Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5546

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

511

 

кезіндегі  кеңуіне  бөгет  жасайды,  тез  дамитын  жүрек 
тығындалысы  (тампонадасы)  пайда  болады.  Бұл  кезде  жүрек 
қуыстарынъщ қанға толуы азаяды, систолалық қан көлемі мен 
артериялық қысым төмендейді, веналық қысым көтеріледі. 

 

Жүрек аритмиялары 

 

Жүрек  аритмиялары  деп  жүректің  қалыпты  ырғағының 

бұзылыстарын  айтады.

  Көптеген  жүрек-қан  тамырларының 

аурулары 

жүректің 

қалыпты 

ырғағының 

бұзылыстарымен 

қабаттасады. 

Жүрек  ырғағының  бұзылыстары  үш  түрлі  патогенездік 

жолдармен дамуы мүмкін: 

● 

жүректе 

жүйкелік 

серпіндердің 

қалыптасуы 

өзгерістерінен; 

● жүректің өткізгіш  жүйесінде серпіндердің өткізілуі 

өзгерістерінен; 

●  серпіндердің  қалыптасуы  мен  өткізілуінің  біріккен 

бұзылыстарынан. 

Жүректе  жүйкелік серпіндердің қалыптасуы

 онда өзіндік 

серпін  туындату  қабілетінен  байланысты  болады.  Оны  жүрек 
автоматизмі  дейді.  Бұл  серпін  туындататын  жасушалар 
«пейсмекер»  жасушалар  деп  аталады.  Олар  негізінен  қуыс 
көктамырлар мен оң жақ жүрекше арасында болатын синустық-
жүрекшелік 

торапта 

(айқұлақта) 

орналасқан. 

Диастола 

кезінде  бұл  жасушалардың  деполяризациясы  нәтижесінде 
жасушалардан  калий  иондары  аздап  шығарылып,  оларға 
біртіндеп натрий иондарының енуі болады. Бұл кезеңді шабан 
диастолалық  деполяризация  деп  атайды.  Ары  қарай  қозуға 
қажетті шекке (шекті қозу потенциалына) жеткен соң серпін 
туындататын 

жасуша 

мембраналарының 

натрий 

иондарына 

өткізгіштігі  күрт  көтеріледі  де,  әрекеттік  потеңциал 
қалыптасады.  Осылай  жасушаларда  жүйкелік  серпін  пайда 
болады (-сурет).  

Серпін  туындату  қасиеті  жүректің  өткізгіш  жүйесінің 

барлық  бөліктерінде  болады.  Бірақ  синустық-жүрекщелік 
торапқа  қарағанда  жүректің  өткізгіш  жүйесінің  төменгі 
бөліктерінде  бұл  қасиет  біртіндеп  азая  береді.  Сонымен 
бірге  негізгі  серпін  туындататын  синустық-жүрекшелік 
тораптың 

қызметі 

әлсірегенде, 

серпін 

жүрекшелерде, 

жүрекше-қарынша  аралық  (атрио-вентрикулалық)  торапта, 
қарынша 

қабырғаларында, 

Гис 

аяқшаларында, 

қарынша 

аралықтарында, Пуркиние талшықтарында пайда болуы ықтимал. 

 


background image

 

512

 

 

сурет. 

Синустық-жүрекшелік 

торап 

жасушасындағы 

мембраналық потенциалдың өздігінен өзгеруі. 

 
Синустық-жүрекшелік  торапта  пайда  болған  серпіндерден 

дамитын  жүрек  ырғағын 

номотоптық  ырғақ

,  ал  өткізгіш 

жүйесінің 

төменгі 

бөліктерінде 

немесе 

әдеттен 

тыс 

орындарда  пайда  болған  серпіндерден  дамитын  жүрек  ырғағын 

гетеротоптық ырғақ

 деп атайды. 

Осыларға  байланысты  жүректе  жүйкелік  серпіндердің 

қалыптасуының бұзылыстары: 

● 

қалыпты 

автоматизмнің 

өзгерістерінен 

дамитын 

номотоптық аритмиялармен; 

●  әдеттен  тыс  орындардағы  автоматизмнен  дамитын 

гетеротоптық аритмиялармен; 

● шүріппелік (триггерлік) белсенділік артып кетуімен  – 

байқалады. 

Номотоптық аритмиялар.

 

Номотоптық  ырғақтың  бұзылыстары  синустық-жүрекшелік 

торапта  серпіннің  пайда  болу  жиілігі  әртүрлі  себептерден 
өзгеріп  тұруымен  байқалады.  Сондықтан  бұл  аритмиялар 
синустық  тахикардия,  синустық  брадикардия  және  синустық 
аритмиялар түрлерінде көрінеді. 

Синустық  тахикардия 

–  деп  синустық-жүрекшелік  торапта 

серпін пайда болуы жиілеуінен дамитын жүрек қағуын айтады. 
Бұл  кезде  жүрек  соғуы  минөтіне  100-140  шамасында  болады 
және  ЭКГ-да  жүрекше-қарынша  кешендері  өзгермейді,  тек 
диастолалық үзіліс, Т - Р өркештерінің арасы қысқарады (-
сурет).  Симпатикалық  жүйке  жүйесінің  қозуы  жүрек  соғуын 


background image

 

513

 

жиілетеді,  ал  парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  қозуы  оны, 
керісінше,  сиретеді.  Осыдан  синусгық-жүрекшелік  торапта 
серпін пайда болуының жиілеуі мына жағдайларда байқалады: 

●  жүректе  симпатикалық-адреналиндік  әсерлердің  артып 

кетуінен;  бұндай  жағдай  көңіл-күйдің  қобалжуы,  физикалық 
күштену, гипертиреоз, феохромоцитома кездерінде болады; 

● 

парасимпатикалық 

жүйкелердің 

жүрекке 

әсері 

әлсіреуінен;  бұндай  жағдай  орталық  жүйке  жүйесінің 
бүліністерінде байқалады; 

●  синустық-жүрекшелік  тораптың  жасушаларына  әртүрлі 

физикалық,  химиялық,  биологиялық  ықпалдардың  тікелей 
әсерлерінен 

болады. 

Мәселен, 

ыстық 

қанның 

(қызба, 

гипертермия), қышқыл өнімдердің (гипоксия, қантты диабет), 
микробтардың  және  олардың  уыттарының  (жұқпалы  аурулар), 
дәрілердің  (кофеин,  адреналин  т.  б.)  әсерлерінен  синустық 
тахикардия дамиды.  

Қысқа  мерзімде  синустық  тахикардия  жалпы  қанайналымға 

теріс  әсер  етпейді.  Ал,  ұзаққа  созылған  жүректің  тым  жиі 
соғуы  (минөтіне  100  -140  реттен  астам)  оның  қызметінің 
бұзылыстарына  әкеледі.  Бұл  кезде  жүректің  оттегіге 
мұқтаждығы артады, жүрек қанға толмай аз қанмен жиырылады, 
жүректе  энергия  түзілуі  нашарлайды.  Сондықтан  жүректен 
шығатын  қанның  соққылық  көлемі  азаяды.  Ұзақ  мерзім  жиі 
соғуынан  жүректің  зорығудан  болатын  жеткіліксіздігі  дамуы 
мүмкін. 

Синустық  брадикардия

  –  деп  синустық-жүрекшелік  торапта 

серпін  пайда  болуы  сиреуінен    жүректің  сирек  соғуын 
айтады. 

Бұл  кезде  жүрек  соғуы  минөтіне  60-тан  аз  болады  және 

ЭКГ-да жүрекше-қарынша кешендері өзгермей, тек диастолалық 
үзіліс,  Т  -  Р  өркештерінің  арасы  ұзарады  (-сурет). 
Синустық брадикардия мына жағдайлардан дамуы мүмкін: 

●  жүрекке  парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  әсёрі 

күшейгенде;  бұндай  жағдай  бас  сүйек  ішінде  қысым 
көтерілгенде  (ми  жарақатында,  мида  өспе  өскенде,  ми 
қабықтары  қабынғанда,  миға  қан  құйылғанда)    байқалады; 
Өйткені  бұл  кездерде  кезбе  жүйкенің  (n.  vagus)  орталығы 
қоздырылады. 

Сонымен 

бірге 

парасимпатикалық 

жүйке 

жүйесінің  межеқуаты  көтерілуі  бұл  жүйкенің  шеткері 
аяқшаларының  қозуынан  болады.  Мәселен,  іш  сүзегі  кезінде 
ашішектердің 

қабырғаларындағы 

кезбе 

жүйке 

аяқшалары 

қозуынан  рефлекстік  түрде  синустық  брадикардия  дамиды. 
Осындай  жағдай  екі  көздің,  немесе  ұйқы  артерияларының 
сыртынан  саусақпен  басьш  қысқанда  байқалады.  Көздің 
сыртынан 

басып, 

парасимпатикалық 

жүйкені 

қоздыруды 

Даньини-Ашнер  рефлексі;  үйқы  артерияларын  қысып,  оны 


background image

 

514

 

қоздыруды  Геринг  рефлексі  деп  атайды.  Осы  тәсілдер 
ұстамалы  тахикардияның  ұстамасын  тоқтату  үшін  клиникада 
кеңінен пайдаланылады; 

● 

жүрекке 

симпатикалық-адреналиндік 

әсерлердің 

әлсіреуінен;  бүндай  жағдай  жоғары  жүйке  іс-әрекеттерінің 
бұзылыстарында,  симпатикалық  жүйке  жүйесінің  орталығы 
орналасқан 

гипоталамустың 

құрылымдық 

бүліністерінде, 

симпатикалық 

жүйке 

талшықтарының 

рецепторларының 

бұзылыстарында байқалады; 

● 

синустық-жүрекшелік 

торабқа 

әртүрлі 

физикалық, 

химиялық 

немесе 

биологиялық 

ықпалдардың, 

тікелей 

бүліндіргіш 

әсерлерінен. 

Мәселен, 

осы 

тораптың 

жарақаттануы,  оған  қан  құйылуы  синустық  брадикардияның 
дамуына әкеледі. 

Сонымен  бірге  синустық-жүрекшелік  торапқа  улы  заттар, 

өт  қышқылдары,  кейбір  дәрі-дәрмектер  (хинин,  опиаттар, 
жүрек  гликозидтері,  холиномиметиктер  т.  б.)  тежеуші  әсер 
етеді. 

Бұл 

факторлар 

тым 

қарқынды 

болғанда 

синустық-

жүрекшелік  торапта  серпін  пайда  болуын  сиретіп  қана 
қоймай,  оны  мүлде  жоғалтуы  мүмкін.  Жүрек  соғуы  қатты 
сирегенде қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. 

 

-сурет. Жүрек ырғағының номотоптық бұзылыстары. 

а. Сау адамның ЭКГ-сы; 

б. 

Синустык тахикардия; 

в. Синустық брадикардия; г. Синустық аритмия 

(дем алғанда жүрек соғуы жиілеп, дем шығарғанда 

сирейді). 

 

 


background image

 

515

 

 
 
 

-сурет. Атриовентрикулалық бөгеттің І-дорежесі. 

  

 

 

-сурет. Атриовентрикулалық бөгеттің ІІ-дөрежесі. 

 

Синустық  аритмия

  -  деп  синустық-жүрекшелік  торапта 

пайда  болатын  серпіндердің  жиілігі  өзгеріп  тұруынан  жүрек 
жиырылуының біресе жиілеп, біресе сиреп тұруын айтады. Ол 
тыныс алумен байланысты өзгереді. Сондықтан, бұл аритмияны 
тыныстық аритмия деп атайды. Өйткені демді ішке тартқанда 
жүрек  соғуы  жиілейді,  ал  демді  сыртқа  шығарғанда  ол 
сирейді  (-сурет).  Бүндай  аритмия  жиі  жас  балаларда  және 
жасөспірімдерде байқалады. Синустық аритмияның дамуы кезбе 
жүйке  межеқуатының  өзгеріп  тұруынан  (ол  демді  ішке 
тартқанда 

азайып, 

сыртқа 

шығарғанда 

көтерілуінен) 

байланысты.  Ересек  адамдарда  мидың  сыртқы  қыртысының 
қызметімен кезбе жүйке межеқуатының өзгерістері теңгеріліп 
тұрады. 

Соңдықтан 

бұл 

аритмия 

ересек 

адамдарда 

байқалмайды. 

Ал, 

мидың 

сыртқы 

қыртысының 

қызметі 

бұзылғанда,  наркоз,  сілейме  кездерінде  синустық  аритмия 
айқын  дамиды  және  ол  науқастың  жағдайы  ауырлағанын 
көрсетеді. 

 

Гетеротоптық аритмиялар.

 

Синустық-жүрекшелік  тораптың  автоматизмдік  қасиеті 

әлсірегенде 

 

жүректің 

өткізгіш 

жүйесінің 

төменгі 

бөліктерінде 

өз 

бетінше 

серпін 

өндіру 

қабілеті 

(автоматизмдік  қасиеттер)  пайда  болады.  Бұл  кезде  қалыпты 
синустық-жүрекшелік  торапта  қалыптасатын  серпіндердің 
жиілігі  жүректің  басқа  бөліктеріндегі  автоматизмді  басып 
тастауға жеткіліксіз болады. Содан гетеротоптық аритмиялар 
дамиды. Бұл кезде жүректің жиырылулары: 

● 

жүрекшелердің 

(жиі 

сол 

жақ 

жүрекшенің) 

қабырғаларында орналасқан ошақта пайда болған серпіндердің 
әсерлерінен  дамуы  мүмкін.  Бұндай  жүрек  ырғағын 

жүрекшелік 

сирек ырғақ

 деп атайды. Бұл ырғақ жүйке тозуы (невроздар),