ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 402
Скачиваний: 1

тәріздес белгілермен қатар жүретін ауруларға (бүйрек диабеті, глюкоза
метаболизмінің гериатриялық бұзылуы, қалқанша без қызметінің бұзылуы
және т.б.), соның ішінде глюкозаны көтере алмаушылыққа және несепте
глюкозаның болуына, диабеттен де басқа жайттарға көңіл бөлген дұрыс.
- Емдеу кезіндегі түзету: кейбір науқастарға ішуге арналған диабетке
қарсы дәрілер енді қажет болмауы мүмкін, немесе дозаны азайту талап
етіледі. Уақыт өте көптеген науқастарда ішуге арналған диабетке қарсы
дәрілер тиімділігі негізгі ауру үдеуінің де, жұқпалар асқынуларының да
салдарынан төмендейді. Осылайша, ас ішуге, дене салмағының өзгеруіне,
қандағы глюкоза деңгейіне, жұқпалы ауруға және т.б. қарай доза және
қатарлас дәрілік ем жөнінде шешім қабылдануы тиіс.
- Гипоксия жағдайлары: шығу тегі кез келген кардиоваскулярлы коллапс
(шок), жедел іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі
және гипоксемия сипаттас басқа ахуалдар лактоацидозбен қатар жүреді
және преренальді азотемияға себеп болады. Егер осы дәрімен емделіп
жүрген науқастарда осындай жай-күйлер дамитын болса, препаратты
бірден тоқтатқан дұрыс.
- Алкоголь қабылдау: алкогольдің лактат метаболизміне метформиннің
әсер етуін күшейтетіні белгілі. Сондықтан, Амарил М қабылдау кезінде
науқастарды алкогольді шамадан тыс тұтынудан (жедел және созылмалы)
сақтандырған жөн.
- В
12
витаминінің деңгейлері: плазмада В
12
витаминінің бұрынғы қалыпты
деңгейінің клиникалық көріністер болмағанда қалып шегінен төмен азаюы
29 аптаға созылатын бақыланатын клиникалық зерттеулерде метформин
қабылдаған шамамен 7
науқастарда байқалды. Бұл төмендеудің В
12
витамині-интринзинг фактор кешенінің В
12
витаминінің сіңірілуіне әсер
етуінен болуы ықтимал, бірақ оның анемиямен қатар жүруі өте сирек, ал
осы препаратты тоқтатқанда немесе В
12
витаминін тағайындағанда жылдам
қайтымды. Амарил М қабылдайтын науқастарда гематологиялық
параметрлерді жыл сайын анықтау және кез келген анық патологиялық
өзгерістерді тиісті тексеруден өткізіп, емдеу ұсынылады. Кейбір адамдар
(В
12
витаминін немесе кальцийді тұтынуы немесе сіңіруі жеткіліксіз) В
12
витамині деңгейлерінің қалып шегінен төмен азаюына бейім болады.
Мұндай науқастар үшін сарысудағы В
12
витамині деңгейін жүйелі (әр 2-3
жылда) өлшеу пайдалы болады.
- Бұрыннан бақыланатын диабеттік науқастың клиникалық жағдайының
өзгеруі: метформин гидрохлориді таблеткаларының көмегімен бұрын
жақсы бақыланған диабеттік науқас зертханалық көрсеткіштердің
патологиялық өзгерістерінде және клиникалық ауру жағдайында (әсіресе,
шаршау, анық емес және нашар танылған аурулар тұсында) кетоацидоз
мен лактоацидоздың бар-жоғын анықтау мақсатында шұғыл тексеруден
өткізіледі. Тексеруде плазманың электролиттері мен кетонды денелерін,
қан глюкозасын, егер көрсетілсе, қан рН-ын, лактат, пируват және
метформин деңгейлерін анықтау қамтылуы тиіс. Ацидоз түрлерінің кез

келгені болған жағдайда Амарил М қабылдауды дереу тоқтатып, басқа
тиісті түзету шараларына кірісу керек.
- Қан глюкозасының деңгейін бақылай алмау: диабетке қарсы қандай да
бір режимге тұрақтанып алған науқас стресс әсеріне ұшыраса (мысалы,
қызба, жарақат, жұқпа немесе хирургиялық араласу), қандағы глюкоза
деңгейін уақытша бақылай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Амарил
М тоқтатылып, уақытша инсулин қолдану қажет болады. Әріқарай
метформин гидрохлориді және сульфонилмочевинамен біріктіріп емдеу
сәтсіз болған жағдайда инсулин емін енгізумен бірге, басқа баламалы
емдеу түрлері қажет болады.
- Жұмыс белсенділігінің айрықша түрлері: үлкен биіктікте жұмыс істейтін
және автокөлік басқаратын науқастарға, сирек кездессе де, ауыр
лактоацидоз немесе күрделі, кешеуілдеген гипогликемия дамуының болуы
мүмкін екеніне орай, сақтық таныту керек. Науқастарды және олардың
отбасын ерекше жағдайларда лактоацидоздың және гипогликемияның
даму қаупі жөнінде толық көлемді хабарландырған дұрыс.
- Науқастарға арналған ақпарат: науқастарды осы дәрілік препаратпен
емдеудің қауіпсіздігі, тиімділігі және баламалы тәсілдері туралы хабардар
ету керек. Сонымен қатар, олар жүйелі тамақтану мен емдәм бойынша
нұсқауларды, сондай-ақ жүйелі дене жаттығулары бағдарламасын
қадағалаудың және қандағы глюкозаны, гликозилденген гемоглобинді,
бүйрек қызметі мен гематологиялық параметрлерді ұдайы өлшеудің
қаншалықты маңызды екенін білу керек. Семіріп кеткен науқастар
калориясы төмен емдәм ұстанғаны дұрыс. Науқастарға лактоацидоз қаупі,
оның белгілері және оның дамуына түрткі болатын жай-күйлер жөнінде,
«Сақтандырулар» және «Жалпы сақтану шаралары» бөлімдерінде
баяндалғандай, айтып беру керек. Науқастарға, егер оларда түсініксіз
асқын желдетілу, миалгия, өзін-өзі нашар сезіну, әдеттен тыс ұйқышылдық
немесе спецификалық емес басқа белгілер пайда болса, осы препаратты
қабылдауды дереу тоқтатып, өз емдеуші дәрігерін бірден мәлім етуге кеңес
берген жөн. Егер науқас қандай да бір Амарил М дозасында тұрақтанып
үлгерсе, онда метформинмен емдеудің басында жиі кездесетін асқазан-
ішектік белгілердің Амарил М қабылдаумен байланысты болуы екіталай.
Асқазан-ішек белгілерінің кешірек пайда болуы лактоацидоздан немесе
басқа күрделі аурудан болуы мүмкін. Дәрігер науқасқа және оның
отбасына гипогликемияның дамуы мен белгілері, қаупі жөнінде әңгімелеп
беруі тиіс. Науқастарды Амарил М қабылдау кезінде жедел және
созылмалы сипатта артық мөлшерде алкоголь тұтынудан сақтандырған
дұрыс.
- Глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа (Г6ФД) тапшылығынан зардап шегетін
науқастарды сульфонилмочевина туындыларымен емдеу гемолитикалық
анемияға алып келеді. Глимепирид сульфонилмочевина туындыларының
класына жататындықтан, Г6ФД тапшылығы бар науқастар жағдайында сақ
болу керек; сульфонилмочевина қамтылмайтын баламалы ем қажет
болады.

Зертханалық талдаулар
Гематологиялық көрсеткіштерге (мысалы, гемоглобин немесе гематокрит
және эритроциттер саны) және бүйрек қызметіне (плазмадағы креатинин)
жылына бір реттен сиретпей мезгіл-мезгіл бақылау жүргізген жөн.
Метформинмен емдеу кезінде мегалобластты анемияның сирек
кездесетініне қарамастан, оған күдік туындағанда В
12
витамині
тапшылығының бар-жоғын анықтау керек.
Дәрілік затты шектен тыс тұтыну және дәріге тәуелділік
Метформин гидрохлориді препаратының оларды рекреативті препарат
ретінде шектен тыс тұтынуға немесе тәуелденуге әкелетін алғашқы және
салдарлы фармакодинамикалық қасиеттері жоқ.
Педиатриялық тәжірибеде қолдану
Препараттың педиатриядағы қауіпсіздігі мен тиімділігі түсіндірілмеген.
Жетілу басталған кезде пайда болған диабетке (maturity-onset diabetes,
MODY) зерттеу жүргізілмеген.
Гериатриялық тәжірибеде қолдану
Гериатриялық науқастарда бүйрек қызметінің төмендеуіне орай, осы
препарат дозасын науқастардың бүйрек қызметінің, егер қажет болса,
бүйрек қызметіне жүйелі мониторинг негізінде таңдау керек.
Метформиннің басым бөлігі бүйрекпен, ал глимепиридтің ең алдымен
бүйрекпен шығарылатыны белгілі. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда
препаратқа күрделі қолайсыз реакциялардың даму қаупі жоғары
екендіктен, оны бүйрек қызметі қалыпты науқастарға ғана қолдануға
болады.
Жүктілік және лактация
Осы препаратты жүктілік кезінде қабылдауға болмайды, өйткені клиникаға
дейінгі зерттеулерде тератогендігі жөнінде хабарланған, ал жүкті
әйелдерде лактоацидоз оңай дамиды. Жүкті науқастар және жүктілікті
жоспарлап жүрген сырқат әйелдер бұл жөнінде өз емдеуші дәрігерін
хабардар етуі тиіс. Мұндай науқастарды инсулинге көшіру ұсынылады.
Бала емізетін әйелдерге Амарил М қолдануға болмайды.
Қажет болған жағдайда науқасты инсулинге көшіру керек немесе ол
емшекпен қоректендіруді тоқтатуы тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару
қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Науқастарға автокөлікті немесе жұмыс механизмдерін басқарған кезде сақ
болу қажет екені жөнінде ескерткен жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары:
бұл препарат құрамында глимепирид бар болғандықтан
осы препараттың артық дозалануы гипогликемия туғызуы мүмкін.
Глимепиридпен артық дозалану белгілі болған бойда бірден бұл жөнінде
дәрігерді хабардар ету қажет. Егер дәрігер артық дозалануды емдеу
міндетін әлі өзіне алмаған болса, науқас кідіріссіз, дұрысы, глюкоза
түрінде қант қабылдауы тиіс.

Естен танусыз және неврологиялық белгілерсіз гипогликемияның жеңіл
түрін глюкозаны ішу арқылы қабылдау және препарат дозасын
және/немесе науқастардың ас ішу режимін реттеу арқылы қарқынды емдеу
керек. Дәрігер науқастың қауіптен тыс екеніне көз жеткізгенше қатаң
түрдегі мониторингті жалғастырған жөн.
Емдеу,
бірінші кезекте, құстыру көмегімен сіңірілудің алдын алу, сонан
соң құрамында белсенділендірілген көмір (абсорбент) және натрий
сульфаты (іш жүргізгіш) бар алкогольсіз сусын немесе су ішу арқылы
жүзеге асады. Препараттың тым көп мөлшері сіңіп кеткен жағдайда
асқазан шаю, сонан соң белсенділендірілген көмір мен натрий сульфатын
қолдану керек.
Атап айтқанда, едәуір артық дозалану және естен айрылу немесе басқа
күрделі неврологиялық бұзылулар түрінде көрініс беретін ауыр реакциялар
қатер шегіндегі медициналық жай-күйлер болып табылады, әрі шұғыл
емдеуді және ауруханаға жатқызуды талап етеді. Гипогликемиялық кома
диагнозы қойылған жағдайда немесе одан күдіктенгенде науқасқа
глюкозаның концентрацияланған ерітіндісінің жылдам көктамырішілік
инъекциясын жасау керек [мысалы, глюкозаның концентрацияланған 50
ерітіндісінің немесе 40 мл 20
ерітіндісінің жылдам көктамырішілік
инъекциясы, сосын қандағы глюкозаның 100 мг/дл жоғары деңгейдегі
концентрациясын ұстап тұратын жылдамдықпен көбірек сұйылтылған
глюкоза ерітіндісінің (10
) үздіксіз инфузиясы]. Ересектерге балама
ретінде, мысалы, 0,5-1 мг дозаларда көктамыр ішіне, тері астына немесе
бұлшықет ішіне глюкагон енгізуге болады. Науқастарды 24-48 сағаттан
кем емес қатаң бақылауда ұстау керек, өйткені айғақты клиникалық
сауығудан кейін де гипогликемия қайталануы мүмкін.
Атап айтқанда, нәрестелерде және кіші жастағы балаларда глимепиридті
кездейсоқ қабылдаудан болған гипогликемияны емдегенде енгізілетін
глюкоза дозасын мұқият ретке келтіріп, қандағы глюкоза деңгейін қатаң
бақылау керек.
Осы препарат құрамында метформин бар болғандықтан, лактоацидоз
болуы мүмкін. Асқазанға 85 мг дейін метформин гидрохлориді түскенде
гипогликемия
байқалмаған.
Метформинді
жақсы
гемодинамика
жағдайларында 170 мл/мин дейінгі клиренс кезінде диализбен шығаруға
болады. Сондықтан, метформинмен артық дозаланудан күдіктенетін
науқастар организмінде жинақталған дәрілік затты шығарудағы ең тиімді
ем гемодиализ болып табылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті (ПВХ) үлбірден/
поливинилиденхлоридті (ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан
жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге
салынады.

Сақтау шарттары
30
о
С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/ Қаптаушы/Тіркеу куәлігінің иесі
Хандок Фармасьютикалс Ко. Лтд, Корея
Орналасқан мекенжайы:
37, Daepung-ri, Daeso-myeon, Eumseong-gun,
Chungcheongbuk-do, Korea
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)
сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы, Қонаев к-сі 21Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com