ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.09.2021

Просмотров: 572

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕ

Файл – бұл сыртқы есте сақтау құрылғысында орналасқан және сақталатын, жөнелтілетін және бір бүтін ретінде өңдеуге болатын аты бар кез келген мәліметтердің жиыны. Файл бағдарлама, санмен көрсетiлген мәлiмет, мәтін, кодталған сурет және т.б. бола алады.

Файлдық жүйебұл файлды қандай да бір тасығышта сақтауды ұйымдастырудың құралы.

Файлдар сыртқы тасығыштарда жад бөлімшелері сияқты физикалық жүзеге асады.

Файл аты екі бөлімнен тұрады - Windows 95-тен басталып 256 символдан тұра алатын (MS DOS-та 8 символға дейін) меншікті аттан және файлдың типіне нұсқап, 3 не 4 әріптен тұратын кеңейтілуден. Файлдың аты тоғыз арнайы символдан басқа барлық символдардан тұра алады: \ / : * ? ” < > |

Файл кеңейтілулері:

.txt, .doc, .rtf – мәтіндік файлдар;

.html, .htm – Интернеттегі гипермәтіндік документ;

.xls – электрондық кесте;

.mdb – мәліметтер базасының файлы;

.ехе – бұл өзінде бағдарлама сақтап тұрған орындалушы файл;

.соm – орындалушы бағдарламалық файлдың басқа типі (жүздеген килобайтқа дейінгі бағдарламалар). Көбінесе бұл MS DOS операциондық жүйесі бойынша жұмыс істейтін бағдарламалар;

.bat – бірнеше бағдарламаларды бірінен соң бірін іске қосуға арналған пакетті файл;

.cfg –бағдарламаның жұмысының параметрлері көрсетілетін конфигурационды файл;

.dll – динамикалық түрде қосылатын мәліметтер билиотекасы, одан керек болған жағдайда бірден бірнеше бағдарламалар сұрастыра алады;

.hlpанықтама немесе көмек файлы;

.datмәліметтер файлы;

.wav, .mp3 –сандық форматтағы дыбыс;

.avi, .mov, .mpg - видеоклиптер файлдары;

.bmp, .jpg – графикалық файл, сурет;

.arj, .zip, .rar архивтер файлдары.

Кез келген файлдың жалпы маскасы: «*.*». Бірінші жұлдызша бұл файлдың аты, екіншісі – оның типін нұсқайтын кеңейтілуі.

Файлдың аты мен кеңейтілуінен басқа операциондық жүйе әрбір файлға оның жасалу (өзгертілу) күні мен файлдың атрибуттары деп аталатын бірнеше жалаушалық көлемдерді сақтайды (оларды файлдың контекстік менюін шақырып, Свойства командасын таңдау арқылы қарап шығуға болады). Атрибуттар – бұл файлдың қасиеттерін анықтайтын қосымша параметрлер.

Негізгі атрибуттарға мысал:

  1. Тек қана оқуға (Only)

  2. Жасырын (Hidden)

  3. Жүйелік (System)

  4. Архивтік (Archive)

Әрбір файлдың каталогта тіркелген аты болады.

Каталогтар (папкалар) дискіде жазылған файл жайлы ақпарат беретін иерархиялық құрылымның маңызды элементтері. Каталогта файл жайлы ақпарат сақталады: аты, атрибуттар, жасалу куні мен уақыты, көлемі, бастапқы кластер. Каталогтардың екі негізгі типі бар: түбірлік (корневой) және подкаталог (папка). Оларды сақталған файлдардың максимальды санымен ажыратады. Әрбір логикалық дискіде түбірлік (корневой) каталог орналасады. Түбірлік (корневой) каталогтардың көлемдері диск размеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ әрбір нақты түбірлік каталог логикалық дисктің жасалуы кезінде сақталынады және жұмыс үрдісі кезінде өзгертілмейді. Подкаталог файлдардың ерікті санын сақтай алады.


Каталогтар файладарға қол жеткізу ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, егер тасығышта файлдар тым көп болса. Файлдар каталогтарға жасаушысы берген кез келген жалпы белгілері бойынша біріктіріледі (типі бойынша, жасалу уақыты бойынша, иесінің аты бойынша және т.б.).

Каталогтың меншікті аты болуы мүмкін және ол басқа каталогтарда қарапайым файлдармен қатар сақтала алады: осылайша иерархиялық файлдық құрылымдар пайда болады. Мұндай құрылымның мысалы – суретте.

Мәліметтердің иерархиялық құрылымында объекттің адресі құрылымның шыңынан объектіге жеткізетін маршрутпен (қол жеткізу жолы) беріледі. Салынған каталогтар жүйесінен өтетін файлға қол жеткізу жолының жазылуы кезінде барлық аралық каталогтар өзара “\”(кері сызық) символымен бөлінеді. Мысалы, Общая медицина папкасында орналасқан Lab_1.doc файлы үшін қол жеткізу жолы келесідей болады: \Студенты\Общая медицина\ Lab_1.doc.


Қатты дискта ақпаратты сақтау және оларға қол жеткізу үшін операциодық жүйе келесідей құрылымдар мен элементтерді қолданады:

  1. Бөлімдердің жүктеме секторлары,

  2. Логикалық дисктің жүктеме секторы,

  3. Файлдарды орналастыру кестесі,

  4. Түбірлік (корневой) каталог,

  5. Мәліметтер облысы,

  6. Оқу/жазу диагностикалық операцияларын орындауға арналған облыс.

Бір қатты дискқа бірнеше операциондық жүйелерді орналастыру үшін оны логикалық бөлімдерге бөлу керек (логикалық дисктар). Дискті бөлімдерге бөлу жайлы ақпарат (олардың саны, көлемі және олардың қайсысы белсенді болып табылады) басты жүктеме бөлімде сақталады (сонымен қатар оны MBR – Master Boot Record секторы деп атайды).

Әр бөлімнің басында логикалық дисктің жүктеме секторы болады. Онда логикалық диск жайлы ақпарат сақталған (көлемі, орналастырылуы және FAT идентификаторы, егер диск активті болса ОЖ жүктелу бағдарламасының коды).

Файлдарды орналастыру кестесі (FAT-FileAllocationTable) – дисктағы файлдар орналасқан кластерлердің санының кестесі. Қатты дисктің ең басында жасалады, онда қайсібір файл немесе папканың, не олардың аттарының қандай кластерді алатыны жайлы мәлімет сақталады. Операциондық жүйе әдетте қауіпсіздікті жоғарылату мақсатында екі FAT көшірмесін қолдайды.

Бүгінгі күнде қазіргі Microsoftт-тың операциондық жүйелерінде FAT32 қолданылады.

Дисктардың физикалық және логикалық құрылымдары.

Файлдар қатты дискта сақталады – бұл екі жағынан магнитті материалмен қоршалған бір немесе бірнеше шыны не металл дисктер. Мәліметтер қатты дискқа оның физикалық құрылымына сай жазылады.

Физикалық құрылым: әрбір дисктің магнитті беткейі концентірлі жолақтарға бөлінген, олар өз кезегінде бөлікше-секторларға бөлінеді. Қатты дисктің барлық беткейі 512 байт көлемді секторларға бөлінген. Дисктар бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан жолақтар және секторлармен қатар үшінші бөлу түрі – цилиндирларға бөлу бар. Цилиндр – бұл барлық жұмыс беткейлеріндегі тігінен бір біріне сәйкес келетін жолақтар саны.


Логикалық құрылым форматтау операциясы кезінде пайда болады (бұл физикалық дисктi бастапқы белгiлеу үрдісі).

Файлдар дискіге бос орындарға түсу шараларына байланысты орналасады. Ерекшеленетін дисктік кеңістіктің минимальді бірлігі – кластер. Кластерларға бөлу форматтау кезінде жүзеге асады. Кластердің бірнеше физикалық секторлары болады. Кластер шамасы қатты дисктің көлемі мен файлдық жүйенің түріне (мәліметтерді дискіге орналастырып және операциондық жүйе құрамына кіретін) тәуелді өзгеріп отырады.

MS DOS ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциондық жүйесі – 16-разрядты дербес компьютерлердегі ең кең тараған ОЖ. Ол бір қолданушылылық, біресептік операциондық жүйе болып табылады. Қолданушының негізгі интерфейсі – командалық жол.

MS DOS құрамы

MS DOS операциондық жүйесінің құрамына келесі негізгі модульдер кіреді:

  • Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS);

  • Бастапқы жүктеу блогы (Boot Record);

  • BIOS кеңейту модулі (IO.SIS);

  • Үзілістерді өңдеу модулі (MS DOS.SYS);

  • Командалық процессор (COMMAND.COM);

  • Жадына жүктелген соң тышқан, CD-ROM т.б. сияқты құрылғылардың жұмысын қамтамасыз ететін файл-драйверлер;

  • Әр түрлі сервистік қызметтер (дисктарды форматтау және т.б.) атқаратын ОЖ утилиттері;

BIOS базалық жүйесі құралдармен байланысты және дербес компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысының жадында орналасады. Операциондық жүйенің бұл бөлігі дербес компьютерге орналастырылған болып болып табылады.

Ол келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • ДК қосылуы кезіндегі аппараттық компоненттердің автоматты тексерілуі;

  • ОЖ бастапқы жүктелуінде блоктың шақырылуы (операциондық жүйе бағдарламасының жадына жүктеу екі кезеңнен өтеді: әуелі бастапқы жүктеу блогы (Boot Record) жүктеледі де оған басқару беріледі, сосын осы болктың көмегімен – басқа модульдер).

Бастапқы жүктеу блогы (Boot Record) – бұл DOS операциондық жүйесімен әрбір дисктің бірінші секторында орналасқан өте қысқа бағдарлама (512 байтқа жуық). Boot Record жадқа операциондық жүйенің тағы екі модулін жүктейді (io.sys, msdos.sys жүйелік файлдарының), олар DOS-тың жүктелу үрдісін аяқтайды.

BIOS кеңейтілуі бар IO.SIS модулі тұрақты есте сақтау құрылғысындағы BIOS-қа қосымша болып табылады. Ол ОЖ-ні ДК-дің нақты конфигурациясының күйіне келтіреді және жаңа драйверлерді енгізу/шығарудың стандартты емес құрылғыларына қосуға мүмкіндік береді. Үзілістерді өңдеу модулі MS DOS.SYS – файлдық жүйеге қызмет көрсету мен енгізу-шығару операцияларына қатысты қызметтерді жүзеге асырады. Командалық процессор COMMAND.COM – қолданушымен енгізілген командаларды өңдейді.

MS DOS жүктелуі

MS DOS жүктелуі – бұл операциондық жүйені сыртқы есте сақтау құрылғысынан жедел жадына оқу, оны күйіне келтіру және іске қосу. MS DOS операциондық жүйесі орнатылған компьютердің қоректену блогы қосылған соң, автоматты түрде келесі үрдістер жүзеге асады:


  • ДК тестілеуі (BIOS компьютерді бастапқы тестілеудің бағдарламалар кешенін орындайды);

  • MS DOS-тың жүктелуі (операциондық жүйені сыртқы есте сақтау құрылғысынан жедел жадына оқу);

  • MS DOS-ты күйіне келтіру (ОЖ-ны күйіне келтіру config.sys және autoexec.bat. файлдарында жазылған командалар бойынша жүзеге асырылады);

ОЖ жүктелгеннен кейін монитор экранында қолданушыға командаларды енгізуге шақыру пайда болады, ол диск аты мен символдардан тұрады:

    1. A:\> немесе C:\>. Бұл DOS-тың командаларды қабылдауға дайын екендігін көрсетеді.

    2. DOS шақыруында ағымдық дисковод пен ағымдық каталог жайлы ақпарат болады.

    Мысалы, A:\> - А дисководы:, түбірлік (корневой) каталог:

    C:\windows> - С дисководы:, каталог \windows. Осы сәтте ДК жұмыс істеп отырған диск ағымдық деп аталады.

    Енгізу және командаларды түзету

    Команданы енгізу үшін оны пернетақтадан теріп Enter-ді басу керек. Енгізілген командаларды түзету үшін келесі пернелерді қолдануға болады: Backspace, Delete, Ins, Esc, курсордың орнын ауыстыру пернелері.

    Команды общего назначения

    VER –версияны тексеру ОС (A:\>VER, Enter-ді басу);

    CLS –экранды тазарту (A:\> CLS, Enter-ді басу);

    TIME – жүйелік сағаттардың тексерісі мен тузетілуі (A:\>TIME, Enter-ді басу);

    DATA – жүйелік күнтізбенің тексерісі мен тузетілуі (A:\> DATA, Enter-ді басу).


    Файлдармен, каталогтармен, дисктармен жұмыс істеуге арналған негізгі командалар


    Файлдармен жұмыс

    1. Мәтіндік файлдардың жасалуы: A:\>copy con (файл аты) – бұл команданы енгізген соң файлдың жолдарын кезекпен енгізу қажет болады. Әрбір жолдың соңында Enter пернесін басу керек, ал соңғы жолды енгізген соң F6 (немесе Ctrl +Z) және артынан Enter пернелерін басу қажет. Дискта жоғарыда нұсқалған атпен файл пайда болады.

    2. A:\>copy a:\lesson urok (түбірлік каталогтан lesson-ды urok каталогына көшіру); файлын көшіру;

    3. Файлды өшіру: A:\>del less, Enter-ді басу;

    4. Атын өзгерту: A:\>ren lesson conon, Enter-ді басу (аты өзгертілген файл– conon);

    5. Файлды экранға шығару: TYPE пример: A:\>TYPE prim.1, Enter-ді басу;

    6. Біріктіру (файлдарды біреуге біріктіру) COPY_1-файлдың толық аты + 2-файлдың толық аты_3-файлдың толық аты, Enter-ді басу.

    Каталогтармен жұмыс

    1. Каталогты жасау: A:\>md urok, Enter-ді басу.

    2. Каталогты өшіру: A:\>rd urok, Enter-ді басу.

    3. Каталогты қарау (каталогтың аты): A:\>DIR, Enter-ді басу.

    4. Ағымдық каталогты өзгерту: A:\>cd urok, Enter-ді басу. A:\urok> (дисковод А:, каталог \urok) пайда болады.

    5. Түбірлік каталогқа ауысу: A:\urok>cd.., Enter-ді басу. A:\> (дисковод A:, түбірлік каталог) пайда болады.

    6. Дисктің каталогтарының тізімінің көрсетілуі: A:\>TREE А: /F, Enter-ді басу.

    Дисктармен жұмыс істеу

    1. Бір дисктан басқа дискқа ауысу: С:\ windows >A:, Enter-ді басу, A:\> пайда болады;

    2. Дисктарды форматтау: C:\> format a:, Enter-ді басу;

    3. Дисктағы белгі тапсырмасы: A:\vol, Enter-ді басу;

    4. Белгінің оқылуы: A:\label, Enter-ді басу.

    ҚАУАШЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛАР. NORTON COMMANDER.

    TOTAL COMMANDER.

    Қауашықтарбұл қиын программалық жүйелердің жұмысын, мысалы, DOS сияқты, жеңілдетуге арналған бағдарламалар. Олар ыңғайсыз қолданушылық командалық интерфейсті достық (дружественный) графикалық интерфейске немесе «меню» типті интерфейске түрлендіреді. Қауашықтар қолданушыны файлдарға ыңғайлы қол жеткізумен және кең көлемді сервистік қызметтермен қамтамасыз етеді.


    Norton Commander, Total Commander бағдарламаларының пакеті. Ол қамтамасыз етеді:

    • Жасауды, көшіруді, файлдарды жіберуді, атын өзгертуді, өшіруді, файлдарды іздеуді, сонымен қатар олардың атрибуттарын өзгертуді;

    • Адамның қабылдауына ыңғайлы формада каталогтар ағашының және оларға кіретін файлдардың мінездемелерінің көрінісі; создание, обновление и распаковку архивов (групп сжатых файлов);

    • Мәтіндік файлдарды қарап шығу;

    • Мәтіндік файлдарды түзетуді;

    • Оның ортасында іс жүзінде DOS-тың барлық командаларының орындалуын;

    • Бағдарламалардың жүктелуін;

    • Компьютердің ресурстары жайлы ақпарат беруді;

    • Каталогтарды жасау және өшіруді;

    • Компьютераралық байланысты қолдауды;

    • Модем арқылы электрондық почтаны қолдауды.


    Total Commander-дің негізгі мінездемелері: (сурет 1)

    - оригиналға жақын пернетақта қызметтері (DOS үшін NC).

    - Drag&Drop-ты тышқан көмегімен қамтамасыз ету.

    -Файлдық құрылым элементтерін кең көлемді көшіру, орнын ауыстыру, атын өзгерту және өшіру (бос емес каталогтарды өшіруге ғана мүмкіндік беріледі).

    - Подкаталогтармен жұмыс сияқты архивтермен жұмыс істеу. Сіз одан файлдарды архивке оңай көшіре аласыз. Сәйкес архиватор-бағдарлама автоматты түрде шақыртылады. PKZIP, ARJ, LHA, RAR, UC2, ACE, TAR, GZ және TGZ қолдау тапқан.

    - «Запуск» менюімен (қолданушы айқындайтын командалар) түсіп қалған менюде сіз жиі қолданатын DOS- немесе Windows-бағдарламаларды орналастыру. Ағымдық каталог және/немесе курсор астындағы файл қосымшаға берілуі мүмкін.

    - Параметрлері бар бағдарламаларды қарапайым іске қосуға арналған командалық жол, ол үшін жай ғана бағдарламаның атын теру керек немесе CTRL+ENTER немесе CTRL+SHIFT+ENTER пернелерін басу керек, курсор астындағы файл командалық жолға қосылу үшін.

    - Кез келген файлдағы мәтінді, яғни бірнеше дисктардағы, іздестірумен қоса файлдарды кең көлемде іздестіру.

    -Орнатылған файлдарды қарап шығушы (F3 немесе ALT+F3) КЕЗ КЕЛГЕН КӨЛЕМДЕГІ файлдарды он алтылық, екілік немесе мәтіндік форматта ASCII (DOS) немесе ANSI (Windows) символдар жинағын қолдану арқылы қарап шығуға арналған. Жолдың енін және шрифт өлшемін күйге келтіруге болады.

    - Info-Zip-тан ішкі шешуші - сыртқы бағдарламаны шақырусыз ZIP архивтерін босатуға мүмкіндік береді! Turbo Pascal-да жазылған бастапқы код ақысыз және тікелей автордан алынуы мүмкін.

    - Күйге келтіріліп жатқан кнопкалы құралдар панелі сыртқы бағдарламалар мен ішкі меню командаларын іске қосуға арналған.

    - Күйге келтіріліп жатқан басты меню.

    - ZIP, ARJ, LZH, GZ, TAR, RAR және ACE форматтарына арналған ішкі шешушілер (распаковщики).

    - Jean-loup Gailly-дан ZLIB библиотекасында негізі қаланған ішкі ZIP-қаптаушы (упаковщик),.


    Сур 1 Қолданушылық интерфейс









    Түбірлік каталогқа ауысу

    Ағымдық каталог



    Бос және жалпы дисктік кеңістік






    ()


    ()


    ()


    (Командалық жол)


    (Панель