Файл: Коучинг Тaыpыбы Бліморта таырып жне тосан бойынша жиынты баалау тапсырмаларын зірлеу алгоритмдері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«М.Ломоноcов aтындaғы оpтa мeктeп» КММ
Коучинг
Тaқыpыбы:
«Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері»
Коуч: Кyлтaновa Жaнap Ялгacбaeвнa
Қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтi пәнiнiң мұғaлiмi
Түpгeн ayылы
2022-2023 оқy жылы
Коучинг. «Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері»
Жиынтық бағалау туралы түсініктерін кеңейту, білім жүйесінде жиынтық бағалаудың алатын орнын әріптестермен талқылау. БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын дайындау жолдарын талдау, құрылған тапсырмаларды саралау жұмыстарын жүргізу.
Коучинг (Практикалық жұмыс) | Күні 18.05.2023ж | ||
Өткізетін мұғалім | Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Култанова Ж.Я | ||
Тақырыбы: | «Бөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу алгоритмдері» | ||
Сілтеме: | Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірмелі материалдар, бейнесюжет | ||
Мақсаты: | Жиынтық бағалау туралы түсініктерін кеңейту, білім жүйесінде жиынтық бағалаудың алатын орнын әріптестермен талқылау. БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын дайындау жолдарын талдау, құрылған тапсырмаларды саралау жұмыстарын жүргізу. | ||
Табыс критерийі: | Оқушылардың білімдерін бағалауда критерий бойынша бағалауды пайдалана алады. Қатысушылар бағалау тапсырмаларын құрастырады, сараптайды. | ||
Түйінді идеялар | Оқу мақсаты, бағалау критерийлері, ойлау дағдыларының деңгейі, дескриптор, БЖБ, ТЖБ, | ||
Пайдаланған әдіс тәсілдер | Топтық жұмыс, АКТ–ны пайдалану, диалог құру, сын тұрғысынан ойлау, пікір алмасу. Жеке ойларын білдіру. | ||
Қажетті құралдар | Интерактивті тақта, ақ қағаздар (А3), үлестірмелі тапсырмалар, түрлі-түсті парақтар, желім, қайшы | ||
Тапсырмалардың түрлері | Уақыт | Коучтың іс-әрекеті | Қатысушылардың іс-әрекеті |
Амандасу | | Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер. | |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | 5 мин | Бүгінгі жұмысымыз практикалық жұмыс бағытында болғандықтан, әркімнің пікірі құнды, әркімнің пікірі бағалы, сондықтан өз ойымызды ортаға салып отырайық. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ниетпен бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлап, барлығымыз өзіміздің жақсы жағымызды есімімізбен бірге айтамыз. | Қатысушылар өздерінің жақсы жақтарын айтып өздерін таныстырып шығады |
Топқа бөлу | 2 мин | Жемістер бойынша үш топқа бөлінеді. 1-топ «БЖБ» 2-топ «ТЖБ» 3-топ «Дескриптор» | Қатысушылар топқа бөлініп отырады |
Таныстырылым көрсету | 2 мин | <<Мен бес алдым>> бейнежазбаын көрсетіп, түрткі сұрақтары қойылады. -Бейнежазбадан қандай ой түйдік? | Таныстырылым тамашалайды. Сұрақтарға жауап береді. Ой бөліседі. |
Топтық жұмыс | 10 мин | «Жүріп оқу» әдісімен ЖБ құрастыру бойынша ортадағы тақырыпты талқылайды. 1-топқа: Жиынтық бағалауды енгізу себебі? 2-топ: Жиынтық бағалаудың міндеттері қандай? 3-топ: Жиынтық бағалау мұғалімдерге қандай мүмкіндік береді? | Топтық жұмыс. Қатысушылар өз пікірлерін айтады. Қатысушылар тақырып бойынша түсініктерін нақтылайды . |
Сергіту сәті | 2 мин | «Пойзд релісі» әдісі бойынша сергіту жаттығуын жасау. | Ұжымдық дұрыс жұмыс атқару |
Кері байланыс | 5 мин | Топтағы әрбір мұғалімге парақша беремін. Мидың суретін салып 4 бөлікке бөледі. 4сұрақ қоямын. 1.Маңдай бөлігі: Коучинг барысында не білді? 2.Төбе бөлігі: Коучинг барысында қандай іс-әрекеттер істеді? 3.Самай бөлігі: Коучинг барысында қайдай ауызша және тұжырымдамалық мәліметтерді қабылдады? 4.Желке бөлігі: Қандай визуалды бейнелерді қабылдап, жадыға сақтап алды? Сызған мидың суреттерінің 4 бөліктеріне сұрақтарға жауап жазады | . «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша өз ойларын және ұсыныстарын білдіреді. |
БЖБ — бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады.
ТЖБ — тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады.