Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 308
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Неолит дәуірінің діндері — анимизм болды. Анимизм — рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша — табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері — рух пен жан болып саналады. Көне заманның мәдениетінде діни салтдөстүрлердің, наным-сенімдердің, діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады. Бұл ұғымды мәдениеттану ғылымы саласына тұңғыш енгізген атақты ғалым Тайлор болды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, алғашқы қауым адамдары сиқыршылықты да жиі қолдады, бірақ аңшылық сиқыршылығына қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. ПӀаруаның тұрмыс-тіршілігі жердің құнарлылығына тығыз байланысты. Шаруа үшін жер құдай-ана болып саналды. Сондықтан да бол ар, егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар (салт-жоралар) маусымдық сипатта болды, яғни егіс жұмыстарының басталуымен және шыққан егіннің өнімін жинаумен тығыз байланысты. Үлы құдай — аналар — Иштар, Кибела, Деметра, Церера әрі дархан, әрі балажан болғандықтан өздеріне жан-тәнімен табынуды талап етеді. Сондықтан да болар, осы құдайлардың құрметіне байланысты өткізілетін әдет-ғұрыптарда мен салт-жораларда эротикалық сәттер де аз болмаған. Егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптарда ер адамдар басты рольді атқарған. Жын-перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осыңдай қиын сәтте оған көмекке анасы немесе әйелі мен қарындасы келеді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сөйтіп құдай қайта тіріледі. Өліп-тірілген құдайлардың құрметіне байланысты салт-дәстүрлер, әдетте егін шаруашылығы маусымдарының ауысқан кездерінде өткізілетін болған. Ерекше атап өтетін бір жайт, осындай салт-жораларды өткізген кездерде түрлі маскалар, мүсіндер, жартастағы кескіндер, жерге салынған суреттер кеңінен пайдаланылған және әндер айтылып, билер биленіп, театрландырылған көріністер қойылатын болған. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі — фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) болып саналады. Фетишизм — табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну. Көне заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды. Тағы адамдар үшін өзін қоршаған дүниенің барлығы да жанды боп көрінген, сондықтан да олар жансыз заттардың да жаны бар деп ұғынған. Адамдардың әрбір тобы өзінің шығу тегін белгілі бір жануармен немёсе өсімдікпен (тотеммен) байланыстырған. Олар адамның жануарға айналатыны туралы «мифке» сенген, олай болса алғашқы адамдар адам мен жануардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деп есептеген. Осы айтылғандардың (тотемизм, фетишизм, анимизм) барлығы дерлік қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт-дәстүрлерінде кеңінен көрініс тауып отыр. Қорыта келгеңде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры — адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей
әсер етті.
Лекция №4 Ежелгі мәдениеттер және өркениеттер: Мысыр, Иран, Үнді, Қытай
-
Ежелгі дүние мәдениеттің тарихи- әлеуметтік даму негіздері. Шығыстағы ежелгі өркениеттер. -
Ежелгі Египет мәдениеті. -
Мәдениеттің Үнді – буддизм типті және мәдени –тарихи ескерткіштер. -
Ежелгі Қытай мәдениеті.
Мақсаты: Ежелгі мәдениеттің тарихи-әлеуметтік даму негіздері тарихына таныстыру, оның даму кезеңдерін қарастыру.
Міндеттері: Студенттерді ежелгі египет, үнді-қытай мәдениеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін анықтау.
-
Ежелгі дүние мәдениеттің тарихи- әлеуметтік даму негіздері. Шығыстағы ежелгі өркениеттер.
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.
Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш – «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды.
Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.
Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат – шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды. Ертедегi Египетте, сол сияқты бүкiл ертедегi Шығыс әлемiнде, дiннiң маңызы өте зор. Оларды үш түpгe бөлyгe бoлaды:1. Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм. 2. Құдaйғa жәнe pyхқa ceнy. 3. Дeнeдeн бөлeк өмip cүpeтiн, өлiмнeн кeйiн caқтатaлaтын, epeкшe тәнciз бacтaмacы бap жaнғa ceнy (aнимизм).
Aл eндi бip тapихшылap eжeлгi мифтi дiн дeп қapacтыpмayды apтығыpaқ көpeдi oндaй дәpeжeгe жүйeлeндipiлгeн мифтep жүйeci ғaнa жaтaды, деп есептейді. Eжeлгi eгипeттiк жәнe eжeлгi гpeк мифoлoгиялapын көпшiлiк жaғдaйдa eжeлгi мыcыp жәнe көнe гpeк дiндepi дeп caнaйды. Aл нaғыз дiндep тeк қaнa жapaтyшы бip ғaнa Құдaйғa ceнyмeн бaйлaныcты (бip құдaйғa нeмece көп құдaйғaceнyшiлiк) дeyшiлep дe бapшылық.
Тaбиғaттың жандылылығынa дeгeн ceнiм – фетишизм, өте қарапайым жолмен құдайландырған кейбiр сиқырлы заттар мен (тастар, таяқтар, құстың қауырсындары, мүйiздер, тiстер, оқтар, гарпундар және т.б.) қатар, табиғатқа табынудың, ұзақ уақыттар, ескiнiң жұрнағы iспеттес көне қауымдастықтарда сақталған дөрекi түрi пайда бола бастады. Бұл көне табиғатқа табыну бiрте–бiрте мемлекеттiк дiннiң жаңа түрлерiмен ымырласып кеттi.
Көне табиғат құдайлары патша өмiрiн және Мемлекеттi қорғайтын құдайларға айналды. Соның iшiнде ерекше кең жайылыс алған Осирис құдайына табыну болды. Қоршаған әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзiнiң нұрын екi дүниеге де бiрдей шашады. Тiршiлiктiң мәңгiлiгiн египеттiктер ағзаны сол күйін де сақтаумен байланыстырды (ағзаны бальзамдау осыдан барып шықты). Осирис патшалығында өлген адам, егер мәңгi және шаттық тiршiлiкте болғысы келсе, ол Осирис алдында ақталуы қажет болды. Бұл пәниде, египеттiктер, тiршiлiктiң нағыз үлгiсi Ра – фараонға тәжiм еттi. Көне дәуiр патшалығында, Египет аса үлкен орталықтандырылған мемлекет болып тұрған кезде де, фараонның билеп-түстеуi ешқандай шектелмеген. Фараонның өз басы, табиғат пен о дүниенi қамтитын жалпы әлемге, универсумға аса маңызды болды. Бұл туралы айқын түсiнiктi пирамидалардан көруге болады. Бұлар египеттiктердiң ел билеушiнi
(фараонды) құдайға теңейтiндiгiнiң, жер бетiндегi ғұмырға қарағанда о дүниелiк ғұмырды артық көретiндiгiнiң айғақтары.
2. Ежелгі Үнді мәдениеті. Yндi мәдениетiндегі дін де терең мағыналармен және мәндерімен бай. Көне Yндiдегi ең ерекше рол атқарған алғашқы мәтiн бұл «Веда» (кiрiспе, бiлiм) деп аталады. Солардың iшiнде дiни ән ұран болып аталатын «Ригведа» өзiнiң мағынасымен оқшау тұрды. Ригведаның дүниеге көзқарастарының ең басты принципi, табиғатты бүтiндей және табиғат пен әлеуметтiк өмiрдiң кейбiр құбылыстарын құдай деп тұту болды. Мысалы: Индра - найзағай құдайы, құдiреттi сардар; Варуна - әлемдiк тәртiптiлiк пен әдiлеттiлiктiң құдайы; Агни - от пен әyлиeттiң құдайы; Сома – қасиеттi сусынның құдайы.
Карма идеясы, тiршiлiктiң мәңгi айналып отыратын, жанның қайта оралатындығы сияқты (сансары) идеяларды, өмiр жолы туралы ойларды өздiгiнен өзi жетiлу арнасына бағыттады. Сенiң дүниеге қайта оралуың тiршiлiкте iстеген жақсылықтарың мен жамандықтарының қосындыларымен айқындалады дейдi.
Жалпы үндi мәдениетi пайдакүнемдiлiк қатынаспен өмір сүрудің қажет еместiгiн, өзiн-өзi тежеу, өзiн-өзi жетiлдiру арқылы iшкi дүниенi өзгертпей, сыртқы дүниенi өзгертуге ұмтылмауды мойындайды. Дегенмен ертедегi үндi мәдениетiнiң бiртұтастығы жетерлiктей шартты түрде қалыптасты деп айтуға болады. Зерттеушiлер индуизмдi үндi мәдени өмiрiнiң гетерогендiк (әрқилылық) екенiн баса айтады.
Ертедегi Египетте, Шығыс әлемiнде, дiннiң бiрi фетишизм өзiнiң табиғи қасиетiн бiздiң қалауымызша өзгертуi мүмкiн деген сияқты жалған пiкiрде болды. Өте қарапайым жолмен құдайландырған кейбiр сиқырлы заттар мен (тастар, таяқтар, құстың қауыр-сындары, мүйiздер, тiстер, оқтар, гарпундар және т.б.) қатар, табиғатқа табынудың дөрекi түрі болды. Көне табиғат құдайлары патша өмiрiн және Мемлекеттi қорғайтын құдай-ларға айналды. Соның iшiнде ерекше кең жайылыс алған Осирис құдайына табыну болды. Қоршаған әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзiнiң нұрын екi дүниеге де бiрдей шашады. Тiршiлiктiң мәңгiлiгiн египеттiктер ағзаны сол күйінде сақтаумен байла-ныстырды (ағзаны бальзамдау осыдан барып шықты).
Yндi мәдениетiндегі дін де терең мағыналармен және мәндерімен бай. Көне Yндiдегi ең ерекше рол атқарған алғашқы мәтiн бұл «Веда» (кiрiспе, бiлiм) деп аталады. Солардың iшiнде дiни ән ұран болып аталатын Ригведаның дүниеге көзқарастарының ең басты принципi, табиғатты бүтiндей және табиғат пен әлеуметтiк өмiрдiң кейбiр құбылыстарын құдай деп тұту болды. Мысалы: Индра - найзағай құдайы, құдiреттi сардар; Варуна - әлемдiк тәртiптiлiк пен әдiлеттiлiктiң құдайы; Агни - от пен әyлиeттiң құдайы; Сома – қасиеттi сусынның құдайы.
Индуизмнiң дiн уағыздауының негiзгi принципiнiң бiрi, жанның бiр ағзадан екiншi ағзаға ауысуы (адамдардың ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен өсiмдiктердiң де), карма заңы бойынша сансара (жиhан кезу) деп аталады - ризығына қарай беру, есесiн қайтару. Адам ғұмырының ең жоғарғы мазмұн - мәнi, ол - қайта туу жағдайынан бөлiнiп шығып әлемдiк жанмен, абсолютпен - браханмен қосылу. Индуизм iлiмi әлеуметтiк теңсiздiктi ақтайды, дәрiптейдi, қоғамдағы касталық бөлiнудi қорғайды, көнгiштiк пен бас иушiлiкке шақырады. Сайып келгенде бұл ұран негiзiнен бұхара халыққа бағытталған.
Индуистер өздерi құрмет тұтқан құдайларына көптеген храмдар тұрғызып, оларда абыздар қызмет еткен. Әлi де болса суды, жануарларды (сиырлар, маймылдар, пiлдер т.б.) құрметтеу сақталған.
3. Ежелгi Қытай мәдениетiндегi дiнҚытайдың мәдени тарихы б.д.д. III-II мыңжылдықтарда белең берсе де этникааралық саяси-мәдени бiртұтастық бiрте-бiрте қалыптасты. Батыс дәуiрiндегi Чжоу Ван (патша) Аспан құдайының баласы, жердегi өкiлi болып жарияланды. Ал, арғы ата-бабалар әруағына табыну патриархалдық отбасы төңiрегiне шоғырланды. Бұл жерде, азаматтық - храмдық қауымның пайда болуының негiзi болатын айтарлықтай храмдық шаруашылықтар салынған жоқ. Жерорта теңiзiндегiдей, оның бергi жағында Таяу Шығыстағыдай сияқты кең көлемде қалалық автономиялар қалыптаспады.
Қытайда қалалық типтегi рационалдық мәдениет дүниеге келтiрiлгенмен, тұйықталған абыздардың кастасы мен төрелердiң негiздерi қаланған жоқ. Бiрақ ол әкiмшiлiк басқаруды ұтымдыландырды, чиновник – басқарушының рационалдық типiн қалыптастырды. Мемлекеттiк чиновниктер тұйық кастаға айналған жоқ. Шань Янның өзi (б.д.д. IVғ.) әкiмшiлiк қызметке тағайындауды ата даңқымен байланыстырмай, керiсiнше мемлекет алдындағы еңбегiнiң нәтижесiмен бағалады. Лауазымы төмендеу әкiмшiлiк қызметтер ақшаға сатылды, және де әкiмшiлiк қызметтердi емтихан қабылдау арқылы тағайындау кеңiнен орын алды (мандаринат). Қытай тарихында басқару мәдениетiн тиiмдiлендiру тамырын терең жайды, керек болса онымен адамның қоғамдық мiнезiн салт-жорғылауға да байланысты болды (қытай церемониясы).
Ежелгi Қытай мәдениетiнiң осы тектес сипаттары, сол кезеңдегi адамдардың ұжымдары тiрi қалу үшiн жасаған әрекеттерiнiң мүмкiн болған жалғыз амалы едi. Тiрi қалудың шарты, ежелгi адамдардың мәдениетi мен дүниетану түсiнiгiнiң мәнiмен мақұлданған, қуатты деспотиялық мемлекет болды. Бiрақ, мұны күштi дамыған шығыс мәдениетi мақұлдап қана қоймай, қайта мемлекеттiң бар қуатымен адамдардың еңсесiн басуына қарсы шығып, олардың сыртқы қаталдықтан қорғана бiлуiне талаптандырды.