Файл: Адатпа Диктанттар мен мазмндамалар жинаы 56 сыныптар шін аза тілі пнінен типтік оу бадарламасына сай растырылан. р сыныпа ылымды жне трбиелік мні бар мтіндер енгізіліп отыр..docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 119
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету – тәрбиенің басты шарты болып есептелген. (107 сөз).
Теледидар
Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкенімізге де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз. Өкінішке орай, оның зиян жағы да бар. Әсіресе ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған. Бәрімізге белгілі жағдай – теледидар көздің көруін нашарлатады. Ол адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе балалар мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады.
Алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес. Әрине, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады. (108сөз). «Зерде» журналынан
Ғажайып көл
Үнді мұхитының бір аралында ғажайып бір көл бар. Оның сұлулығындай көлді ешкім көрмеген болар. Күндіз айнадай жарқырап тыныш жатады. Ал, қалай кеш батты деңіз, сол-ақ екен, көл үсті отша жанып, өртене бастайды. Кәдімгі бейне бір салют беріп жатқандай. Міне, бұрқ етіп шоқтар ұшты. Олар су үстіне сөнбеген қалпы қайта жауып жатыр. Қайсыбір жерде от сақиналар дөңгелеп, біріне-бірі соғысып атылады. Енді бір жерде шұбалаңдаған арқан тәріздес оттар көрінеді. Кәдімгі айдаһардан бір де кем емес. Егер де осындай тамашаны көріп тұрған сіз ол суға шомылатын болсаңыз, онда өзіңіз де отша жанып, жарқылдап кетер едіңіз.
Көлдің бұлай от болып жарқырау себебі оның үстіндегі миллиардтап жыбырлап жүрген бір клеткалы организмдердің әсері екен. (110 сөз).
«Ғалам ғажаптары»
Шұғаның аулында
Күн бата ауылдан шықтық. Біздің де жеккеніміз пар ат. Делбені өзім ұстадым. Қатты шыққан қарқынымызбен келіп қалдық. Әбдірахманның екі көзі алдында. Алдымызда жүз метрдей жерде Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз, бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей беремін. Бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас деген ой елестейді. Бір-бірімізбен сөйлеспей келеміз, сонда да біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Есімбектің қабаған төбеттері алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, бірақ бәрінің көзі бізде. Басында кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі түйе сауып тұр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Осы кезде ауылдың сырт жағындағы құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді. Біреуі – Шұға .
(110 сөз). Б.Майлин
Ана
Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі.
Даңққа бөленген әртіс әр уақытта анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды.
Ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын – бәрібір сүйеді. Ол оны құрсағында өсіреді, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнаған. Ол баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады – бәрінде де, барлық істе де ол сонымен бірге. Ана махаббаты қандай ғажап еді! (110 сөз).
Қазақ әдебиетінен жазба жұмыстарына қойылатын талаптар (мазмұндама, шығарма)
Мазмұндама мәтінінің көлемі
Сыныптар | Мәтін көлемі |
5 | 100-150 сөз |
6 | 150-200 сөз |
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыыптар | Жазба жұмысының түрі | І | ІІ | ІІІ | ІV | Барлығы |
5 | Мазмұндама | 2 | 2 | 2 | 2 | 8 |
Сыныптан тыс жұмыс | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | |
Барлығы | 3 | 3 | 3 | 3 | 12 | |
6 | Мазмұндама | 2 | 2 | - | - | 4 |
Шығарма | - | - | 2 | 2 | 4 | |
Сыныптан тыс жұмыс | 1 | 1 | 1 | 1 | 4 | |
Барлығы | 3 | 3 | 3 | 3 | 12 |
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат
6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәніне арналған дәптерлер саны
Пән | Жұмыс дәптері | Жазба жұмыс дәптері | Барлығы |
Қазақ әдебиеті | 1 | 1 | 2 |
Мазмұндама жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады:
-дайын мәтін бойынша мазмұндама;
-сурет бойынша мазмұндама;
-аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады;
-мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;
-мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;
-өз жанынан қосымша оқиға қосу;
-мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;
-қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннен тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
-кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
-берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Шығарма мен мазмұндаманы бағалау.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарастырылады:
1) мазмұндылығы мен идеялылығы;
2) ой-пікірдің жүйелілігі;
3) стилі;
4) грамматикалық сауаттылығы;
5) әдеби материалдарды пайдалануы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады. Шығарма мен мазмұндама екі
бағамен бағаланады: Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады. Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.
Мазмұндамалар (5-сынып үшін)
Әліппенің атасы
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Оны түрлі себептермен Сібірге жер аударған. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар баланың сезіміне айрықша әсер етті. Байтұрсынның балалары інісі Ерғазының тәрбиесінде болады. Ахмет Торғайдағы орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынборда мұғалімдер мектебін бітіреді. Қарқаралы мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ол орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болды. Айналаға білім-ғылым таратудың жолдарын қарастырды. Халықтың көркем сөз мұрасын жинады. Халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері, алғашқы әліппені, оқулықтар мен оқу құрадарын жазды. Баспасөзге мақалалар жазып, өлең шығарды, аударма жасады.
Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы атылған.
(106 сөз). А. Байтұрсынов шығармалары жинағынан
Сыйласа білсең – сыйлы боласың
Адам деген ардақты есімге ілесіп жүретін «адамгершілік» деген сөз бар. Адамның адамгершілігі өзінің жүріс-тұрысынан, үлкенді құрмет тұтып, кішіге көмектесу, басқаның мүддесін өз мүддесіндей көру, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары ұстау сияқты іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрініп тұрады .
Сен біреуге көмектесуден бас тартсаң, саған басқалар да көмектеспеуі мүмкін. Егер сен үкен кісілердің алдында тұрпайы сөйлеп, дөрекі мінез көрсетсең, «көргенсіз екен» дейді, ал жолдастарыңның арасында «мен жақсы оқимын» деп, менменсіп, кеудеңді қағып жүрсең, олар сені жек көріп кетуі мүмкін. Өркөкірек болма, кішіпейіл бол, өзімшіл болма, көпшіл бол. «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дейді халқымыз. Көпшіліктен аулақтап, өз басынан өзгені қадірлей білмеген адам айналасындағаларға қадірі болмайды. Оқытушыларыңды, замандастарыңды сыйлай біл, сонда сенің өз басың да сыйлы болмақ. Туған ел, өскен жеріңді қадірлей білеуің керек, балам! (126 сөз).
Ақ буралы әулие
Қазығұрт тауының бөктерінде жерленген Ақбура әулие Қожа Ахмет Йасауидың замандасы екен. Оның Ақбура атануының себебі – аруағы қозып, арқасы ұстаған кезде аузынан ақ жалын шашып, бурадай буырқанып, адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие болатын көрінеді. Ондай сәтте жолында кезіккен тосқауылдың бәрін тас-талқан етіп қиратып, бұзып-жарып өте шығу бұйым құрлы болмаса керек. Және өзінің мінезіне сай әрдайым буырқанып жүретін ақ бурасы болыпты. Ел әулиені үнемі сол бураның үстінен көретін болғанықтан «ақ буралы әулие» деп атайды екен.