Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м. Уезов атындаы оТстік азастан университеті.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 1177
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ“Замануи педагогика және психология” кафедрасыСТУДЕНТ ҮШІН«Инклюзивті білім берудегі өлшемдік бағалау» пәніненЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ТЕЗІСТЕРІШымкент – 2022 ж.Ф.7.08-19ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ «Замануи педагогика және психология» кафедрасы «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЛШЕМДІК БАҒАЛАУ»ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ Шымкент, 2022УДК 37.013 (083.13)Құрастырған: Малгайдарова Г.Т., Досжанова Ж.Т. «Инклюзивті білім берудегі өлшемдік бағалау» пәнінен лекция тезистері. - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022. - 95 б.«Инклюзивті білім берудегі өлшемдік бағалау» пәнінен лекция тезистері пәннің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың практикалық сабақтарының тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерін қамтиды.Әдістемелік нұсқау бакалавриаттың 6В01550- Биология, 6В01510- Математика, 6В01540- Химия, 6В01541- Химия –биология, 6В01520-Физика, 6В01521- Математика-Физика, 6В01522- Физика-Информатика білім беру бағдарламалары үшін арналған. Әдістемелік нұсқауда ЖОО-ның оқыту үдерісінде «Инклюзивті білім берудегі өлшемдік бағалау» лекция тезистері қарастырылады. Рецензенттер: Алметов Н.Ш. – педагогика ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Замануи педагогика және психология» кафедрасының профессоры.Сулейменова С.Н. – педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Замануи педагогика және психология» кафедрасының доценті.«Замануи педагогика және психология» кафедрасы (хаттама № 5 « 24» 12. 2021 ж.) және «Тарих және педагогика» факультет әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және басуға ұсынылған (хаттама № 5 «27» 12 . 2021 ж.). М.Әуезов атындағы ОҚУ ОӘК отырысында бекітілген. № 3 хаттама, «29» 12. 2021ж. © М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті1-тақырып. Білім алушылардың оқу қызметін бағалаудың жалпы тәсілдері
1 дәрісМақсаты: қазіргі білім беру үдерісінде білім алушылардың оқу қызметін бағалаудың жалпы тәсілдері туралы білімдерді қалыптастыру. Жоспары:
Заманауи дидактикадағы талап етілетін бақылаудың негізгі қызметтері мен принциптерін ашып көрсетейік. Бақылау мен бағалау жүйесі келесідей негізгі қызметті атқарады:-білім берушілік, үлгерімді бақылау кезінде білім, іскерлік пен дағдылары тереңдетіліп, білімділік деңгейі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті артады, білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне негіз болатын жағдайда жүзеге асырылады;-дамытушылық, бақылау нәтижесінде тұлғаның көңіл, ес, ойлау секілді психикалық үдерістері жетілген тұста, танымдық белсенділіктері артқан кезде туындайды. Бұл қызмет түрі бақылау тапсырмалары (сұрақтары) түсіндіруді, дәлелдеуді қажет еткенде жүзеге асады;-тәрбиелік, үлгерім бақылауымен қатар жүретін баға білім алушының жетістіктері туралы қоғамдық пікірді бейнелейді. Ол үлкен моральдік ықпал жасайды, оқу алдындағы парызын мойындатып, ерік-жігерді, тәртіпті, принципшілдікті дамытады;-басқарушылық, үлгерімді бақылау үздіксіз жүретін кері байланысты туындатады, осының нәтижесінде оқытушы мен білім алушы өз жетістіктерін байқап, ары қарай үлгерімді жақсарту шараларын қолдануға себеп болады;-бақылау-бағалаушылық, білім алушының оқу іс-әрекетінің нәтижелерін, оның барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Осы қызметте бақылау жүйесі оқытушы тарапынан бақылаудан, білім алушының өзіндік бақылауынан туындайды. Өзіндік бақылау мәнін психологтар дәлелдеп көрсеткен. Егер адам өзінің қателіктерін мойындамаса, жетіспейтін жақтарын көрмесе, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне сыни бағалай алмаса бірнеше мәрте үздіксіз қайталай бергеннен іс-әрекетінің нәтижесін ешқашан жетілдіре алмайды;-ұйымдастырушылық, тұрақты түрде жүргізіліп отыратын бақылау білім алушының жұмысын жақсы ұйымдастырады, жоғары оқу орынның талаптарын орындауға ұмтылдырып, өзіндік жұмыстары үшін уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Аталған қызмет түрлері бақылау мен бағалауды ұйымдастырудың принциптерін сақтаған жағдайда педагогикалық жағынан тиімді болып саналады. Олардың ішінде жүйелілік, жан-жақтылық, обьективтілік, бақылаудың жеке сипаты, дифференциалды амал және бақылаудың тәрбиеушілік сипаты ең бастылары болып табылады.Бақылаудың жүйелілік принципі оқу үдерісін ретке келтіреді, білім алушылардың оқу жетістіктерін көрсететін сапалық және сандық мәліметтердің жеткілікті көлемін алуға мүмкіндік туғызады.
Бақылаудың жан-жақтылық принципі бақылау кезінде оқу бағдарламасының барлық бөлімдерін қамтып, білім мен іскерліктерін тексеруді қамтамасыз етеді.Бақылаудың обьективтілік принципі білім алушылардың білім, іскерліктерінің деңгейі туралы педагогтың әдейі, субьективті және қате бағалау пікірлерінің болмауын көздейді.Бақылаудың жекелік сипаттыпринципі барлық топ жұмысының нәтижелерін жекелеген оқушының нәтижелерімен алмастырмайтындай білім алушының әрбірінің іс-әрекетін, жұмысын жеке бақылауды талап етеді.Дифференциалды амал принципі педагогиканы оқу пәні ретіндегі ерекшелігін, сонымен қатар білім алушылардың жас және жекелеген ерекшеліктерін есепке ала отыра оқытушы бақылаудың мақсаттарына сай әдістері мен формаларын таңдайды.Бақылаудың тәрбиелік принципі білім алушылардың педагогиканы оқуға деген саналы қатынастарын арттырып, танымдық қажеттіліктерінің артуын ынталандырады, педагог кәсібін меңгеруге деген оң әсерін тигізеді.Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:-білім көлемі – студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;-білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;-білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;-білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;-білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.Бақылау педагогиканы оқытудың қажетті компоненті болып табылады. Біріншіден, ол сыртқы кері байланысты қамтамасыз етеді (педагог бақылауы) және, екіншіден, ішкі байланыс (білім алушының өзін-өзі бақылауы). Бақылау ақпаратты алуға бағытталған, педагог оны талдай келе педагогиканы оқыту үдерісіне қажетті түзетулерін енгізеді. Өзгертулер мазмұнға, оқыту әдістері мен формаларына, білім алушылардың оқу іс-әрекетіне және т.б. енгізіледі. Өзін-өзі бақылау білім алушыға өзінің «артық», «кем» жақтарын көруге, білімінде кездескен әлсіз тұстарды байқауға көмектеседі және де олардың орнын толтыру жұмыстарын арттыра түседі.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс, бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.Бағалауға деген білім беру процесінің барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін қамтамасыз етуі керек. 2. Педагогикалық бағалаудың функциялары. Бұрын бүгінгі күні бағалау жүйесін орындайтын функцияларды анықтаймыз:

-
Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты, міндеттері. -
Бағалау жүйесінің функциялары: нормативтік, диагностикалық, оқыту, ұйымдастыру, тәрбиелеу, бағдарлау, ақпараттық. -
Бағалау жүйесін дамытудағы заманауи үрдістер -
"Білім беру сапасы", "білім беру жетістіктері"ұғымдары

Нормативтік функция бір жағынан, нақты оқушының жетістіктерін бекітілген эталонға қатысты тіркеп, оқушы үшін барлық құқықтық салдарлар, оның оқуы мен оқу орнын аяқтауына сәйкес келетін, ал екінші жағынан, жекелеген оқушылардың, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейін және мұғалім жұмысының сапасын әкімшілік қадағалау (бірнеше он жыл бұрын қалыптасқан тәжірибеге сәйкес) кіреді. -
Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы мазмұндық байланыстың негізгі сәттерін, оқушылардың мазмұнды және эмоциялық рефлексиясын, сондай-ақ мұғалімдердің педагогикалық рефлексиясын қамтиды. Дәл осы бағалау, бірінші кезекте, кейбір оқушылардың мектептегі әл-ауқаты бойынша сияқты, нақты сыныпта білім беру үдерісімен байланысты барлығы дұрыс емес пе деген тақырыпта ойға шығу үшін тамақ береді.