Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5604

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

371

 

Бактериялардың 

антигендік 

анықтағыш 

топтары 

(эпитоптары)  адам  тіні  жасушаларының  антигендерімен  ұқсас 
болғанда 

бактерияларға  иммундық  жауап  тін  жасушаларына 

қарсы  аутоиммундақ  бүліністер  дамуын  туындатады.  Ол 
әсіресе  тін  үйлесімділігінің  үлкен  кешенінің  бұзылыстары 
кездерінде 

байқалады. 

Мәселен, 

гемолиздік 

стрептококктардың  антигендік  қасиеті  адам  бүйрегіндегі 
тіректік  мембрананың,  буын  т.б.  ағзалары  тіндерінің 
антигендерімен  ұқсас  болады.  Содан  осы  жұқпаға  қарсы 
өндірілген 

антиденелер 

көрсетілген 

тіндердің 

антигендерімен 

байланысуларынан 

олардың 

аутоиммундық 

бүліністері дамиды. 

Майда  саңырауқұлақтар.

  Олардың  орналасқан  жерлеріне 

қарай,  сонымен  қатар  аллергия  туындататын,  әрі  уыттылық 
қасиеттеріне  қарай  аурулардың  бірнеше  түрлерін  ажыратады. 
Майда 

саңырауқұлақтардың 

иммуногендік 

қасиеті 

төмен 

болғандықтан 

организмде 

оларға 

қарсы 

антиденелер 

өндірілмейді. 

Бұл 

кезде 

иммунитет 

 

жасушалардың 

(әсерленген  макрофагтардың,  Т-жендет  лимфоциттердің  және 
жасушалардың) қатысуымен нысана-жасушаларға антиденелерге-
тәуелді  уыттылықпен  қамтамасыз  етіледі  және  организмде 
аллергия дамуына жиі әкеледі. 

Тыныс 

алу 

және 

несеп-жыныс 

жолдарының 

шырышты 

қабықтары  майда  саңырауқұлақтармен  бүлінгенде  аллергиялық 
серпілістердің I-түрінің даму мүмкіншіліктері болады. 

Терінің  терең  қабаттары  майда  саңырауқұлақтармен 

бүлінгенде 

аллергиялық 

серпілістердің 

жасушалардың 

қатысуымен дамитын IV-түрі жиі байқалады. 

Теріде және ішкі ағзалардың (әсіресе кеңірдекшелер мен 

өкпенің)  шырышты  қабықтарында  майда  саңырақұлақтар  ұзақ 
мерзім  сақталғанда  аллергиялық  серпілістердің  иммундық 
кешендік III-түрі даму мүмкіншілігі болады.  

Осылармен 

қатар, 

майда 

саңырауқұлақтарға 

қарсы 

иммунитеттің 

әлсіреуі 

аутоиммундық 

аурулар 

дамуымен 

қабаттасады.  Керісінше,  аутоиммундық  аурулар  кездерінде 
майда  саңырауқұлақтармен  тіндердің  бүліністері  жиілейді. 
Осыдан  кандидомикоздар  мен  аутоиммундық  эндокринопатиялар 
қабаттасып кездеседі. 

Қарапайым  (тұрпайы)  жәндіктер. 

  Бұл  қоздырғыштарға 

иммундық 

жауап 

Т-жасушаларының 

барлық 

түрлерінің 

қатысуымен  болады.  Кезкелген  қарапайым  жәндіктерге  қарсы 
төзімділік  цитокиндермен  (интерлейкиндер-2,-3,  өспелерді 
жоятын  фактор,  интеферондармен)  қамтамасыз  етіледі.  Бірақ 
олардың тым артық жиналуы қабынудың жіті  фазасының ұзаққа 
созылуына,  дене  қызымы  көтерілуіне  және  адамның  арып-
жүдеуіне әкеледі. 


background image

 

372

 

Жасуша сыртында өсетін паразиттерге (мәселен, амебаға) 

қарсы  қорғаныс  IgG  және    IgM  қатысуымен  болатын 
антиденеге-тәуелді  жасушаға  уыттылықпен  және  фагоцитозбен 
қамтамасыз 

етіледі. 

Мұндай 

фагоцитоздың 

нәтижесінде 

организм  қарапайым  жәндіктерден  тазарады.  Бірақ  көптеген 
қарапайым  жәндіктер,  фагоцитозға  ұшырамай,  тіршілігін 
сақтап  қалады.  Мәселен,  токсоплазмалар,  лейшманиялар, 
листериялар. Сондықтан организмде ұзақ сақталатын жұқпалар 
болып, түйіршіктелген қабынулар дамиды. 

Жасуша 

ішінде 

өсетін 

паразиттерге 

(мәселен, 

лейшманиялар)  қарсы  қорғаныс  жасушалардың,  әсіресе  Т

х

лимфоциттерінің,  қатысуымен  болады.  Бұл  кезде  табиғи 
жендет 

жасушалардың 

маңызы 

зор 

және 

иммундық 

глобулиндердің  де  қатысу  мүмкіншіліктері  бар.  Иммундық 
глобулиндер  қарапайым  жәндіктердің  жасуша  ішіне  жарып 
енуіне 

қажетті 

рецепторларды 

байланыстырады 

және 

комплемент жүйесін жігерлендіріп, бұл жәндіктерді ыдыратып 
жібереді. 

Сонымен  қатар,  қарапайым  жәндіктер  өздерінің  даму 

жолдарында  организмнің  иммундық  жүйесіне  қарсы  бейімделу 
қасиеттерін 

қабылдайды. 

Олар 

паразитология 

пәнінде 

толығырақ қарастырылады. 

Құрттар.

 

Құрттарға 

қарсы 

иммундық 

жауап 

Т

х

жасушаларының  басым  қатысуымен  болады.  Содан  оларда 
интерлейкиндер 4, 5, 13 өндіріледі де, IgE түзілуі артады 
және  эозинофилдер  мен  базофилдердің  құрттарға  қарсы 
әсерлері  іске  қосылады.  Осыдан  гельминтоздар  кездерінде 
анафилаксиялық  серпілістер  даму  мүмкіншілігі  болады. 
Шырышты қабықтардың лаброциттері шырыш бөліп шығаруға және 
жабысқан құрттармен бірге эпителий жасушаларының сыдырылып 
түсуіне әкелетін белсенді заттар шығарады.  

Құрттар,  қарапайым  жәндіктер  сияқты,  организмнің 

иммундық  жүйесін  тежейтін  және  оған  қарсы  бейімделетін 
қасиеттер  қабылдайды.  Сондықтан  бұлардың  әсерлерінен 
иммундық  тапшылықтық,  иммундық  кешендік  аурулар  және 
аутоиммундық бүліністер дамиды. 

Егер организмнің қорғаныстық тетіктері жұқпаны белгілі 

жерге 

орнықтыруға 

жеткіліксіз 

болса, 

туа 

біткен 

иммунитетті қамтамасыз ететін жасушалардың иммундық жауабы 
тым  артық  болып  кетсе,  онда  жүйелі  қабынулық  серпілістер 
синдромы түрінде, сепсис дамуына қауіп пайда болады. 

Сепсис. 

Сепсис  туралы  түсінік  тарихи  көзқарастарға  ұшырады. 

Бүгінгі күні сепсис дамуында адам тәнінінің серпілістеріне 
маңызды  орын  беріледі.  Шын  мәнінде    микробтың  түріне 
қарамай  организмнің  сепсиске  қайтаратын  жауабы  әрдайым 


background image

 

373

 

бірдей болады. 

Әмерика ғалымдарының ұсыныстары бойынша (1991) жұқпалы 

үрдістерді:  жүйелі қабынулық серпілістер синдромы, сепсис 
(грек.  sepsis  –  шіру),  жұқпа,  бактериемия,  ауыр  сепсис, 
сепсистік сілейме (шок) – деп  ажыратады. 

Жүйелі  қабынулық  серпілістер  синдромы    (ЖҚСС)  –  деп 

микроорганизмдердің,  олардың  тіршілік  өнімдерінің  немесе 
қабыну  медиаторларының,  жергілікті  қабыну  ошағынан  шығып, 
жалпы қан айналыммен бүкіл денеге тарап кетуін айтады. 

Ол

  

бастапқы  қабыну  ошағында  өтетін  үрдістерден  дамиды. 
Қалыпты  жағдайларда  қабыну  үрдісі  бүлінген  жерді  белгілі 
жерге 

орнықтырып, 

шектеп, 

бүліндіргіш 

ықпалды 

(микроорганиздерді) 

және 

бүлінген 

тінді 

аластауға 

бағытталған  қорғаныстық  қызмет  атқарады.  Қабынудың  осы 
қызметі  бұзылғанда  немесе  жеткіліксіз  болғанда  ЖҚСС  –ы 
дамиды. Ол мына жағдайларда байқалуы мүмкін: 

●  микробтардың  дерттілік  қасиеті  тым  жоғары  болғанда 

олар,  барлық  қорғаныстық  тосқауылдардан  өтіп  кетіп,  жалпы 
қан айналымға түсуінен; 

●  микробтардың  өздері  қабыну  ошағында  сақталып, 

олардың  ыдырау  және  тіршілік  өнімдері  (экзотоксиндері, 
эндотоксиндері)  мезгіл-мезгіл  жалпы  қан  айналымға  түсіп 
тұруынан; 

● қабыну кезінде бүліністік үрдістер тым қатты болудан 

қан айналымға қабыну дәнекерлерінің көптеп түсуінен.  

Соңғы  жағдайда  ЖҚСС  қанға  микроб  түспей-ақ  дамиды. 

Бұндай  жағдай  күйік  пен  жарақат  қабаттасып,  жұқпамен 
асқынбай, әсер еткенде байқалады.  Ауыр жарақаттар немесе 
күйіктер  кездерінде  ішектердің  қабырғаларының  тосқауылдық 
қасиеті  бұзылады,  өткізгіштігі  көтеріліп  кетеді.  Осыдан 
ішек 

микробтарының 

тіршілік 

өнімдері 

мен 

ыдырау 

өнімдерінің жалпы қан айналымға түсуі болады.  Содан кейде 
жергілікті қабыну үрдісі болмай-ақ ЖҚСС дамуы ықтимал.  

Жүйелі қабынулық серпілістер синдромы кезінде: 
●  дене  қызымы  38

˚

  С-дан  астам  көтерілуі  немесе  36

˚

  С-

дан төмендеп кетуі; 

● жүрек соғуы минөтіне 90-нан астам жиілеуі; 
● тыныс алу минөтіне 20-дан астам жиілеуі; 
●  қанда  лейкоциттердің  саны  12  •  10

/л-ден  астам 

көбеюі  немесе  4  •  10

9

/л-ден  төмен  азаюы  -  байқалады.  Бұл 

кезде  лейкоциттердің  10%-дан  астамы  жетілмеген  жас 
түрлеріне  (миелоциттер,  метамиелоциттер,  таяқша  ядролы 
нейтрофилдер) келеді. 

Осы  келтірілген  әйгіленімдердің  ең  кемінде  екеуі 

болғанда ЖҚСС-деп аңғаруға болады. 

Сепсис–  деп  жүйелі  қабынулық  серпілістер  синдромы 


background image

 

374

 

дамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын  
айтады. 

Оның көрсеткіштері болып: 

 қанда бактериялардың тұрақты болуы (бактериемия) 

●  қабынулық  бүліністердің  ауқымды  ошағы  болуы  - 

есептеледі. 

Ауыр сепсис – деп, айқындалған жұқпа ошағы және жүйелі 

қабынулық 

серпілістер 

синдромының 

екіден 

астам 

көрсеткіштері 

болуымен 

көрінетін, 

белгілі 

организм 

жүйесінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сепсисті айтады. 

Бұл  кезде  ересек  адамдарда  тыныстық  дизстресс-синдром, 
кардиогендік 

қан 

айналым 

жеткіліксіздігі, 

бүйрек 

қызметінің  жеткіліксіздігі  т.с.с  организмнің  бұзылыстары 
байқалады. 

Сепсистік  сілейме 

  артериялық  қысым  сынап  бағанасы 

бойынша 90 мм-ден төмен түсіп кетуімен көрінетін сепсистік 
синдром  және  бұл  кезде  тамыр  тарылтатын  дәрілер  әсер 
етпейді.  Ауыр  сепсис  кезіндегіден  де  артық  көптеген  ішкі 
ағзалардың қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады. 

Сепсистік  сілейменің  даму  жолдары  өте  күрделі  болады. 

Микроорганизмдердің, 

олардың 

тіршілік 

өнімдері 

мен 

уыттарының,  тіндердің  ыдырау  өнімдерінің  және  қабыну 
медиаторларының  көптеп  жалпы  қан  айналымға  түсуінен  майда 
артериялардың  межеқуаты  азайып,  олар  кеңіп  кетеді.  Содан 
артериалық 

қысым 

төмендейді. 

Макрофагтар 

мен 

лимфоциттерден  т.б.  жасушалардан  босап  шығатын  әртүрлі 
цитокиндер, 

бактериялардың 

уыттары 

және 

қабыну 

медиаторлары  жүрек  қызметінің  әлсіреуін  туындатады.  Майда 
қан  тамырлары    қабырғаларының  өткізгіштігі  жоғарлауынан 
қанның сұйық бөлшегі тамыр сыртына шығып, айналымдағы қан 
көлемін 

азайтады. 

Осылардың 

біріккен 

нәтижелерінде 

артериялық  қысымның  төмендеуі  одан  сайын  үдей  түседі. 
Содан  тіндерде  майда  қанайналымның  бұзылыстары  дамиды, 
циркуляциялық  гипоксия  байқалады.  Бұған  тіндік  гипоксия 
қосылады.  Өйткені  өспелерді  жоятын  α-факторының  әсерінен 
жасушалардың 

митохондрийлары 

бүлінеді. 

Бұл 

кезде 

микроциркуляцияның  бұзылыстарына  тамыр  ішінде  шашыранды 
қан ұю синдромы (ТШҚҰ-синдромы) дамуы да өз үлесін қосады. 
Гипоксияның нәтижесінде метаболизмдік ацидоз дамиды. 

Сепсистік  сілейме  кезінде  иммундық  жүйенің  тежелуі 

болады.  Оған  иммундық  тежегіш  заттардың  (кортизол, 
интерлейкиндер  4,  10,  простагландин  Е

2

,  өспелерді  жоятын 

α-фактор т.б.) қанға түсуі әкеледі. 

Гипоксияның 

нәтижесінде 

ішектердің 

қабырғаларының 

өткізгіштігі  көтеріліп,  оларда  өндірілген  уытты  заттардың 
қанға түсуі организмнің уыттануын одан сайын күшейтеді.  

Ішкі 

ағзалардың 

микроциркуляциясы 

бұзылыстарынан 


background image

 

375

 

олардың  қызметтері  бұзылады.  Содан  көптеген  ағзалардың 
қызметтерінің жеткіліксіздігі дамиды. 

 

Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері. 

 
Жұқпалы  үрдістерді  емдеу  үш  бағытта  жүргізілуі  қажет. 

Ол, 

біріншіден, 

туындатқан 

себепкер 

ықпалға 

қарсы 

бағытталады.  Осы  мақсатта  бактерияларға,  вирустарға, 
қарапайым жәндіктер мен құрттарға, майда саңырауқұлақтарға 
қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. 

 Екіншіден,  аурудың  даму  жолдарындағы  маңызды  тетікті 

үзуге бағытталады. Ол үшін: 

●  организмді  уытсыздандыру  емшаралары  (қанға  сұйық 

енгізу, гемодиализ, плазмаферез, гемосорбция, микробтардың 
уыттарына қарсы емдік сарысулар енгізу т.б.);  

● қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер мен емшаралар; 
● иммунитетті емдеу, иммундық жүйені қалпына келтіруге 

бағытталған емшаралар; 

●  ағзалар  мен  тіндердің  қызметтерін  қалпына  келтіруге 

бағытталған емшаралар; 

●  организмнің  ішкі  тұрақтылық  көрсеткіштерін  (рН,  рО

2

рСО

2

,  электролиттер  мен  судың  көлемін  т.с.с.)  қалпына 

келтіруге бағытталған емшаралар – қолданылады. 

Үшіншіден,  аурудың  әйгіленімдерін  азайтуға  немесе 

жоюға  бағытталған  емшаралар  пайдаланылады.  Осы  мақсатта 
бас ауыруын басатын, ұйықтататын, көңіл-күйін жақсартатын, 
ауырусынуды жоятын дәрі-дәрмектер қолданылады. 

Өспе

 

Өспе  (лат.-tumor,  blastoma,  грек.-  neoplasma,  орыс.-

опухоль)  -    тұтас  организмнің  жүйкелік-эндокриндік 
реттеулеріне  бағынбай,  өз  бетінше  дербес  өсетін,  құрылымы 
мен 

қасиеттерінде 

шыққан 

тін 

жасушаларынан 

үлкен 

алшақтықтары  бар,  шексіз  бөлініп  көбейетін  және  жаңадан 
қабылдаған  қасиеттерін  туынды  жасушаларына  бере  алатын, 
дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-
өніп кетуін айтады.  

Өспе  жасушалары  өсіп-өнуі  мен  дамып  жетілуі  бойынша, 

құрылымы  мен  қасиеттері,  атқаратын  міндеттемелері  бойынша 
орналасқан 

қалыпты 

тін 

жасушаларынан 

алшақтанып 

ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды өспе өсуінің атипиясы 
(грек.  а  –  жоқ,  болмау,  typicos  –  түр,  пішін)  дейді. 
Осыған  байланысты  өспе  жасушаларының  даму  дәрежесіне 
байланысты  анаплазия  (дамымау),  катаплазия  (кері  даму), 
метаплазия  (басқа  тін  жасушасына  айналып  даму),  дисплазия 
(бұрыс  даму)  деген  түсініктер  қалыптасқан.  Өспенің