Алдында болган каталогтардың тарихын ашу (Web-браузердегі тарихқа ұқсас). |
SHIFT+F1 |
Колонкалардың қолданушылық жинағын таңдау. |
SHIFT+F2 |
Панельдерде файлдық тізімдерді салыстыру. |
SHIFT+F3 |
Тек курсор астындағы файлды қарап шығу (егер F3 бойынша ерекшеленген файлдарды ішкі көру орындалып жатса). |
SHIFT+F4 |
Жаңа мәтіндік файл жасау және оны редакторға жүктеу. |
SHIFT+F5 |
Файлды сол каталогқа көшіру (атын өзгертумен бірге). |
SHIFT+CTRL+F5 |
Ерекшеленген файлдар мен каталогтарға ярлыктар ашу (тек Windows 9x/NT-да). |
SHIFT+F6 |
Сол каталогта файлдың атын өзгерту. |
SHIFT+F8 |
Корзинаға салмай файлдарды өшіру. |
SHIFT+F10 |
Контексттік менюді көрсету. |
SHIFT+ESC |
Total Commander терезесін бүктеу. |
NUM + |
Топтың ерекшелеуін қосу. |
NUM - |
Топтың ерекшелеуін шешу.Снять выделение группы. |
NUM * |
Ерекшелеуді инвертациялау. |
NUM / |
Ерекшелеуді қалпына келтіру. |
CTRL+NUM + |
Барлығын ерекшелеу. |
CTRL+NUM - |
Барлық ерекшелеуді шешу. |
ALT+NUM + |
Берілген кеңейтілу бойынша ерекшелеу. |
ALT+NUM - |
Берілген кеңейтілу бойынша ерекшелеуді шешу. |
CTRL+PgUp или Backspace |
Бастапқы каталогқа көшу (cd .. командасына сәйкес келеді). |
CTRL+PgDn |
Каталог/архивті ашу (өздігінен босатылатын .EXE-архивтерін қоса). |
CTRL+\ |
Түбірлік каталогқа ауысу (американдық пернетақта). |
CTRL+< |
Түбірлік каталогқа ауысу (еуропалық пернетақталардың көбісі). |
CTRL+влево/вправо |
Каталог/архивті ашу және оны басқа панельде көрсету. Егер курсор каталог/архивтің атында орналаспаған болса, онда ағымдық каталог көрсетіледі. |
CTRL+F1 |
Файлдарды көрсетудің «қысқа» режимі (тек файлдардың аттары ғана). |
CTRL+SHIFT+F1 |
Эскиздерді көру (кішірейтілген суреттердің). |
CTRL+F2 |
Файлдарды көрсетудің «Толық» режимі (толық ақпарат). |
CTRL+SHIFT+F2 |
Комментарийлерді көрсету (жаңа комментарийлер Ctrl+Z көмегімен жасалады). |
CTRL+F3 |
Аты бойынша сұрыптау. |
CTRL+F4 |
Кеңейтілуі бойынша сұрыптау. |
CTRL+F5 |
Күні/уақыты бойынша сұрыптау. |
CTRL+F6 |
Көлемі бойынша сұрыптау. |
CTRL+F7 |
Сұрыптаусыз. |
CTRL+F8 |
Каталогтар ағашын көрсету. |
CTRL+F9 |
Курсор астындағы файлды ассоциацияланған бағдарлама көмегімен басып шығару. |
CTRL+F10 |
Барлық файлдарды көрсету. |
CTRL+F11 |
Тек бағдарламаларды көрсету. |
CTRL+F12 |
Файлдарды қолданушылық қалпына сәйкес көрсету. |
TAB |
Курсордың сол және оң жақ панельдер арасында ауысуы. |
Буква |
Курсор командалық жолға ауысады, әріп сонда басылады. |
DEL |
Файлдарды өшіру (F8 сияқты). |
SHIFT+DEL |
Удалить файлы, не помещая их в Корзину (то же, что и SHIFT+F8). |
INSERT |
Файлды немесе каталогты ерекшелеу. |
ПРОБЕЛ |
Файлды немесе каталогты ерекшелеу (INSERT сияқты). Егер ПРОБЕЛды қолдану кезінде курсор ерекшеленбеген каталогта болса, онда бұл каталогтың мазмұнының көлемі <DIR> жазбасының орнына «толық» режимде оқылады және көрсетіледі. Бұны 'Конфигурация' – 'Настройки' – 'Операции' – 'При выделении ПРОБЕЛом' күйлеу жолында өшіруге болады. |
ENTER |
Каталогты өзгерту / бағдарламаны іске қосу / ассоциацияланған бағдарламаны іске қосу / егер бос болмаса командалық жолды жүзеге асыру. Егер ағымдық каталог архивтің мазмұнын көрсетсе, жинақталған файл жайлы ақпарат беріледі. |
SHIFT+ENTER |
1. Командалық жолды орындау / курсор астындағы бағдарламаны command алдындағы / және бағдарлама терезесін ашық қалдыру. Егер noclose.pif сіздің Windows! 2 каталогыңызда болса ғана жұмыс істейді. Архив файлдарымен: альтернативті әрекетті қолдану (архиватор настройкаларында көрсетілгендерге кері): архивтерге кіру, <-> каталогтарына сияқты, ассоциацияланған бағдарламаны шақыру, мысалы, WinZip немесе Quinzip. |
ALT+SHIFT+ENTER |
Ағымдық каталогтардағы барлық подкаталогтардың мазмұны саналады. Кейін подкаталогтардың өлшемдері <DIR> жазбасы орнына «толық» режимде көрсетіледі. |
ALT+ENTER |
Қасиеттер диалогын көрсету. |
CTRL+A |
Барлығын ерекшелеу. |
CTRL+B |
Ағымдық каталог пен оның барлық подкаталогтарының мазмұнын бір тізімде көрсету. |
CTRL+C |
Файлдарды айырбастау буферіне көшіру (тек 32-биттік нұсқада). |
CTRL+D |
Таңдамалы каталогтар тізімін ашу («закладкалардың»). |
CTRL+F |
FTP-серверімен байланысу. |
CTRL+SHIFT+F |
FTP-серверінен ажырау. |
CTRL+I |
Тағайындау каталогына ауысу (TAB сияқты). |
CTRL+L |
Бос емес орында санау (таңдалған файлдар үшін). |
CTRL+M |
Топтық қолдану құрал-сайманы. |
CTRL+SHIFT+M |
FTP-беру режимін өзгерту. |
CTRL+N |
Жаңа FTP-қосылу (URL немесе узел адресін енгізіңіз). |
CTRL+P |
Ағымдық жолды командалық жолға көшіру. |
CTRL+Q |
Файлдық панель орнына тез қарап шығу панелін көрсету. |
CTRL+R |
Ағымдық панель мазмұнын жаңарту (F2 сияқты). |
CTRL+T |
Папканың жаңа қосымшасын ашу және оған өту. |
CTRL+SHIFT+T |
Папканың жаңа қосымшасын ашу, бірақ ағымдықта қалу. |
CTRL+U |
Панельдерді орындарымен ауыстыру (активті қосымшалар). |
CTRL+SHIFT+U |
Панельдерді орындарымен ауыстыру (барлық қосымшаларды). |
CTRL+V |
Файлдарды айырбастау буферінен ағымдық каталогқа орналастыру (тек 32-биттік нұсқада). |
CTRL+W |
Нақ осы сәтте активті қосымшаны жабу. |
CTRL+SHIFT+W |
Барлық ашық қосымшаларды жабу. |
CTRL+X |
Файлдарды айырбастау буферіне қию (32-биттік нұсқада). |
CTRL+Z |
Файлдарға комментарийлерді жасау/түзету. |
CTRL+вверх |
Жаңа қосымшада курсор астындағы каталог/архивті ашу. |
CTRL+SHIFT+вверх |
Жаңа қосымшада курсор астындағы каталог/архивті ашу (басқа панельде). |
CTRL+TAB |
Келесі қосымшаға өту. |
CTRL+SHIFT+TAB |
Алдыңғы қосымшаға өту. |
ALTGR+Буква(ы) или CTRL+ALT+Буква(ы) |
Ағымдық каталогтағы файл атын (көрсетілген әріптерден басталатын) тез іздеу. |
INSERT |
Файлдарды немесе каталогтарды қызыл түспен ерекшелеу. |
Қосымша материал
Операциондық қауашықтың мүмкіндіктері
Total Commander-дің (Far, WC және т.б.) іске қосылуы.
Total Commander-дің (Far, WC және т.б.) іске қосылуы «Пуск – Бағдарламалар» арқылы жүзеге асады. Total Commander (Far, WC және т.б.) іске қосылған соң экранның жоғарғы бөлігінде бағдарлама мәзірі және екі панель пайда болады. Интерфейс пен бағдарлама мәзірін мұқият оқып білу.
Total Commander панельдерінің мазмұны
Total Commander-дің әр панелінде көрінуі мүмкін:
-Дисктағы каталогтың аты. Панельдің жоғарғы жағында бұл каталогтың аты шығарылады;
-Дисктағы ағаштар каталогы. Панельдің жоғарғы жағында «Tree» шығарылады.
-Диск және каталог жайлы басқа панельдегі құрама мәлімет. Панельдің жоғарғы жағында «Info» шығарылады.
-Басқа панельде ерекшеленген файлдың мазмұны. Панельдің жоғарғы жағында «View» шығарылады.
Total Commander-дің панельдерін басқару үшін пернелердің келесі үйлесімдерін қолдануға болады:
Ctrl + O - Панельдерді экраннан алып тастау / панельдерді экранға шығару;
Ctrl + P - Панельдердің бірін экраннан алып тастау / панельді экранға шығару;
Ctrl + U - Панельдерді орындарымен ауыстыру;
Ctrl + F1 - Сол жақ панельді экраннан алып тастау / сол жақ панельді шығару;
Ctrl + F2 - Оң жақ панельді экраннан алып тастау / оң жақ панельді шығару;
Ctrl + B - Көлденең мәзірді көрінбейтін немесе қайта көрінетін ету;
Ctrl + L- Белсенсіз терезенің орнына шығару немесе қорытынды мәліметтерді алып тастау.
Файлдар мен каталогтардың көрінуі
Негізгі ереже: файлдардың аттары кішкентай әріптермен, ал подкаталогтардың аттары бас әріптермен шығарылады.
«Жасырын» немесе «жүйелік» атрибуттары бар файлдар үшін файл аты мен кеңейтілуі арасында «-» символы қойылады, ал атының бірінші әрпі кішкентай емес, бас әріппен шығарылады.
Total Commander каталогтың аты туралы ақпаратты басқа формаларда шығарады:
Толық мәлімет (Full): әр файлдың атының оң жағында оның көлемі (байтпен), жасалу күні мен уақыты немесе файлдың соңғы өзгертулері шығарылады.
Қысқа формасы (Brief): тек файлдың аты ғана шығарылады, бірақ панельде көбірек файлдардың аты сияды. Файлдардың аттарын подкаталогтардың аттарынан былай ажыратуға болады: файлдардың аттары кішкентай әріптермен, ал подкаталогтар аттары бас әріптермен шығарылады.
Басқа дискқа ауысу
Кез келген панель үшін дисктің тағайындалуын өзгертуге болады:
Alt + F1- сол жақ панель үшін;
Alt + F2- оң жақ панель үшін.
Панельдің орталығында дисктардың аттары көрсетілген терезе пайда болады. Курсорды басқару пернелерімен кез келген дискті таңдайды. Enter пернесін басқаннан соң ерекшеленген диск ағымдыққа айналады және сәйкес панельде оның каталогы пайда болады.
Каталогтан каталогқа ауысу
Басқа дисководты ағымдық ету үшін оның атын қоснүктемен теріп, «Enter» пернесін немесе ТСК басу керек.
Ағымдық каталогтан бастыға ауысу үшін «Ctrl+PageUp» пернелерін, ал түбірлікке ауысу үшін «Ctrl+\» пернелерін басу керек.
Тікелей мәліметке бағынған каталогтардың біріне түсу үшін оған курсорды апарып «Enter» пернесін басу керек.
Егер дискета каталогы ағымдық болып, ал дискетаның өзі ауыстырылған болса, каталогты қайта оқып шығу қажет. Ол үшін «Ctrl+R» пернелерін басу қажет.
Каталогтардың жасалуы
Жаңадан каталог жасау үшін F7 пернесін басып, пайда болған терезеге жасалушы каталогтың қарапайым немесе толық атын енгізу керек. Каталог аты « \ » символынан (түбірлікке бағынған каталог) немесе басқа символдан (ағымлдыққа бағынған) басталуы мүмкін. Каталогтың атының алдында қос нүктесі бар жинақтағыштың аты болуы мүмкін. Егер бір себептерден каталогты жасау мүмкін болмай жатса (мысалы, ондай каталог жасалып қойған), «Can't create the directory modula» деген хабарламасы бар терезе пайда болады. «Enter» пернесін басу керек.
Файлды жасау, өңдеу, қарап шығу
«Shift+F4» пернелерін басқан соң, экранда ескі файлды өңдеу немесе жаңа файлды жасау үшін файлдың атын сұрайтын Edit терезесі пайда болады. Файлды жасау үшін жасалушы файлдың толық атын нұсқап «Enter»-ді басыңыз. Экранда жаңа Edit терезесі пайда болады, онда курсор «New-file» (жаңа файл) сөзіне орналастырылған. Жаңа файлды жасауды растау үшін «Enter» пернесін басыңыз. Файлға енгізілген ақпаратты F2 (Save анықтамасы экранның астыңғы жолында) функционалдық пернесінің көмегімен жүзеге асыруға болады. Редактордан шығу.
Файлдың мазмұнын қарап шығу үшін оның атына курсорды апарып, F3 пернесін басу қажет. Экранның жоғарғы жолына файлдың толық аты, мәтін жолының басына қатысты терезенің жылжуы, файлдың көлемі және файлдың барлық ұзындығына қатысты оқылып қойған мәліметтер үлесі шығарылады. Төменгі жол – мәзір. F7 пернесі – мәтін бойынша іздеу.
Мәтіндік файлдың мазмұнын өңдеу үшін оның атына курсорды апарып, F4 пернесін басу керек.
Ерекшеленген файл немесе каталог, файл топтарын ерекшелеу
Экрандағы файл немесе каталогтың біреуі түспен ерекшеленген. Оны көшіруге, атын өзгертуге, өшіруге т.б. болады. Файлдарға топтық операцияларды орындау үшін файл топтарын ерекшелеу қажет (каталогтар тек жекелеп қана өңделеді және оларды ерекшелеуге болмайды).
Файлды таңдау – оның атына курсорды апару және «Ins» пернесін басу. Символдардың түсі немесе жарықтығы өзгереді. Осы пернені тағы басу ертерек қойылған белгіні шешеді. Ары қарай курсордың орнын ауыстыруға және басқа файлдарды ерекшелеуге болады.
Маска бойынша файлдардың топтарын таңдау – бірден бірнеше файлдарды ерекшелеуге болады. Ол үшін пернетақтаның оң жақ бөлігіндегі сандық пернелер тобындағы «қосу» пернесін басу керек. Ерекшеленетін файлдардың аты қанағаттандыратындай үлгісі (маскасы) бар терезе пайда болады. Үлгіні түзетуге немесе ауыстыруға болады. «*» және «?» арнайы символдары ғана рұқсат етіледі. Егер осыдан соң «Enter» пернесін басса, файлдар ерекшеленеді, ал егер «Esc» пернесі болса – ерекшеленбейді.
Егер үлгіні қанағаттандыратын бірде бір файл каталогта болмаса, «Could not find a match» хабарламасы бар терезе пайда болады. Жұмысты жалғастыру үшін «Enter»-ді басыңыз.
Беліні де бірден бірнеше файлдан шешуге болады. Ол үшін «сұр минус» пернесін басу керек. Белгіден айырылмақшы кеңейтілген файл аттары қанағаттандыруы тиіс үлгісі бар терезе пайда болады. Үлгіні түзеуге немесе ауыстыруға болады. Егер осыдан соң «Enter» пернесін басса файлдардан белгі шешіледі, ал «Esc» пернесін басса – шешілмейді.
Файлдарды белгілеуде барлық үш әдісті де қолдануға болады, мысалы, барлық файлдарды белгілеу (*.*), орындалып жатқандарды олардың тізімінен алып тастау (*.com, *.exe), артынан алып тасталынғандардың бірін белгілеу.
Файлдарды көшіру, орнын ауыстыру
Көшіру үшін F5 пернесі қолданылады. Барлық белгіленген файлдар көшіріледі, ал ондайлар болмаса – атына подвеска нұсқап тұрған файл. Total Commander белсенсіз терезеде көрсетілген файлды каталогқа көшіру керектігін сұрайды. Каталогтың атын түзеуге немесе өзгертуге болады; егер файлды осы каталогқа көшіру керек болса, оны файлды көшіру кезінде ол алуға тиіс атпен толықтыруға немесе маршрутсыз файлдың атымен ауыстыруға болады.
Егер файлдар көшіріліп жатқан каталогта тура сол көшірменікіндей аты бар файл кездессе, Total Commander не істеу керектігін сұрайды. Бұл файлды сүртіп тастауға (затереть) («Enter»), оны және алдағы барлық сәйкес келетін аттары бар файлдарды сүртіп тастауға («A») немесе көшіруді тоқтатуға («C») болады.
Орын ауыстыру үшін F6 пернесі қолданылады. Бұл перненің көмегімен атын өзгерту де жүзеге асырылады.
Файлдар және каталогтарды өшіру
Файлдарды өшіру үшін F8, Del пернелерін басу керек. Белгіленген файлдар өшіріледі, ал егер ондайлар болмаса, атына подвеска нұсқап тұрған файл немесе каталог өшіріледі. Каталог онда «..»-дан басқа файлдар болмаса ғана өшіріледі. Файлды немесе каталогты өшіру талабын растау керек. Егер «Enter» пернесін басса, файл немесе катаолг өшіріледі, егер «C» басса, өшірілмейді.