Файл: азастан республикасыны ылым жне білім министрілігі м. Х. Дулати атындаы тараз ірлік университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 99

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Синергетиктер болып индолилсірке қышқылы жəне гиббереллиндер, цитокининдер,  ал этилен - антогонистер. Индолилсірке қышқылы (ИСҚ) мен гиббереллиндер (түйнек пен бадананың өсуі), абциз қышқылы (АБҚ) мен этилен (жапырақтың түсуі), ИСҚ мен цитокинин (апикалды басымдылық), ИСҚ мен фенолдар тежегіштер (клетканың ұзарып өсуі), АБҚ мен гиббериллиндер (сабақтың өсуі), АБҚ мен цитокининдер (тұқымжарнақтың өсуі) көп жағдайда бір-біріне антогонистік түрде əсер етеді. Синергистер сияқты антогонистер үйлесуінің көптеген мысалдары фитогормондардың өзара əрекеттесуінің онтогенездің тек бір мезгілдегі тұқымның өсіп-өну фазасындағы ГҚ мен АБҚ-ң өзара əрекеттесуі өзгеріп отыруы мүмкін.  Егер ауксиндер өркеннің апикалды меристемасынан төмен қарай, яғни базипалды қозғалса, цитокининдер төменнен жоғарыға қарай, тамыр жүйесінен жапыраққа дейін, яғни акропеталды тасымалданады. Бұл жағдайда ксилемада  ̶  цитокининдердің трансзеатиндік типінің, ал флоэмада изопентил-аденинді типінің мөлшері басым болады. Гиббереллиндерде тасымалданудың айқын поляризациясы байқалмайды. Олар өркен бойымен екі жаққа бірдей, яғни акропеталды жəне базипеталды тасымалданады.

Табиғи фитогормондардың басқа да жасанды өсу заттары да белгілі, химиялық жолмен синтезделген бұл заттар іс жүзінде кеңінен қолданылады. Ауыл шарушылығында циткининдер өсімдіктердің гүлденуін, тамыр шығаруын, жемістердің жетілуін реттеу үшін қолданылады.Жамбасбұршақ, маш, ноқат, томат, жүзім өсімдіктерінің тамыр өсіруіне абсциз қышқылы әсер етеді.Сақталатын дән өніп кетуі үшін абсциз қышқылы қолданылады, ал оларды тездетіп өндіру үшін гибберллин, цитокиннин, этилен қолдануға болады. Картоп пен пияз түйнектерінің өніп кетпей, қалыпты сақталуын малеин қышқылы қамтамасыз етеді. Гибберллин, керсінше, олардың тыныштық күйін бұзып, өніп кетуіне себепші болады. Цитокининді пайдаланып өсімдіктің гүлденуін реттеу арқылы жемістердің пісу мезгілін жоспарлауға болады.

Цитокининдар ұлпадағы клеткалардың көбеюіне, сабақ пен тамырдың дамып, түрленуіне , хлоропласттар мен пигменттердің түзілуіне де әсерін тигізіп, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың шығуына, жалпы вегетативті мүшелердің толыққанды өсіп, қоректің дұрыс тасымалдануына ықпалын тигізеді. Цитокининнің ерекшелігі – оның шаруашылықта Қосымша 15-тегі сияқты пасталар күйінде қолданылуы.


    1. Гибереллиннің жасушаның бөлінуіне әсері



Ерте кезде Жапонияның күріш плантациялары Фузар саңырауқұлағының зақымдауынан өте күште зардап шегетін, алайда осындай жағдайдың өзінде күріштің қаулап өсетіні байқалған. Бұл құбылысты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күріш өсімдігіне жаңа өсу затының әсер ететіні анықталды. Саңырауқұлақ өзінен белгілі бір өнім бөліп шығаратындығы белгілі болды. Бұл өнім көп мөлшерде бөлініп шығатын болса, өсімдікті зақымдайды, ал аз мөлшерде бөлінетін болса өсімдіктің өсуіне қолайлы әсер етеді. 1938 жылы Фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі таза күйінде бөлініп алынды да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылып, гиббереллин деп аталды.Қазіргі кезде гибереллиннің 30-ға жуық түрі белгілі. Бұлар – құрамында 19 немесе 20 көміртек атомдары бар екі алты мүшелі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпеноидтар. Гиббереллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гиббереллині, оны гиббереллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гиббереллинге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гиббереллиннің 2·3 түрі кездеседі. Гиббереллин өркендер мен тамырдың ұштарында жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерден флоэманы бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогормон клетканың бөліну және созылу кезендеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағанда ол клетка қабықшасына әсер етпейді. Түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гибберелкин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Гиббереллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өнуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді.

Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның сүзілген тұнбасының күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ өскен ортадан заттарды бөліп алып, химиялық қүрамын анықтап, оларды гиббереллиндер деп атады. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары Қосымша 4-тегідей өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпиноидтар.




Қосымша 4. Гибберелл қышқылы

Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.

Гиббереллин құрылысы ұқсас әртүрлі қосылыстардың қоспасы және олар өсімдіктің өздерінде синтезделетін фитогормондар болып шықты. Индол сірке қышқылы секілді гиббереллиндер буындары арқылы сабақтың ұзаруын тездетеді. Дегенмен олардың басты қызметі – гүлденуді бастау және оны реттеу. Қосымша 5-тен көрініп тұрғандай ол бақша өсіруде, әртүрле жылыжайларда, өсімдіктерді клональды көбейтуде қолданылады. Сонымен қатар, олар жемістердің қалыптасуын алдын алады, олардың жетілуін реттейді. Гиббереллиндер дәндердің тыныштық қалпын бұзып, дәндердің өну процестеріне түрткі болады.

Ұзақ күндік өсімдіктердің жапырақтарында пайда болатын гиббереллин вегетативтік бүршіктерге ауысып, гүлсидамның қалыптасуын тездетеді. Өсімдіктерде тітіркенудің тез тарауы электрлік қоздырғыштардың көмегімен жүзеге асады. Жоғарыда келтірілген мағлүматтардың өзі-ақ тітіркенгіштік тетігіндегі негізгі қозғағыш күш — электрофизиологиялық процестер екендігін дәлелдейді. Хайуанаттар клеткасы сияқты, өсімдік клеткалары да электрлік өріс түзіп, тарата алады. Клеткаларда өріс белгілі уақыт ішінде жеткілікті күші бар тітіркенудің әсерінен пайда болады. Ол мембраналардағы иондық ағындарды өзгертіп, мембарана потенциялын тез біраз шамаға өзгертеді.

Гиббереллиндер жеке немесе ауксинмен бірігіп жемістерді тұқымсыздандырады. Гиббереллиндердің әсерінен тыныс алу қарқындылығы артады. Өсімдіктердегі көмірсулардың алмасуы өзгеріп, целлюлозаның синтезі күшейеді. Гиббереллиндердің әсерінен крахмалдың ыдырауы ферменттердің пайда болып босауын реттейді.

Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбәр бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні. Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдеррегенерация
 және т.б. жатады.

1938 жылы фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі ретінде гиббереллин бөлініп алынады да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогармон кейін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Қазқіргі кезде гиббереллиннің 30-ға жуық түрі белгілі.

Гиббереллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гиббереллині, оны гиббереллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гиббереллинге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гиббереллиннің 2-3 түрі кездеседі. Өсімдіктердің дамуы барысында ондағы гиббереллиннің жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін. Гиббереллин өркендер мен тамырдың ұштарында, жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерлерден фломаны бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогармон жасушаның бөліну және созылу кезкеңдеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағада ол жасуша қабықшасына әсер етпейді, түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гиббереллин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Ол тіпті сабағы өте қысқарған жертаған өсімдіктердің негізгі өркендерінің күшті өсуіне себепші болады. Гиббереллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өсуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді. Қосымша 6 секілді ұнтақ гиббереллиндер қазіргі кезде ағаштар мен өсімдіктер отырғызуда кеңінен қолданыс табуда.



Қосымша 5. Гиббереллин



Қосымша 6. Ұнтақ күйіндегі гиббереллин

Гибереллиннің жемістердің өсу қарқыны мен әсерін төмендегі суреттен көруге болады. Ең бірінші тұрған жүзім ол бақылауға арналған жүзім түрлері, яғни оларға тек су құйылған. Келесі жүзімдерге сәйкесінше 20, 80 және 100 г/мл гибереллин қосылған. Суреттен тек су құйылып өсірілген жүзімнен гөрі гибереллин қосылған жүзімдердің жемісінің көбірек екенін көреміз. Демек, гибереллин жемістердің өсуін жеделдетіп, олардың қарқынды пісуіне ықпал етеді. Дегенмен, 100 г/мл гибереллин қосылған жүзімнің жемісі аздау, демек, артық мөлшері жемістің өсуіне теріс әсер етеді деген қорытындыға келеміз.



Қосымша 7. Гиббереллиннің жүзімдердің өсуіне әсері




ІІ. Фитогармондардың өсімдік ағзасына тигізетін пайдасы
2.1 Ауксиннің өсімдік ағзасына әсері

2.2 Абсциз қышқылы мен брассиностероид гармондарының маңызы



Абсциз қышқылы 1965 жылы мақтаның қауашағы мен жапырақтарынан бөлініп алынды. Бұл зат гормондық ингибиторлық әсер етеді. Қосымша 7-ден оның сақиналардан, радикал-топтардан және бастысы сірке қышқылы қалдығы СООН-тан тұратыны белгілі.Фитогармондар өсу процесін реттейтін негізгі заттар болып табылады. Ал витаминдер тікелей өсу процесіне қатыспастан, фитогармондармен бірге жанама әсер етеді, олардың әсерін толықтырады. Фитогормондар өсімдіктердің түрлі мүшелерінде синтезделіп, өсу нүктелеріне жетеді. Мұнда олар жасушалардың бөліну, созылу, дифференциациялану кезеңдеріне ықпал етеді. Фитогормондар жекелей емес, қосыла әсер етеді. Өсімдіктің жасына, күйіне, даму кезеңіне, сыртқы жағдайлардың әсеріне қарай өсімдікте гормондардың құрамы, кейбіреулерінің басымдылығы өзгеріп отырады. Белгілі бір гармонның басымдығы оның әсерін күшейтеді. Сондықтан, өсімдіктердің фитогормон әсерін қайтарған реакция олардың сортына, жасына, даму кезеңіне, сыртқы орта факторлары – су, жарық, қоректік заттардың блуына байланысты. Гормонның әсер етуінен екі кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде гормон жасуша мембранасының бетіне орналасқан арнаулы рецепторлармен әрекеттеседі. Екінші кезеңде рецептор мен гормон комплекісінің әрекетінен туған биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістер байқалады. Абсциз да фитогормон ретінде жоғарыдағыдай қасиеттерге ие.



Қосымша 7. Абсциз қышқылы
Абсциз қышқылы (АБҚ) өсімдіктің клеткалары мен ұлпаларында жан-жақты қызмет атқарады. АБҚ микромолярлы концентрациясында лептесікті жаба алады. Бұл фитогормон өсімдіктердің басым көпшілік түрлерінің дәндерінің өне бастауына түрткі болады. Дегенмен, бұл қышқыл адаптация немесе бейімделу деген атпен кеңінен белгілі. Яғни, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына тап болған кезде ең алдымен осы фитогормонның синтезі күрт күшейеді. Қосымша 8-де ұнтақ абсциз қышқылының үлгісі көрсетілген. Оны біз қазіргі кезде жаңадан отырғызылған өсімдіктерді баптауда және қолайсыз климат жағдайларында өсімдіктің жағдайын жақсартуға қолданамыз.