Файл: Алпысов А.. Математиканы оыту дістемесі оу ралы Павлодар, 2012.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1773
Скачиваний: 140
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
1. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
2. Математиканы оқытудың мақсаттары мен мазмұны
Математиканы оқытудың қағидалары
Математиканы оқытудың әдістері
5. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
6. Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі
Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері
9. Педагогикалық практика туралы
Практикалық сабақтар
1-тақырып. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері; 2) матеметиканы оқытудың мақсаттары; 3) 5-11 сыныптар бойынша математика бағдарламасын талдау.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 18, 19, 22, 25, 29, 32, 42, 45, 54] және орта мектептегі математика бағдарламасы.
-
тапсырма. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Көрсетілген әдебиеттермен танысып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Орта мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттеріне, мазмұнына талдау жасаңыздар. -
тапсырма. Математиканы оқытудың мақсаты жалпы білім беру, тәрбиелік және тәжірибелік болып бөлінеді. Осыларға сипаттама мен тұжырымдама беріңіздер. Сіздің көзқарасыңыз бойынша мектеп бағдарламасына математика курсы бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыруда жалпы білім беру және тәжірибелік мәні қаншалықты кең қарастырылған. -
тапсырма. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі:
-
Математиканың пайда болу кезеңі. -
Элементар математиканың қалыптасуы. -
Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі. -
Қазіргі математика кезеңі.
Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдіс- тәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?
-
тапсырма. Орта мектептегі математика бағдарламасына талдау жасап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер. Сан ұғымының кеңейуі қалай өтілуде? Мектеп математика курсында қандай геометриялық шамалар оқытылады? Қай сыныпта функция ұғымы енгізіледі? Орта мектепте қандай функциялар оқытылады? Мектеп бағдарламасында қандай теңдеулер, теңсіздіктер мен теңдеулер жүйесінің түрлері қарастырылған? Орта мектепте геометриялық түрлендірулердің қандай түрлері оқытылады? -
тапсырма. Орта мектепте геометрияны оқыту 3 кезеңде өтіледі:
1) 5-6 сыныптар; 2) 7-9 сыныптар; 3) 10-11 сыныптар. Әр этап бойынша геометриялық материалдың мазмұны мен әдістемелік негіздерінің оқытылуына сипаттама беріңіздер.
-
тапсырма. Қазіргі таңда математика мұғалімі қандай қасиеттерді игеруі тиіс? -
тапсырма. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуде өзекті мәселелерге жататындар дүниеге диалектикалық-материалистік көз- қарасты қалыптастыру, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Осыларға сипаттама беріңіздер. Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеуге қандай тәрбиелеу жүйесін елестетесіз? -
тапсырма. Математикадан факультативтік сабақтар оқушылардың жалпы білім деңгейін кеңейту, математикалық ойлау қабіліттерін дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру көзқарасын және жеке бастарының ерекшеліктерін тәрбиелеу болып табылады. Математикадан факультативтік сабақты ұйымдастыру үшін не қажет және нені білу керек? Факультативтік курс бағдарламасының мазмұнына сипаттама беріңіздер.
2 – тақырып. Математиканы оқытудың әдістері
Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері, олардың түрі мен сипаттамасы; 2) математиканы оқытудың қағидалары;
-
5 сыныпқа арналған математика оқулығының мазмұны мен құрылымының әдістемелік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 8, 12, 16, 20, 28, 29, 32, 33, 56, 57, 58], сонымен
қатар математика бағдарламасы, математика оқулығы, мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
-
тапсырма. Мұғалім мен оқушылардың қызметінің арасындағы айырмашылық тұрғысынан оқыту әдістерін сараптауға болады. Оқыту әдістері сабақ беру әдісіне (мұғалім қызметі, оқып үйрену әдісіне, оқушының қызметіне) жіктеледі. Әрбір оқып үйрену әдісіне сабақ беру әдісі сәйкес келуі қажет. Сабақ беру әдісіне ақпараттық әдістер мен оқушылардың іздену қызметін басқару әдістері жатады: әңгімелесу, әңгіме, дәріс, мұғалімнің түсіндіруі, жаттықтыру сипатындағы өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың оқулық әдебиетпен жұмыс істеуіне жетекшілік ету және т.б. Осы айтылған сабақ беру әдістеріне сипаттама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері қандай? «Үлкен немесе кіші» тақырыбы бойынша 5 сынып оқушыларына қандай әдістер қолданасыз? -
тапсырма. Оқып-үйрену әдістері ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді. Ғылыми әдістеріне: бақылау мен тәжірибе; салыстыру мен аналогия; анализ мен синтез; индукция мен дедукция және т.б. жатады. Салыстыру мен аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер. Осы әдіс қандай сыныптарда кең қолданылады? Қандай тақырыптарды өткенде осы әдістемені қолданады? -
тапсырма. Оқу әдістері орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды дамыту үшін арнайы жасалынған әдістер болып табылады. Оқу әдістеріне жататындар: эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрету әдісі, бағдарламалық оқыту әдісі т.б. Өзіңізге белгілі оқу әдістеріне сипаттама беріңіздер. Қандай сыныптарда оны қолдануға болады? Осы және басқа әдістерді меңгеру деген не? «Сүйір және доғал бұрыштар» (5 сынып),
«Жай және құрама сандар» (6сынып) тақырыптарын оқытқанда осы әдістердің қайсысын қолданасыз?
-
тақырып. Оқып үйрену әдістері ретінде бақылау мен тәжірибе әдістеріне сипаттама беріңіздер. Математиканы оқытуда олардың қолданысы қандай? Матеметиканың негізгі ұғымдарын тәжірибе арқылы оқушыларға қалай түсіндіруге болады? Мектеп математика курсында бақылау мен тәжірибені қолдануға мысал келтіріңіздер. -
тапсырма. Математиканы оқып үйрену әдістері ретінде анализ бен синтездің мазмұнын ашыңыздар. Анализ бен синтез математиканы оқыту үрдісінде ұғымдарды қалыптастыруға, теоремаларды дәлелдеуге және есептерді шығаруда кеңінен пайдаланады. Анализ бен синтезді қолдануға мысалдар келтіріңіздер. -
тапсырма. Мектепте математиканы оқытуда жалпылау мен тарату, абстракциялау мен нақтылау сияқты ғылыми оқыту әдістерін қолданады. Олардың бір-бірімен қандай байланысы, сипаттамасы бар? Осы әдістерді қолдану ретінде мысалдар келтіріңіздер. -
тапсырма. Индукция және дедукция мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің негізі болып табылады. Индукция - жеке фактілер жайындағы ғылыми білімнен жалпы білімге, тәжірибелік нәтижелерден теориялық қорытындыға, жекеден жалпыға қарай қозғалудың логикалық әдісі.
Дедукция - берілген дербес жағдайды жалпы жағдайдан шығару болып табылады. Орта мектепте төменгі сыныптан жоғары сыныпқа өту кезінде осы әдістерді оқыту қалай қолданады? Осылардың қайсысына жоғары сыныпта айрықша көңіл бөлінеді?
-
тапсырма. Толық индукция - ақиқаттағы тағайындалған пікірге қатысты барлық жеке және дербес жағдайларға негізделген ой қорытуды айтады. Математикалық индукция объектілердің шексіз көп жиындары туралы айтылатын ой қорытуды айтады. Матеметикалық индукция әдісімен дәлелдеуді тұжырымдаңыздар. Орта мектепте қандай тақырыптарды өткенде осы әдістерді қолданады? Толық индукция әдісінің математикалық индукция әдісінен қандай айырмашылығы бар? -
тақырып. Оқыту түрі - бұл оқыту процесін ұйымдастырудың тәсілі. Өзіңізге белгілі оқыту түрін тізбектеп және оларға сипаттама беріңіздер.
5 сынып оқушыларына сыныптық-сабақ оқыту түрін жүргізуге мысал келтіріңіздер. Сабақ тақырыбын өз қалауыңызша алыңыздар.
-
тақырып. Проблемалап оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту. Проблемалап оқытудың мақсаты қандай? Проблемалап оқыту кезінде сабақ барысы қандай этаптарға бөлуге болады? -
тапсырма. 5 сынып математикасын оқытуда проблемалық ахуалды ұсыныңыздар. Тақырыпты өзіңіз таңдаңыздар. -
тапсырма. 5 сыныпқа арналған математика оқулығының мазмұны мен құрылымы қандай? Әрбір тақырыпты меңгеру үшін қанша сағат бөлінеді? Қандай жаңа ұғымдар мен анықтамалар енгізілген? -
тақырып. 5 сынып геометрия материалдары мазмұнымен танысыңыздар. 5 сыныптағы салу есептеріне және оларды шешу әдістемесіне сипаттама беріңіздер. -
тапсырма. Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде 5-сынып оқушыларына жеке тапсырмаларды қалай дайындау керек?
3-тақырып. Математиканы оқытуды ұйымдастыру және оның негізгі түрі – сабақ
Негізгі сұрақтар: 1) сабақ түрлері; 2) сабақты өткізу жүйесі;
-
7 – 9 сыныптардағы геометрия пәні бойынша тақырыптарды ұйымдастыру, құрылымы және әдістемелік негіздері.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 12, 14, 16, 18, 20, 25, 32, 34, 35, 39,42,45,53,56, 57],
сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар (7-9 сыныптар).
-
тапсырма. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін қандай сабақ түрлерін білесіздер? Осы түрі бойынша сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Дәріс сабақты өткізудің жақсы жағы мен кемшілігі қандай? -
тапсырма. Математика сабағының құрылымы көбінде әртүрлі болады. Олардың негізгі элементтері: үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты тексеру, есеп тексеру, үйге тапсырма. Сабақтың құрылымы әрқашан осылай болу керек пе? Қандай сабақ элементтерін қолдануға болады? -
тасырма. Білім беруде қандай бекіту сабақ түрлерін білесіздер? Осы сабақтың негізгі элементтерін айтыңыздар. Осы мақсатта киносабақты қолдануға бола ма? -
тапсырма. Математика сабағын жоғары дәрежеде өткізудің жолы әртүрлі. Олар сабақ мақсатын рационалды таңдай білу, олардың мазмұны мен құрылымы, өзіндік жұмыс түрін әртүрлі өткізу, көрнекіліктер және т.б. Белгіленген әдебиеттермен танысыңыздар. Математика сабағын жоғары дәрежеде өткізудің жолдарын айтыңыздар. -
тапсырма. Қазіргі математика сабағына қойылатын негізгі талап: ғылымилық оқыту; негізгі дидактикалық оқыту мақсатының болуы; тәрбиелік мәні бар есептерді сабақта шешу; оқу материалын негізделген түрде таңдау; сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында оқыту әдістерін қолдану; сабақты жақсы ұйымдастырып, логикалық аяқталуын бақылау болып табылады. Қарастырылған әр талаптың мазмұнын ашыңыздар. -
тапсырма. Ғылымилық оқыту-қазіргі сабақтың негізгі мақсаты болып табылады. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға, математикалық ұғымдарды қалыптастыруға көмектеседі. «Планиметриялық ұғым және мазмұны, оның стереометриялық аналогиясы» тақырыбы бойынша жоғары сыныпқа арналған конспекті құрастырыңыздар. -
тақырып. Оқушыларға математикалық білім беруде ең басты міндеттердің бірі - дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру. Дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарас дегеніміз не? Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырудың мәндері қандай? -
тақырып. 7-9 сыныптарға арналған геометрия оқулықтарын талдаңыздар. Олардың әдістемелік негіздері қандай? Олардың құрылымдарын тұжырымдаңыздар. -
тапсырма. Математика сабағында кері байланыс тәсілін ойластырыңыздар. Қандай тәсілдерді меңгердіңіздер? Кері байланысты (оқушы-мұғалім) график, сызба, кесте бойынша қалай іске асыруға болады? Мысал келтіріңіздер. -
тапсырма. «Шеңбер» тақырыбын оқыңыздар. Сабақты осы тақырыпты түсіндіру жоспарын құрыңыздар және үй тапсырмасын жасаңыздар. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында 10-15 минут бақылау жұмысын құрастыңыздар. -
тапсырма. «Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігі» тақырыбын оқыңыздар. Үшбұрыштың биссектрисасы, биіктігі және медианасының айырмашылықтары қандай?
4-тақырып. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақ жоспары
Негізгі сұрақтар: 1) математика сабағына мұғалімнің дайындық жүйесі;
2) сабақ жоспары; 3) математика сабағына талдау жасау әдістемесі;
-
7 сынып геометрия оқулығының мазмұны.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 16, 18, 29, 30, 31, 32, 42, 44, 45, 51, 57], сонымен
қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған оқулық.
-
тапсырма. Мұғалімнің сабаққа дайындау жүйесі үш кезеңнен тұрады: жаңа оқу жылына дайындық; тақырып бойынша сабақтар жүйесіне дайындық; келесі сабаққа дайындық. -
тапсырма. Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы күнтізбелік жартыжылдық жоспармен аяқталады. 7 сынып геометриясы бойынша жартыжылдыққа тақырыптық жоспар құрыңыздар. Геометриядан мұғалімге арналған әдістемелік құралды қолдаңыздар. -
тапсырма. Бір тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаңыздар.
Өзіндік және бақылау жұмысын өткізу уақытын белгілеңіздер.
-
тапсырма. Қосымша үй тапсырмасын оқушы белгілі мерзімде орындаған жоқ (30 тапсырма). Мұғалім математика пәні басқа пәндерге қарағанда, негізгі пән болып табылады деп, барлық оқушыларға екі қойды. Осындай мұғалімнің қатал әрекеті педагогикалық білімсіздікті, төмен мұғалімдік шеберлікті көрсетеді. Осы жағдайда мұғалім қандай әрекет жасау керек? Көп берілген үй тапсырмасын орындауды барлық оқушылардан талап ету дұрыс па? Осындай қосымша есептерді шешуді сыныпта қалай ұйымдастыру керек? -
тапсырма. Кейбір мұғалімдер жаңа тақырыпты сабақта талдап, үйретеді де, үй тапсырмасын берумен ауыртпалық жасамайды. Осы әрекеттің пайдасы қандай? Үй тапсырмасын тексеру әдістемесі қандай болу керек? -
тапсырма. 7 сыныпқа арналған оқу құрылымен танысып, осы оқу құралының әдістемелік негіздері қандай? Қандай жаңа ұғымдар енгізілген? Қандай салу есептері құрастырылған? Қандай теоремалар дәлелденген? -
тақырып. 7 сыныпта жаңа тақырыпты түсіндіру бойынша сабақ конспектісінің жоспарын құрыңыздар. Жоспарлау кезінде сабақ тақырыбын, түрі мен мақсатын, оқу құралдырын көрсетіп, сабақ барысын жасаңыздар. -
тапсырма. «Шеңбер» тақырыбын оқып үйрену кезінде сабақта ауызша шешуге есептерді құрастырыңыздар (7 сынып).