Файл: азіргі оамдаы трбиешіні рлі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 410

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ынтымақтастық педагогикасы – педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.

Бұл технологияның негізгі мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Модульдік оқыту технологиясы– оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.

Қорытакелгенде, аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн деп санаймын.

«Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері»

Асық мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту құралы

   Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор.

Асық ойындарын ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қабілеттері дамып  денсаулығы нығайады.

Асық ешбір зиянсыз табиғи зат болып табылады.

Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған осынау асық ойындарының түрлері өте көп. Барлығы да денсаулықты жақсартып қана қоймай түрлі танымдық қабілеттерді дамытады.  Сол себепті де асық- адамды жан-жақты дамыту құралы.Қазағымызда осы асық ойындары негізінде айтылған;

Асығың алшыннан түссін деген жақсы тілек бар.

АСЫҚ ойындарының  балаға тигізер пайдасы өте көп атап айтсақ аяқ-қолдың қимылдарын қозғалысқа келтіріп қан айналымды жақсартады.мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке уйренуге пайдасы бар және де баланың ойлау қабілетін жақсартады.
Асық ойындары балаға нені үйретеді ;мұрамызды бағалап үйренеді шапшаңдыққа үйренеді, эстетикалық түрлі зат жасайды, түстерді ажырата біледі ,санап үйренеді.Асықты балабақшада қолданып баланы асық ойындары арқылы тәрбиелеу мұрамызды насихаттауымыздың   жолы.Балабақшада бекітілген бес сала бойынша асықты оқу қызметтерінде пайдалану тәрбиешінің балаға тәрбие берудегі жаңашыл жолы болып табылады.Денсаулық саласы бойынша асықты дене шынықтыру оқу қызметінде қолдану арқылы ұлттық ойындарымызды жаңғыртамыз.


Тәрбиеші - ең алдымен, бала үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерді қызықты да, жаңа инновациялық технологияларды қолдануға тырысып, әрқашан ізденісте боламын. Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері өте көп. Солардың ішінде мен білетін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданатын инновациялық технологиялардың бірі олар: 1) Ақпараттық қатынастық технологиясы 2) ТРИЗ технологиясы 3)Ойын арқылы оқыту технологиясы 4) Зайцев технологиясы 5) Тәй-тәй технологиясы 6) Монтессори технологиясы 7) Луллия шеңбері әдісі

1.Ақпараттық қатынастық технологиясы: Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы) Міндеттері: — Жаңа заманға қадам басу; — Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу; — Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау; — Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;

2. ТРИЗ -дің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

3. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.

4. Зайцев технологиясының негізгі міндеттері: - Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету; - Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; - Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру; - Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;

5. Тәй-тәй технологиясының негізгі мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.



6. Монтессори технологиясы Негізін қалаған: М.Монтессори Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.

7. Луллия шеңбері Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Ең тиімді және қызықты да, қолжетімді баланың іс-әрекеті бұл – ойын. Ойын мен Луллия шеңберінің екі жақты байланысы бар: 1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды; 2. Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі. Осында көрсетілген технологияларды білемін сонымен қатар әрқашан қолдануға тырысамын. Әрине жұмыс жасағаныма әлі де 1 жыл болған жоқ, сондықтан көптеген нәрсені, технологияларды білмеймін. Бірақ болашақта әрқашан ізденісте болып, жақсы маман иесі болуыма сенімдімін. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамынға тырысамын.

«Асықты жылдам орналастыр!»

(эстафеталық ойын)

Ойын мақсаты:Жылдамдыққа, ептілікке баулу, түсіне қарай тауып, асықты түсіне сәйкес,текшеге жылдам орналастыру арқылы жүру, жүгіру белсенділігін артыру. Бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру.Командада жұмыс

жасау, жарыс кезінде өзінің қимылына сенімі артады,дене құрылысы жетіліп, тапқырлық, ойлау, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттері артады.

Ойын барысы:Балалар 2 топқа бөлінеді, әр топта 4-7 баладан түрлі -түсті асықтар қоржында тұрады. Балалар асықтарды қатар қойылған, түстеріне сәйкестендіріп,кезекпен-кезек жүгіре қойып шығады.Түрлі-түсті текшеге асықтарды кім бірінші болып жинайды, сол топ жеңіске жетеді. Сары текшеге сары асықты, көк текшеге көк асықты, қызыл текшеге қызыл асықты бір баладан келіп, жылдам орналастырады.

Ойын барысы: Лента керіліп, оның қақ ортасына ірі мал асығы өткізіледі, ал лентаның екі жағына екі бала тұрып, берілген команда бойынша лентаны орай бастайды. Ептілігімен асыққа тез жеткен бала, жеңімпаз атанады. Ұтысқа жеткен бала, басқа баламен әрі қарай ойнай береді.

«Асыққа дейін жылдам жет»

Ойынның мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу, қол қимылы арқылы

бұлшық еттерінің жұмысын жақсарту, лентаны тез ширату арқылы асыққа жетуге ұмтылу. Ойын барысында бәсекелестік қабілетін арттыру. Лентаны


ұқыпты орауға, ойын ережесін бұзбай ойнауға дағдыландыру.

Ойын шарты:

Ханталапай:

- Ойнаушылар алаңқайға жайғасып отырады;

- Асықтарын шығарып, бәрiн қосады;

- 3 бала 10 асықтан 30 асық шығарады;

- Бiрасықты «хан «етiп белгiлейдi;

- Кезекпен барлық асықты қос қолмен уыстап, ойын алаңына «Ханталапай» деп иiредi; Ойнаушының мақсаты – асықты ұту;

- Ол үшiн асықпен ханды атады;

- Асықтын бәрiн тұтас иiрген кезде хан алшы түссе, онда қалғандарының iшiнен алшы тұрған асықты алып ату керек, бүк түссе, бүк түскен асықпен ату керек; Атқан асық басқа асықтарға тимей, ханға тисе, асық атушынікі болады;

«Асықты саны бойынша орналастыр»

(Интеллектуальдық-спорттық эстафеталық ойын)

Ойын мақсаты: Субъектінің бойында жылдамдылық, төзімділік, ерік жігерлік, батылдық, шапшандық қасиеттері қалыптасады. Қимыл-қозғалыс жасау қабілеті артады. Ойлау қабілеті, байқампаздық, жауапкершілік, тәртіптілік, мәдениеттілік қасиеттері дамиды. Бәсекелестікке қабілеттілігі артады.

Ойын шарты:Екі командаға бөлініп, арнайы қойылған текшедегі түрлі-түсті дөңгелектерге кәрзеңкедегі асықтарды орналастырады. Командадағы 6 бала бірінен-соң кезекпен келіп, асықтарды жылдам орналастыруға тырысады.Қате қойылса, ұпай саны кемиді. Нәтижесін төреші бағалайды.

Бұл жағдайда асықты қалтасына салып қойып, әрi қарай ату жалғасады; Егер де асықпен ханды атайын деп басқа асықты қозғап кетсе немесе атқан асығы тимей кетсе, ойынды келесi бала жалғастырады.

«Ханталапай» ұлттық ойыны

Ойын мақсаты:Төзімділік, икемділік,ептілік қасиеттері дамиды. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, қажырлыққа, көпшілікке тәрбиелейді. Достық, сыйластыққа, кішіпейілділікке баулиды.

«Шертіп ату» үстел –үсті ойыны

Ойын мақсаты: Қол икемділігін арттыру, бәсекелестікке қабілеттілігін жетілдіру, ынтасын өсіру.Саусақ, қол бұлшық еттерін қозғалту. Дәл тигізіп, құлатуға дағдылану.Дәлдікке, көзбен мөлшерлеп атуға баулиды.Баланың қызығушылығын арттырады, бос уақытын өткізуге, ермектік ойындар ретінде ойнатуға болады.Құрбысымен ойнау- жеңісіне марқаю, көңілі толу баланы –шеттеп қалудан (комфорттық аймағы),жасқанудан қорғайды.


Ойын шарты:Дөңгелек үстелдің үстіндегі сызбасы бойынша екі жаққа қарама-қарсы бағытта асықтар тізіледі. Қарама-қарсы отырған ойыншылар асықтарды шертіп ата бастайды. Кім өзінің түсімен қарсы асықтарды дәл тигізіп құлатады. Сол ойыншының асығы көп болса, сол жеңіске жетеді.

Қол моторикасын дамытады, қолдың саусақ, білек бұлшық еттерінің өсуіне,икемділігіне, ептілігіне көмектеседі.Қатысушы 2 бала, ойынды кім жеңіспен аяқтайды, келесі ойыншымен жалғаса береді.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп, қол қимылдарын басқара білу туады.
«Өз үйіңді тап»

(Дәстүрлі ойынның асық нұсқасы)

Ойын мақсаты:Дене қозғалысының белсенділігін жетілдіру, шапшаң қозғалуға, жылдамдыққа дағдыландыру.Командада жұмыс жасауға баулу.

Керекті құралдар:Түрлі-түсті асықтар, асық түсіне қарай кілемшелер.

Ойын шарты:Түрлі –түсті кілемшелерді жан-жаққа жайып қоямыз. Ортаданеше түрлі асықтар жатады. Балалар дөңгеленіп музыканың көмегімен айналып жүреді, музыка тоқтаған кезде өзі қалаған асықты алып, түсіне сәйкес кілемшенің үстеріне жиналады. Қызыл кілемшенің үстіне қызыл асықтары бар балалар жиналады, ал көк асықтары балалар көк кілемшеніңүстіне жиналады. Қай кілемшеге балалар тез жиналды. Сол жеңісті болады.
«Сөз ойла,тез ойла»

Ойын мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздің басындағы дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Көрнекі құралдар:Асықтар салынған қорапша.Асықтарға әріп таңбалары салынған.

Ойын шарты:Бұл ойынды жеке баламен де,топпен ойнауға болады.Балалар кезектесіп қорапшадан асықтар алады,ондағы жазылған әріпті оқып сол әріпке сөз ойлайды.Әрбір ойлаған сөзді санап, асық беріліп отырғанда кімнің немесе қай топтың көбірек сөз ойлағаны белгілі болады. Сол балалар жеңіске жетеді.Әріптерді танып, сөз ойлап, білімдерін пысықтайды. «А» әрпі жазылған асықты таңдап, алма, ана, алмұрт, айна, алша т.с.с. Осылайша берілген әріпке 5 сөз ойлаған балаға 5 асық беріледі.

«Жоғалған буын» ойыны

Ойын мақсаты:Балалардың, байқағыштық қасиеттерін дамыту.Сауат ашу сабағына қызығушылықтарын тәрбиелеу. Буындарды оқи білуге жаттықтыру, сөз құрастыруға жаттықтыру.