ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 132
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе
Қозғалыс жылдамдығының өсуі резонанс кезіндегі амплитуда тербелісінің аяқталынуына әкеледі ол үшін арнайы құрылғы қолданылды 14, арбаның қос доңғалақпен және шанақ желілерінің паралельді тербеліс энергиясын алмастыру. Сол себепті, қазіргі локомотивтер, шанақтан басқа, қос дөңгелектің мойынтірек түйіндерімен, тартым желісімен, тежеу құрылғылары және құралдары болады. Арбашалардың рамаларының жұмысын оңайлату және олардың массаларының төмендеуін шанақ рамасына орналаса басталды, ол арбашадан тежегішіне және тартым қүшіне алып келеді. Бірақ бұл басты түйіндердіде толық деп есептеуге болмайды. Мысалы: қозғалыс жылдамдығының кедергісін азайтып, рельс пен құрсау тарағының күйзелуін азайту локомотив және моторлы вагондардағы рельспен құрсау тарағының контктілерін майлауға тура келеді. Жылжымалы құрамның бөлек осы құрылғыларда локомотивтің механикалық бөлімінің сатысына кіреді, ал басқалары құлайды. Барлық айтылғандардың барлығы тепловозбен электровоздардың механикалық бөлімдерінің түйіндеріне , электрлі және дизель поезды, вагондар және метрополитендер, әр жылжымалы құрамның тартым түрлері үшін өздерінің әдістерә құрылды. Қазіргі мықты локомотивтердің арбашалы бөлігі шанақтан, қос доңғалақтың арбаша рамасынан, рессорлық ілінісуден, рычагты тежегіш берілісінен және тартым тіреу құрылғысынан тұрады. Ол күштік құрылғы үшін, қосымша жабдыққа, жетекке, қызмет көрсету жүйесіне, локомотивтің құрамының тартым күшінің берілісін қамтамасыз етеді. Арбаның басты элементін конструкция бойынша ажыратады. (сур. 2): рамалық жылжымалы қос доңғалақтың бастапқы рамасы және арбалық – қос доңғалақтарды топ бойынша орналастырумен.
Арбашықтардың құрылымдық ерекшеліктері
Арбашықтардың құрылымы айтарлықтай дәрежеде тарту күшін беру мен іске асыруды, бір қалыпты жүрісті, экипаж бөлігі мен жолдың өзара әсерін, қозғалыс қауіпсіздігі мен тепловоздардың динамикалық сипатамасын анықтайды.
Арбашықтағы біліктер саны тепловоздың қуатын, салмағы мен мөлшерін анықтайды.Екі білікті арбашықтар аз қуатты (1000 кВт дейін)маневрлік тепловоздарға арналған, магистральді тепловозда қолданылатын үш білікті арбашық арбашықтың негізі түрі болып саналады.
Көлікті дамытудың негізгі міндеті- тарту күшінің сәйкес өсуін қажет етуші локомотивтердің өнімділігін айтарлықтай жақсарту.Статикалық біліктік жүктеменің деңгейі жолдың үстіңгі бетінің типі мен жағдайына байланысты. 1986 жылдан бері сериялық өндірілген жоғары білікті (245 кН дейін) жүктемемен алты білікті локомотивтерді игеру басталды. Тепловоздар үшін төрт білікті арбашықтарды қолдануың болашағы зор, себебі ол арбашықтың тіркеу салмағын сол біліктік жүктемде де 33 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді.
Арбашықтың шанақпен байланысы жүктеменің шанақтан арбашыққа беруге (орталық шүберік мен бүйір тіректер, бесік типті аспалар арқылы тікелей арбашықтың бүйір рамаларына және т.б.); шанақ пен арқашықтар арасындағы көлденең күштерді беруге; шанақ пен арбашықтың көлденең қиылысына серпінділік беруді, арбашық шанаққа қатысты бұрылғанда демпферлі және қалпына келтіру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Шанақ пен арбашықтың байланысының сипаттамасын экипаждың маңызды және әлі жеткіліксіз зерттелген динамикалық процестері анықтайды: жолдың тік телімдерінде ұйтқытушы қозғалыстың тұрақтылығы; қисықтарда жолға әсер ету; автотербелістердің дамуына бейімділік. Рессорлы асу жүйесі экипажды жолдың ой-қырынан дірілдеуден қорғау дәрежесін анықтайды(6.1. кесте). Теңескен немесе жеке асу; бір немесе екі сатылы; серіппелі немесе пнвматикалық, сондай-ақ резеңке немесе құрама рессорға асу қолданылады. Дірілдеуден қорғаудың тиімділігі рессорлы асудың серпінділігіне, демпферлеудің сипаты мен деңгейіне байланысты. Демпферлеу қасиетін демпферлердің фрикциялы, сұйықағулық, пневматикалық және тағы басқақұрылымдары сипаттайды.
Букс торабы арбашықтың рессорланбаған қос доңғалағы мен рессорланған рамасын түрлі серпінді фрикциялы сипаттамалармен жалғастырушы буын болып табылады. Барлық тепловоз буксаларына доңғалақты айналма орнатылады. Қазіргі кезде жақты буксалармен салыстырғанда пайдалануда жоғары тиімділікке және көлденеңі мен бойлығында буксаның рамаен қатаң байланысы сипаттамасына мүмкіндік беруші жетектегіқұрылымды жақсыз буксалар қолданылады.
Арбашалар қанқасының құрылысы, оның элементтері
Арбаша рамалары дәнеркерленген конструкциялардлан тұрады. Олардың екі жақтауы 1 және екі рамааралық қорап түріндегі бекітетін жерлері 4, екі ұштық белдіктері және шүберін белдіктері 3 бар.
Арба рамалары екі бүйіршеден 1 және коробкалы қима түріндегі екі рамааралық бекітілген 4 екі соңғы аралықтан 10 және шүберін аралығынан 3 құралатын дәнекерленген құрылым құрылымнан тұрады.Букс жақтары 6 және 8 болаттан құйылып ,бүйіршелерге пісірілген .Букс жақтарының жұмыс үстіне жақты бұзудан сақтау үшін термоөңделген болаттан ауыстырмалы наличники пісірілген .
Шүберін арқалығы 3 рамааралық бекіткіштерге пісірілген 4. Арқалықты тозудан сақтау үшін шүберін ұясына 13 термоөңделген болаттан төлке жаншымалау.Соңғы аралықтар автотіркеуіш жағынан рама аралықтарымен шекті бұрандамаларымен бекітілген,ал отын бағы жағынан электрлі доғал дәнекермен пісірілген .
Соңғы арқалықтарға шекті шекті бұрандамалармен тіректер бекітілген және құмды құбырларды бекітуге арналған қапсырмаларпісірілген.Рамааралық бекіткіштерге электрлі тартым қозғалтқыштарын асып қою үшін болаттан құйылған тіректер 7 және 9 астынан пісірілген және қосымша екі бақылау бұрандамаларымен бекітілген.
1-рама бүйіршесі; 2-тірек; 3-шүберінарқалығы; 4-рамааралық бекіткіш;5-букс ішекшесі;6- соңғы букс жағы;7,9- тартым қозғалтқыштарының асып қою тіректері:8-ортаңғы букс жағы;10-соңғы арқалық;11-тірек табақшасы;12-тежеуіш цилиндірлерінбекіті үшін тірек;13-шүберін ұясы
Тежеуішті келдек арқылыберу тік және көлденен тегершіктерді және де тежеуіш цилиндірлерін арба рамаларына орнату үшін тіректер ,ал құм және ауа құбырлары үшін қапсырмалар пісірілген.
Жақтарға астынын букс ішектесі 5 екі бұрандамалармен бекітілген,оның 1:12 екісімен орындалған қамтытын шығындылықтары бар .Ішекшелер 25л 11 болатынан құйылады және екі бұрандамалармен бекітіледі.Пішін өзгертуін болдырмау үшін арба рамаларының бүйіршелері мен рамааралық бекіткіштер термоөнделеді,бұл ішкі кернеулерді.
Арбаша қаңқасының құрылысы арбашаның қызмет көрсетуіне байланысты әр – түрлі болады, мысалы: кузовті бекіту тіректері, тартқыш электрлі қозғалтқыш айналымын беру тәсілі және т.б. Арбаша қаңқасының негізгі элементтері болып оның буксаны біріктіретін боковые балки (боковины) қапталдық балкілер болып табылады. Осьтер санына және нагрузканың түсуіне байланысты қапталдық балкілер екі осьті арбашада поперечный балкімен байланысады.
Бірінші топ арбашығы-үш білікті, жақты тепе-тең рессорлы аспамен, тіректі-білікті тарту жетегімен.Мұндай арбашықтар ТЭ10 және 2ТЭ10Л жүк; ТЭП10, ТЭП10Л жолаушы; ТЭМ2 маневрлік және басқа тепловоздарға қолданады. 6.1. суретте 2ТЭ10Л тепловозының арбашығы көрсетілген. Ол негізгі тораптар: 1 рамадан, 11 тірек-оралу құрылғысынан; 9 шүберік торабынан , 3 рессорлардан, 10 үш ТЭҚ-нан, 5 букс тораптарынан, 6 тежегіш цилиндерлерінен; 7 тежеу иінтірек берілісінен тұрады. Жақты дәнекерленіп құйылған 1 рама қорапшалы қиманың бүйірлерінен, ұштық арқалықтардан, рамааралық бекіткіштерден және шүберік арқалықтан тұрады. Рама күрделі жазық құрылым болып табылады. Әзірлеу технологиясы жоғары қуатты технологияны шоғырландыруды қажет ететіндіктен оны экипаж бөлігінің аса жүктелген торабының бірі ретінде санайды.
2ТЭ10Л магистральді тепловозының арбашығы:
1-арбашықтың рамасы; 2-аспалы рессордың теңестіргіші; 3-рессордың табағы; 4,8-серіппе жиынтықтар; 5-букса; 6-тежеу цилиндрі; 7-тежегіштің иіні; 9-шүберік торабы; 10-тарту электр қозғалтқышы; 11-тірек-оралу құрылғысы; 12-күш редукторы;13-моторлы-білікті подшипник; 14-қос доңғалақ.
Жүктеме құралдары бар шанақтан тікелей рамаға аспалы рессордың тіке көлденең жазықтығындағы арбашықтың бүйір рамаларында орналасқан 11 тірек-оралу құрылғысы арқылы беріледі, ол иілуді төмендетеді.
Доңғалақшалардың еңіс тақталармен айналуы және шарлы тіректің аралығының сырғанауы есебінен демпферлеуші кезеңінің арқасында арбашықтың орта бұрылысынан 1365 мм қашықтықта орналасқан тіректер қалпына келу кезеңін тудырады.
Көлденең күштер(арбашықтан шанаққа) арбашықтың бұрылуының орталығы болып табылатын 9 шүберік торабы арқылы беріледі. Құрылымында көлденең жазықтыққа қатысты шанақтың тербелісін дірілдеуден оқшаулағыш жоқ.
Рессорлы аспа арбашықтың әр аспа нүктесімен арбашықтың әр жағынан теңелген. Аспа нүктесі 3 екі сегіз миллиметрлі рессордан, 4 алты серіппе жиынтығынан және 2 теңгергіштен жасалады.
Доңғалақты-моторлы білік (ДМБ) 10 ТЭҚ, 14 қос доңғалақтан, 12 тарту редукторынан, 12 моторлы-білікті подшипниктен тұрады. Тіректі-білікті аспа қолданылған: 13 моторлы-білікті подшипник арқылы ТЭҚ бір ұшымен 14 қос доңғалаққа тіреледі, екінші ұшымен серпінді траверс арқылы арбашықтың 1 рамасына ілінген. Осылайша қозғалтқыштың жарты салмағы рессорланбаған. ТЭҚ -нан шыққан айналыс тартылып 14 қос доңғалаққа отырғызылған тісті доңғалақтан, 10 ТЭҚ зәкірінің білігіне бекітілген тістегеріштен тұратын 12 бір жақты тік тісті тарту редукторы арқылы беріледі. 12 тарту редукторы 10 ТЭҚ сүйенішіне бекітілген қаптамамен бекітілген.
Арбаның екі жағында тежегіштің иінтірек 7 берілісінің екі тежегіш цилиндрі 6 орналасқан. Үш доңғалақтың қалыпы бір жағынан диаметрі 254 мм тежегіш цилиндрмен көтеріледі. Тепловоздардың әр түрлерінде бір- немесе екі жақты тежеу жүзеге асырылады.
Қарастырылған құрылымда тартымты электрқозғалтқыштың (ТЭҚ) қарама-қарсыорналасуы қолданылған: арбаның шеткі білегі үшін тұмсықшамен шүберінге, ортаңғы білегі үшін тепловоздың ортаңғы қимасына. Бұндай құрылымда базаның ұзындығы және арбаның екпін алу мезеті қысқарады, бірақ сонымен қатар іліністік салмағын пайдалану коэффициенті азаяды және тепловоздың тартым сапасы нашарлайды.
Пайдалану және сынау нәтижелері қуаты 1470 кВт (2000л.с.) магистральды тепловоздардың және ТЭМ2 маневрлі тепловоздардың бірінші топтағы арбаларының құрылымы, пайдалану сенімділігі, 1 млн км жүріске келетін жоспарсыз жөндеулер саны сияқты көрсеткіштер бойынша бірден бір үздік құрылым екендігін көрсетіп отыр. Жөндеуаралық жүрісі 1,5-2 есе арттырылған және білік күші жоғары, үлкен қуатты тепловоздар құрастыру кезінде экипаж құрылымын жетілдіру талап етілді.
Екінші топтағы арба – біржақты үйлестірілген жақсыз арба. Ол ТЭ10М, 2ТЭ116, ТЭ10В, 2М62, магистральды жүк тепловоздарына, ТЭМ3 маневрлік және құрылымдық жылдамдықтары 100-140 км/сағ (6.2.сурет) ТЭ109 (түрлері 130, 131, 132, 142), ТЭ114, М62 шетелге шығатын жүк және жолаушы тепловоздарына арналған.
2ТЭ116 тепловозының біржақты үйлестірілген жақсыз арбасы.
1- арбаның рамасы; 2-доңғалақты-моторлы блок, 3-серіппегіш іліктіргіштің серіппелік жинағы; 4-тіректі-қайтарымды қондырғы; 5-тежегіштің иінтірек берілісі; 6-тежегіштік ауаөткізгіш; 7-арбаның құм өткізгіш құбыры.