ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 400

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 
 

Дәрілік заттың медицинада 

қолданылуы жөніндегі нұсқаулық

АМАРИЛ

 М 

 
 
Саудалық атауы 

Амарил

 М 

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Жоқ 
 

Дәрілік түрі 

Үлбірлі қабықпен қапталған 2 мг/500 мг таблеткалар  
 

Құрамы 

Үлбірлі қабықпен қапталған бір 2 мг/500 мг таблетканың құрамында: 
белсенді заттар: 

2 мг микронизирленген глимепирид,  

                             500 мг метформин гидрохлорид.         

қосымша  заттар:

  лактоза  моногидраты,  натрий  амилопектин  гликоляты, 

повидон  К-30,  микрокристалды  целлюлоза  РН  102,  кросповидон,  магний 
стеараты,        

үлбірлі қабықтың құрамы:

  гипромеллоза  (НРМС  2910,  6  ср),  полиэтилен-

гликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171), карнауб балауызы.  
 

Сипаттамасы

  

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында  «НD 25» өрнегі бар, ақ түсті 
үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

  

Фармакотерапиялық тобы 

Ішуге  арналған  қант  төмендететін  препараттар.  Бигуанидтер  мен 
сульфонамидтер біріктірілімі. Метформин және сульфонамидтер. 
АТХ коды А10ВD02 

 
 

 
 

Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрлігі 

Медициналық және 

фармацевтикалық қызметті 

бақылау комитеті Төрағасының 

2013    жылғы 20.09. 

№ 829 бұйрығымен 

БЕКІТІЛГЕН 


background image

Фармакологиялық қасиеттері 

Фармакокинетикасы

  

Глимепирид 

Глимепирид  асқазан-ішек  жолынан  толық  сіңеді.  Ас  ішу  сіңуіне  ықпал 
етпейді. Қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына (С

mах

) шамамен 

2,5 сағаттан соң жетеді. Доза мен С

mах 

арасында, сондай-ақ доза мен АUС 

(«концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) арасында дозаға тәуелді 
арақатынас  бар.  Қан  сарысуындағы  препараттың  көп  рет  дозалану 
режиміне  сәйкес  келетін  концентрациялары  кезінде  жартылай  шығарылу 
кезеңі 5-8 сағат құрайды. Үлкен дозаларын қабылдағаннан кейін жартылай 
шығарылу  кезеңі  біршама  ұзарады.  Несеп  пен  нәжісте  бауырдағы 
метаболизм  нәтижесінде  түзілген  белсенді  емес  екі  метаболит  (басты 
СҮР2C9 энзимі) анықталады, олардың біреуі гидрокситуынды, ал басқасы  
карбокситуынды болып табылады. Бір реттік және көп реттік глимепиридті 
тәулігіне  бір  рет  қабылдау  кезінде  фармакокинетикасында  айырмашылық 
болмайды.  Фармакокинетикалық  параметрлері  түрлі  жыныстағы  және 
жастары  әртүрлі  топтағы  емделушілерде  ұқсас.  Креатинин  клиренсі 
төмендеген  емделушілерде  глимеприд  клиренсінің  арту  және  оның 
сарысудағы орташа концентрацияларының азаю үрдісі байқалды, бұл оның 
ақуыздармен  аз  байланысу  дәрежесіне  орай,  барынша  жылдам 
шығарылуынан  болуы  әбден  ықтимал.  Жалпы,  емделушілердің  осы 
санатында  препараттың  қосымша  жиналып  қалу  қаупі  жоқ.  Глимепирид 
плаценталық  бөгет  арқылы  өтеді  және  гематоэнцефалдық    бөгет  арқылы 
нашар өтеді. 

Метформин 

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін метформин С

mах

 мәніне 2,5 сағаттан соң 

жетеді.  Абсолютті  биожетімділігі  шамамен  50-60

  құрайды.  Ішу  арқылы 

енгізгеннен кейін қалған 20-30

 препарат нәжістен табылады. Ішу арқылы 

енгізілгеннен  кейін  метформиннің  сіңірілуі  қаныққан  және  толық  емес, 
метформиннің сіңірілу фармакокинетикасы  дозаға байланыссыз саналады. 
Стандартты режимде әдеттегі дозалар енгізілгенде плазмадағы метформин 
тұрақты концентрациясына 24-48 сағат ішінде жетеді, әдетте 1 мкг/мл-ден  
аз  құрайды.  Ас  ішу  метформиннің  сіңірілу  дәрежесін  азайтып,  сіңірілу 
жылдамдығын  біршама  баяулатады.  Препарат  плазма  ақуыздарымен  іс 
жүзінде  байланыспайды.  Метформин  эритроциттерде  таралады.  Оның 
қандағы ең  жоғары концентрациясы плазмадағыдан төмен, ал плазма мен 
қанда  ең  жоғары  концентрациясына  жету  уақыты  шамамен  бірдей. 
Метформин  өзгермеген  күйде  несеппен  шығарылады,  қандай  да  бір 
метаболиттері  табылмаған.  Жартылай  шығарылуының  соңғы  кезеңі    6,5 
сағатқа  жуық  құрайды.  Бүйрек  қызметі  бұзылған  кезде  метформиннің 
бүйректік  клиренсі  креатинин  клиренсінің  азаюына  пропорционал 
төмендейді,  осылайша,  жартылай  шығарылу  кезеңі  ұзарып,  бұл 
плазмадағы препарат деңгейінің артуына апарады. 
Дозалары  тұрақты  біріктірілген  (2  мг  глимепирид  пен  500  мг  метформин 
таблеткасы)  препараттың  C

max

  және  AUC  мәндері  2  мг  глимепирид 


background image

таблеткасы  мен  500  мг  метформин  таблеткасының  еркін  біріктірілім 
мәндерімен  салыстырғанда,  баламалылық  критерийлері  бойынша  сәйкес 
болды. 

Мынадай қосымша ақпарат бар

Кореядан  32  дені  сау  тұлғаның  (16  ер  және  16  әйел)  қатысуымен  2 
кезеңдегі,  2  емдеудегі  және  тұрақты  дозалар  біріктірілімінің  (2  мг 
глимепирид  пен  500  мг  метформин  таблеткасы)  және  2  мг  глимепирид 
таблеткасы  мен  500  мг  метформин  таблеткасының  еркін  біріктірілімінің 
арасында  биобаламалылық  орнату  үшін  аш  қарын  күйде  бірінен  соң  бірі 
қабылданатын  2  бөлек  дозамен  ашық,  рандомизирленген,  айқаспалы 
зерттеу  жүргізілді.  Екі  емдеу  кезеңдерінің  арасында  7-күндік  шайылып 
кету кезеңі болды. 
Фармакокинетикалық параметрлері: 
 
 

Глимепирид 

Метформин 

Еркін 
біріктірілім 

Тұрақты 
біріктірілім 

Еркін 
біріктірілім 

Тұрақты 
біріктірілім 

Т

max *

3,0 (1,0 - 5,0) 

1,0 (0,5 - 5,0) 

2,0 (0,5 - 4,0) 

2,5 (0,5 - 5,0) 

С

max

202 ± 51 

205 ± 56 

1122 ± 291 

1084 ± 305 

AUC 

0-8

922 ± 265 

903 ± 250 

6595 ± 1272 

6382 ± 1365 

t ½ 

6,51 ± 2,03 

6,94 ± 2,61 

5,10 ± 0,93 

5,40 ± 1,13 

Көрсеткіштер орташа ± СО түрінде көрсетілген, Т

max 

қосылмағанда: медиана (ең төмен 

– ең жоғары). 

Фармакодинамикасы 

Глимепирид 

Глимепирид  инсулинге  тәуелді  емес  қант  диабетін  емдеуге  арналған 
сульфонилмочевина 

тобынан 

ішу 

арқылы 

қолданылатын 

қант 

төмендететін препарат болып табылады.  Глимепирид көбіне ұйқы безінің 
бета-жасушаларынан  инсулиннің  босап  шығуын  көтермелеу  арқылы  әсер 
етеді.  Глимепирид  тиімділігі,  басқа  сульфонилмочевина  туындылары 
сияқты,  глюкоза  әсеріне  ұйқы  безі  бета-жасушаларының  физиологиялық 
реакциясының  күшеюімен  байланысты.  Әсер  ету  механизмі  ұйқы  безі 
бета-жасушаларының  плазмалық  жарғақшасының  АТФ-тәуелді  калий 
өзектерін жабу арқылы инсулин сөлінісін реттеумен жүзеге асады.  Калий 
өзектерінің жабылуы бета-жасушалар деполяризациясын туындатады, бұл 
кальций  өзектерінің  ашылуына,  әрі  кальцийдің  жасушалар  ішіне  көп 
түсуіне  әкеледі.  Бұл  инсулиннің  экзоцитоз  арқылы  босап  шығуына 
апарады. 

Глимепирид 

бета-жасушалардың 

жасушалық 

жарғақша 

ақуызымен  алмасуы  жоғары  жылдамдықпен  байланысады,  бұл  АТФ-
тәуелді  калий  өзегіне  сәйкес  келеді,  бірақ  осы  тұста  сульфонилмочевина 
туындыларымен  байланысатын  әдеттегі  орнынан  ерекшеленеді.  Бұдан 
басқа,  глимепирид  панкреатиттен  тыс  айқын  әсер  көрсетіп,  шеткергі 
тіндердің  инсулинге  сезімталдығын  арттырады  және  инсулиннің  бауырға 
түсуін  азайтады.  Глимепирид  бұлшықет  және  май  жасушаларының 
плазмалық  жарғақшасында  тасымалданатын  ақуыздардың  белсенді 


background image

молекулаларының  санын  өте  тез  көбейтіп,  бұл  глюкозаның  жасушалар 
ішіне  түсуін  арттырады.    Глимепирид  С  гликозил-фосфатидилинозитол-
спецификалық 

фосфолипаза 

белсенділігін 

жоғарылатады, 

соның 

нәтижесінде  глюкоза  метаболизмін  көтермелейді.  Глимепирид,  фруктоза-
2,6-бифосфат  концентрациясын  көбейту  есебінен  бауырда  глюкоза 
синтезін бәсеңдетеді.  

Метформин 

Метформин әрі базальді, әрі постпрандиальді гликемияны азайтатын, қант 
төмендететін  әсері  бар  бигуанид  болып  табылады.  Метформин    инсулин 
сөлінісін  көтермелемейді,  сондықтан  да  гипогликемия  тудырмайды. 
Метформиннің әсер ету механизмі: 
-  глюконеогенез  және  гликогенолиз  тежелісі  есебінен  бауырда  глюкоза 
түзілуін азайтады 
-  бұлшықет  тінінің  инсулинге  сезімталдығын  орташа  арттырады,  бұл 
шеткергілерде глюкозаның сіңірілуін және қорытылуын жақсартады 
- глюкозаның ішекте сіңуін азайтады. 
Метформин,  гликогенсинтетазаға  әсер  етумен,  гликогеннің  жасушаішілік 
синтезін  көтермелейді.  Глюкозаның  жарғақшалық  тасымалдаушы 
ақуыздарының  спецификалық  типтерінің  (GLUT-1  және  GLUT-4) 
тасымалдау  сыйымдылығын  арттырады.  Май  алмасуға  оң  әсер  етеді,  бұл 
қант  төмендету  әсеріне  байланысты  емес.  Емдік  дозаларда  жалпы 
холестерин,  холестерин,  тығыздығы  төмен  липопротеиндер  (ТТЛП)  және 
триглицеридтер деңгейін төмендетеді. 
Кореяда  2  типті  қант  диабетінен  зардап  шеккен  тұлғаларда 
сульфонилмочевина мен метформиннің еркін біріктірілімімен глимепирид 
пен  метформин  тұрақты  біріктірілімінің  тиімділігі  мен  қауіпсіздігін 
салыстыру  үшін  ашық    рандомизирленген  көп  орталықтық  клиникалық 
зерттеу жүргізілді. 2 типті қант диабетіне шалдыққан барлығы 209 тұлға 16 
апта  бойы,  тамақтануға  дейін,  күніне  екі  рет  қабылданатын  глимепирид 
пен  метформиннің  тұрақты  (n=105)  және  еркін  (n=104)  біріктірілімінің 
алдын  ала  берілген    титрлеу  режимін  орындау  үшін  рандомизирленді. 
Тұрақты біріктірілген таблеткалар не 1 мг глимепирид/250 мг метформин, 
не 2 мг глимепирид/ 500 мг метформин түрінде берілді. Еркін біріктірілім 
не  1  мг  глимепирид,  не  2  мг  глимепирид  пен  250  мг  метформин    немесе 
500 мг метформин түрінде берілді. 
Зерттеудің  бастапқыдан  соңғы  сатысына  дейінгі  кезеңде  әрбір  тұлғада 
тиімділіктің  басты  параметрі  HbA1c  (%)  өзгерісі  болды.  Тұрақты 
біріктірілім  тобында  бастапқы  HbA1c  7,99%-ға,  ал  еркін  біріктірілім 
тобында  7,88%-ға теңесті. Зерттеу барысында HbA1c тұрақты біріктірілім 
тобында орташа 1,13%-ға (түзетілген орташа төмендеу: 1,09%) және еркін 
біріктірілім тобында орташа 1,04%-ға (түзетілген орташа төмендеу: 1,08%) 
төмендеді.  Топтар  арасында  түзетілген  орташа  мән  өзгерісіндегі 
айырмашылық 0,01% болды, ал тиісті, екіжақты, 95% сенімді аралық  


background image

(-0,21%;  0,19%)  алдын  ала  шартталған  баламалылық  аралығында 
қамтылды (-0,5%; +0,5%). Тұрақты және еркін біріктірілімдердің тиімділігі 
жағынан тең бағаланатыны дәлелденді. 
Тұрақты біріктірілім тобында науқастардың тағайындауларды қадағалауы,  
еркін  біріктірілім  тобындағы  91,4%-бен  салыстырғанда,    94,6%  болды 
(р=0,1511). 
Тұрақты және еркін біріктірілімдер арасында науқастардағы гипогликемия 
көріністерінде  сан  жағынан  айырмашылық  болған  жоқ  (тиісінше,  45,5% 
және 41,4%; р=0,6838). 

 
Қолданылуы  

Инсулинге тәуелді емес қант диабетінен (2 тип)  зардап шегетін науқастар 
үшін емдәмге және дене жаттығуларына толықтыру ретінде. 
-  глимепирид  немесе  метформин  монотерапиясы  жеткілікті  гликемиялық 
бақылаумен қамтамасыз етпеген жағдайда 
-  глимепирид пен метформиннің біріктірілген емін алмастыру   
 

Қолдану тәсілі және дозалары  

Амарил

М  тура  тамақтану  алдында  немесе  тамақтану  кезінде  күніне  бір 

немесе екі рет қолданылады.  
Науқасқа  белгіленген  емдеу  режимінің,  тиімділігі  мен  көтерімділігінің 
негізінде  әркімге  жеке  дозаланады;  осы  мақсатта  қандағы  глюкоза 
деңгейлеріне  тиісті  мониторинг  жасаған  жөн.  Әдеттегіше,  емдеуді  ең  аз 
тиімді дозадан бастап, оны дәрі-дәрмекпен жүргізілетін емге және қандағы 
глюкоза деңгейіне қарай арттыруды ұсынған дұрыс. Клиникалық зерттеуде 
осы  препараттың  бастапқы  дозасы  2  мг  глимепирид  және  500  мг 
метформин  гидрохлориді  болды,  сосын  доза  қандағы  глюкоза 
мониторингінің  нәтижелеріне  сай  8  мг  глимепиридке  және  2000  мг 
метформин гидрохлоридіне дейін біртіндеп арттырылған. Доза күніне 4 мг 
немесе  одан  көп  болғанда,  әдетте,  глимепирид  монотерапиясының 
қосымша әсерінің онша емес  екеніне қарамастан, доза 6 мг  (немесе 8 мг) 
дейін арттырылғанда кейбір науқастар метаболикалық бақылау жақсаруын 
жария етті.  
Біріктірілген емнен көшкен кезде бұл препаратты қазіргі уақытта біріктіріп 
қолданып жүрген глимепирид пен метформин гидрохлоридінің дозалануы 
мен енгізу тәсіліне сүйеніп қолданған жөн.  
Егер препараттың  алдыңғы дозасын өткізіп алса, келесі қабылдау кезінде 
онымен артық дозаланудан аулақ болу керек. 
 

Жағымсыз әсерлері  

- лактоацидоз және гипогликемия: «Айрықша нұсқауларын» қараңыз. 
-  метформинмен  емдеудің  бастапқы  сатысында  3

-ға  жуық  науқас  әдетте 

өздігінен басылатын ауыздың жағымсыз және темір татуына шағымдануы 
мүмкін.  Әсіресе,  емнің  басында  қандағы  глюкоза  концентрациясының 
өзгеруі салдарынан көрудің өткінші нашарлауы ықтимал