ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 409
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Керекті құралдар:Әртүрлі буындар мен әріптер жазылған асықтар.
Ойын шарты:Тәрбиеші балалардың алдына түрлі буындармен әріптер жазылған асықтарды қояды да, өзі алдындағы асықтардан буынды дауыстап оқиды. Оқылған буындарға балалар алдындағы буын жазылған асықтарды қарап үйлесетін буынды,әріпті қосып айтып жаңа сөз құрайды.Мыс: Ай-на,Да-на, қа-ла,ма-са, ба-ла тб.
«Луллия шеңбері» ойыны
Ойын мақсаты:Сөздердегі дыбыстарды ажырата білуге үйрету,әріптерді тани білу дағдыларын жетілдіру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру.
Керекті құралдар:«Луллия шеңберінің» тақтасы, түрлі-түсті асықтар.
Ойын шарты:Үстелді айналып балалар отырады.Луллия шеңберінің жоғары бөлігіне әртүрлі суретті карточкалар қойылады.Балалар алдарына айналып келген шеңбердегі суретке қарап,оның қай дыбыстан басталып тұрғанын ажыратады да,сол әріпті екінші шеңберге орналастырады.Ойын осылай жалғаса береді.
«Қанша сөз, сонша асық»
Ойын мақсаты: Суретке қарап сөйлем құрастыра білу дағдыларын жетілдіру.Байланыстырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Дыбыстарды дұрыс айтуды үйрету.
Керекті құралдар:Суретті карточкалар, асықтар
Ойын шарты:Педагог балалардан сурет карточканы таңдап, ондағы суретке қарап сөйлем құрастыруды сұрайды.Мысалы: Алма суретін алған бала «Анам базардан алма сатып әкелді»-деп құрастырса ,ол балаға сөйлемдегі сөз санына қарай асық беріледі. Сөйлем құрамындағы бес сөзге бес асық береді.Ойын осылайша жалғаса береді.
Қорыта айтсам,ата-бабамыздан жеткен, асыл мұра асық ойындарын дамытып, мынадай ұсыныстар жасағым келеді:
1.Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында балабақшадағы оқу тәрбие бағдарламасына асық ойындарын енгізіп,балабақшада асық ойынының қыры мен сыры терең түсіндірілсе;
2.Жылына бір рет асық ойындарынан турнир өткізілсе;
3.Облыс көлемінде ұмытылып бара жатқан асық ойындарын зерттеу және жинақтау мақсатында баспасөз бетінде конкурс жарияланса;
4. «Асық ойындары» атты балаларға арналған кітапшалар шығарылса;
5.Қала, облыс көлемінде іс-тәжірибе алмастыру
Ендеше, «Асығыңыз алшысынан түссін!
Күтілетін нәтиже:
- ұсақ қол моторикасының дамуы;
-түстерді ажыратуы;
-дыбыстарды анық айтуы;
-берілген әріпке сөз ойлау, сөзге сөйлем құрау дағдыларын меңгеру;
-буындардан жаңа сөз құрап айтуы;
-санау дағдыларының ,логикалық ойлау қаблеттерінің жетілуі;
-кеңістікті,уақытты, пішіндер мен көлемді бағдарлай алуы;
-денесін шынықтыруы,мүсіндерін түзетуі;
-мергендікке, байқампаздыққа тәрбиеленуі;
-алған білімін тәжірибеде қолдануға қолдана алуы;
-мектепке дейінгі ұйымдарда «Асық терапиясы»дидактикалық және қимылды ойындарының жаңартылған тәжірбиелерін тарату.