Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы 6В01505 Физика білім беру бадарламасы.docx
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 64
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қорытындылай келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін пайымдауға, оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың бұл әдісін көптеген ғалымдар зерттеп, қарастырған (Н.П.Гузик, Я.А.Коменский, В.В.Давыдов, Л.С.Выготский) бірақ осы жобамның негізгі анықтамасы ретінде «Герман Константинович Селевко теорияларын» қарастыратын боламын.
1.3 Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының педагогикалық
процесте жүзеге асуы
Педагогикалық үрдістің компоненттері | Сыни тұрғыдан ойлау |
Мақсаты, міндеттері | Білімдік- сыни тұрғыдан ойлау арқылы білім жинайды. Тәрбиелік-білім алушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге Дамытушылық - барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету |
Объектісі немесе субъектісі | Объектісі - оқушы, субъектісі - мұғалім |
Оқыту принциптері |
|
Оқыту мазмұны | Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. |
Оқыту құралдары | Оқулық, интерактивті компьютерлік құралдар, сыни тұрғыдан ойлайтын ойындар. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу-әдістемелік құрал. |
Оқыту әдістері | Кесте соңында |
Оқыту түрлері немесе формалары | Дәстүрлі оқыту формасы Ауызша, жазбаша, ассинхрондық-синхрондық, жеке, топтық, бірлескен ұжымдық. |
Оқыту шарттары |
|
Оқыту нәтижесі | -оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйренеді; -керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйренеді, дамуын қамтамасыз етеді; -өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білу; -оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; -басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді; -өткір сындарды қабылдап, онымен жұмыс жасауға машықтанады; -ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады. |
-
Оқытудың интерактивтік технологиясы концепциясының авторлары (сілтемесе)
"Сыни тұрғыдан ойлау – қабылданған фактілерге, нормаларға немесе құндылықтарға сәйкес айтылымын анықтау мақсатында мәлімдемелерді немесе мәлімдеме жүйелерін тексеруге бағытталған ақыл-ой әрекеттерінің реттілігі. ... Логикалық және когнитивті компоненттердің әртүрлі қатынастарымен сипатталатын өзіндік аргумент түрі бар сыни ойлау деңгейлері белгілі: 1) эмпирикалық деңгей – фактілерді сыни тексеру; 2) теориялық деңгей – теорияларды сыни тексеру; 3) метатеориялық деңгей – нормалар мен құндылықтарды сыни тексеру"
В.Н.Брюшкинин
"Сыни ойлаудың негізгі белгілерінің бірі- ойлау субъектісінен сананың қандай функциялары үшін ойлау қолданылатындығы туралы өзін-өзі есеп беруді талап ететін: құндылықты бағдарлау үшін, мақсатқа жетудің құралдарын білу немесе іздеу үшінтеориялық рефлексияның болуы "
Л.А.Калинников
«Сыни тұрғыдан ойлау рефлексивті сипатқа ие және қарым-қатынасқа, тұлға психологиясына қатысты. Бұл тек танымдық (когнитивті) қана емес, сонымен бірге мотивациялық саламен, өзін-өзі танумен байланысты. Біз адамдардың ойларымен емес, материалдық әлемнің құбылыстарымен айналысқанда, бізге қарапайым ойлау жеткілікті болады» Т.Ф.Ноэль-Цигульская
Дереккөз:
С.И. Заир-Бек РАЗВИТИЕ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ ЧЕРЕЗ ЧТЕНИЕ И ПИСЬМО: СТАДИИ И МЕТОДИЧЕСКИЕ ПРИЕМЫ//Директор школы. 2005. № 4. C.66-72.
И.О. Загашев, С.И. Заир-Бек КРИТИЧЕСКОЕ МЫШЛЕНИЕ: ТЕХНОЛОГИЯ РАЗВИТИЯ. СПб.: Альянс «Дельта», 2003.
-
Г.К. Селевко бойынша педагогикалық технологиялардың классификациясы (жіктелуі)
р/с | Технологияның сипаттамасы | Педагогикалық технологияның жіктемесі |
1. | Қолдану деңгейі бойынша:
| Жалпы педагогикалық : – оқу орындары мен аймақтағы белгілі бір оқу сатысындағы педагогикалық процестің тұтастығын танытады. Интерактивті әдіс – ( |
2. | Философиялық негіз бойынша:
| Гуманизм – адамды жеке тұлға ретінде танып, оның құқықтық еркіндігін тану, әрі өз қабілетін жан-жақты аша білуіне, өзін таныта білуіне педагогикалық жағдай жасау. Аксиологиялық тұғыр негізінен гуманистік педагогикаға тән болғандықтан, ондағы адам қоғамның ең жоғарғы құндылығы және қоғамдық дамудың ең жоғарғы мақсаты ретінде қарастырылады. Сондықтан аксиология гуманистік проблематиканың жалпы бөлегі ретінде білім берудің жаңа философиясының негізі және қазіргі заман педагогикасының әдіснамасы ретінде қарастырылады. Авторитарлық тәрбие - тәрбиелеушінің еркіне бағынушылықты қарастыратын тәрбиелік концепциясы. Балалар белсенділігінің дамуын, олардың жеке даралық қабілеттерін тұншықтыратын, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің арасында кері пиғыл туғызатын тәрбие. Педагогикалық басшылықтың авторитарлық стилі билік қатынастарға негізделген, оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін мойындамайтын, тәрбиеленушілермен әрекет жолдарында адамгершілік тәсілдерін ескермейді. Авторитарлық педагогиканың принципі - мұғалім - субъект, ал оқушы - тәрбиелеу мен оқытудың объектісі. Баланы басқарудың түрлі әдістері мұқият карастырылған: қауіп, бақылау, бұйыру, тыйым салу, жазалау. Сабақ қатаң ұйымдастырылған, екпін тәрбиелік окытуға түседі. Көрнекті өкілі - Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841). Мұндай стиль педагогқа ерекше мамандандырылған сипат туғызады: догматизм, күнәсіздік сезімі, педагогикалық әсірелеушілік, ойларындағы кешірімсіздік. Педагогикалық қызметтері оның бір көрінісі - морализацияны пайдалану. |
3. |
| Биогендік технология – баланың психикалық дамуындағы мұрагерлікпен берілетін тектік кодын айқындап, сыртқы орта тек осыны ары қарай дамыта түседі деп санайды. Социогендік технология – адамның тұлғалық дамуын жүйеге түсірілген «матрица» деп есептеп, оны оқу-тәрбие нәтижесінде әлеуметтік тәжірибенің таңбаланып отыруы деп санайды. Психотектік болса, адамның алдыңғы алған тәжірибесі негізінде өзін-өзі психологиялық жетілдіруі барысындағы сана-сезімдік даму көрсеткіші ең түпкі нәтиже болып табылады деп санайды. Идеалистік – өз кезегінде тұлғаның шығу тегі мен сапалық нышаны материалдық болып табылмайды деген ой түйеді. |
4 | Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша:
| Интериоризаторлық концепциясының ұстанымы бойынша адамның ойлау қабілеті сыртқы іс-әрекеттен кезең-кезеңімен ішкі әрекетке өтіп отырады. Ассоциациялық-рефлекторлық концепциясы ми қабатының шартты рефлекстік іс-әрекеті туралы ғылыми ілімге арқа сүйей отырып, адам баласының мектеп қабырғасында берілетін білімді игеруі мен арнайы оқытылатын пәндер бойынша белгілі бір машық және дағды қалыптастыруы санадағы болып жатқан қарапайым және күрделі процестердің түрліше байланысы (ассоцациясы) деп санайды. Оқушының ой-санасында осылардың пайда болу процесінің өзі белгілі бір логикалық тізбектестіктен тұрады: - оқу материалын қабылдау; - оқу материалын ой сарабынан өткізіп, ондағы орын алатын ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықтарын ұғына алу; - оқу материалын есте ұстап, жадында сақтай алу; - сабақта игерген білімін өмірде қолдана білу. Рефлекция Өздік дамушылық технологиясы педагогикалық процесс кезінде тұлғаның өздігімен басқарылатын сезімдік механизмдерін қалыптастыруға бағытталады. Сабақ, әдетте, бір оқу пәніне, тақырыпқа арналады, соның арқасында сыныптағы оқушылар бір материал бойынша жұмыс істейді; Оқушылардың сабақтағы жұмысын мұғалім қадағалайды: өз пәні бойынша оқу нәтижелерін, әрбір оқушының дайындық деңгейін жеке бағалайды және оқу жылының соңында оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру туралы шешім қабылдайды |
6 | Тұлғалық құрылымға бағытталуы бойынша:
| Ақпараттық технологиялар оқушылардың білім, машық, дағдысын қалыптастыруды жүзеге асырады. Іс-әрекеттік технологиялар өзінің басты мақсаты етіп ойлау әрекетінің амалдарын қалыптастыруды қамтамасыз етуді алға қояды. Өздік дамушылық технологиясы педагогикалық процесс кезінде тұлғаның өздігімен басқарылатын сезімдік механизмдерін қалыптастыруға бағытталады. Эвристикалық – баланың педагогикалық процесс кезінде шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Қолданбалы – тұлғаның педагогикалық процесс кезіндегі әрекеттік-тәжірибелік аясын қалыптастыруды қамтамасыз етеді |
7 | Құрылымы және мазмұны бойынша:
| Адаптивті-вариативті Оқу процесінің икемділігі және қолжетілімділігі – студенттер кез-келген мәселені инемді шеше алады Монотехнологияда мектептегі барша оқу-тәрбие процесі бір ғана негізге сүйенсе, қазір қолданылып жүрген политехнологиялық технология өз бойына көптеген педагогикалық технологиялардың элементтерін тоғыстыра сіңіргендігін байқай аламыз. Жаңадан енген технологиялардың элементтері басқа педагогикалық технологиялардың бойынан табылып отырады, әрі мектептің іс-тәжірибесінде басқалардың белсенділігін арттыру үшін жиі пайдаланылады. |
8. | Таным әрекетін басқару және ұйымдастыру бойынша:
| Өзара оқыту : Студенттердің коммуникаттивті құзыреттілігін дамыту |
9. | Білім алушыны оқытуға қатынасы бойынша: По подходу к обучаемому
| Ынтымақтастық технологиясы : оқушы және оқытушы арасындағы ынтымақтастықты қарым қатынаста оқыту демократиялық стильде болады Авторитарлық технологияда оқушы объекті деп саналып, мұғалім оқу-тәрбие беру процесіндегі бірден-бір субъекті ретінде танылады. Сондықтан да, осындай технология мектеп өмірін ұйымдастыруда білім алушылардың бастамасы мен дербестігін тежеп, талап қою мен мәжбүрлеуге жүгінеді. Әріптестік оқу процесі үстінде ұстаз бен шәкірт арасында орын алатын субъекті мен субъектілік қатынастағы демократиялықты, теңдікті, әріптестікті барынша кеңінен жолға қоюымен ерекшеленеді. Екеуара бірлескен шығармашылық әріптестік, ұстаз бен шәкірттердің бас қоса отырып істеген жұмыстарына жалпы мақсат қоя отырып, қол жеткізген нәтижелеріне өз бағалауларын жасайды. Тұлғалық-бағыт ұстанушылық технологиясы болса, бүкіл білім беру жүйесінде баланың жеке басын алдыңғы орынға қояды да, оның дау-дамайсыз даму жағдайы мен өзінің табиғи ерекшелігін жан-жақты аша білуін, әрі жүзеге асыра алуын қамтамасыз етеді. Гуманды-тұлғалықлық - баланың жеке басын қолдау мен оған жан-жақты көмектесуге арналады. Бұдан басқа бұқаралық, өтемдік, виктимологиялық (ой өрісінің даму ерекшелігіне орай бөлектеп оқыту) және қиын немесе дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі оза білім беруі түрінде болып келеді. Виктимологиялық технология деп арнаулы білім берудегі сурдо-, орто-, тифло-, олигофренопедагогика сияқты оқыту түрін атаймыз. |
10. | Әдістердің артықшылығы бойынша:
| Бағдарламалық оқыту – тақырыпты оқыту бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі. Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары, жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады |
11. | Дәстүрлі жүйені модернизациялару бойынша:
| Балалар әрекетің белсендіру негізінде: Өзара әрекеттесу кеңістігін ұйымдастыру. Диалогты тиісті шарттарсыз ұйымдастыру мүмкін емес.. Диалог жүргізу үшін Бір-бірінің артқы жағында емес, бетпе-бет отыру қажет. Ол үшін қатысушыларды дұрыс отырғызу керек. Оқушылардың тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін барлық негізгі жұмыстар жүргізілетін шағын топтар құру қажет. |
12 | Педагогикалық технологияның оқушылардың саны бойынша қолданылуы:
| Массалық технология : Әр түрлі жас санаттарына (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта білім) және әр түрлі білім беру түрлеріне және технологияларына сай келеді |
Ақпарат HYPERLINK "https://www.stavcvr.ru/metod-kopilka/Г.%20Селевко_Энциклопедия%20образовательных%20технологий%20(1%20том).pdf" HYPERLINK "https://www.stavcvr.ru/metod-kopilka/Г.%20Селевко_Энциклопедия%20образовательных%20технологий%20(1%20том).pdf"көзі |
-
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жүйелі зерттелуі
(Т. Галиев бойынша)
1.Технологияның пайда болуына əсер ететін шарт-факторлар | Оқушыларды жалпы педагогиканың методикасымен оқыту барысында, кейбір əдістер барлық балаларды оқытуға жарамады. Барлық балалар меңгеруі тиіс болған стандартты білім кейбір балалар үшін тым оңай болса, кейбір балалар үшін қиындық тудырды. Уақыт өте келе балаларды деңгейіне қарай бөліп оқытуға тура келді. Осы мəселені зерттеуші Л.С. Славина үлгерімі төмен білім алушылардың келесі топтарын анықтайды: 1) оқуға, білім алуға көзқарастары дұрыс емес балалар; 2) материалды баяу, қиындықтармен меңгеру (білім деңгейінің төмендігі); 3) оқу жұмыстарын орындау дағдысы қалыптаспаған балалар; 4) жұмыс істегісі келмейтін балалар; 5) танымдық жəне білім алу мүдделері жоқ балалар. Зерттеуші балаларды топтарға бөліп, оларға əртүрлі əдістермен білім үйретіп, бірдеңгейге шығару жолдарын қарастырған. 30-жж. Кеңестік үкімет барлық оқу-тəрбие процесінде қатаң тəртіп белгілеуді жою туралы қаулы қабылдады. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге дайындауға жəне толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітілді. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тəрбие процесін құруға жəне оқу пəндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін сыни тұрғысынан ойлау пікірін өңдеу жалғасты. Осыған байланысты сыни тұрғысынан ойлау пікірін өңдеу білім берудің регламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтау қажет болды. Осы мəселеге алғаш рет 1946 ж. Н.К. Гончаров назар аударды. Ол сыни тұрғысынан ойлаудың шекарасын ғылымның екі тобы – табиғат жəне қоғам негізінде анықтау керек деді. 50-жж. ортасында орта мектепте сыни тұрғысынан ойлау бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталды. Бұл жұмысты бастаушылар: М.А. Мельников, А.М. Арсеньев, Н.К. Гончаров болды. Сыни тұрғысынан ойлау бойынша жүргізілген экспериментті жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары келесілер болды: «Мектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кəсіптік, политехникалық жəне жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек». Үйлесімді бағдарламалар жəне пəндер циклдері бойынша бөлімдер құрылғанда сыни тұрғысынан ойлау басталды. Жалпы білім берудің бірыңғай көлемі сақталды, дифференциация жалпы білім беру пəндерімен бірге арнайы жəне тəжірибелі өндірістік дайындық пəндерін қамтиды. Осымен кеңестік мектептегі сыни тұрғысынан ойлау шет мемлекеттерінің фуркациясынан ерекшеленді, яғни мұнда сыни ойлау екі бағыт бойынша: математикалық жəне гуманитарлық болып жүргізілді. |
2.Технологияның диагностикасы (бағалау жүйесі). | Ж.Қараевтің сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша бағалау критерийі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Əрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті жəне одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау əдісіне баулу. |
3.Технологияны жүзеге асырудағы негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары | Мəселе: XX мыңжылдықтың 20-жж., яғни алғашқы кезеңде, бұл мектеп тəжірибесінде жəне педагогикалық теорияда сыни тұрғысынан ойлау пікірін жүзеге асырудың бастамасы 1922 ж. Дальтон-план бойынша бастау алды. Дальтон- планының көмегімен оқыту процесіне оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін бағдарламалар енгізілді. Оқу бағдарламаларын күрделілік деңгейіне бөлу, нақты пəн бойынша нұсқау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау сыни тұрғысынан ойлау принципіне жауап берді. Онымен қоса, ол оқушыларды деңгейлік дайындаудың қазіргі талаптарына үндес болды. Кеңестік мектептерде сыни тұрғысынан ойлаудың алғашқы формасы болып дарынды балаларды айқындау болды. Дарынды балалармен жұмыстың тəжірибесінде əдебиеттер мен əдістемелер болмағандықтан, сыни тұрғысынан ойлаудың аталған формасы баланың психикасына яғни, тым ашушаң, қызбалы болуына əкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды, атап айтсақ: үлгерімі нашар жəне даму жағынан кем балаларды есіркеу жəне соған байланысты əдістемелер қолданылды. Шешімі: Профессор Ж. Қараевтың сыни тұрғысынан ойлаутехнологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен білім алушылардың өздігінен танып, іздену іс-əрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында білім алушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Педагогикағылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. |
4.Технология ендіруге байланысты шетел тәжірибесі және отандық тәжірибе. | Шетел тәжірибесі ДЖ. Конант бастаған педагогикалық топ 50-жылдары “барлығын қамтитын мектеп” моделін ұсынды. Əр түрлі əлеуметтік жағдайдағы балалар үшін, олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, əр топқа сəйкес бағдарлама жасады. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуде іске асты. Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Ғалымдардың есептеуі бойынша əрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8 пайызға дейін өте талантты оқушылар болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді, АҚШ-та дарынды балалардың 40 пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды. Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бөлімдер жəне тездетіп, тереңдетіп оқытатынкурстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту əдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тəжірибелері мол. Германияның Гамбург қаласында 1985 жылдан ерекше қабілетті оқушылармен шұғылданатын қызмет орны жұмыс істейді. Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап кейбір бастауыш оқу мекемелерінде талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады. 90-шы жылдардың басында Страсбургте ойлау қабілеті өте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды. Жапонияда дарынды балаларды оқыту мəселесіне салыстырмалы түрде ұстамды бағыт көрсетіледі. Кейбір оқу орындарында талантты оқушыларды анықтау бағытында диагностикалық тестілеу жүргізіледі. Оларға арнап арнаулы оқулықтар мен оқу құралдары шығарылады. Жапонияда толық мəнді жалпы білім бергісі келетін ата-аналар балаларын көп тараған мектептерден гөрі толықтыра оқытатын жеке меншік мектептерге (дзюку) береді. Мұндай мектептер оқушылардың барлық жасына арналған. Дюза мектебі Күншығыс елінде жылдан-жылға кеңінен тарап келеді. Дзюкада мұғалімдік қызметті, негізінен, студенттер атқарады. Мұнда жоғары оқу орнына түсем деушілерге жəне бұрын оқуға түсе алмағандарға арналған жеке меншік оқу орындары да кеңінен тараған (ебьеку). Ебьекуде, негізінен, алдыңғы қатарлы университеттердің профессорлары сабақ береді. Тек қана Токионың ебьекулерінде жыл сайын 150 мың оқушы оқиды. Əлемде білім беру саласында даралап, саралап оқыту үрдісінің мəні осындай. Ресейде де ұлттық қолайлы тобын (элитасын) тəрбиелеу қажеттілігін түсінеді. 1989 жылы “Дарынды балалар” атты кешенді бағдарлама жасалды, арнаулы “Ресейлік мəдени қор” ұйымдастырылды, қаражат бөлінді. 1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға стипендия бөлді |
ІІ. ЖҮЙЕЛІ ТҰРҒЫДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Сабақ кезеңдерінде стратегиялар қолданылуы
Р/с | Сабақ кезеңдері | Cабақ кезінде қолданылатын стратегиялар |
1 | Қызығушылығын ояту (Эвокация) - бұл үйрену процесі. Бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білімалушыне біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. | «Миға шабуыл», «Т кестесі», «Венн диаграммасы», «Блум Таксаномиясы»,«Тірек сөздер», «Болжам», «Салыстыру» |
2 | Мағынаны тану ( Реализация) - Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Онда өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. | «ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы», «İNSERT немесе түртіп алу», «Кубизм», «Геометриялық фигуралар», «Ирек», «Пікір алысу» «Араласып кеткен оқиға», «Нақты жағдаяттарды талдау» |
3 | Ой толғаныс (Рефлексия) - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде білімалушыныңтолғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білімалушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. | «Sinkuein немесе бес жолды өлең», «RAFT», «ЭССЕ», «Топтастыру немесе кластер», «Әңгімелесу», «БББ немесе маркировка кестесі» |