Файл: Абай облысы денсаулы сатау басармасыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 114
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының
«Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы
медицина колледжі» ШЖҚ КМК
«Келісілді» «Бекітемін»
ШЖҚ КМК Директордың
«Семей ЖМЖА» АО ДСБ
бас мейірбикесі оқу- өндірістік жұмысы
______ Баспакова Г.С. жөніндегі орынбасары
___ _______ 2020ж _____ Ульбауова А.М.
___ _______ 2020ж.
Кәсіптік тәжірибе бағдарламасы
Пән : «Хирургия»
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Курс: 3
Семестр : VI
Барлық сағат/кредит KZ - 144/24
Әзірлеуші (-лер)_ Асқаров Д.Е, Мукашева А.Д.
(қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Арнайы клиникалық пәндер №1 бірлестік
отырысында қаралды және мақұлданды
20__ж. "____" _______ № ___ Хаттама
Төрағасы: ________Нургазинова.Н.М
Семей 2023г
Кіріспе
Қоғам дамуының, ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңінде кәсіптік білім беру бітіруші мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыруды көздейді және бұл, ең алдымен, қазіргі заманғы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес жұмыс берушілер тарапынан талаптардың артуымен байланысты.
Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда кәсіби білім, дағдылар мен іске деген көзқарас қана емес, сонымен қатар «құзыреттілік», «білімділік» сияқты ұғымдар да бірінші орынға шығады.
Жоғары білімді адам – бұл өзінің кәсіби саласындағы мінсіз маман ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениетте, басқа салаларда да жақсы бағдарланған тұлға. Жұмыс берушілер үшін командалық жұмысқа бейілділік, тәртіптілік, кәсіби өсуге ұмтылыс, өз жұмысын дәлелді практика негізінде жоспарлай және талдай білу үлкен маңызға ие. Ойлаудың тапқырлығы мен икемділігіне үлкен мән беріледі.
Бұл мәселелерді шешуде білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын клиникалық практикаға үлкен мән беріледі.
Практикалық оқытуды оның барлық кезеңдерінде ұйымдастыру практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті, практикалық бағдарланған мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде практикалық оқыту кредиттік-модульдік технологияны қолдана отырып, құзыреттілік тәсілге сәйкес мейіргерлік қызметті жетілдіру және дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру үшін әзірленген.
Кәсіптік_тәжірибенің_мақсаттары'>Кәсіптік тәжірибе – студенттерде білімнің, дағдылардың және медициналық қызметке кәсіби дайындықтың кәсіби бағытын қалыптастыруды мақсат ететін білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі.
Кәсіптік тәжірибенің мақсаттары
1. Клиникалық пәндерді оқу кезінде қалыптасатын базалық және кәсіби құзыреттерді дамыту.
2. Практикалық дағдыларды жетілдіру.
3. Медициналық құжаттаманы жүргізумен (КМАЖ-да жұмыс істеу), есептілікпен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен танысу.
4. Жекелеген адамдардың және олардың отбасылары денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту мақсатында үйде күтім жасау үшін тиімді санитариялық-ағарту іс-шараларын жүргізу.
Кәсіптік тәжірибе міндеттері
1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыруды зерделеу.
2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкес базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.
3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.
4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.
5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.
Студенттің практикадан өту кезіндегі міндеттері:
-
Кәсіптік практиканы өткізуге жауапты практика бөлімі мен практика тьюторы өткізетін клиникалық практика жөніндегі анықтамалық конференцияға қатысу; -
Кәсіптік практика бағдарламасында көзделген тапсырмаларды адал және белсенді орындау, практикалық дағдыларды меңгеру; -
медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің (практика базасының) қолданыстағы ережелеріне бағыну; -
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау; -
атқарылатын жұмыс үшін жауапкершілік; -
жүргізілген жұмыстың есебін жүргізу; -
бағалау сұхбатына күнделік-есепті ұсыну.
Практика бағдарламасын орындамаған, бағалау сұхбатында «практика есептелмеді» деп бағаланған студент колледж әкімшілігі белгілеген мерзімде клиникалық практикаға қайта жіберіледі.
Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу
Практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарап қатысады:
1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатына қатысады;
2. ментор – клиникалық практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететін білікті медицина қызметкері.
3. студент.
Тьютордың міндеті:
-
медициналық ұйым қызметінің құрылымын, түрін және көлемін біледі; -
әр білім алушы үшін клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын клиникалық базамен алдын ала келіседі; -
практика жетекшісіне қажетті құжаттарды ұсынады; -
клиникалық практиканы дамыту мәселелерінде әртүрлі қатысушылармен өзара іс-қимыл жасайды; -
ментормен бірге білім алушының білімі мен іскерлігіне бағалау жүргізеді; -
клиникалық практиканы бағалауға жауапты.
Ментордың міндеті:
-
практика бағдарламасына сәйкес клиникалық практиканы өткізуді қамтамасыз етеді; -
білім алушыға эмоциялармен күресуге көмектеседі; -
клиникалық (практикалық) дағдыларды меңгеруде, теорияны практикада бекітуде көмекші; -
студенттің кәсіби әлеуметтенуінде, тиімді жұмыс қарым-қатынасын қалыптастыруда көмекші; -
студенттің клиникалық оқудағы прогресін талдайды және бағалайды; -
студенттің кәсіби және жеке өсуіне ықпал етеді; -
практика құжаттамасын жүргізуге көмек көрсетеді; -
бөлім қызметкерлерінің, тьютордың пікірлерін ескере отырып, клиникалық практикаға (күнделікті, аралық, соңғы) бағалау жүргізеді.
Студенттің міндеті:
-
практикадан өтуге рұқсат алады; -
клиникалық базаның қызметімен танысады; -
бағдарламаға сәйкес клиникалық практикадан өтеді; -
практика күнделігінде күн сайын практикада іске асырылатын мақсаттарды, игерілген дағдылар бойынша жұмыс түрлерін көрсететін жазбалар; -
инфекциялық және техникалық қауіпсіздік, құпиялылық ережелерін, этикалық нормаларды сақтайды; -
клиникалық практикадан уақтылы өтуге жауапты; -
практикалық бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды сапалы және толық көлемде орындайды; -
практикадан өту орны мен мазмұнына байланысты қажетті медициналық құжаттарды уақытылы және сапалы толтырады;
Кәсіптік тәжірибе күнделігін жүргізу бойынша ұсыныстар
1. Титул парағы
2. Бағдарлама
3. ЕПМ-де практикадан өту кестесі
4. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
5. Күнделік мазмұны
6. Күні
7. Орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемі
8. Манипуляциялар тізбесі және олардың саны
9. Бағалау
10. Ментордың ескертуі және қолы
Кәсіптік тәжірибенің тақырыптық жоспары
№ | Тақырып атауы | Қысқаша мазмұны | Сағат саны | Сағат саны |
1 | Ауруханаішілік инфекциясының алдын алу. Асептика және антисепика туралы түсінік. | Асептика. Хирургиялық инфекциясын алдын алу. Ауа-тамшылы, жанасу, имплантациялық инфекциясын алдын алу. Операциялық және орап таңу бөлмесінде өткізетін жинастырудың түрлері.Хирургиялық құралдарды зарарсыздандыру алдындағы дайындау, зарарсыздандыру және олардың күтімі. Антисептиктердің бактерицидті әсері Антисептиктердің қолдану негізгі әдістері. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
2 | Қан кету. Жіктемесі. Қан кетудің себептері, патогенезі, клиникасы. | - науқастың жалпы жағдайын бақылау -АҚҚ, пульс анықтау - қан кетудің дәрежесін анықтау -алғашқы көмек геморрагиялық шок -алғашқы көмек травматикалық шок -науқасты гемотранфузияға дайындау - Қан кетуді уақытша тоқтату әдістерін үйрену: саусақпен басу, қысатын байлам салу, қан тоқтататын жгут салу, кол-аяқты буынды барынша бүгу, жараны тампондармен нығыздау, қыскыштармен қан тамырларын қысу. -Қан ағуді бір жолата | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
3 | Десмургия. Орап таңу және таңғыштар туралы түсінік. | Таңғыш салудың жалпы принциптері. Бинтті, клейді, орамалды, гипсты таңғыштар. Бинтті таңғыштарды аяқ – қолға, кеуде клеткасына, ішке, шатқа салу. Клейді, жабысқақ пластырь, үш бұрышты орамал, жеке орап таңу пакеті арқылы таңғыш салу. Гипсты таңғыштар салу ережелері. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
4 | Десмургия. Орап таңу және таңғыштар туралы түсінік. | Таңғыш салудың жалпы принциптері. Бинтті, клейді, орамалды, гипсты таңғыштар. Бинтті таңғыштарды аяқ – қолға, кеуде клеткасына, ішке, шатқа салу. Клейді, жабысқақ пластырь, үш бұрышты орамал, жеке орап таңу пакеті арқылы таңғыш салу. Гипсты таңғыштар салу ережелері. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
5 | Қан құю Қан топтары және резус – факторы. Қан құюдың түрлері, тәсілдері. | Қан құюдың қысқаша тарихы. Қан топтарын АВО жүйесі бойынша анықтау. Резус-фактор туралы түсінік, анықтау. Донор туралы тусінік, қанды консервациялау жолдары, сақтау мерзімі. Қан құюға көрсеткіштер мен қарсы көрсетімдер. Қан құюға көрсеткіштер мен қарсы көрсетімдер. Асқынулар. АҚҚ, пульс анықтау, қан кетудің дәрежесін анықтау | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
6 | Термиялық жарақаттар. Күйіктер. Электрожарақат. | науқас адамнан анамнез жинау:жарақат қалай пайда болды -жарақаттың мөлшері мен түрің клиникалық белгілерімен анықтау - күйіктің дәрежесің анықтау - құрал-саймандарды бірден хирургиялық тазалауға дайындау - бірден хирургиялық тазалау. (БХТ) - жараны орап тану -алғашқы медициналық көмек көрсету. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
7 | Жарақаттар. Жабық және ашық механикалық жарақаттар. Буын шығуы түрлері, этиология, клиникасы,емі | Сүйек сынуы. Сынықтар кезіндегі операцияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткішер. Емдеудің функционалды әдістері. Сынықтарды емдеу кезіндегі науқастардың күтімі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
8 | Қан құюға көрсеткіштер мен қарсы көрсетімдер. Асқынулар | Қан құюға көрсеткіштер мен қарсы көрсетімдер. Асқынулар. АҚҚ, пульс анықтау, қан кетудің дәрежесін анықтау | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
9 | Жалпы жансыздандыру. Көрсеткіштер және кері көрсеткіштер. Асқынулар | Тұмша, интубациялық, көк тамырлы наркоз көрсеткіштер жәнекері көрсеткіштер. Наркоз кезіндегі және ерте операциядан кейінгі кезеңде кездесетің асқынулар және олардың алдын алуы, емі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
10 | Хирургиялық операциялар. Операция алдындағы кезең. Операциядан кейінгі кезең. | Науқасты операцияға дайындау әдістемесін және премедикация жүргізеді Науқасты операция үстеліне орналастыру түрлерін жүргізеді. Операциядан кейін тігістерді шешеді және дренажды салады. Науқасқа күтім жасайды. Бақылайды жалпы жағдайын, температурасын, жүйке жүйесінің қызметімен, жүрек қызметін және тыныс алуын, ас қорыту органдары мен зәр шығару қызметін қарайды. Науқастың таңғышын бақылайды,ауыстырады | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
11 | Хирургиялық инфекцияларының жалпы сұрақтары. Жалпы және жергілікті іріңді инфекциялары. | Пайда болу себептері. Ағзаның жалпы реакциясы. Іріңді хирургиялық инфекцияның ағымының заманауи ерекшеліктері. Жіктелуі. Этиология және патогенез. Тіндердің жергілікті реакциялары. Ағзаның жалпы реакциясы. Алдын алу сұрақтары. Жалпы және жергілікті емдеудің негізгі қағидалары. Антибиотиктерді қолданудың қажеттілігі. Жедел іріңді ауруларының жеке түрлері (фурункул, карбункул, гидраденит, флегмона, панариций, абсцесс, тілме, мастит, лимфангоит, лимфаденит, тромбофлебит). | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
12 | Қан айналымының бұзылыстары. | Некроз түрлері. Құрғақ және ылғалды ганрена. Тромбоз және эмболия. Трофикалық жарақаттар. Ойылулар. Облитерирующий эндартериит және атеросклероз. Науқастардың күтімі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
13 | Термиялық жарақаттар. Үсіктер. | науқас адамнан анамнез жинау:жарақат қалай пайда болды -жарақаттың мөлшері мен түрің клиникалық белгілерімен анықтау - күйіктің дәрежесің анықтау - құрал-саймандарды бірден хирургиялық тазалауға дайындау - бірден хирургиялық тазалау. (БХТ) - жараны орап тану -алғашқы медициналық көмек көрсету. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
14 | Жаралар. Жаралардың себептері, түрлері. Біріншілік хирургиялық өңдеу түсінігі. | Науқастарды қарайды,талдау жасайды. Науқастарға жедел көмек көрсету кезіндегі фельдшердің тактикасын меңгереді; Диагностикалық және емдік манипуляцияларға қатысады.Таңу бөлмесінде науқастарға ХӨ жұмыстарын жасайды.БХӨ- ға арналған құрал-жабдықтарды жинастыруды біледі.Таза жараны және іріңді жараны өңдеуді біледі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
15 | Бас, бет, ауыз қуысының аурулары және жарақаттары. Мойын, кенірдек, өнештін хирургиялық аурулары және жарақаттары. | - Бас тұсының аурулары бар науқастарды зерттеу әдістері. - Туа біткен бас, бет, ауыз қуысының аурулары. -.Бас, бет жарақаттары - Бастың қабыну аурулары, диагностикасы, клиникасы, емдеу принциптері. - Мойын тұсының аурулары бар науқастарды зерттеу әдістері. - Туа біткен мойын, кеңірдек, өнеш аурулары. -.Мойын, кеңірдек, өнештің жарақаттары (мойынның қызыл және көк тамырларын жаралау, кенңірдек және көмейдің жарқаттары). - Өнештің күйігі және тарылуы себебі, клиникасы, алғашқы көмек, емі. - Көмейдің тарылуы: этиология, клиника, алғашқы көмек, диагностика, емі. - Трахеостомия түралы түсінік. - Тиреотоксикоз: этиология, клиника, диагностика, емі. - Мойынның жедел іріңді қабыну аурулары. -Өнештің обыры: этиология, клиникасы | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
16 | Кеуде және кеуде қуысының хирургиялық аурулары және жарақаттары | - Кеуде тұсының аурулары бар науқастарды зерттеу әдістері. - Туа біткен кеуде қуысының аурулары. -Кеуде қуысының жарақаттары - Кеуде қуысының қабыну аурулары, диагностикасы, клиникасы, емдеу принциптері | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
17 | Іш қуыс мүшелерінің хирургиялық аурулары және жарақаттары. Іш қуысының ашық және жабық жарақаттары. Жедел аппендицит перитонит клиникасы. | - Іш қуысы мүшелерінің қабыну аурулары бар науқастарды зерттеу әдістері. - Іш қуыс мүшелерінің хиругиялық аурулары және жарақаттары. - Асқазан мен 12-елі ішектің жаралы аппендицит, холецистит, панкреатит ауруларының себебтері, клиникасы, алғашқы көмек, емі. Жедел аппендицит себебі, клиникасы, диагностикасы,алғашқы көмек, емі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
18 | Асқазан және 12- елі ішектің хирургиялық аурулары, және хирургиялық емі. | - Асқазан мен 12-елі ішектің жаралы аурулары себебі, клиникасы, диагностикасы,алғашқы көмек, емі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
19 | Жедел панкреатит жедел холецистит | Жедел және созылмалы панкреатит , холецистит себебі, клиникасы, диагностикасы,алғашқы көмек, емі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
20 | Омыртқа жотасы мен жұлынның зақымдануы мен аурулары. Зәр шығару жүйесінің аурулары және зақымдануы | - Омыртқа және жұлынның хирургиялық аурулары және жарақаты бар науқастарды зерттеу әдістері. -Жамбас, омыртқаның, жұлынның хирургиялық аурулары және жарақаттары. - Омыртқа, жамбас, жұлынның хирургиялық ауруларының себептері, клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері.- Несеп – жыныс мүшелерінің қабыну аурулары бар науқастарды зерттеу әдістері. - Несеп-жыныс мүшелерінің хиругиялық аурулары және жарақаттары. - Несеп-жыныс жүйесінің хирургиялық аурулары және жарақаттарының себептері, клникасы, диагностикасы, емдеу принциптері. - Несеп – жыныс жүйесінің туа біткен аурулары | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
21 | Жамбас сүйектерінің зақымдануы мен аурулары. | - Жамбас, жұлынның хирургиялық аурулары және жарақаты бар науқастарды зерттеу әдістері. -Жамбас, омыртқаның, жүлынның хирургиялық аурулары және жарақаттары. - Жамбас, жұлынның хирургиялық ауруларының себептері, клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
22 | Тік ішектің зақымдануы мен аурулары | - Тік ішектің қабыну аурулары бар науқастарды зерттеу әдістері. - Тік ішектің хиругиялық аурулары және жарақаттары. - Жылан көздер, парапрактит, сызаттардың себебі, клиникасы, алғашқы көмек, емі. | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
23 | Терминалдық жағдай. Өкпе-жүректік реанимация. | Базалық жүрек-өкпе реанимациясын және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді біледі -Әртүрлі шоктар кезіндегі алғашқы көмекті жасай алады | Ментор-5 сағат Тьютор-1 сағат | 6 |
24 | Шоктық жағдай кезінде, кома және уланулар кезіндегі реанимациялар. | Базалық жүрек-өкпе реанимациясын және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді біледі -Әртүрлі шоктар кезіндегі алғашқы көмекті жасай алады | Ментор-5 сағат | 6 |
Тьютор-1 сағат | ||||
| Итого часов | | | 144 |
Аттестацияға арналған тәжірибелік дағдылар тізімі
Пән : «Хирургия»
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
3 курс 6 семестр
№ | Манипуляцияның аты | Тәжірибе қорытындысы | Аттестация қорытындысы | |||
Баға | Тікелеі жетекшінің қолы | Баға | Әдістемелік жетекшінің қолы | |||
| Стерилді халатты өзіне және дәрігерге кию | | | | | |
| Стерилді үстелді жабдықтау | | | | | |
| Қан тобын және резус-факторды цоликлондар әдісі бойынша анықтау | | | | | |
4 | Десмургия: Кимешек таңғышты таңып көрсету | | | | | |
5 | Десмургия: Бинокулярлы таңғыш салу | | | | | |
6 | Десмургия: Желкені айқастыра таңу | | | | | |
7 | Десмургия: Дезо таңғышты танып көрсету | | | | | |
8 | Крамер жақтауын салу ережелері | | | | | |
9 | Дитерихс шиналарын салу. | | | | | |
10 | Алғашқы хирургиялық өндеуге құралдарды және дәрі-дәрмектерді дайындау | | | | | |
11 | Тігісті шешу үшін құралдарды жинастыру | | | | | |
12 | Таза жараны орап тану | | | | | |
13 | Іріңді жараны орап таңу | | | | | |
14 | Қан ағуды тоқтату үшін жгут салу ережелері | | | | | |
15 | Мұрыннан қан кетудегі бірінші көмек. | | | | | |
16 | Күйіктердің дәрежесін және көлемін анықтау тәсілдері | | | | | |
17 | Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек | | | | | |
18 | Үсік шалу кезіндегі алғашқы көмек | | | | | |
19 | Плевра қуысына пункция жасау үшін құралдарды жинастыру | | | | | |
20 | Шок кезіндегі алғашқы көмек | | | | | |
21 | Сүйектер сыну кезіндегі алғашқы көмек | | | | | |
22 | Электрожарақат кезіндегі іс-әрекет алгоритмі. | | | | | |
23 | Базалық жүрек өкпе реанимациясы жүргізу ЖӨР(BCLS) | | | | | |
24 | Кеңейтілген жүрек өкпе реанимациясы жүргізу .КЖӨР(ACLS,OSCE) | | | | |