Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы 6В01505 Физика білім беру бадарламасы.docx
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ | | МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСиТЕТ АСТАНА |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы
6В01505 - «Физика» білім беру бағдарламасы
Орындаған: Бабақұл Салтанат Берікқызы
Қабылдаған: Сагалиева Жанар Каукербековна
Астана 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.................................................................................................
1. ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ...............................................................
1.1 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының объектісін
моделдеу.......................................................................................... 3
1.2 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының шығу тарихы мен
дамуы............................................................................................... 7
1.3 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық
процесте жүзеге асуы..................................................................... 8
1.4 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының концепциясының
авторлары......................................................................................... 10
1.5 Г.К.Селевко бойынша сыни тұрғысынан ойлау
технологиясының классификациясы.............................................. 11
1.6 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жүйелі зерттелуі
(Т. Галиев бойынша)..................................................................... 16
2. ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ
НЕГІЗІ...............................................................................................
2.1 Физика пәні бойынша сыни тұрғысынан ойлау
технологияларын қолдану тәжірибесі............................................ 20
2.2 ҚМЖ жасап сабақ жоспарына енгізу.............................................. 27
3. ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.
Қазіргі мектептің басты мақсаты- әр оқушының қабілетін ашу, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны өмірге дайындау, заманауи білім, дағдылар мен қасиеттерді дамыту. Дәстүрлі репродуктивті оқыту бұл міндеттерді шеше алмайды. Оларды шешу үшін жаңа педагогикалық технологиялар, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формалары мен белсенді әдістері қажет. Белсенді әдістерді қолдану арқылы мұғалім оқушыны ойлануға, практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиялық аспектілері Д.Р. Андерсон, Н.Е. Вераксы, Х. Гарднер, В.П. Зинченко, З.И. Калмыкова жұмыстарында қарастырылады. «Сыни ойлауды» дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен жұмысы.
Бұл технологияны таңдау себебім: жаңаша оқыту бүгінде өзекті мәселе болып табылады. Себебі баланың жеке тұлға ретінде тәрбиеленіп білім алу арқылы дамуы мемлекетіміздің білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған басты мәселе. Меніңше, бұл технология баланың жеке пікірін қалыптастыруға, өзіне берілген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға, машықтандырады.
Зерттеудің мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Зерттеудің міндеттері:
-
Технологияны жүйелі тұрғыда зерттеудің теориялық негізіне сүйене отырып ғылыми тұрғыда модельдеу, тарихи зерделеу; -
Технологияның педагогикалық процестегі компоненттерін анықтау; -
Г.К Селевко бойынша технологияның классификациясын құру; -
Технологияның концепциясын зерттей отырып, оның Галиев бойынша жүйелі зерттелуін қамтамасыз ету; -
Жүйелі тұрғыда технологияны зерттеудің практикалық негізіне сүйене отырып, технологияны қолданудың тəжірибесін нақтылау;
Зерттеу пəні: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын физика пəніне ендіру процесі.
Зерттеу əдістері: Зерттеу міндеттеріне сəйкес, мəселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау жəне жинақтау, нəтижелерді жүйелеу арқылы қамтамасыз етілді.
1.ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының объектісін модельдеу
1-кесте Педагогикалық технологиялардың жіктелуі (Г.К.Селевко бойынша)
Философия Педагогика ғылымы 1.Жалпы педагогика негіздері
2.Тәрбие теориясы
3.Оқыту теориясы
Дидактика:
-
Мақсаты -
Міндеті -
Мазмұны -
Әдіс(сөздік, практикалық,
көрнекілік)
-
Формасы(сабақ, зертхана) -
Құралдар
7. Нәтиже
Педагогикалық тұғырлары
(тұрғылары, тәсілдері)
-
Бірізділік -
Жүйелілік -
Тұлғаға бағыттау -
Іс-әрекет (ойын,оқу,еңбек) -
Технологиялар -
Жартылай – субьектісі -
Этнопедагогика
Технологиялар
1. Білім беру технология
ларының негізгі психологиялық –
педагогикалық тұжырымдамалары
2.Қазіргі білім және педагогикалық
технологиялардың теориялық негіздері
3.Қазіргі дәстүрлі оқыту
Ойын технологиясы |
Проблемалық оқыту |
Заманауи жобалық оқыту |
Интерактивті оқыту технологиясы |
Шет тілді мәдениетті коммуникативті оқыту технологиясы (Е.И.Пассов) |
Оқу материалдарының схемалық және символдық модельдері негізінде оқытудың қарқындату технологиясы (В.Ф.Шаталов) |
4.Педагогикалық процестің гуманистік-
тұлғалық бағытына негізделген
педагогикалық технологиялар
5.Оқушылардың белсенділігі мен
қарқындылығна негізделген педагогикалық
технологиялар
6.Оқу процесін басқару мен ұйымдастырудың
тиімділігіне негізделген педагогикалық
технологиялар
7.Дидактикалық жетілдіру
негізінде педагогикалық технологиялар
және материалды қайта құру
|
8.Жеке пәндік педагогикалық технологиялар
9.Балама (Альтернативные) технология
10.Еркін білім беру технологиялары
Педагогикалық технология атауы:
Сыни тұрғыдан ойлау - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жəне даралау процесі, яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Сыни тұрғысынан ойлау жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы білім алушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, студенттерге өздерінің кəсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сəйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді.
Сыни тұрғысынан ойлаудың мақсаты - əрбір білім алушыға жалпы білім беру мазмұнын меңгеру өзінің қабілеттерін, мүмкіндіктерін, когнитивті қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
Оқыту үрдісінде сыни ойлауды дамыту тәсілдерін қолданудың бірқатар артықшылықтары бар:
- білімалушылардыңбелсенді қатысуы;
- олардың дербестігі және креативтілігінің дамуы;
- танымдық мотивациясының өсуі;
- мазмұнын жылдам әрі жеңіл түсіну;
- оқыту механикалық жолмен емес түсіну арқылы жүзеге асырылады;
- қызығушылығының артуы;
- қызығушылықтың ұзақ уақытты болуы.
Қорытындылай келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда, тез арада дұрыс шешімдер қабылдауға атсалысатын бірден-бір технология деп есептеймін.
-
Оқытудың сыни тұрғысынан ойлау технологиясының объектісін модельдеу
Авторлар | Ұғымның анықтамасы | Ақпарат көзі |
М.В. Кларин | Ойындар педагогқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді. | Ақпарат көзі |
Ю.С. Тюнников | Түрлі әдіспен, ойындармен балаларға білім беру – олардың шеберлігін ғана емес оқуға деген қызығушылығын да оятады. Бұл өте тиімді деп білемін. | Ақпарат көзі |
В.В.Гузеев | Бұл оқушылардың ақпарат алмасуының бір түрі қоршаған ақпараттық ортамен. Ақпарат алмасудың үш режимін бөлуге болады | Ақпарат көзі |
Д. Стил, К. Мередит | Орыс отандық технологияларының ұжымдық және топтық оқыту әдістерінің идеялары мен әдістері, сондай-ақ дамитын ынтымақтастық синтезделеді оқыту; ол жалпы педагогикалық, пәннен тыс. | Ақпарат көзі |
А.Г.Ривин, В.К. Дьяченко | Оқытудың ұжымдық тәсіліне ұқсайды, өйткені оның негізі жұмыс болып табылады динамикалық жұптар мен топтардағы оқушылар. Әр түрлі комбинациялар кеңінен қолданылады | Ақпарат көзі |
А.С. Гуревич, А.В. Килиниюк | Ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырды | Ақпарат көзі |
А.С. Макаренко | Ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. | Ақпарат көзі |
Ю.К. Бабанский | Ойында бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады. | Ақпарат көзі |
Н.К. Крупская | Ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді. | Ақпарат көзі |
Қорытындылай келсек, қандай ғалымның пікіріне сүйеніп қарасақта, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы ерекше. Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушының белсенділігі жоғары болып, алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана алады. Оқушының сыни ойлауының сабақ сапасына әсері мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық әрекеттері дамиды, белсенділігі жоғарылап, олардың шығармашылыққа деген ынтасын ашады. Тұлғаның логикалық ойлау қабілеті дами отырып, сабақтың сапасында арттырады. Сабаққа деген белсенділігі күшейіп, жаңа тың ақпарат алуға деген қызығушылығы артады. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, сабақ жаңаша нәтиже береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.
1.2 | Оқытудың сыни тұрғысынан ойлау технологиясының шығу тарихы мен дамуы |
Кезеңдер | Уақыт | Автор | Ұғымның анықтамасы | Мазмұнды сипаттама |
Пайда болу кезеңі | V-VI ғ 17 ғасыр | Я.А.Коменский Я.А.Коменский | «дәлелдер іздеу, пайымдаулар мен болжамдарды мұқият тексеру, негізгі ұғымдарды талдау және тек айтылғанның ғана емес, сонымен қатар жасалынғанның да салдарын анықтаудың» маңыздылығын анықтады. дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілетін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып,лаулата түседі делінген. | Оның сұрақ қою әдісі қазір «Сократтық сұрақ қою«және бұл сыни тұрғыдан ойлауды оқытудың ең танымал стратегиясы. Автор көркем шындықты модельдеу технологиясын ұсынды. Технология зерттелетін материалдың бейнелі қабатына батыруға, оның эмоционалды дамуы мен өзгеруіне негізделген. |
Даму кезеңі | XX ғасырдың 30 жылдарының басында 1950-60жж 1960-70жж | Л.С.Выготский Л.В.Занков В.В.Давыдов | “ Оқу технологиясы - тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогика жүйесі.” Ол 50-60 жылдарында бастауыш мектепке интенсивті жан-жақты ойлау жүйесін жасады. Бұл кезеңде белгілі бір жағдайларға байланысты тәжірибеге ендірілмеген болатын. эксперименталды мектептер жұмысында жүзеге асырылған болатын. Олардың технологиясында басты назар баланың интелектуалды қабілеттерін дамытуға аударылды. «Сыни тұрғысынан ойлау» терминінің шығу тегі В.В.Давыдовтың есімімен байланысты. Шектеулі құбылыстар шеңберін белгілеуге ендірілген, ол тез арада жалпы педагогикалық тәжірибеге кірді. | Сын тұрғысынан ойлау алдында жүретін және негізгі мақсат ретінде баланың дамуына бағытталған ойлау идеясын алға қойды. Оның гипотезасына сәйкес, білімдер оқытудың соңғы мақсаты емес, олар тек оқушыны дамыту құралы болып табылады. |
Шарықтау шегі | 1990 ж 2003 ж | Н.П.Гузик Джорд Сорос | А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынды. «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. | Бірінші орында білім алушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. |