Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5517

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

131

 

әсерлеріне  организмнің  төзімділігі  көтеріледі.  Мәселен, 
жануарлардың  алдыңғы  гипофизін  немесе  бүйрек  үсті 
бездерін  сылып  тастағанда,  кез  келген  ықпалдарға  олардың 
төзімділігі  қатты  азайып,  бұл  жануарлар  тез  өліп  қалады. 
Ал, 

жануарларға 

алдын 

ала 

кортикотропин 

немесе 

глюкокортикоидтық 

гормон 

(гидрокортизон, 

кортизон, 

преднизолон  т.  с.  с.)  енгізіп,  содан  кейін  оларга 
химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақат-таса, онда 
бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі 
артады.  Сол  себептен  кортикотропин  мен  глюкокортикоидтық 
гормондарды 

адаптациялық гормондар

 деп атайды.  

Осыған  байланысты  стресті  Г.  Селье 

жалпы  адаптациялық 

синдром

  деп  жариялады.  Бұл  синдром  үш  сатыда  өтеді: 

1- 

үрей  (дабыл)  сатысы,  2-  төзімділік  сатысы,  3-қалжырау 
сатысы

●  ү

рей  сатысында

  жағымсыз  ықпалдарға  организмнің 

қорғаныстық  икемделу  мүмкіншіліктері  тез  іске  қосылады. 
Бұл саты «соққы» және «соққыға қарсы» фазаларынан тұрады. 

Соққы

  фазасында  бұлшықеттердің  әлсіздігі,  артериялық 

қысымнын 

төмендеуі, 

гипотермия, 

гипогликемия, 

эозинопения,  қылтамырлардың  қабырғаларының  өткізгіштігі 
көтерілуі 

т. 

б. 

құбылыстар 

байқалады. 

Бұл 

кезде 

лимфоидтық  түйіндердің  кері  дамуы,  теріс  азоттық  баланс, 
асқазанның  ойық  жарасы  дамиды.  Бұлар  организмде  ыдырау 
үрдістерінің күшейгенін көрсетеді.  

Соққыға  қарсы

  фазасында  көрсетілген  бұзылыстар  кері 

бағытта  өзгереді.  Артериалық  қысым  және  бұлшықеттердің 
күш-қуаты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен 
бүйрек 

үсті 

бездерінде 

кортикотропин 

мен 

глюкокортикоидтық  гормондардың  өндірілуі  тұрақты  түрде 
жоғарылайды, 

осыдан 

адаптациялық 

синдромның 

екінші 

төзімділік сатысы дамиды. 

● 

төзімділік

 

сатысында 

бүйрек 

үсті 

бездерінің 

гипертрофиясы  байқалады,  кортикостероидтардың  түзілуі 
артады, глюконеогенез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқы 
ортаның  жағдайларына  организмнің  бейімделу  мүмкіншілігі 
ең  жоғары  деңгейге  көтеріледі.  Егер  қолайсыз  ықпал  ұзақ 
мерзімде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті 
бұзылады,  жалпы  адаптациялық  синдромның  үшінші  қалжырау 
сатысы дамиды. 

● 

қалжырау 

сатысында 

организмнің 

тіршілік 

мүмкіншіліктері  таусылады,  бүйрек  үсті  бездерінің  сыртқы 
қабаты  семіп  қалады,  кортикостероидтық  гормондар  түзілуі 
қатты  азаяды,  артериялық  қысым  төмендейді,  нәруыздардың 
ыдырауы  артады,  дене  қызымы  төмендейді,  гипогликемия 


background image

 

132

 

байқалады.. 

 

Жалпы  адаптациялық  синдромды  Г.  Селье  «гипофиз-бүйрек 

үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі арқылы түсіндірді. 

Қазіргі  көзқарастар  бойынша  стресс  жүйке  жүйесі  мен 

эндокриндік  бездердің  қатысуымен  дамитын  организмнің 
күрделі 

жүйкелік-сұйықтық 

серпілісі.

 

Бұл 

серпіліс 

дамуында  орталық  жүйке  жүйесі,  мидың  сыртқы  қыртысы, 
гиппокамп,  лимбикалық  жүйе,  мидың  торлы  құрылымы, 
гипоталамус т. б. мидың құрылымдары, шеткері жүйкелер мен 
дербес  (вегатативтік)  жүйке  жүйелері  қатысады.  Көптеген 
қолайсыз ықпалдардың организмге әсері жүйкелік-рефлекстік 
жолдармен  болады.  Сыртқы  және  ішкі  қабылдағыштардан 
(рецепторлардан) 

жүйкелік 

серпіндер 

орталық 

жүйке 

жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі. 

Содан  пайда  болған  жүйкелік  медиаторлар,  шағын 

пептидтер 

(эндорфиндер 

мен 

энкефалиндер), 

жүйкелік 

гормондар (либериндер мен статиндер) жүйкелік-эндокриндік 
серпілістердің  дамуына  әкеліп  соғады.  Адамда  тілсөз 
жүйесінің  болуына  байланысты  жағымсыз  дөрекі  сөздер  жан-
дүниелік  күйзелістерге,  жан  жарақаттарына  мидың  сыртқы 
қыртысының қатысуымен әкелетіні дәлелдеуді қажет етпейді. 
Мидың  сыртқы  қыртысы  әрекеттерінің  өзгерістері  мидың 
қыртыс 

асты 

құрылымдары 

мен 

гипоталамус 

арқылы 

эндокриндік  жүйелердін  жұмылдырылуына  әкеледі.  Стресс 
дамуында,  алдыңғы  гипофиз-бүйрек  үсті  бездерінің  сыртқы 
қабатынан  басқа,  қалқанша  бездер,  үйқыбез,  бүйрек  үсті 
бездерінің  милық  қабаты  т.  б.  бездер  қатысады.  Мәселен, 
кезкелген  ауыртпалықтар  кездерінде  үйқы  безі  инсулинді 
артық 

өндіреді. 

Осыдан 

қанда 

инсулиннің 

деңгейі 

көтеріледі.  Ал,  гиперинсулинемия  симпатикалық  жүйке 
жүйесі  мен  бүйрек  үсті  бездерінің  милық  қабатының 
белсенділігін 

арттырып, 

катехоламиндердің 

әсерін 

күшейтеді. 

Содан 

норадреналиннің 

әсерінен 

қан 

тамырларының

 

жиырылуы  күшейеді.  Қанда  катехоламиндердің 

көбеюі  өз  алдына  тіндердегі  инсулинді  қабылдайтын 
рецепторлардың  сезімталдығын  азайтып,  инсулиннің  безден 
тыс  жеткіліксіздігіне  әкелуі  мүмкін.  Дегенмен,  стресс 
дамуында 

«гипоталамус-алдыңғы 

гипофиз-бүйрек 

үсті 

бездерінің  сыртқы  қабаты»  бірігіп,  бір  функциялық  жүйеге 
қалыптасуының маңызы өте үлкен.  

Сонымен,  стресс  дамуы  бір  жағынан  сыртқы  ортаның 

ықпалдарына  организмнің  бейімделу  қабілетін  көтеріп, 
адаптация  дамуына  әкелсе,  екінші  жағынан  көптеген 
дерттердің пайда болуына әкеледі. 

Организмнің  ішкі  тұрақтылығы 

стресті  дамытатын  және 


background image

 

133

 

оны шектейтін жүйелердің 

өзара тепе-теңдігімен қамтамасыз 

етіледі. 

Стресті-дамытатын жүйеге: 

● 

симпатикалық-адренергиялық жүйе; 

● гипоталамус; 
● алдыңғы гипофиз; 
●  бүйрек  үсті  бездерінің  сыртқы  қабаты  т.  б.  жатады. 

Қолайсыз  әсерлерден  осы  жүйенің  белсенділігі  көтеріледі. 
Осыған  жауап  ретінде  стресті  шектейтін  жүйе  әсерленеді

.

 

Оған: 

● мидағы гамма-аминомай қышқылына (ГАМҚ), серотонинге, 

эндорфиндер мен энкефалиндерге жауап қайтаратын жүйелер; 

● 

шеткері 

ағзалар 

мен 

тіндерде 

түзілетін 

простагландиндер  және  антиоксиданттық  ферменттер  жатады 
және  олар  стресс  дамуын  азайтады.  Бұл  кезде  ГАМҚ  мида 
тежелу  үрдістерін  күшейтеді,  серотонин  катехоламиндердің 
әсерін 

әлсіретеді, 

эндорфиндер 

мен 

энкефалиндер 

организмде  ауыру  сезімін  азайтады  және  көптеген  ішкі 
ағзалардың  іс-әрекеттерін  қадағалайды.  Шеткері  тіндерде 
өндірілетін  простагландиндер  тін  жасушаларының  сыртқы 
қабықтарындағы  аденилатциклаза  ферментін  әсерлеп,  жасуша 
ішінде 

цАМФ 

түзілуін 

арттырады. 

Антиоксиданттық 

ферменттер 

тін 

жасушаларының 

қабықтарында 

май 

қышқылдарының асқын тотығып кетуінен сақтандырып тұрады. 

Сайып  келгенде,  ауыртпалықтар    кездерінде  стрессті 

шектейтін  жүйенің  жұмылдырылуы  нәтижесінде  жағымсыз 
әсерлерге организмнің адаптациясы болады. 

Организмнің  адаптациясы  екі  сатыда  дамиды:  1-сатысы 

жедел  дамитын,  өткінші,  жетілмеген;  2-сатысы  біртіндеп 
дамитын,  ұзақ  мерзімді,  жетілген  болады. 

Жедел  дамитын 

сатысы

  организмде  бұрын  қалыптасқан,  дайын  физиологиялық 

құбылыстардың негізінде дамиды. Мәселен, ауыртатын немесе 
қорқыныш 

тудыратын 

қоздырғыштардан 

жануарлар 

қашып 

құтылады.  Организмге  суық  температура  әсер  етсе,  онда 
жылу  өндірілу  күшейіп,  жылуды  сыртқа  шығару  азаяды.  Дем 
алатын  ауада  оттегі  азайғанда  организмнің  дем  алуы 
жиілеп, тіндерде қан айналымының жылдамдығы ұлғаяды.. 

 

Адаптацияның  ұзақ  мерзімді  сатысы

  организмге  сыртқы 

орта  ықпалдарының  ұзақ  немесе  әлденеше  рет  қайталанған 
әсерлерінің  нәтижесінде  біртіндеп  пайда  болады.  Организм 
шынықпаған  жағдайынан  жаңа  сапалық  жаттыққан  жағдайга 
ауысады.  Сөйтіп  организм  бұрын  әлі  келмейтін  ауыр 
жұмыстарды атқарады, гипоксияга, суыққа, ыстыққа, жұқпалы 
ауруларға,  улардың  үлкен  өлшемдеріне  төзімді  болады. 
Мидың 

есте 

сақтау 

қабілетінің 

негізінде 

дамитын 

организмнің 

белгілі 

жағдайларға 

үйреніп 

дағдылануы 


background image

 

134

 

қоршаған  ортаның  ықпалдарына  бейімделудің  күрделі  түріне 
жатады  және  ол  мида  жаңа  шартты  байланыстардың  пайда 
болуымен 

сипатталады.. 

Адаптацияның 

жедел 

дамитын 

сатысынан  тұрақты  ұзақ  дамитын  сатысына  ауысуы  үшін

 

тіндерде  нуклеин  қышқылдары  мен  нәруыздар  түзілуінің 
артуы  қажет.

  Ол  мына  жолмен  дамиды:  жаттығулардың 

нәтижесінде  адаптацияга  жауапты  басым  жүйе  тіндері 
жасушаларының  атқаратын  қызметі  көтерілуінен  олардың 
ядроларындағы  гендік  құралдардың  белсенділігі  артады. 
Осыдан  бұл  жасушаларда  ДНК  молекуласының  екіге  ажырауы, 
РНК молекуласына тектік ақпараттың көшірілуі, рибосомалар 
мен полисомаларда нәруыздар түзілуі көбейеді. Осыдан: 

●  қызмет  атқаратын  жасушалардың  көлемі  ұлғаяды, 

олардың қызмет атқаруға деген қабілеті арта түседі; 

● мида РНК мен нәруыздар түзілуінің артуы жаңа шартты 

байланыстардың  бекуіне,  жаңадан  қабылданған  қасиеттердің 
тұрақты 

дағдыға 

айналуына 

әкеледі 

және 

кейбір 

нейрондардың гипертрофиясы дамуын туындатады; 

●  ГАМҚ,  серотонин,  эндорфиндер  мен  энкефалиндер  және 

нервтік  медиаторлар  өндірілуіне  қажетті  ферменттердің 
түзілуі артады; 

● 

бүйрек 

үсті 

бездерінің 

милық 

және 

сыртқы 

қабаттарының  гипертрофиясы  мен  гиперплазиясы  дамуына 
әкеледі,  оларда  катехоламиндер  мен  кортикостероидтық 
гормондардың  өндірілуіне  қажетті  ферменттердің  түзілуін 
арттырады; 

● 

сүйек 

кемігінде 

гиперплазия 

дамиды, 

онда 

эритроциттердің, 

гемоглобиннің, 

микро- 

және 

макрофагтардың өндірілуі күшейеді 

● 

 

иммундық 

жүйе 

деңгейінде 

антиденелер 

мен 

лимфоциттердің өндірілуі артады. 

● бауырда қан   нәруыздарының және микросомалық тотығу 

ферменттерінің  түзілуі  күшейеді,  бауырдың  уытсыздандыру 
қабілеті көтеріледі; 

●  шеткері  ағзалар  мен  тіндерде  нәруыздар  түзілуінің 

артуы  тотығу-тотықсыздану  ферменттері  түзілуіне,  кесек 
молекулалы  фосфорлық  қосындылардың  өндірілуіне  және 
құрылымдық  нәруыздардың  түзілуіне  әкеледі.  Мәселен, 
физикалық  жүктемелердің  нәтижесінде  нәруыздар  түзілуі 
артуынан  бұлшықеттердің  гипертрофиясы  дамиды,  оларда 
митохондрийлар көбейеді. Бұл кезде қан айналым және тыныс 
алу  жүйелерінің  қуаты  артып,  оттегін  пайдалану  мен  АТФ 
түзілуі көбейеді. Осылардан бұлшықеттерде аэробтық тотығу 
артып,  олардың  қызмет  атқару  қарқыны  мен  ұзақтығы 
ұлғаяды.  Сонымен  бірге  жүрек  етінің  шамалы  гипертрофиясы 


background image

 

135

 

дамиды,  миозиннің  АТФ-азалық  белсенділігі  көтеріледі, 
коронарлық қан тамырларының сыйымдылығы көбейеді, жүйелік 
қан айналым жақсарады. 

Сонымен,  стресс  дамуына  әкелетін  жағымсыз  ықпалдар 

ұдайы  өзгеріп  тұратын  қоршаған  ортаның  жағдайларына 
организмнің  бейімделу  мүмкіншіліктерін  арттырады.  Бұл 
кезде  организмнің  төзімділігі  әсер  етуші  ықпалға  ғана 
емес,  көптеген  басқа  жағымсыз  әсерлерге  де  жоғарылайды. 
Былайша  айтқанда  бір  жағымсыз  ықпалдан  кейін  екінші 
қолайсыз  ықпалдың  зиянды  әсері  әлсірейді.  Мәселен, 
тәжірибелік 

жануарлардың 

терісіне 

формалин 

енгізсе 

(стрессор)  қатты  қабыну  дамиды.  Ал,  формалин  енгізер 
алдында аз ғана мөлшерде қан алса (екінші стрессор), онда 
формалин 

жібергеннен 

кейінгі 

қабынудың 

қарқыны 

төмендейді. 

Сондай-ақ 

жануарлардың 

көктамырына 

протеолиздік 

фермент 

(трипсин) 

жібергенде 

(бірінші 

стрессор)  миокард  некрозы  пайда  болады.  Ал,  фермент 
жіберер  алдында  жануарлардың  бұлшық  еттерін  электр 
ағымымен  жарақаттаса  (екінші  стрессор),  онда  фермент 
жібергеннен  кейінгі  миокард  некрозының  мөлшері  азаяды. 
Осыған  байланысты  инемен  емдеу,  қан  алу,  терінің  кейбір 
нүктелерлерін  күйдіріп  емдеу  т.  с.  с.  медицинаның 
бейдәстүрлі  емдеу  тәсілдері  көрсетілген  заңдылықтармен 
түсіндіріледі 

Организмнің 

физикалық 

жүктемелерге 

жаттығуы 

нәтижесінде,  бұлшық  еттердің  күш-қуаты  артуымен  қатар, 
жүрек етін бүліндіретін, артериалық қан қысымын көтеретін 
т.  б.  ықпалдарга  оның  төзімділігі  артады.  Ф.  3. 
Меерсонның  дәлелдеуі  бойынша:  организмнің  қайталанған, 
жеңіл ауыртпалық жағдайларға жаттығуы нәтижесінде стресті 
шектейтін 

жүйенің 

қуаты 

артуынан, 

оның 

ишемияга, 

радиацияга, улы химиялық заттарға төзімділігі көтеріледі. 
Суық 

суға 

шынығулардың 

нәтижесінде 

организмде, 

термореттеу  жолдарының  қуаты  көтерілуімен  қатар,  әртүрлі 
жұқпаларға организмнің төзімділігі артады. Сондықтан суық 
тиюден  дамитын  дерттер  (баспа,  жоғары  тыныс  жолдарының 
аурулары, пневмония т. с. с.) алдын-ала ескертіледі. 

Стрестің  дерт  дамуындағы  маңызы. 

Стресс  адамда 

дерттердің дамуына екі жағдайда әкелуі мүмкін:  

●  организмге  әсер  еткен  ықпалдың  қарқыны  тым  артық 

болып,  стресс  дамытатын  жүйенің  белсенділігі  қатты 
көтеріліп кетуінен;  

●  стресті  шектейтін  жүйенің  туа  біткен  немесе  жүре 

пайда 

болған 

тапшылықтарынан. 

Организмде 

ГАМҚ, 

серотониннің, 

шағын 

реттеуші 

пептидтердің,