ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.09.2021
Просмотров: 267
Скачиваний: 1
Туберкулез бойынша есеп беру құжаттары:
-
Туберкулез бойынша есеп беру құжаттарының нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылы 22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген.
-
8-үлгі – туберкулездің жаңадан анықталған және қайталанған түрлері бойынша жылдық есеп.
-
33 здрав – туберкулезге шалдыққан науқастар туралы жылдық есеп.
-
ТБ 07 – тiркелген туберкулез жағдайлары туралы тоқсандық есеп. Аталған тоқсандық есепті аудандық, қалалық, облыстық, республикалық туберкулезге қарсы күресу ұйымдары ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде құрастырады. Тоқсандық есепті туберкулезге қарсы күресу ұйымдары тікелей тапсыру принципі бойынша РМҚМ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Туберкулез мәселелерiнің Ұлттық орталығына» (бұдан әрі ТМҰО) тапсырады. Облыстар бойынша жинақ есептi ТМҰО құрастырады.
-
ТБ 08 – 12 ай бұрын тiркелген туберкулезге шалдыққан науқастардың ем нәтижесі бойынша тоқсандық есеп. Аталған үлгі ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде есеп беріп отырған тоқсанның соңғы күнінен бiр жыл кері қайтып, ретроспективті түрде құрастырылады. Есеп тікелей тапсыру принципімен ТБ 07 үлгісі сияқты тапсырылады.
-
ТБ 10 – 6 ай бұрын тiркелген бактерия бөлушi науқастардың қақырық жағындысының конверсиясы нәтижелерi бойынша тоқсандық есеп.
-
ТБ 13 – туберкулезге қарсы дәрілердің қолданылуы туралы тоқсандық есеп.
-
Туберкулезбен ауырған науқастар тұрақты мекен-жайына қарамастан, ауру анықталған жерде есепке алынып, тіркелуі тиіс.
-
Өмiрiнде алғаш рет кез-келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулез диагнозы анықталған әрбір науқасқа № 089\е хабарламасы толтырылып, үш күндiк мерзiмде ТҚҰ мен мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет мекемесіне жiберiлуi тиiс. Науқастың өлімінің себебі болған, науқас қайтыс болғаннан кейін анықталған белсенді туберкулез диагнозын фтизиатр растауы керек.
-
Науқаста туберкулездiң бактерия бөлетiн түрi анықталса, № 089/е хабарламасына қоса, № 058/е үлгідегі хабарламасы толтырылып, 24 сағат iшiнде науқастың тұрақты мекен-жайына қатысты санитариялық эпидемиологиялық қызмет органына жiберiлуi тиiс. № 058/е үлгідегі хабарлама алғаш рет анықталған бактерия бөлуші науқастарға ғана толтырылып қоймай, белсендi емес туберкулезi бар науқастарда бактерия бөлу байқалған жағдайда және тiрi кезiнде есепке алынбаған науқас туберкулездіың салдарынан қайтыс болған жағдайларда да толтырылуы керек.
-
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткiштердi (науқастану, өлім көрсеткіші) есептегенде тұрақты тұрғын халықты, көшіп-қонушылар (ішкі және сыртқы) мен түрмеде отырған адамдарды ескеру керек және де тұрғындардың көрсетілген санаттары бойынша жеке-жеке сараптама жүргiзiлуi тиіс.