Файл: Реферат таырыбы Сыни трысынан ойлау технологиясы 6В01505 Физика білім беру бадарламасы.docx
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 63
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Стратегия атаулары | Ұйымдастыру әдісі | ||||||||||||||||
«Миға шабуыл» | Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса білімалушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Оқытушы топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық білімалушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс – тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. | ||||||||||||||||
«Т кестесі» | Т кестесі стратегиясы – мақсаты: қарама – қарсы ұғымдарды тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Білімалушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жекеде орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмаларына да беріліп жүр. Білім алушыларға кескін сурет түрінде орындауға болады. | ||||||||||||||||
«Венн диаграммасы» | Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір -біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер (тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік). Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Білім алушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады. | ||||||||||||||||
«Блум таксаномиясы» | Блум сұрақтары екіге бөлінеді. Олар жуан және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жуан сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы. Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар. Жуан сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жуан сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде де. Жуан сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай әрекет жасады. | ||||||||||||||||
«Тірек сөздер» | Оқытушы тірек сөздер береді. Білімалушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге оқытушы назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Білімалушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық. | ||||||||||||||||
«Болжам» | Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік беру қажет. | ||||||||||||||||
«Салыстыру» | Оның мақсаты ойлау, салыстыру қабілеттерін кеңейту, білімалушының сабақтағы белсенділігін арттыру, үйге берілген тапсырманы салыстыру арқылы дұрыс орындауға, өз қателерін анықтауға үйрету, түсінуге талаптандыру. | ||||||||||||||||
«ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы» | Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: алдымен топ 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған білімалушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірінші топ, 2 - бөлігін екінші топ, 3 - бөлігін үшінші топ, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін білімалушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі топ мүшелері топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін–бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс. | ||||||||||||||||
«İNSERT немесе түртіп алу» | Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Білімалушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
| ||||||||||||||||
«Кубизм» | Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан- жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды,жаңа білім қосады. Сипаттау (түрі, түсі, көлемі) ; Салыстыру (ұқсастығы, айырмашылығы) ; Ұсыныс (қалай, қай жерде пайдаланылады?) ; Дәлелдеу (қарсы және қарсы емеспін) ; Талдау (қалай жасалған, неден тұрады?) ; Ой толғау (бұл неден жасалған?); Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. | ||||||||||||||||
«Геометриялық фигуралар» | Бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Білімалушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі мәтін ұғымдарының мінез-құлқына сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Ұғымдардың түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл топ ұжымымен өткізуге болады. | ||||||||||||||||
«Ирек» | Білім алушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Оқытушы алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Білімалушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ білімалушыларға өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат–әр білімалушы осы тақырыпты түгелдей игеруі тиіс. | ||||||||||||||||
«Пікір алысу» | Білім алушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді. | ||||||||||||||||
«Араласып кеткен оқиға» | Білім алушының ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, жаңа тақырып бойынша білімінің деңгейін анықтау. Алдын ала дайындап қойылған сұрақ карточкаларын таратып беруге болады. Ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі. Міндетті түрде әрбір білімалушынын жауабы топпен талқылануы тиіс. | ||||||||||||||||
«Нақты жағдаяттарды талдау» | Негізінен кейс - әдістің («case» ағылшын тілінен аударғанда- жағдай дегенді білдіреді) түрлі жағдаяттарды шешу болып табылады. Ол күнделікті өмірде, кәсіби тәжірибеде кездесетін түрлі жағдаяттарда шешім жасауға негізделген пікірталас сипатындағы оқыту әдісі. Мұнда оқиғаның ғылыми тұжырымдалған түрі әлеуметтік-психологиялық білім беру барысында оқу моделі ретінде қолданылады. Нақты жағдаяттарға талдау жасау шығармашылықпен келуі тиіс. Әдетте нақты жағдаяттар үш түрге жіктеледі: Таныс жағдаят. Оны шешуде ұқсас үлгілерді басшылыққа алуға болады. Сондықтан олардың шешімі де, әдісі де стандартты болып келеді. Ұқсас жағдаят. Дәлме- дәл бірдей болмағанымен, көп ұқсас белгілері бар, түпкі негізі де ортақ болып келетін жағдаяттарды өзара салыстыра отырып, нақ осы жағдаятқа қажетті оңтайлы шешімді таба білу де білімалушылар үшін үлкен сын. Бейтаныс жағдаят. Бұрын -соңды өмір тәжірибесінде кездеспеген тың жағдаятты басқа бір құбылыспен салыстырға болмайды. Дегенмен, шешілмейтін мәселе жоқ екендігін ескеріп, оның жолын табуға ұмтылу қажет. Оқу процесінде білімалушыларға жақсы таныс, шынайы өміріне жақын, бұрын кездескенімен, білімі мен білігінің кемдігінен шеше алмаған жағдаяттарды таңдаған жөн. | ||||||||||||||||
«Sinkuein немесе бес жолды өлең» | Білім алушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады. | ||||||||||||||||
«RAFT» | Білім алушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алсада болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Білімалушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт білімалушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс-қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. | ||||||||||||||||
«ЭССЕ» | Тақырыпқа сай білімалушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Білімалушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Оқытушы де отырып жазуына болады. Бұл әдісте білімалушы өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді. | ||||||||||||||||
«Топтастыру немесе кластер» | Ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Топтастыру - ұғымдарды, объектерді жалпы сипатына бір- бірімен байланыстарына қарай жіктеп бөлу. Бұл стратегия топпен де, жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл стратегия арқылы білімалушылар тақырып туралы жан – жақты мәліметті қамтуға үйренеді. Cабақта белгілі бір нысан немесе тақырып аясында ой өрбіткенде оның сан түрлі ерекшелігі және қасиетін топтастыруға мүмкіндік туады. Нәтиже әр топта әр түрлі шығуыда мүмкін. | ||||||||||||||||
«Әңгімелесу» | Өз-өзіне есеп беру, көзқарастыдамыту, білімін анықтау, бағалау. Әңгімелесу-пікір алысу, сұхбаттасу. Білімалушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылады. Әңгімелесу кезінде білімалушы оқытушының қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі - білімалушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Білімалушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға, тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым-қатынас, өзін-өзі сенімділігін, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. | ||||||||||||||||
«БББ немесе маркировка кестесі» | «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – білімалушыдағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс оқытушыға әр білімалушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады. |
Бұл білім беру технологиясы оқушылардың ойлау стилін дамытуға бағытталған, оның негізгі белгілері сыни, икемділік, ашықтық, рефлексивтілік болып табылады. Бұл технологияны оқу процесінде қолданудың мақсаты-оқушының өз бетінше оқуға мүмкіндік беретін интеллектуалды қабілеттерін дамыту.
Бұл технология заманауи оқушыны үйретеді:
-
сыни тұрғыдан ойлау; -
қоршаған әлемді тануда белсенділік таныту; -
ақпараттық хабарламаны түсіндіру мен бағалаудың әртүрлі тәсілдерін меңгеру; -
логикаға ғана емес (бұл қазірдің өзінде маңызды), сонымен қатар сұхбаттасушының ұсыныстарына сүйене отырып, өз көзқарасыңызды дәлелдеу; -
ақпараттың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеуге деген сенімділікті сезіну әр түрлі ресурстарды тиімді пайдалана алады; -
ақпараттық кеңістіктермен тиімді өзара әрекеттесу; -
әр түрлі ақпарат көздерінен ақпарат алу, проблемалардың себептерін анықтау, жанжалдарды шешу, келіссөздер жүргізу, балама пайымдауларды өлшеу, ақпаратты талдау негізінде шешім қабылдау.
Сыни ойлауды дамытудың білім беру технологиясының ерекшелігі неде?
-
Сыни ойлауды дамыту технологиясы қарым-қатынас тұрғысынан да, оқу процесінде пайда болатын білімді құру тұрғысынан да тең серіктестікті қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы режимінде жұмыс істей отырып, мұғалім ақпараттың негізгі көзі болуды тоқтатады және технология әдістерін қолдана отырып, оқуды бірлескен және қызықты ізденіске айналдырады. -
Оқу процесі жеке тұлға мен ақпараттың өзара әрекеттесуінің ғылыми негізделген заңдылықтарына негізделген. -
Бұл технологияның фазалары (шақыру, түсіну, рефлексия) мұғалім уақыттың әр сәтінде әр оқу жағдайына мүмкіндігінше икемді және шынайы бола алатындай етіп аспаптық түрде қамтамасыз етілген: біз мәтінмен жұмыс істеудің, пікірталастарды ұйымдастырудың және жобаларды жүзеге асыру процесінің әртүрлі визуалды формалары мен стратегиялары туралы айтып отырмыз. -
Технология стратегиялары барлық оқытуды ынтымақтастық, бірлескен жоспарлау және мән беру принциптері негізінде жүргізуге мүмкіндік береді.
Технология оқушыға береді:
- ақпаратты қабылдау тиімділігін арттыру;
- зерттелетін материалға да, оқу процесіне де қызығушылықты арттыру;
- сыни тұрғыдан ойлау қабілеті;
- өз біліміне жауапкершілікпен қарай білу;
- басқалармен ынтымақтастықта жұмыс істей білу;
- оқушылардың білім сапасын арттыру;
- өмір бойы оқитын адам болуға деген ұмтылыс пен шеберлік.
Технология мұғалімге береді:
- сыныпта ашықтық пен жауапты ынтымақтастық атмосферасын құра білу;
- оқыту моделін және оқу процесінде сыни ойлау мен тәуелсіздікті дамытуға ықпал ететін тиімді әдістемелер жүйесін пайдалану мүмкіндігі;
- өз қызметін сауатты талдай алатын практиктерге айналу;
- басқа мұғалімдер үшін құнды кәсіби ақпарат көзі болу.
Бала физика пәнінен тек сыныптың ішіндегі абстрак дүние ретінде түсінбеуі керек, яғни бүкіл табиғат планеталар жүйесінен бастап күнделікті тұрмыс-тіршілігіне дейін осы физикалық заңдар мен құбылыстарға бағынатындығын оқушының санасына жеткізу керек. Әр тарауға әр түрлі заңдылықтар мен құбылыстар жауап береді, бірақ бірімен-бірі өте байланысты. Оқу материалдарын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту. Адам дамуының қуатты қозғаушы күші – оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені белгілі. Сондықтан да оның бойындағы табиғат берген қабілеті мен дарынының көзін ашу.Яғни кез келген құбылыс пен заңдылықтардың иллюстрациясы ғана емес, білім көзі. Әр түрлі теориялар, қағидалардың дәлелі болады, оқушылардың дағдылары мен білімін дамытады. Мектеп физикасының құрылымы мен білім беру деңгейлері оқушының физиологиялық-психологиялық оқып жетілу кезеңдеріне сәйкес келуі керек. Физика пәні басқа пәндерге қарағанда оқушылардың ойлау қызметі мен еске сақтауын көбірек қажет етеді. Сондықтан физика сабағын ұйымдастыру процесінде оқушылардың ойлау қызметін арттыруға, ынталандыруға, ерекше көңіл аудару керек. Алдында отырған оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес. Мен мемлекеттік педагогикалық практикада физика сабағынан «Электромагниттік өріс» тақырыбын «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясының стратегияларын қолдана отырып өткіздім. Бұл сабақта бұл технологияны пайдаланып өткізудегі мақсатым – оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырып, оның өмірдегі орнын түсінуіне жол ашу және де біріккен, тұтас іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру.
2.2 ҚМЖ жасап сабақ жоспарына енгізу
Мұғалімнің аты-жөні: | №8 мектеп-лицейі | ||||||||||||||
Педагогтың аты – жөні: | Бабақұл Салтанат Берікқызы | ||||||||||||||
Пән/Сынып: | Физика, 8-сынып | ||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | 3 тоқсан. 8- сабақ | ||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5 тарау Оптика | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Көз- оптикалык жүйе, көздің көру кемшіліктері және оларды түзету әдістері. | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау. | ||||||||||||||
Бағалау критериі: | 1. Адам ақпаратты көз арқылы қабылдайтынын біледі. 2. Көз мүшесі бөліктерінің оптикалық қызметінің маңыздылығын түсінеді 3. Аккомодацияның өзгеруінің себебінен адамда нәрсені көру кезінде кемшліктердің пайда болуын біледі 4. Алыстан және жақыннан көргіштіктің себебін және оларды түзету мүмкіндіктерін сипаттай алады | ||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс Демонстрацияны оқушылармен жалпылай талдау | Бекіту жұмысы Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы | |||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Ресурстар | | |||||||||||
5 минут 25 минут 10-минут | Ұйымдастыру Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түлелдеу Тақырыпқа сай сынып оқушыларын топқа бөлу. «Ыстық тілек» -әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектер тілеп, сабақты жағымды көңіл-күйде бастайды. Оқушыларды топқа біріктіру. 1-топ «Сфера» 2-топ «Ойыс» 3-топ «Дөңес» Миға шабуыл Үй тапсырмасын сұрауды «Доп лақтыру» -әдісін пайдалана отырып сұраймын. 1-тапсырма 1. Оптикалық аспаптардың түрлерін ата. 2. Микроскоптың құрылысы қандай? 3. Телескоптың құрылысы қандай? 4. Линза дегеніміз не? 5. Линзаның түрлерін ата? Дескриптор: 1. Оптикалық аспаптардың түрлерін ажырата алды 2. Микроскоптың құрылысын білді 3. Телескоптың құрылысын білді Қалыптастырушы бағалаудың «Бас бармақ» әдісін пайдаланып тиімді кері байланыс беріп отырамын.
Тапсырма: Көз құрылысын рет-ретімен жазып шығыңдар. Қандай бөлігі оптикалық құралдың рөлін атқарады? Топтық жұмыс. «Карусель әдісі» -арқылы топтар постерде тапсырма орындайды және келесі топқа өз жұмыстарын түсіндіреді 2-тапсырма 1-топ. Ойыс линзаның құрылысын түсіндір және оның түрлері қандай? 2-топ. Дөңес линзаның құрылысын түсіндір және оның қандай түрлері бар? 3-топ. Сфералық айналардың құрылысын түсіндір және оның қандай түрлері бар? Дескриптор 1) Ойыс линзаның ортасы жұқа болатынын,оның үш түрі бар екенін айтты 2) Дөңес линзанаың ортасы қалың болатынын және оның үш түрі бар екенін айтты 3) Сфералық айналардың екі түрі бар екенін және жалған кескін беретінін айтты Қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» -әдісін пайдаланып тиімді кері байланыс беріп отырамын.
3-топ: Тапсырма: Суретте нәрсе кескіні торламаның қай жерінде орналасқан түсіндір.Қандай көз? Дескриптор 1.Нәрсе кескінінің торламаның өзінде,алдында,артында болуын түсіндірді. 2.Алыстан көргіштік ақауы бар көз үшін берілген сызбаны тауып, сипаттай алды 3.Жақыннан көргіштік ақауы бар көз үшін берілген сызбаны тауып, сипаттай алды Қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісін пайдаланып тиімді кері байланыс беріп отырамын. 4. «Конверттегі сұрақ» -әдісі арқылы әрбір топқа сұрақтар беремін. 3-тапсырма: 1-топ: 1. Көз қандай құрамды бөліктерден тұрады? 2-топ: 1. Көздің торлама қабықшасы қандай қызмет атқарады? 3-топ: 1. Қандай жағдайда жақыннан көргіштік, қандай жағдайда алыстан көргіштік пайда болады?Оларды түзету үшін қандай линзаларды пайдаланады? Кері байланыс. БББ кестесі
Үйге тапсырма §74. | Презентация оқулық АКТ құралдары Дәптер ДК экран Карточкалар | | |
3.Қорытынды
Cыни ойлау – ашық қоғамның негізі. Cыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізіп,ойын ортаға салу мүмкіндігі. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдеп алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін тыңдап,дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің түйінін табу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашанда диалог, іздене, дайындала, үйрете, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат,халық жағдайын ойлайтын жан болып ержетуі тиіс..
Оқушы сыни тұрғыдан ойлауды бастағанда нақты сұрақтар қоя бастайды,ақпараттың негізгі мәліметтерін жинақтайды,осы ақпаратқа тиісті деректерді еске түсіреді, өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар,мәселені ашық айтыпбасқалармен салыстырады, балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды, талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды, өз әрекеттерін бақылайды, оларға баға береді, жақсарту жолдарын іздейді, басқалармен тіл табысып, ортақ мәмілеге келуге тырысады.
Әрқашан да оқушы біз үшін ерекше тұлғалардың бірі.Сондықтан,заман талабына сай сыни тұрғыдан ойлап,өз ойын анық ,еркін жеткізетін оқушыны жеке дара тұлға ретінде қалыптастыру-мұғалімнің қызметтік міндеті болып қалмақ.Әр мұғалім өз жұмысын сүйіп,алдында отырған оқушыларға беретін білімін әркез жаңартып отырса,онда алдымыздағы барлық оқушы қалыптасқан азамат болып шығары хақ!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ
-
Г.К. Селевко, Энциклопедия орразовательных технологий Том 1, Москва 2005, 153-181 б. -
Галиев, Технология обучения на основе системого подхода -
Ф.Б. Бөрібекова,, Н.Ж. Жанатбекова, Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, Алматы, 2014, 190 б. -
Абдуллина Г. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің қазіргі бағыты. – Ұлт тағылымы, 2009, №2. -
Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тəжірибелері /23 лекция/. – Алматы, 1991. -
Аймухамбетова С. А. Интерактивтые методы учебной- деятельности. – Қазақстан жоғары мектебі, 2010, №1. -
Бағиева Ш. М. Интерактивті əдістер – өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі. – Білім, 2007, №6. -
Имрамзиева С. Д. Интерактивные технологии обучения. – Қазақстан кəсіпкері. Ғылыми-əдістемелік жарнал. – 2009