Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5522

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

136

 

простагландиндердің, антиоксиданттардың түзілуіне қажетті 
ферменттердің  тұқым  қуалайтын  гендік  немесе  жүре  пайда 
болған  ақаулары  болуы  ықтимал.  Олардың  тұқым  қуалайтын 
гендік  ақаулары  ұрпақтан  ұрпаққа  беріледі.  Сондықтан 
кейбір  адамдарда  антиоксиданттардың  түзілуіне  қажетті 
ферменттердің  жеткіліксіздігі  болады.  Ал,  журе  пайда 
болған 

бұл 

ферментгердің 

аз 

түзілуі 

немесе 

белсенділігінің  төмендеуі  қоршаған  ортаны  ластайтын 
әртүрлі  химиялық 

 

улы  өнімдердің  әсерлерінен,  ашығудан, 

ішетін 

тамақта 

нәруыздардың, 

витаминдердің, 

микроэлементтердің  тапшылығынан  дамиды.  Бұл  екі  жағдайда 
да стресті дамытатын жүйе басым болып кетеді. Осыдан: 

♣ 

қанда 

катехоламиндер 

мен 

кортикостероидтық 

гормондардың  көбеюінен  артериалық  қан  тамырларының  қатты 
жиырылуы  ішкі  ағзалар  мен  тіндердің  қанмен  қамтамасыз 
етілуін бұзады; 

♣ 

катехоламиндер 

жасуша 

мембраналарында 

май 

қышқылдарының  асқын  тотығуына,  фосфолипаза,  липаза, 
протеаза  ферменттерінің  артық  әсерленулеріне  әкеліп, 
олардың бүліністерін туындатады. 

Осылардың 

нәтижесінде 

стресс 

мида 

қанайналым 

бұзылыстарына,  асқазан  мен  ұлтабарда  ойық  жара  ауруы, 
гипертониялық  ауру,  атеросклероз,  жүректің  ишемиялық 
ауруы, қантты диабеттің кейбір түрлері, жан-дүниелік және 
тері  аурулары,  өспелердің    т.  с.  с.  дерттердін  дамуын 
туындатуы мүмкін. 

Жоғарыда  келтірілген  деректерден:  стресс  бір  жағынан 

адамның  тіршілігіне  маңызды  адаптациялық  әсер  етсе, 
екіншіден  көптеген  жұқпалы  емес  аурулардың  дамуына 
әкелетіндігі  байқалады.  Бұндай  ауруларды 

дезадаптациялық 

аурулар

 - деп атайды. Сол себептен стрестің бұл екі жағын 

ажырата  білу  қажет.  Стресс  организмнің  адаптациясына 
жағымды ықпал етіп тұрған жағдайда оны әртүрлі әдістермен 
мүмкіншілігі болғанша қолдау қажет. Ол үшін денені шамалы 
физикалық  жүктемелерге  жаттықтыру,  суық  сумен  шайыну 
арқылы  төмен  температураға  шынықтыру  т.  с.  с.  әсерлердің 
қажеттігін  кеңінен  пайдалану  керек.  Тым  артық  стресс 
дезадаптациялық  аурулардың  дамуына  әкелетін  жағдайларда 
стреске  қарсы  пайдалануға  дәл  келетін  емдеу  тәсілдерін 
қолдану  пайдалы.  Ол  үшін  адамның  көңіл-күйін,  бойындағы 
күш-қуатын  қалпына  келтіретін  жағдай  жасап,  витаминдер, 
антиоксиданттар,  фосфолипазаның  тежегіштерін  т.  с.  с. 
дәрі-дәрмектер беру пайдалы болады. 

ШОК

 

 (сілейме)

 

 Шок  (ағылш.  shock  —  соққы,  шайқалу)  организмнің 


background image

 

137

 

өмірлік 

маңызды 

қызметтерінің 

қатты 

әлсіреуімен 

сипатталатын  ауыр  дерттік  үрдіс.  Бұл  кезде  ағзалар  мен 
тіндерде  реттелу  тетіктері  мен  микроциркуляцияның,  зат 
алмасу  үрдістерінің  қатты  бұзылуынан  организм  өмір  мен 
өлімнің арасында болады. 

Шоктың  түрлері. 

Пайда  болу  себептеріне  қарай  шок 

жарақаттық  немесе  травмалық  (лат.  trauma  -  жарақат, 
жарақатгану),  күйіктік,  операциялық,  гемотрансфузиялық, 
анафилаксиялық  т.с.с.  болып  бөлінеді.  Олардың  даму 
жолдарында,  белгілі  ерекшеліктері  мен  қатар,  жалпы 
заңдылықтары да бар. 

Даму  жолдарына  қарай  шок:  ауырулық,  гуморалдық  және 

психогендік (Фролов В. А.) болады (4- сызбанұсқа). 

4- сызбанұсқа 

 

 

Ауырулық 

Экзогендік 
● жарақаттық, 
● күйіктік, 
● үсіктік, 
● электрлік, 
● операциялық 

● гемотрансфузиялық, 
● анафилаксиялық 

ШОК 

Психогендік 

Сұйықтық 

Эндогендік 
● кардиогендік, 
● бүйректік, 
● ішек-қарындық 


background image

 

138

 

 

Жарақаттық 

сілейме 

(

шок) 

ауыр 

жарақаттанулар 

кездерінде  дамиды.  Бұл  үғымды  ең  алғаш  1737  жылы  француз 
ғалымы Lе Dгап кіргізген. Содан бері осы күнге дейін оның 
қағидалық  және  амалдық  маңызы  зор  күйінде  сақталып 
келеді.  Үлкен  қалаларда  ауруханаларға  жарақаттанудан 
түскен  науқастардың  2,5%-травмалық  шокпен  асқынады,  ал 
осылардың 60—80%-жарық дүниеден қайтады. 

Жарақаттық сілеймені (шокты) зерттеудің маңызды сатысы 

болып  1853—1856  жылдардағы  Қырым  соғысы  саналады.  Сол 
соғысқа  қатысқан  орыс  хирургі  Н.  И.  Пирогов  бұл  шоктың 
клиникалық  көріністерін  алғаш  рет  ажыратып  жазды  (1855), 
оның бұл жазғандары әлі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. 

«Байлау орнында қолын немесе аяғын жұлып кеткен жаралы 

адам 

сіресіп 

қозғалмай 

жатыр; 

ол 

айғайламайды, 

ыңырсымайды,  шағымданбайды,  ештемеде  шаруасы  жоқ  және 
ештемені қажет етпейді; денесі салқын, беті өлген адамдай 
бозарған, 

көз 

қарасы 

ешқайда 

қозғалмай 

алысқа 

бағытталған, тамыр соғуы саусақтың астында әрең сезіледі, 
кейде  жиі  сезілмейді.  Сұраққа  жауап  қайтармайды  немесе 
ақырын  әзер  естілетін  сыбырмен  қайтарады,  тынысы  зорға 
байқалады.  Жарасы  мен  терісі  ештемені  сезбейді,  бірақ 
жарадан  шығып  тұрған  үлкен  жүйкені  түртіп  қоздырса,  онда 
жаралы  адам  бұлшық  еттерінің  әлсіз  ғана  қысқаруымен 
тіршілік белгісін көрсетеді».  

Осыған  орай  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының  Шипагерлік 

баян атты қолжазбасында эмоциялық шокты 

«ұшықтық сілейме»

 

– деп былай сипаттаған: «әуелгі тұрса тұрған күйі, отырса 
отырған  беті,  жатса  жатқан  қалпы  бежірейген  күйі,  қатып 
қалған  тақілетті  болмағы  шарт.  Алыстан  айғайлағанды 
қойып, 

жанына 

барғаныңды 

сезбейді. 

Тіпті 

түртсең 

қозғалым, 

қарау 

тақілетті 

пенделік 

тіл 

алысымдық 

ұштасымдылық  көрсетуге  шамасы  келмек  емес,  жетпек  емес» 
(121 бет). 

 Н.  И.  Пирогов  шоктың  көп  қан  жоғалтқан  науқастардан 

айырмашылығын  көрсетіп,  травмалық  шок  кезінде  адамның 
естен тануы болмайтындығына назар аударады. 

Сонымен,  бұл  сілейме  аяқ-қолдың  немесе  кеуде  мен  іш 

қуыстары ағзаларының қатты жарақаттануларында дамиды. Бұл 
кезде: 

●  зақымданган  тіндердің  жүйкелік  қабылдағыштарының 

қозуы;  

● адамның жаны жаралануы; 
● қан мен плазманың тамыр сыртына шығуы; 
●  биологиялық  әсерлі  және  уытты  заттардың  зақымданған 

 


background image

 

139

 

тіннен қанға түсуі; 

●  бүлінген  ағзалар  мен  тіндердің  қызметтерінің 

бұзылыстары  біріккен  түрде  байқалады.  Бұл  құбылыстар 
бірін бірі күшейтіп, жарақаттық сілейменің даму жолдарына 
әкеледі.  Бірақ  шоктың  пайда  болуында  олардың  біріккен 
әсері міндетті жағдай емес. Травмалық шок қансыраусыз-ақ, 
ал  көпшіілік  жағдайларда  қанның  аз  мөлшерде  жоғалуында 
(1-2%  дене  массасынан)  дами  беруі  мүмкін.  Сонымен  бірге, 
жарақаттану  кезінде  көп  қан  жоғалту  сілейменің  дамуын 
тездетеді және оның өтуін ауырлатады. 

Жарақаттық 

шок 

тіндердің 

зақымдануы 

нәтижесінде 

экстеро-, 

интеро- 

және 

проприорецепторлардың 

қатты 

қозуынан 

орталық 

жүйке 

жүйесінің 

қызметтері 

бұзылыстарымен 

сипатталады. 

Сонымен 

травмалық 

шок 

дамуында  бүлінген  тіндерден  миға  бағытталған  дерт 
туындататын серпіндердің маңызы үлкен. 

Сілейме бір-біріне ауысатын:  
● 

қызбаланыстық (эректилдік),  

● сілеймелік (торпидтік),  
● ақтық (терминалдық)

 – деп аталатын үш сатыда өтеді.

 

Эректилдік

 

(лат. 

еrectus-қызбалану) 

немесе 

қозу 

сатысы.  кезінде  жарақаттың  әсерінен  сыртқы,  ішкі  және 
буындардың  қабылдағыштары  (рецепторлары)  қоздырылады. 
Орталық 

жүйке 

жүйесіне 

(ӨЖЖ) 

миға 

бағытталған 

(афференттік) 

серпіндер 

түсуі 

көбейеді. 

Осының 

нәтижесінде  қысқа  мерзімде  (бірнеше  минут)  ОЖЖ  және 
дербес  (вегетативтік)  жүйке  жүйелерінің  қозуы  болады; 
стресс-дамытатын  жүйе  (гипоталамус,  гипофиз,  бүйрек  үсті 
бездері, 

адрененергиялық 

жүйе) 

қаһарланып, 

стресс-

шектейтін  ГАМК-ергиялық,  опиоидергиялық,  антиоксиданттық 
т.с.с.  жүйе  әлсірейді.  Осыдан  организмде  қатты  стресс-
реакция дамиды. Бұл кезде стресс бүкіл денеге тарап, онда 
адаптацияға  жауапты  басым

 

жүйе  қалыптаспайды.  Осыдан  бұл 

стрестің адаптациялық мәні болмай, оның бүліндіргіш әсері 
шектен шығып кетеді. 

Стрестің 

нәтижесінде 

гиперкортикостероидемия, 

гиперкатехоламинемия 

байқалады. 

Гиперкатехоламинемия 

біріншіден, қан тамырларының қатты жиырылуына, екіншіден, 
липаза, фосфолипаза ферменттерінің қатты әсерленуіне және 
майлардың асқын тотығуы шамадан тыс артып кетуіне әкеліп, 
осыдан  жасуша  мембраналарымен  байланысқан  үрдістердің 
бұзылыстарын 

туындатады. 

Бұл 

кезде 

мембраналардың 

рецепторлық,  каналдық  және  насостық  қызметтері  бұзылады, 
өткізгіштігі 

жоғарылайды. 

Лизосомалардың 

мембранасы 

бүлінуінен  қышқыл  гидролазалық  ферменттер  босайды,  олар 


background image

 

140

 

тіндердің 

ары 

қарай 

бүлінулеріне 

әкеледі. 

Митохондрийлардың  мембраналары  бұзылуынан  онда  тотығу-
тотықсыздану  процестері  бұзылып,  макроергиялық  фосфорлық 
қосындылар  (АТФ,  КрФ)  түзілуі  азаяды.  Энергия  тапшылықты 
жағдай дамиды. 

Сілеймелік 

(торпидтік) 

сатысы. 

Жоғарыда 

келтірілгендердің  әсерлерінен  шоктың  екінші  торпидтік 
сатысы  дамиды.  Тропидтік  (лат.  torpidus-мелшиіп,  сілейіп 
қалу)  немесе  тежелу  сатысы  бірнеше  тәулікке  дейін 
созылады. 

Жасуша  мембраналары  рецепторларының  конформациялық 

өзгерістерінен 

адрено- 

және 

холинорецепторлардың 

т.б.қабылдағыштардың  жауап  қайтару  қабілеті  төмендейді, 
жасушаларда  гормондардың  безден  тыс  жеткіліксіздіктері 
дамиды.  Содан  ағзалар  мен  тіндердің  жүйкелік-эндокриндік 
реттелулері бұзылады. 

Мида  нейрондардың  мембраналары  бұзылуы  нәтижесінде 

серпіндердің  синапстармен  өткізілуі  бұзылады;  орталық 
жүйке  жүйесінде  тыныс  алу  және  қан  тамырларының  қимылдық 
орталықтары  тежеледі.  Осыдан  шеткері  қан  тамырларының 
кеңеюі болып, қылтамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды. 

Бауыр  жасушаларының  мембраналары  бұзылуына  байланысты 

оның  тосқауылдық  және  уытсыздандыру  қызметтері  бұзылады. 
Бүлінген  тіндерден  түскен  ыдырау  өнімдерінің,  ішектерден 
түскен  уытты  заттардың  уытсыздандырылуы  әлсіреуінен 
организмнің  уыттануы  болады.  Бұл  уытты  заттар  қанмен 
орталық жүйке жүйесіне өтіп, уытты әсер етеді. 

Жүрек  еті  жасушаларының  мембраналары  бұзылуынан  оның 

жиырылу-босаңсу 

қызметі 

әлсірейді. 

Бұл 

кезде 

қан 

айналымының жеткіліксіздігі дамиды. Оның негізінде, жүрек 
қызметі  әлсіреуімен  қатар,  қан  мен  плазманың  тамыр 
сыртына  шығуы  және  қанның  қалыптан  тыс  қорларына  жиналып 
қалуы  жатады.  Осыдан  айналымдағы  қан  көлемі  үдемелі 
азаяды.  Оның  негізінде  қанның  бұлшық  еттерде,  ішек-қарын 
көк  тамырларында  іркіліп  жиналып  қалуы  болады.  Сонымен 
бірге оларда қылтамырлар кеңиді, майда көктамырлардан қан 
қылтамырларға 

кері 

қайтып 

түседі. 

Қылтамырлардың 

қабырғаларының  өткізгіштігі  көтеріледі,  қанның  сұйық 
бөлшегі тамыр сыртына шығады, қан қоюланады, эритроциттер 
тамыр  ішінде  шоғырланып  қалады.  Осылардың  нәтижесінде 
қылтамырларда  қан  ағуы  тоқтап,  стаз  дамиды.  Организмдегі 
аз қан тіршілікке маңызды ағзалардың қызметтерін сақтауга 
бағытталады.  Қанның  шеткері  тіндер  мен  ағзаларға  түсуі 
азайып,  миға,  жүрекке  жеткізілуі  белгілі  деңгейде 
ұсталынады.  Бұндай  жағдайды 

қан  айналымының  орталықтануы