Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5537

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

181

 

көрсетеді.  

Сонымен 

бірге 

бүйрек 

қызметінің 

жеткіліксіздігі 

кезінде  қанда  зәрнәсілдің,  креатининнің,  зәр  қышқылының 
т.б.  азоттық  өнімдердің  көбеюі  байқалады.  Оны,  азоттық 
өнімдердің 

сыртқа 

шығарылуы 

бұзылудан 

дамитын, 

ретенциондық гиперазотемия

 дейді. 

ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ МЕН ОРГАНИЗМНЕН СЫРТҚА ШЫҒАРЫЛУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.

 

Зәр  қышқылы  нуклеин  қышқылдарының  қүрамына  кіретін 

пуриндік  негіздердің  алмасуының  соңғы  өнімі.  Оның 
өндірілуі  мен  организмнен  сыртқа  шығарылуының  бұзылуы 

подагра

  деген  аурудың  дамуына  әкеледі.  Бұл  ауру  кезінде 

қанда  зәр  қышқылының  және  оның  түздарының  деңгейі 
көтеріледі.  Осыдан  зәр  қышқылының  тұздары  буындарда, 
шеміршектерде  жиналып  қалады  да,  буындардың  қабынуы, 
ауыру сезімі, дене қызымы көтерілуін туындатады. 

ҚАН НӘРУЫЗДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ.

 

Көпке дейін қан плазмасындағы нәруыздардың сандық және 

сапалық өзгерістері ауруды анықтау және оның өту қарқынын 
болжау үшін ғана қаралды. Қазір бұл өзгерістердің белгілі 
аурулардың  патогенезінде  маңызы  зор  екені  белгілі. 
Өйткені  қан  сары  суындағы  кейбір  нәруыздар  бактерицидтік 
қызмет атқарады (пропердин, комплемент т. б.), екіншілері 
кейбір 

биогендік 

аминдердің 

тотығуын 

арттыратын 

ферменттік қызмет атқарады (церуллопазмин). 

Әлбуминдердің  коллоидтық-осмостық  қысымды,  кейбір 

электролиттер  алмасуын,  қышқылдық-сілтілік  үйлесімдікті 
т. б. реттеуге қатынасатыны көптен белгілі. 

Қан сары суында біршама арнайы ферменттер бар. Қан үю 

үрдісіне  қатысатын  факторлардан  басқа,  қан  сары  суында 
плазмин  және  церуллоплазмин  бар.  Плазмин,  фибринолиз 
үрдісіне 

қатысуымен 

қатар, 

қан 

плазмасының 

басқа 

нәруыздарына әсер етіп, қан тамырларын кеңітетін және қан 
қысымын төмендететін кининдердің түзілуіне әкеледі. 

Қан плазмасы нәруыздарының барлық бөлшектері ағзаларға 

өртүрлі 

қосындыларды 

(көмірсуларын, 

липидтерді, 

бейорганикалық  заттарды,  нілдерді  т.б.)  тасымалдайды. 
Бұлардың 

кейбіреулерінің 

қанға 

түскен 

белгілі 

қосындыларды  байланыстыру  қызметі  ерекше  орын  алады. 
Мәселен,  гаптоглобин  эритроциттердің  ыдырауынан  қан 
плазмасына ауысқан гемоглобинді байланыстырады. 

Көптеген 

басқа 

қосындылардың 

қан 

плазмасы 

нәруыздарымен  байланысуы  да  маңызды.  Осы  арқылы  бос 
күйінде ерімейтін заттар олармен байланысып еритін түріне 
айналады. Мәселен, эритроциттердің гемоглобині ыдырауынан 
пайда  болатын  бос  билирубин  ерімейді.  Ол  қан  сары  суында 
әлбуминмен  байланысып,  оның  бауыр  арқылы  өтке  түсу 


background image

 

182

 

мүмкіншілігі пайда болады және оның улы әсері әлсірейді. 

Темір  және  мыс  қан  сары  суында  арнайы  нәруыздармен 

(трансферинмен,  церулоплазминмен)  байланыстырылады  және 
осы 

кешендер 

түрінде 

тасымалданады. 

Сол 

арқылы 

көрсетілген металдардың иондарының улы әсерлері азаяды. 

Басқа  катиондар  мен  иондар  әлбуминдермен  байланысады. 

Содан олардың алғашқы несепке (үлтрасүзіндіге) өтіп кетуі 
болмайды,  қанда  белгілі  мөлшерде  сақталады.  Мұның  маңызы 
өте үлкен. Мәселен, байланысқан кальций мен иондалған Са

2+ 

белгілі  арақатынаста  болады.  Са

2+

  иондарының  қан  үюуында, 

ет 

талшықтарының 

қысқаруында, 

қылтамырлардың 

қабырғаларының  өткізгіштігін  және  жүйкелер  мен  еттердің 
қозымдылығын  белгілі  деңгейде  ұстауда  маңызы  өте  үлкен. 
Әртүрлі  себептерден  қанда  Са

2+ 

иондары  азайғанда  олардың 

қажетті мөлшері ғана әлбуминнен босайды. 

Әлбуминдер  кальцийден  басқа,  магний,  мырыш,  қорғасын, 

сынап  т.с.с.  катиондарды,  ацетат,  цитрат,  бикарбонат, 
нитрат т.б. аниондарды байланыстырады. 

Көптеген  гормондардың  қан  сары  суы  нәруыздарымен 

байланысуы  өте  маңызды.  Тироксин,  үшйодтиронин  қан  сары 
суында  нәруыздардың  үш  бөлшектерімен  (преәлбуминдермен, 
әлбуминдермен 

және 

α

1

-

α

2

глобулиндермен) 

тез 

байланыстырылады. 

Кортикостероидтар, 

тестостерон, 

эстрогендер 

әлбуминдермен 

байланыстырылады. 

Кортикостероидтарды 

әлбуминнен 

басқа 

арнайы 

глобулин 

(транскортин) 

байланыстырады. Байланыстырылган гормондардың биологиялық 
әсері  бос  түрлеріне  қарағанда  қатты  төмен  болады.  Сол 
арқылы  организмді  бұл  гормондардың  артық  өндірілуі 
кездерінде пайда болатын бұзылыстардан сақтандырады. 

Қанда 

нәруыздардың 

мөлшерінің 

және 

сапасының 

өзгерістері  көптеген  дерттік  жағдайларда  байқалады.  Олар 

гипопротеинемия,  гиперпротеинемия  және  диспротеинемия

 

түрлерінде  көрінеді.  Әдетте,  қанда  нәруыздардың  жалпы 
мөлшері 65—85г/л. Оларға әлбуминдер (52—58%), α

1

-, α

2

-, β-

, γ- глобулиндер және фибриноген жатады. 

Гипопротеинемия

  қанда  нәруыздардың  қалыптыдан  азаюы. 

Ол  тұқым  қуатын  және  жүре  пайда  болған  болуы  мумкін. 
Соңғы гипопротеинемия: 

● 

нәруыз 

түзілуі 

(ашығу, 

бауыр 

аурулары, 

аминқышқылдарының  ішек-қарын  жолдарынан  қанға  сіңірілуі 
бұзылыстары кездерінде) азаюдан; 

●  нәруыздардың  организмнен  тым  артық  шығарылып  кетуі 

(қансырау,  қан  плазмасын  жоғалту  (күйік),  экссудация, 
протеинурия) кездерінде дамиды. 


background image

 

183

 

Гиперпротеинемия

 

қанда 

нәруыздардың 

қалыпты 

деңгейден  жоғары  болуы,  ол  жиі  салыстырмалы  түрде  қан 
қоюлануы 

кезінде 

болады. 

Шынайы 

гиперпротеинемия 

негізінен  гипергаммаглобулинемиямен  сипатталады.  Бұл, 
әдетте 

антиденелер 

тузілуі 

ұлғайғанда 

гамма-

глобулиндердің деңгейі көтерілуімен көрінеді. 

Диспротеинемия

  -  қан  плазмасы  нәруыздарының  жеке 

бөлшектерінің  өзара  қатынастары  өзгеруі.  Бұл  жиі  α

2

-

глобулиндердің  және  сульфатталған  гликозамингликандардың 
мөлшері  көтерілуімен  байқалады  (аутоиммундық  аурулар, 
дәнекер  тіндердін  шашыранды  аурулары,  тез  дамитын  қабыну 
үрдістері).  Бауыр  аурулары  кездерінде  α-  және  β-
липопротеидтердің  түзілуі  азаяды.  Фибриногеннің  түзілуі 
төмендеуінен  қан  үю  үрдістері  бүзылады.  γ-глобулиндердің 
түзілуі  азаюы  мүмкін.  Сонымен  қатар  бауыр  және  бүйрек 
бүліністерінде және құздама ауруы, инфекциялық миокардит, 
пневмония сияқты жіті және созылмалы қабынулар кездерінде 
бауырда  сапасы  өзгерген  нәруыздар  түзіледі.  Оларды 

парапротеиндер

  дейді.    Парапротеиндерге  мысал  ретінде 

С-

реактивті 

нәруыздардарды

 

жатқызуға 

болады. 

Парапротеиндердің  қанда  көбеюін 

парапротеинемия 

дейді. 

Бұндай 

сапасы 

өзгерген 

нәруыздардың 

болуынан 

гемоглобиндердің  дерттік  өзгерістері  (гемоглобиноздар), 
өзгерген  фибриногеннің  болуынан  қан  ұюының  бұзылыстары 
т.с.с.  өзгерістер  байқалады.    Парапротеиндердің  бір  түрі 
болып 

криоглобулиндер

 

есептеледі. 

Олар 

бауыр 

беріштенуінде, жүйелік аурулар кездерінде өндіріледі. Бұл 
глобулиндер  дене  қызуы  қалыпты  болғанда  сұйық  күйінде 
болады  да,  дене  мұздағанда  тұнбаға  ауысады.  Бұл  тұнбалар 
ұсақ 

тамырлардың 

ішіне 

тұрып 

қалуынан 

тромбоз, 

микроциркуляциялардың  бұзылыстары,  аяқтарда  некроз  дамуы 
ықтимал. 

СУ МЕН ЭЛЕКТРОЛИТТЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

 

Организм  үшін  судың  манызы  өте  үлкен.  Ол  көптеген 

органикалық  және  бейорганикалық  заттарды,  газдарды, 
ерітіп  олардың  тасымалдануын,  алмасуын  қамтамасыз  етеді; 
организмнің  ішкі  ортасын  бірімен-бірін  және  сыртқы 
ортамен байланыстырады. Ересек адам денесінің 60%-ы, жаңа 
туған  бала  организмінің  80%-ы  судан  тұрады.  Судың  70%-ға 
жуығы  жасуша  ішінде,  30%-ы  оның  сыртында  орналасқан. 
Тәулігіне  организмге  түсетін  судың  мөлшерімен,  одан 
шығарылатын  судың  арасында  қатаң  тепе-теңдік  болады. 
Организмде  судың  алмасуы  электролиттердің  алмасуымен 
тығыз  байланысты.  Судың  алмасуы  айналымдағы  қанның 
көлемімен  және  осмостық  қысымның  деңгейімен  реттелінеді. 


background image

 

184

 

Айналымдағы қан көлемі төмендеуі ірі артериялар мен жүрек 
қуыстарындағы  көлемдік  рецепторларды  (волюморецепторлар) 
қоздырып,  әлдостеронның  түзілуін  көбейтеді.  Әлдостерон 
бүйрек  түтікшелерінде  натрий  иондарының  кері  сіңірілуін 
ұлғайтады.  Натрий  иондары  қанның  осмостық  қысымын 
көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. 
Осыдан 

гипоталамустың 

супраоптикалық 

және 

паравентрикулалық 

ядроларында 

антидиурездік 

гормон 

(вазопрессин)  түзілуі  артады.  Ол  бүйрек  нефрондарының 
дисталдық  өзекшелеріндегі  эпителий  жасушаларының  сыртқы 
қабығындағы  V

2

-рецепторларын  қоздырып,  аденилатциклаза 

ферментінің белсенділігін арттырады. Осыдан жасуша ішінде 
цАМФ  көп  өндіріліп,  протеинкиназа-А  ферменті  әсерленеді. 
Сол  себептен  жасуша  ішіндегі  суды  өткізетін  каналдар 
жасушаның  сыртқы  қабығымен  бірігіп  кетеді  де,  бүйрек 
өзекшелеріндегі  алғашқы  несептен  судың  қанға  қайта  кері 
сіңірілуін 

қамтама-  сыз  етеді.  Осының  нәтижесінде 

бүйректің несепті қоюландыру қызметі атқарылады. 

Вазопрессиннің екінші қасиеті қан тамырларын жиыру. Ол 

қан  тамырларының  тегіс  ет  жасушаларының  қабықтарында  — 
V

1

-

 

рецепторларына  әсер  етіп,  фосфолипаза  С  ферментін 

әсерлендіреді. 

Содан 

инозитүшфосфат 

(ИҮФ) 

және 

диацилглицерин  (ДАГ)  өндіріледі.  Біріншісі  жасуша  ішінде 
Са

2+ 

иондарын  жұмылдырып,  екіншісі  протеинкиназа  С 

ферментін  әсерлендіріп,  тегіс  ет  жасушаларының  жиырылуын 
туындатады. 

Вазопрессиннің  бұл  екі  әсері  де  жануарлар  дамуындағы 

пайда 

болған 

қансыраудан 

сақтандыруға 

бағытталған 

организмнің  маңызды  бейімделу  жолдары.  Біріншісінің 
нәтижесінде  бүйрек  өзекшелерінде  судың  кері  қанға 
сіңірілуі 

болады 

да, 

айналымдағы 

қанның 

көлемін 

арттырады.  Қан  тамырларының  жиырылуы  нәтижесінде  қан 
қысымы көтеріледі. 

СУ МЕН ЭЛЕКТРОЛИТТЕР АЛМАСУЫ  БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, 

СЕБЕПТЕРІ  МЕН  ДАМУ ЖОЛДАРЫ.

 

Су  мен  электролиттер  алмасуының  өзгеруі  көптеген 

ағзалар  мен  жүйелердің  қызметтері  өзгеруіне  және  өмірге 
қауіп  төндіретін  гомеостаздың  қатты  бұзылысы  болып 
есептеледі. 

Су  мен  электролиттер  алмасуының  барлық  бұзылыстары 

екіге бөлінеді:  

●  организмнің  сусыздануы  (гипогидратация),  оның  ауыр 

түрі — эксикоз;  

● организмнің сулануы (гипергидратация). 
 Олар  өз  алдына  изосмостық  (изотониялық),  гипосмостық 


background image

 

185

 

(гипотониялық)  және  гиперосмостық  (гипертониялық)  болып 
бөлінеді. 

Осмостық  белсенді  заттардың  мөлшерін  судың  көлеміне 

шағып  есептеу  қажет.  Өйткені  дене  қызымы  өзгеруіне  қарай 
судың мөлшері де өзгеріп түрады және қан плазмасының 94%-
на  жуығы  ғана  судан  тұрады.  Сол  себептен  осмостық 
белсенді заттардың мөлшерін 

осмолялдық

 деп белгілеп, 1 кг 

судағы  миллиосмоль  өлшемімен  (мОсм/кг  Н

2

О)  өлшейді. 

Қалыпты  жағдайда  тіндер  мен  қанның  осмолялдығы  280  -  290 
мОсм/кг  суға  тең  болады.  Қан  плазмасының  осмолялдығында 

+

 ең маңызды орын алады және ол осмостық әсерлі зат деп 

аталады.  Сонымен  бірге  оның  осмолялдығына  глюкоза  мен 
мочевинаның 

азоты 

да 

қатысады. 

Осыған 

қарай 

қан 

плазмасының  осмолялдығы  (Росм)  мына  өрнек  бойынша 
анықталады: Р

ОСМ 

= 2 х [Nа

+

] плазмада + [глюкоза мг%] : 18 

+ қандағы зәрнәсілдің (мочевинаның) азоты : 2,88. 

Мәселен: Nа

+

 — 135 м М/л, 

 глюкоза — 120 мг%, 
қан зәрнәсілінің азоты — 14 мг% (5 м М/л) : 18+14 : 

2,88 = 281,5мосм/л. 

Гипогидратация немесе сусыздану.

 

Организмнің 

сусыздануын, 

оның 

дәрежелерін 

және 

салдарларын  ең  алғаш  ХҮ11-ғ.  екінші  жартысында  Өтебойдақ 
Тілеуқабылұлы зерттеп анықтаған. Ол кісінің қолжазбасында 
хижраның  1060  ж.  Есіл  өзені  тартылып,  құдықтағы  сулар 
жоғалып

 

кеткені  туралы  баяндалады.  Сонда  адамдар  мен 

жануарлар  қатты  шөлге  ұшырағаны  жазылады.  Осыдан  қанның 
қоюланатыны 

туралы 

дерек 

келтіреді. 

Организмнің 

сусыздануын  бұл  бабамыз:  «дегду,  кеберсу,  құрғап  кету» 
деп  үш  дәрежеге  ажыратыпты.  «құрғап  кету»  бүгінгі  тілмен 
айтқанда эксикозға дөлме дәл келеді. 

 

Организмнің сусыздануы: 
●  организмге  су  жеткіліксіз  түсуінен  (сусыз  жерде 

адасып  кеткенде,  әртүрлі  апаттардың  нәтижесінде  адам 
сыртқа  шыға  алмай  қалғанда,  өңеш  тарылуынан  жұту 
бұзылғанда,  ауыр  сырқаттарда,  шала  туған  балаларда, 
кейбір ми ауруларында т. б.) адам су іше алмауынан; 

●  судың  организмнен  тым  артық  шығарылуынан  (іш  өту, 

құсу,  қан  кету,  полиурия,  гипервентиляция,  қатты  терлеу, 
гиперсаливация,  күйіктік  ауру  т.  б.  кездерінде  тері 
жаралары арқылы т. с. с.); 

● бұлардың біріккен әсерлерінен - байқалады. 
Сусыздану  организмге  біршама  теріс  әсер  етеді.  Оның 

нәтижесінде  қан  қоюланады,  айналымдағы  қанның  көлемі 
азаяды, артериялық және веналық қан қысымдары төмендейді,