Файл: азастан республикасыны ылым жне білім министрілігі м. Х. Дулати атындаы тараз ірлік университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 100

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қосымша 8. Ұнтақ абсциз қышқылы
Адаптацияның негізгі фитогормоны – абсциз қышқылы (АБҚ) биосинтезінде молибдофермент альдегидоксидаза қатысатындығы белгілі болды. Сол себепті осы фермент тұзды стресс жағдайларына бейімделуде маңызды рөлдердің бірін атқарады. Стресті жағдайларда өсімдіктерде оттегінің активті формалары түрленеді. Оттегінің белсенді формаларының мөлшерін бақылап отыру және жасушаларды қорғап тұру үшін өсімдіктер бірнеше төмен молекулалы антиоксиданттар мен ферменттерден тұрады. Тұздың әсеріне өсімдіктің реакциясының келесі деңгейі липидтер мен ақуыздардың асқын тотықты немесе бос-радикалды тотығуы болып табылады. Өсімдік АО - ферменті субстратты ауқымы кең, өсімдік фитогормоны, абсциз қышқылының соңғы сатысын катализдеуші фермент.

Альдегид оксидаза ферменті жоғары сатылы өсімдіктерде абсциз альдегидті абсциз қышқылына айналдыратын молибдофермен. Берілген өсімдіктердің тұзды және басқа да абиотикалық стрестерге төзімділігі олардың физиологиялық және генетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Стрестер тудырған гормондық тұрақтылықтың өзгеруі өсімдіктің стреске төзімділік деңгейіне тікелей байланысты. АО - ферментінің тұзды стресте өсімдік ұлпасында артуы өсімдік ұлпасындағы абсциз қышқылының артуымен тікелей байланысты.

2.3 Этилен фитогормонының стимуляторлық қызметі

III. Синтетикалық өсу стимуляторларын тамыр түзу процесінде практикалық қолдану
3.1 Өсімдіктерді реттеуіштерді өсімдік шаруашылығында қолданудың теориялық негіздері
Өсімдік өсуін реттеуіштер және олардың эндогенді дамуының шығу тегі (ауксиндер, гибберилиндер, кининдер, этилен және басқалар) өсімдіктер тіршілігінде заттардың алмасуын басқаруға қатысып, барлық сатыларында ұрықтың дамуынан бастап, олардың тіршілік ету циклының аяқталуына, яғни солып қалуына дейінгі кезеңді қамтиды. Олар өсімдіктердің жаңадан пайда болған органдарын ретке келтіріп, гүлдену мерзімдерін, вегетациялық бөліктерінің қартаюын, олардың тынығу күйіне енуін одан шығуын т.б. жағдайларын анықтайды. Фитогормондардың қызмет ету қабілетіндегі ерекшелігі – өзіне тән айрықша қасиеті олардың әрекеттесуі, бір – бірімен ауыстырылмайтын физиологиялық процесстерге әсер етіп, өсіру жағдайына қатысуы. Олар реттеуіштер белсенділігін арттыруда оларды бір-бірімен тығыз байлыныста болуын, сондай – ақ жалпы жүйедегі метоболизмнің (ингибиторларында) басытқыларын гормональды жүйеде реттеп, келісіп, қалыптасқан өсімдік организмдерінің түгелдей функциялы жүйелерін ретке келтіреді.


Өсімдіктердің өсуін және дамуын ретке келтіруде жасанды түрде шығарылған реттеуіштер арқылы химиялық жолмен алынатын құрылымы белгілі фитогормондардың ауксин тобын, гибберелиндерді, кининдерді алуға мүмкіндік туғызды, әрі заттардың физиологиялық белсенділігі туралы теорияның дамуына байланысты, құрылымы эндогенді фитогормондарға ұқсас заттарды табуға болатындығы дәлелденді. Мұның өзі өсімдіктердің өсу сатысында тізбектелген әрбір айрықша қосақы (активатор және ингибитор) жолымен бақылауға алуға көмектеседі. Фитогормондардың қосарланған компоненттері анықталып, олардың кейбіреулері тұрақты түрде қолданылатын болса, кейбіреулері өсімдіктің өсуін реттеуіштерімен алмастырып тұрады.

Жасанды (синтетикалық) реттеуіштердің басым көпшілігі эндогенді фитогормондардың физиологиялық ұқсас туындысы немесе қарама-қарсы (антогонисті) бағыттарда әсер етіп, жалпы өсімдіктердің гормональды дәрежесін өзгертеді.

Өсімдіктердің өсуін ретке келтіретін реттеуіштер өзінің әсері жағынан мына төмендегідей 5 топқа бөлінеді:


1

Ауксиндер метоболизмнің және олардың физиологиялық белсенділігінің жұмсалуына байланысқан препараттар (ауксинге ұқсас заттар, антиауксиндер, ауксинді тасымалдайтын басытқылары (ингибиторлары);

2

Метоболизммен байланысқан заттары мен гибберилиндердің физиологиялық белсенді заттардың жұмсалуы (ұқсас заттар биосинтезінің ингибиторлары);

3

Этиленмен алмасып байланысатын препараттар;

4

Цитокининге ұқсас қосылыстар;

5

Метоболизмнің күшейткіштері (активатор және ингибиторлары) тыныс алу реттеуіштері, фотосинтез, каротиноидтерден жасалған ингибиторлар, хлорофилдер т.б.;

Көп жағдайларда


мұндай бөлінген топтар кейбір қосылыстарда шартты түрде, көбіне метоболизмнің реттеуіштеріне дәл келеді, ал көп жақты өтетін процестерде әрекеттері өте күрделі болып келеді. Осы жоғарыда аталған топтардағы жасанды препараттар әр түрлі елдерде тәжірибеде және өндірістік алқаптарда тексеріліп сыналады. Мұндай жағдайларда препараттардың салынған ыдыстардың сыртына жазылған тексттерде практика жүзінде қолданылмаса да ірі түрлі дақылдарға сыналатын препараттар жұлдызшамен (*) белгіленеді. Мысалы, бірінші топтарға жататын препараттар 2-амино 6 метилбензол қышқылы* томаттардың, сүйекжемістілердің пісуін, алма, жеміс ағаштары жемістерінің түйін салуын реттейді; бидайдың, жүгерінің, жүзімнің суыққа төзімділігін арттырады. Ал, Жапонияда шығарылатын этихлозат* препараты алма ағашының қайталанып жеміс салуын тоқтатады. Бұл препарат тек өнім көп болған жағдайда, көптеген түйіндердің қалыптасуына байланысты қолданылады. Ал екінші топтардағы препараттарға қазіргі кезде көптеп қолданылатын ретарданттер оның ішінде, хлорхолинхлорид жатады. Олардың онийлы қосылыстардың ретардантты әрекеті кауренсинтеза ферментінің басытқылары (ингибирлеу) арқылы жүзеге асырылады.



Олардың ішінде жаңадан шығарылған полиаминоэтиленнің* төртінші рет алмастырылған тұздары гүлді дақылдарға ретардант ретінде пайдаланса, пипроктанилийбромид мақта мен томаттарға қолданылады. Ал антигибберилиндерден – қышқыл гидразитері ретінде паклобутразол* жоғарғы агротехникамен өсірілген дәнді дақылдарды жатып қалудан сақтайды және өнімділігін, алманың суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін, жемістің тауарлық сапасын арттырады. Гүлзарлар, әсемдік бақ шаруашылығы үшін перспективасы зор препараттардың бірі – дикетулак* (атринал). Бұл топтарда алынған және көптеп қолданылатын препараттар аротекс – 5с, терпет т.б. Барлық жағдайларда жоғарыда аталған бір компонентті және аралас препараттар тиімділігі жоғары дәрежелі агротехникалық шараларды жүзеге асырғанда ғана зор болады. Үшінші топтардағы реттеуіштер қатарына өсімдіктердің құрамындағы этилен олардың алмасуы жатады. Оларға гидрел, дигидрел, компазон-М, сондай-ақ таяу арада жасанды түрде шығарылған аминоциклопропан қышқылы*, релиз және диметипин* препараттары жатады. Бұл препараттар жемістер картоп құрамында еркін қозғалады, олардың бөлінетін қабатының қалыптасуына әсер етеді. Кейбір елдерде мақта үшін дефориант, картоп үшін десикант ретінде сыналып, олар жеміс пен жүзімнің, цитрусы дақылдардың жиналуын жеңілдету үшін қолданылады. Цитокининге ұқсас реттеуіштер практикада қымбат болумен қатар технологиялық өңдеу жұмыстарының аса күрделігіне байланысты сирек қолданылады. Қазіргі кезде табиғи эндогенді цитокининдердің экстрактарын (сүзінділерін) көп кездесетін өсімдіктердің шикізаты мен балдырлардан алуды іздестіруде үлкен қадамдар жасалуда, бірақ әлі де болса тәжірибе жұмыстарының көлемінен аса алатын емес.

Бұл айтылған топтағы реттеуіштерден басқа белгілі физиологиялық белсенділігі жоғары өсімдіктердің метоболиттері химиялық жолмен өнеркәсіпті шығару және олардың реттеуіштерін қосып дайындау үшін өте қолайлы. Өсімдіктерде әсері жағынан жасанды реттеуіштер үш топқа бөлінеді:

  1. Эндогенді фитогормондардың ферментті жүйедегі құрамымен алғаш рет әрекеттесуі;

  2. Өсімдіктердің индукциялы фермент жүйелерінің пайда болып, қызмет атқаруы олардың гормондық дәрежесінің өзгеріске ұшырауы;

  3. Өсімдіктердің жалпы метоболизмнің екінші рет өзгеруі олардың өсуіне, өнімнің көлемі мен сапасына әсер етеді.

Сонымен, шаруашылық және зерттеу жұмыстары жағынан алып қарағанда жасанды препараттар өзімізге қажетті өсімдік дәрежесін өзгертіп, өнімнің сапасын, көлемін өзгертуде үлкен роль атқарады. Олардың ішінде антистрессті препараттар болса, қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.


Физиологиялық ырықты (активті) заттардың жасанды түрлері

Соңғы кездерде фитогормондарға, табиғи басытқылар мен гербицидтерге ұқсас жасанды қосындылар әр түрлі тәжірибелерде кеңінен қолдану тапты.

Өсімдіктерді қалемшелермен көбейткенде өсуді жеделдететін қосындылар пайдаланылады. Әдетте ондай заттармен ағаш тектес өсімдіктердің өздігінен қиын тамырланатын қалемшелері өңделеді. Өсу процестерін жеделдетушілер ретінде көбінесе гетероауксин және идолил май қышқылы қолданылады.

Қалемшелердің тамырлануын жеделдету мақсатында оларды жерге отырғызудан бұрын морфологиялық төменгі ұшын гетероауксиннің 0,005 – 0,002%- тік ерітіндісіне 12-24 сағатқа малып қойылады.

Жасанды өсу жеделдеткіштер көкөніс және бау өсіруде, түйіндер мен жемістердің төгілуін азайту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ биологиялық ырықты заттар арам шөптерді құрту үшінде пайдаланылады.

Осы мақсатпен өсімдік организміне әсері физиологиялық құбылыстардың қалыпты жүзеге асуын бұзуға негізделетін, таңдамалы әсер ететін қосындылар – гербицидтер қолданылады. Химиялық қасиеттер жағынан бұл қосындылар цитоплазма бөлікшелеріне, немесе өсімдіктегі зат алмасудың маңызды өнімдеріне жақын – органикалық қосындылар. Гербицидтер молекулалары бейтарапты болғандықтан өсімдік ұлпалары мен клеткаларына зарядты қосындыларға қарағанда кедергісіз және жылдамдау сіңеді. Олар май тектес қосындыларда – липидтерде ериді. Цитоплазмаға енгеннен кейін, онымен әрекеттесіп, физиологиялық құбылыстардың қалыпты жүруін бұзып, нәтижесінде өсімдік опатқа ұшырайды.

Қазіргі кезде гербицидтік қасиеті бар мыңға жақын қосындылар екі жүздей арам шөптерді құрту мақсатында қолданылады. Олардың біразының әсерінің химиялық негіздері зерттеліп анықталды.

3.2 Өсімдіктің тамыр түзу процесінде синтетикалық өсу стимуляторын қолданудың ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
Фитогормондар - өсімдіктегі клеткалар, ұлпалар мен мүшелер арасындағы байланысты реттеу үшін, физиологиялық және морфологиялық процестердің басталып тежелуі үшін, аздаған мөлшерде пайдаланылатын қосылыстар.

Өсімдік организмінің күрделі құрылыстығы, оның көптеген органоидтарға, клеткаларға, ұлпалар мен мүшелерге дифференциалдануы жоғарғы деңгейдегі басқару жүйесін талап етеді. Фитогормондар – өсімдіктегі клеткалар, ұлпалар мен мүшелер арасындағы байланысты реттеу үшін, физиологиялық және морфологиялық процестердің басталып тежелуі үшін аздаған мөлшерде пайдаланылатын қосылыстар.


Қазіргі кезде фитогормондардың және жасанды өсімдік реттеуіштердің өсімдік шаруашылығында алатын маңызы жоғары. Қазіргі кездегі өсімдіктер организмінде анықталған гормондарды екі топқа бөліп қарастырады: жылдамдатушылар және үдеткіштер. Жылдамдатушы немесе үдеткіш гормондарға: ауксин, циокинин, гибберелин жатады. Ал тежеуіштерге: этилен мен абцисс қышқылы жатады. Жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктерде жылдамдатушы фитогормондар көп болады, ал қартайған, тіршілігін жоюға жақын тұрған организмдерде тежеуші фитогормондар көп мөлшерде кездеседі.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Валиханова Г. Ж., Рахимбаев И. Р. Культура клеток и биотехнология растений. Алма-Ата: Изд. КазГУ, 1989. 80 с.

2. Глеба Ю. Ю., Сытник К .М. Слияние протопластов и генетическое конструирование высших растений. Киев: Наукова думка, 1982. 104 с.

3. Глеба Ю. Ю., Сытник К. М. Клеточная инженерия. Киев: Наукова думка, 1984. 160 с.

4. Калишш Ф. Л., Сарнацкая В. В., Полищук В. Е. Методы культуры тканей в физиологии и биохимии растений. Киев: Наукова думка, 1980. 488 с.

5. Катаева Н. В., Бутенко Р. Г. Клоналное микроразмножение растений. М.: Наука, 1983. 97 с.

6. Культура клеток растений. М.: Наука, 1981. 167 с.

7. Кулыура клеток и биотехнология. М.: Наука, 1986. 285 с.

8. Муромцев  Г.С., Бутенко Р. Г., Тихоненок Т. И., Прокофьев М, М. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. М.: ВО Агропромиздат, 1990. 384 с.

9. Пирузян Э. С. Основы генетической инженерии растений. М.: Наука, 1988. 303 с.

10. Рахимбаев И. Р., Колумбаева С. Ж., Джокебаева С. А. Культура клеток и клеточная инженерия растений. Алматы: Изд. КазГУ, 1993, 80 сг

11. Сассон А. Биотехнологая: свершения и надежды. М.: Мир, 1987.411 с.

12. Уотсон Дж, Туз Дж., Курц Д. Рекомбинантная ДНК. М.: Мир, 1986. 285 с.  

13. Албертс Б., Брей Д., Люис Дж., Рэфф М., Робертс К. Уотсон Дж. Молекулярңая биология клетки Т. 2. М.: Мир 1986, С. 259- 281.

14. Аяаньев Е. В., Баширов В. Н. Генетическая инженерия