Файл: Блім азажоар соыстары Педагогті Т. А.. (болан жадайда).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім :

Қазақ-жоңғар соғыстары

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Сыздыкова С.К.


Күні:




Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Зерттеу сұрағы

Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру


Ойлау дағдысының деңгейлері

Жоғары ойлау деңгейі

Тарихи ойлау дағдылары

Тарихи концептісі

Тарихи талдау және түсіндіру

Маңыздылық

Сабақтың мақсаты

Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының жоңғар басқыншылығына қарсы халықты біріктіруші рөлін бағалайды.

Бағалау критерийі

  1. Қарақұм, Ордабасы құрылтайларының өткен уақытын, орнын, қатысушыларын анықтайды, шешімдерін талдайды.

  2. Құрылтайлардың жоңғар шапқыншығын тойтарудағы маңыздылығын берілген критерийлер арқылы бағалайды.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

мин

Ұйымдастыру кезеңі. Рапорт
Өткен сабақта алған білімдерді өзектендіру. Экранға шығарылған келесі сұрақтар аясында оқушылармен талқылау ұйымдастырылады.

  1. ХҮІІІ ғасырдың басында қазақ хандығының ішінде қандай жағдай қалыптасты?

  2. Қалыптасқан жағдайдың 3 себебін атаңыздар?

  3. Не себептен қазақтар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болды?


М.оқушылардың жауабымен байланыстыра отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

Оқушылар бір біріне жақсы тілектер айтады

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді
Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын, мақсатын жазып алады




Белсенділік танытқан оқушыларға мадақтау айту арқылы кері байланыс беріледі

«Қазақстан тарихы» (ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар)

З.Е. Қабылдинов, Ж.Н. Қалиев, А.Т.Бейсембаева

Жалпы білім беретін мектептің 8(7) – сыныбына арналған оқулық



Сабақтың ортасы

Мин 30

1.Ұғыммен жұмыс. «Халық жасағы» терминіне «Ми шабуылы» әдісі арқылы түсінік беріледі.

5мин.


Жеке жұмыс. Тапсырма 1. Берілген дереккөзді пайдалана отырып кестені толтырыңыз. 10мин.

Барлық оқушыларға Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары туралы мәтін таратылады. Қосымша 1,2.

ЕББҚ бар баланың жанына барып қолдау көрсетеді, қажет болса бағыттайды.

Тапсырма2. Жеке/жұптық жұмыс. Берілген мәтінді, қосымша ақпаратты пайдалана отырып , ұсынылған критерийлер негізінде оқиғаның маңыздылығын бағалаңыз.15мин.

Оқиға _Қарақұм құрылтайы___

Оқиға _Ордабасы құрылтайы___

Критерий

1 2 3 4 5

Айтарлықтай маңызды

Аса маңызды

емес

Оқиға сол кезеңде қаншалықты маңызды болды?: Құрылтай сол кезде маңызды деп айтылды ма? Оқиға қанша уақытқа созылды және қаншалықты әсер етті?

Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:

Оқиғаның салдары қаншалықты ауқымды және созылмалы (ұзақ мерзімді) болды?:

Ол қаншалықты терең сезілді?

Ол қаншалықты ауқымды болды?

Оның салдары қаншалықты ұзаққа созылды?



Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:


Бұл қаншалықты айтулы оқиға болды?:

Ол қалай мәңгілікте қалды?

Ол тарихи проблеманы, тенденцияны көрсете ме?



Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:

Жоғарыда айтылған рейтингтерді ескере отырып , бұл оқиға:

Ғаламдық маңызы бар:

бүкіл әлем бұл туралы білуі керек

Ұлттық маңызы бар:

осы оқиға болған елдің әрбіразаматы бұл туралы білуі керек

Аймақтық маңызы бар:

осы аймаққа қатысты адам әрқайсысы мұны білуі керек

Жеке маңызды:

тек ұрпақ пен отбасы бұл туралы білуі керек

Ешқандай маңыздылығы жоқ:

бұл оқиғаны ешкім есінде сақтамауы керек



Оқушылар ғаламтор желісі және оқулықтан алған білімдерін пайдалана отырып «халық жасағы» туралы тақтаға «Өрмекші торын» толтырады.

Оқушылар берілген дереккөзін пайдалана отырып кестені толтырады.Жеке жұмыс

деректер

Қарақұм құрылтайы

Ордабасы

құрылтайы

жылдар







Орны







Себептер







Қатысушылар







Қабылданған шешім







Нәтижелер







ЕББҚ оқушы Тапсырма1. Кестенің екі жолын ғана толтырады және Қарақұм, Ордабасы құрылтайлары өткен территорияларды картада белгілейді


деректер

Қарақұм құрылтайы

Ордабасы

құрылтайы

жылдар







Орны










Оқушылар жеке/ жұппен жұмыс істей отырып Қарақұм, Ордабасы құрылтайларының маңыздылығын кестеге толтырады. Оқушылардың ұсынысы бойынша әр қатардан бір - бір жұмыс ортаға салынады.
ЕББҚ берілген мәтінді және суретті пайдалана отырып өз ойынша ең маңызды деген 4 ақпаратты жазады, сыныпқа оқып береді.

Қосымша5




Тақтадағы дұрыс жауап кілтімен өзін-өзі бағалайды

Өзара бағалау

«Екі жұлдыз бір тілек»

Соңында мұғалім кері байланыс береді




(smk.edu.kz)

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1114
© e-history.kz


Сабақтың соңы 8

Мин
Үй тапсырмасы

«Қызық, қиын, құнды кестесін толтыру» арқылы рефлексия жасауды ұсынады

1.Маған қызық болды...

2.Маған қиын болды...

3.Маған құнды болды...

«Ордбасы - ел бірлігі нышаны» тақырыбында ойтолғау жазу.Тапсырманы орындау, критерийлері жайлы оқушылармен бірлесе отырып талқылау, талдау, келісу.

Оқушылар не қызық болды, , не қиын болды, не құнды болғанын жазу арқылы тақырыпта алған білімдерін өзектендіреді.

«Қол шапалақтау» Оқушылар мен мұғалім бір-біріне алғыс білдіреді.





Қосымша 1

Қарақұм құрылтайы - Жоңғар әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кірген ірі әрекеті 1710-1711 жылдары болды. Оның халықтың жанына қаншама батқандығын 1710 жылы Арал теңізінің, солтүстік шығыс өңіріндегі Қарақұмда қазақ жүздерінің жиналысы шақырылғанына қарап білуге болады. Бұл тарихта Қарақұм сьезі ретінде белгілі, оны Қаракесек (Әлімұлы) руының жерінде өткендіктен, кейде Қаракесек жиыны деп те атайды. Осы жиын туралы алғаш рет 1803 жылы сол өңірлерде тұтқында болған орыс офицері Я.П.Гавердовский Әлімұлы ақсақалдарынан жазып алған.

Бұл бас қосуға ықпал жасаған Әз Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен руларын басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Ауыз әдебиеті деректері құрылтайда екі маңызды мәселенің көтерілгендігін көрсетеді.
Екінші мәселе – кіші жүзге хан сайлау. Екі мәселе де өте маңызды болғандықтан алдын-ала билер мен батырлардың талқысынан өтті. Мәслихатта бір-біріне қарсы пікірдегі екі топ пайда болды. Бірі – жоңғарлардың жеңісін мойындап, олардың билігіне мойынұсынуды мақұлдайтын топ;


Екіншісі – жоңғарларға қарсы тойтарыс беріп, жерімізді жаудан азат ету үшін күресуді жақтайтын топ. Мәслихаттағы мәселені талқылау барысында екінші топ жеңіске жетті.
Я.П.Гавердовскийдің материалдарына сүйенген тарихшы – ғалым И.Ерофеева Қарақұм мәслихатының барысын былайша баяндайды: «қазақ ақсақалдарының айтуынша, осы мәслихатта бірауыздан қабылданған күшті жауға бірігіп тойтарыс беру туралы шешім өте қиын және моральдық – психологиялық жағдайда өтті. Мұндай шешімге тек батырлардың мықты тегеуріні арқасында қол жеткізілді. Жоңғар қонтайшысына бағынуды немесе басқа жаққа көшіп кетуді ұсынған «жеңіліс» тобының бірнеше өкілі сөйлегеннен кейін ортаға шыққан атақты Бөгенбай батыр қызу қандылықпен өз киімін жыртып, семсерін жоғары көтеріп, бүкіл кеңесті айнала былай деп ұран салды:
«Қарақұм құрылтайы - батырлар құрылтайы», болды деп тарихшы Н.Г.Апполова айтқандай, Бөгенбай, Есет тағы да басқа батырлардың патриоттылығы, отансүйгіштігі осы жиында қатты байқалды. Я.П.Гавердовскийде «Риза болған халық Бөгенбайды өздерінің жетекшісі деп жариялайды». 


Революцияға дейінгі тарихшы Н.М.Маевта Бөгенбайдың сіңірген еңбегін былай деп атап өткен «Қарақұмдағы халық сьезінде әйгілі батыр Бөгенбай дегенмен де, өз отандастарын бірсыпыра уақытқа жігерлендіре білді, сөйтіп оларды бастап, қалмақтарды талқандайды». В.Витевскийдің деректеріне қарағанда сьезде, «хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланған». Бұл туралы Л.Мейер: «сол жерде хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланды», - деп жазды. Ақыр аяғында тарихшы В.Н.Витевский былай деп тұжырымдады: «қазақтардың әйгілі батыры және ақсақалы Бөгенбай Қарақұмдағы сеймде халықты қалмақтарға шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай қазақ жасақтарының жетекшісі болып сайланды, ал хан билігі Әбілқайырға берілді. Құрылтай шешіміне сәйкес құрылған халық жасақтары жоңғар әскерлерін шығысқа қарай біршама ығыстырды». Осылайша Қарақұм құрылтайындағы бірігудің, күш қосудың нәтижесінде Қазақ хандығы Жоңғариямен күресте біршама табыстарға қолы жетті. Мәселен, 1711 жылы Жоңғар феодалдары Қазақстанға шабуыл жасағанда Тәуке ханның жасақтары оларға қатты соққы берді. 


1711-1712 жылдары қазақ билеушілерінің әскері Жоңғар мемлекетіне басып кіріп, шекаралық қоныстарын талқандады, көптеген тұтқынды қолға түсірді. 1713 жылғы жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жасаған жорығы да олар үшін сәтсіз аяқталды. Жоңғар әскерлері көп шығынға ұшырап, кейін қайтуға мәжбүр болды. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының шиеленіске толы ішкі – сыртқы жағдайын ретке келтіру, сыртқы халықаралық саяси жағдайды талқылау мақсатында өткізілген Қарақұм жиналысының тарихымызда алар орны ерекше. Жоңғарға қарсы күш біріктіруге уәде байласқан бұл жиын талай батырдың тұсауын кессе, келешекте келелі істердің түйіні қолынан өтетін Бұқардай дананың өмірінде ерекше із қалдырып, қазақтың үш төбе биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақыл-ойы мен бүкіл ақыл парасаты осы тұста жарқырап көрінді. 
Мәслихатта көтерілген мәселелердің және қабылданған шешімдердің бүкіл қазақ елінің жарқын болашағы үшін зор маңыздылығы оларды қабылдауда белсене атсалысқан Есет, Бөгенбай секілді батырларды бүкілқазақтық деңгейдегі тұлғаға айналдырды. 

(smk.edu.kz)

Қосымша 2 Ордабасы.

Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
Ордабасы жиыны 1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ жиыны өткізілді. Оған Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Жиында негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Жиынға қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.  Құрылтайда талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы жиында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.



Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1114
© e-history.kz

Қосымша3.

Тапсырма 1. Берілген мәтінді пайдалана отырып кестені толтырыңыз.

деректер

Қарақұм құрылтайы

Ордабасы

құрылтайы

жылдар







Орны







Себептер







Қатысушылар







Қабылданған шешім







Нәтижелер







Қосымша 4

Тапсырма 2. Берілген мәтінді, қосымша ақпаратты пайдалана отырып , ұсынылған критерийлер негізінде оқиғаның маңыздылығын бағалаңыз

Оқиға _Қарақұм құрылтайы___

Критерий

1 2 3 4 5

Айтарлықтай маңызды Аса маңызды

емес

Оқиға сол кезеңде қаншалықты маңызды болды?: Құрылтай сол кезде маңызды деп айтылды ма? Оқиға қанша уақытқа созылды және қаншалықты әсер етті?

Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:

Оқиғаның салдары қаншалықты ауқымды және созылмалы (ұзақ мерзімді) болды?:

Ол қаншалықты терең сезілді?

Ол қаншалықты ауқымды болды?

Оның салдары қаншалықты ұзаққа созылды?



Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:


Бұл қаншалықты айтулы оқиға болды?:

Ол қалай мәңгілікте қалды?

Ол тарихи проблеманы, тенденцияны көрсете ме?



Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:

Жоғарыда айтылған рейтингтерді ескере отырып , бұл оқиға:

Ғаламдық маңызы бар: бүкіл әлем бұл туралы білуі керек

Ұлттық маңызы бар: осы оқиға болған елдің әрбіразаматы бұл туралы білуі керек

Аймақтық маңызы бар: осы аймаққа қатысты адам әрқайсысы мұны білуі керек

Жеке маңызды: тек ұрпақ пен отбасы бұл туралы білуі керек

Ешқандай маңыздылығы жоқ: бұл оқиғаны ешкім есінде сақтамауы керек




Оқиға _Ордабасы құрылтайы___

Критерий

1 2 3 4 5

Айтарлықтай маңызды Аса маңызды

емес

Оқиға сол кезеңде қаншалықты маңызды болды?: Құрылтай сол кезде маңызды деп айтылды ма? Оқиға қанша уақытқа созылды және қаншалықты әсер етті?

Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:

Оқиғаның салдары қаншалықты ауқымды және созылмалы (ұзақ мерзімді) болды?:

Ол қаншалықты терең сезілді?

Ол қаншалықты ауқымды болды?

Оның салдары қаншалықты ұзаққа созылды?



Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:


Бұл қаншалықты айтулы оқиға болды?:

Ол қалай мәңгілікте қалды?

Ол тарихи проблеманы, тенденцияны көрсете ме?



Маңыздылығы 1 2 3 4 5

Дәлел:

Жоғарыда айтылған рейтингтерді ескере отырып , бұл оқиға:

Ғаламдық маңызы бар: бүкіл әлем бұл туралы білуі керек

Ұлттық маңызы бар: осы оқиға болған елдің әрбіразаматы бұл туралы білуі керек

Аймақтық маңызы бар: осы аймаққа қатысты адам әрқайсысы мұны білуі керек

Жеке маңызды: тек ұрпақ пен отбасы бұл туралы білуі керек

Ешқандай маңыздылығы жоқ: бұл оқиғаны ешкім есінде сақтамауы керек

Қосымша5.

Ордабасы . Берілген мәтінді және суретті пайдалан отырып сіздің ойыңызша ең маңызды 4 ақпаратты жазыңыз

ХVIII ғасырда үш жүздің басын қосқан Ордабасы тауына үш жол алып барады. Тағы да Шымкенттегі Төле би мен Қазыбектің, Әйтеке бидің атындағы үш даңғыл тоғысқан тұста Ордабасы алаңы орналасқан. Бүгінде тарихтың ақтаңдақ беттеріне айналған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зұлматы уағында қазақтың құтын қашырды, берекесін кетірді. Сонда жоңғарларға қарсы күресті үш жүздің игілері осы төбенің басында кеңескен жоқ па?! Содан бері қазақта құрылтай да, жиын да жетеді.
Тағдырлы шешім қабылданған жердің бірі саналатын Ордабасыны дүйім ел бес саусақтай біледі. Төбе басында 28 м биіктіктегі монумент пен үш ескерткіш бар. Аталмыш монумент 1994 жылдың 1 қаңтарында «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы болып ашылғанда орнатылды. Жыл сайын Ордабасыға 40 мыңнан астам турист келеді. Әбіш Кекілбаев: «Ордабасы – қазақ рухының қағбасы» деген еді. Ордабасы- қазақ халқының тарихыңда маңызы жағынан