Файл: прил. 1 к пр.218 с прил.1-7 гос.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.09.2021

Просмотров: 266

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1) IIIА тобында бақыланатындар:

туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы адамдардың;

бактерия шығару-шығармауына қарамастан туберкулездiң белсенді түрiмен ауырған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;

туберкулез ауруы салдарынан өлім болған бұрын белгiсiз ошақтардағы адамдардың.

Бақылау мерзiмi – қатынаста болған барлық уақыттан бастап нәтижелi химиотерапия жүргізгеннен кейiн 1 жыл.

өлiм-жітім ошақтарында қарым-қатынаста болған адамдардың 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.

2) IIIБ тобында бақыланатындар:

біріншілік жұқтырудың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);

бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;

БЦЖ вакцинасын еккенде асқыну әсері байқалғандар.

Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарғанда жүргізіледі.

  1. Туберкулезбен ауыратын науқастар мекен-жайы, оқу орны орналасқан жердегі немесе тузету мекемелерiндегі ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынып, бақылануы тиіс.

  2. Науқастың мекен-жайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекен-жайына сәйкес дәрігер-фтизиатр 10 күннiң iшiнде диспансерлік есепке алуы тиіс.

  3. Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 8-қосымшасында келтірiлген.

  4. Диспансерлiк есепке алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:

  1. белсендiлiгi күмәнді туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған адамдарда анықталған белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық мақсатта жан-жақты зерттеулер жүргізу;

  2. белсенді туберкулез – туберкулез микобактериялары қоздырған және зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен анықталатын кез-келген ағзадағы арнайы қабыну үрдісі. Белсенді туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі тиіс. Белсенді туберкулезі бар барлық науқастар I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тәртібін ОДКК шешедi;

  3. қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктенген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып есептеледі.


  1. Бактерия бөлуі тоқтады деп мынадай жағдайларда тiркейді:

  1. I және II санат бойынша бірінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаған науқастарда емнің толық курсының соңында микроскопиялық зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда;

  2. туберкулездiң дәрiге көнбейтін түрiне шалдыққан бірінші және екінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаушы науқастарда бактериологиялық (егу әдісі) зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет (бір айлық аралықпен) терiс болғанда.

  1. Бактерия бөлiнудiң тоқтағандығы туралы ОДКК-ның шешiмiнен кейiн науқас бактерия бөлушi ретiнде эпидемиологиялық есептен шығарылады.

  2. Туберкулезге жыл сайын мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп» тобындағы адамдардың тiзiмі:

1) ақысыз:

перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туған және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің медицина қызметкерлерi;

туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының қызметкерлерi;

әскери қызметке шақырылушылар;

жоғары және арнайы орта бiлiм беретін оқу орындарының студенттерi, училище оқушылары;

15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;

босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;

созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ЖИТС бойынша диспансерлiк есепте тұрған адамдардың;

кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;

өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар адамдардың;

туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың;

мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;

емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;

жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;

тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);

Қорғаныс, Ішкi iстер министрлiгi мен Ұлттық Қауiпсiздiк жүйесiнiң әскери бөлімшелерінің қызметкерлерi мен әскери қызметкерлері;

Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер;

2) жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:

тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану және азық-түлік сату орындарының қызметкерлері;

тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;

көлiктiң барлық түрлерiнде жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсететiндер;

орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;

дәрiлердi дайындаушы, өлшеп ораушы және таратушы дәрiхана қызметкерлерi;

Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келгендер, жұмыс істеуге келген мигранттарды қоса.



8. Туберкулезді бастан өткерген тұлғаларды жұмысқа және оқуға жіберу тәртібі


  1. Туберкулезбен ауырған науқастар 8 - 10 ай бойы уақытша еңбекке жарамсыздық парақшасымен қамтамасыз етiледi.

  2. Туберкулезбен ауырып, сауыққан азаматтарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат ету туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ ОДКК береді.

  3. Төменде аталған туберкулезбен ауырған науқастарға оқу оқуға немесе жұмыс істеуге рұқсат берiледi:


  1. I, II және ІІІ санат бойынша емi сәттi аяқталған, яғни «жазылды» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі барлар;

  2. шектелген өзгерісі бар бактерия бөлмейтін (ем басында) науқастарға емнің қарқынды сатысы сәттi аяқтағаннан кейін (ОДКК шешiмiмен);

  1. Туберкулезді бастан өткерген тұлғалардың мынадай жұмыстарды істеуіне рұқсат етiлмейдi:

перзентханаларда (босану бөлімшелерінде), балалар ауруханасында (бөлiмшелерiнде), жаңа және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінде;

мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, сәбилер үйі, балалар үйі, балалар санаторийлері) мен мектептердің төменгі сыныптарына.

  1. «Қауіп» тобындағы адамдарға жұмыс істеуге рұқсат беруді ОДКК шешеді.

  2. Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік, ішкi iстер, әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясының қызметкерлері ішкі тәртіпті ескере отырып, ОДКК шешімі және арнайы ведомстволық комиссияның қорытындысының негізінде бір жылға жұмысқа жіберіледі және де диспансерлiк есептен шыққанға дейін жыл сайын қайта тексеріліп отырады.







Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа

1-қосымша













Зертханаға қақырықтың тасымалдануы


Қақырықты жинау пациенттерді емдеу мен қызмет көрсететін барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі. Егер осы мекемеде қышқылтұрақтылық микобактериясын анықтауға бактериоскопиялық зерттеу жүргізілмесе, жиналған қақырық зертханаға жеткізіледі.

Қақырық базалық бактериоскопиялық зертханаға зерттеу үшін жеткізіледі. Зертханаға әкетілетін қақырықтың мөлшері 50,0 мл болатын диаметрі 35 мм аспайтын кең ыдыста, заттың сапасы мен мөлшерін анықтай алатын герметикалық қақпағы бұралмайтын айқын көрінетін арнайы контейнерде (ыдыста) жиналады. Таңбалау контейнердің қапталына жапсырылады, онда емделушінің аты, тегі, әкесінің аты, үлгінің нөмірі белгіленеді. Бір ТБ-05нысаны барлық 3 (диагностика мақсатында) немесе екі (химиялық терапияны бақылау мақсатында) толтырылады.

Зертханаға жеткізілетін қақырық жиналған контейнерлер қақырықты зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске (жәшік) орналастырылады. Жиналған қақырық бір тәуліктің ішінде бактериоскопиялық зерттеуге зертханаға жеткізіледі, медициналық мекемеде 7 күнге дейін тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі. Бактериоскопиялық зерттеуге алынған қақырық тоңазытқышта 1 тәуліктен аспай сақталуы қажет.

Қақырығы бар контейнерлер патологиялық материал ағып кетпейтіндей етіп сенімді оралуы қажет. Бикстер (жәшіктер) тасымалдау кезінде күн көзінен қорғалған салқын жерде болуы тиіс.

Зертханаға қақырықты тасымалдау үшін медицина қызметкері емдеу мекемесінің көлігімен жеткізуі қажет. Зертханалық зерттеуге жіберетін бланкілер контейнерден бөлек материалдармен болуы тиіс. Бикске пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер келтірілген ілеспе құжат дайындалуы тиіс. Қораптағы контейнерлердің саны тізімдегі аты-жөн санымен сәйкес болуы тиіс. Әр контейнердің сәйкестендіру нөмірі тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес болуы тиіс.

Ілеспе тізімде медициналық мекеменің атауы мен жөнелтілген күні жазылуы қажет.

Қақырықтың үлгілерін зертханаға қабылдау кезінде мыналар қажет:

  1. Жеткізілген бикстің бүтін екендігін тексеру;

  2. Бикстің сыртқы жағын зарарсыздандыру;

  3. Контейнерді абайлап ашып, зақымдалмағанын тексеру;

  4. Бикстің ішкі жағын зарарсыздандыру.


Зерттеуге қабылданатын қақырықтың мөлшері жетпейтін ( 3,5мл аз) болса, контейнер зақымданса және тасымалдау үлгісінің ережесі бұзылса зерттеуге қабылдауға болмайды.





Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша


Науқасты туберкулезге тексерудiң диагностикалық алгоритмi