ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 401

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

-  плазмада  В

12

  витамині  концентрациясының  төмендеуі  ұзақ  уақыт 

метформин  қабылдаған  науқастарда  байқалды.  Фолий  қышқылының 
плазмалық  деңгейінің  төмендеуі  елеулі  дәрежеде  емес.  Осы  препаратты 
қабылдау  кезінде  мегалобластты  анемия  ғана  тіркелген,  бірақ  невропатия 
белгілері  күшеймеген.  Осылайша,  плазмада  В

12

  витаминінің  мұқият 

мониторингі немесе  В

12

  витаминін  әлсін-әлсін  парентеральді  енгізу  қажет 

болады 
- кейбір жағдайларда бауыр ферменттері белсенділігінің артуы және бауыр 
қызметінің  бұзылуы  (мысалы,  холестаз  және  сарғаю),  сондай-ақ  бауыр 
жеткіліксіздігіне дейін үдеп кететін гепатит болуы мүмкін 

Өте жиі 

- асқазан-ішек жолы жағынан болатын белгілер (жүрек айну, құсу, диарея, 
іштің  кебуі,  метеоризм  және  анорексия),  әсіресе,  осы  препаратпен 
емделудің  басында  метформин  монотерапиясында  жүрген  науқастарда 
плацебомен емделетін науқастардағыдан шамамен 30% жиі кездеседі.  
Бұл  белгілер,  әдетте,  уақытша  болады  және  үздіксіз  емдеу  барысында 
өздігінен басылады. Кейде дозаны уақытша азайту пайдалы болуы мүмкін. 
Емдеудің 

басында 

асқазан-ішек 

белгілері 

дозаға 

байланысты 

болатындықтан,  олардың  көрінісін  дозаны  біртіндеп  арттырумен  және 
препаратты  тамақтану  кезінде  қабылдаумен  әлсіретуге  болады.    Айқын 
диарея    және/немесе  құсу  организмнің  сусыздануын  және  преренальді 
азотемия  туғызуы  мүмкін  екеніне  орай,    мұндай  жай-күйлерде  бұл 
препаратты уақытша тоқтату керек. Осы препаратты тұрақты қабылдайтын 
науқастар  жағдайында  спецификалық  емес  асқазан-ішек  белгілері, 
интеркуррентті  ауру  мен  лактоацидоз  жоққа  шығарылғанша,  осы  емнің 
салдары болып саналмайды.  

Кейде 

-  аллергиялық  және  жалған  аллергиялық  реакциялар  (мысалы,  қышыну, 
есекжем  немесе  бөртпе).  Мұндай  реакциялардың  көпшілігі  жеңіл  түрде 
болады,  бірақ  олар  кейде  шок  күйіне  дейін  апаратын  артериялық 
қысымның  түсуі  және  ентігу  болатын  күрделі  реакцияларға  ұласады. 
Есекжем жағдайында дәрігерді бірден хабардар ету қажет. 

Сирек 

- тромбоцитопения 

Жекелеген жағдайларда 

лейкопения  немесе  гемолитикалық  анемия,  эритроцитопения, 

гранулоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения. Сульфонилмочевинаның 
басқа  туындылары  жағдайында  апластикалық  анемияның  болуы  мүмкін 
екені  тіркелгендіктен  мұқият  мониторинг  жүргізген  жөн.  Егер  ондай 
реакциялар орын алса, препаратты тоқтатып, тиісті емді бастау керек. 
-  аллергиялық  васкулит,  терінің  жарыққа  сезімталдығының  жоғарылауы 
немесе сарысудағы натрий концентрациясының азаюы 
Жоғарыда  аталған  немесе  басқа  қолайсыз  реакциялар  дамыған  кезде, 
сондай-ақ  күрт  өзгерістер  болған  жағдайда  науқастар  бұл  жөнінде  өзінің 
емдеуші дәрігеріне кідіріссіз хабарлауы тиіс. Кейбір қолайсыз реакциялар, 


background image

соның ішінде ауыр гипогликемия, гематологиялық көрсеткіштердің белгілі 
бір  өзгерістері,  ауыр  аллергиялық  және  жалған  аллергиялық  реакциялар, 
сондай-ақ  бауыр  жеткіліксіздігі  кейбір  ахуалдар  тұсында  өмірге  қатер 
төндіретін  сипатта  болуы  мүмкін.  Ал,  егер  мұндай  реакциялар  дамитын 
болса,  науқастар  ол  жөнінде  өз  емдеуші  дәрігеріне  дереу  хабарлап, 
препарат қабылдауды дәрігерден нұсқаулар алғанша тоқтата тұру керек. 

 
Қолдануға болмайтын жағдайлар 

-    инсулинге  тәуелді  (1  тип)  қант  диабеті  (мысалы,  қант  диабетімен 
науқастар  сыртартқысындағы  кетонемия),  диабеттік  кетонемия,  диабеттік 
кома  және  кома  алдындағы  жай-күй,  жедел  немесе  созылмалы 
метаболикалық ацидоз 
-  осы  препараттың  қосымша  заттарының  қандай  да  біріне  немесе 
сульфонилмочевина 

туындыларына, 

сульфонамидтерге 

немесе 

бигуанидтерге белгілі жоғары сезімталдық 
-  бауыр  қызметінің  бұзылуы  ауыр  немесе  гемодиализде  жүрген  науқастар 
(мұндай  науқастарда  қолдану  тәжірибесі  болмаған).  Бауыр  немесе  бүйрек 
қызметі  ауыр  бұзылған  жағдайда  қандағы  глюкозаның  тиісінше 
бақылануын қамтамасыз ету үшін инсулинге көшу қажет. 
- жүкті әйелдер немесе жүктілікке күдігі бар әйелдер, бала емізетін аналар 
-  лактоацидозға  бейім  науқастар,  сыртартқысында  лактоацидозы,  бүйрек 
жеткіліксіздігі,  бүйрек  қызметінің  бұзылуы  бар  [мысалы,  сарысудағы  1,5 
мг/дл  (ерлер)  және  1,4  мг/дл-ге  (әйелдер)  тең  креатинин  деңгейлерінің, 
әлде  патологиялық  креатинин  клиренсінің  негізінде  жорамалданатын] 
науқастар,  олар  кардиоваскулярлы  коллапс  (шок),  жедел  миокард 
инфарктісі  және  септицемия  сияқты  жай-күйлердің  салдары  болуы  да 
мүмкін 
-    тамырішілік  йодталған  контрастылы  заттар  пайдалану  қамтылатын 
рентгенологиялық  тексерулер  [мысалы,  көктамырішілік  урография, 
көктамырішілік  холангиография,  ангиография  және  көктамырішілік 
контрастылы  заттармен  жасалатын  компьютерлік  томография  (КТ) 
көмегімен  сканирлеу].  (Мұндай  тексерулер  бүйрек  қызметінің  жедел 
бұзылуына  әкеліп,  әрі  осы  препаратты  қабылдайтын  науқастарда 
лактоацидозбен  байланысты  болды.  Сондықтан,  мұндай  тексеру 
жоспарланатын  науқастарға  бұл  препаратты  емшараға  дейін  48  сағат 
бұрын  уақытша  тоқтатып,  оны  қолдануды  бүйрек  қызметінің  қайта 
бағаланып,  қалыпты  деп  саналуынан  кейін  ғана  жаңғыртқан  жөн).  Бұдан 
басқа, ол бүйрек қызметінің болжамды бұзылуы және жедел белгілері бар 
(сусыздану, ауыр жұқпа, шок) науқастарға қарсы көрсетілген болуы тиіс. 
-  ауыр  жұқпалар,  хирургиялық  операциялардың  алдындағы  және  одан 
кейінгі  ахуал  [бұл  препаратты  кез  келген  хирургиялық  шара  жағдайында 
уақытша  тоқтату  керек  (тамақ  пен  сұйық  ішуді  шектеумен  қатар 
жүргізілмейтін  шағын  емшараларды  қоспағанда),  оны  қолдану  науқас 
тамақты  ішу  арқылы  қабылдауын  жаңартқанша  және  бүйрек  қызметі 
қайтадан қалыпты деп саналғанша жаңғыртылмауы тиіс], ауыр жарақат 


background image

-  нашар  тамақтану,  ашығу  немесе  әлсіреген  науқастар,  әлде  гипофиз 
немесе бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі бар науқастар 
-  бауыр  қызметінің  бұзылуы  (бауыр  қызметінің  бұзылуы  лактоцидоздың 
бірнеше  жағдайларымен  байланысты  болғандықтан,  әдетте,  бауыр 
ауруының  клиникалық  және  зертханалық  көріністері  бар  науқастар  осы 
дәрілік  затты  қолданудан  аулақ  болған  жөн),  өкпе  инфарктісі,  өкпе 
қызметінің ауыр бұзылуы,  гипоксемиямен өтуі ықтимал басқа жай-күйлер 
(жүрек  немесе  өкпе  жеткіліксіздігі,  таяудағы  миокард  инфарктісі,  шок), 
алкогольді шамадан тыс тұтыну, дегидратация, асқазан-ішек бұзылыстары, 
соның ішінде диарея және құсу 
- дәрілік ем талап  ететін іркілісті жүрек  жеткіліксіздігі, таяудағы миокард 
инфарктісі,  ауыр  кардиоваскулярлы  коллапс  немесе  тыныс  алудың 
бұзылуы 
-  препарат  құрамында  лактоза  болуына  орай,  галактозаны  көтере 
алмаушылық,  Лапп  лактоза  жеткіліксіздігі  немесе  глюкоза  мен  галактоза 
сіңірілуінің бұзылуы сияқты генетикалық ауруы бар науқастар  
 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі 

Глимепирид 

Осы  препаратты  қабылдайтын  науқасқа  басқа  дәрілік  препараттарды  бір 
мезгілде 

тағайындаған 

немесе 

тоқтатқан 

кезде 

глимепиридтің 

гипогликемиялық әсерінің  қолайсыз  күшеюі де, әлсіреуі де болуы мүмкін. 
Осы  препаратпен  және  басқа  сульфонилмочевина  препараттарымен 
жинақталған тәжірибе негізінде келесі өзара әрекеттесулер ескерілу керек: 
-  Бұл  препарат  Р450  2C9  (СҮР2C9)  цитохромы  арқылы  метаболизденеді. 
СҮР2C9  индукторларын 

(мысалы,  рифампицин) 

және  СҮР2C9 

тежегіштерін (мысалы, флуконазол) бір мезгілде қолданған жағдайда осы 
деректі ескерген жөн. 
- Қанда глюкоза төмендету әсерін күшейтетін дәрілік заттар: инсулин және 
диабетке  қарсы  ішуге  арналған  дәрілер,  қабынуға  қарсы  стероидты  емес 
дәрілер (ҚҚСД), АӨФ тежегіштері, аллопуринол, анаболиялық стероидтар, 
еркектік 

жыныс 

гормондары, 

хлорамфеникол, 

кумаринді 

антикоагулянттар, 

циклофосфамид, 

дизопирамид, 

фенфлурамин, 

фенирамидол,  фибраттар,  флуоксетин,  гуанетидин,  ифосфамид,  МАО 
тежегіштері,  миконазол,  флуконазол,  парааминосалицил  қышқылы, 
пентоксифиллин  (жоғары  парентеральді  дозалары),  фенилбутазон, 
азапропазон,  оксифенбутазон,  пробенецид,  хинолонды  антибиотиктер, 
салицилаттар, 

сульфинпиразон, 

кларитромицин, 

сульфонамид, 

тетрациклиндер,  тритоквалин,  трофосфамид,  симпатикалық  жүйке 
жүйесінің тежегіштері. 

Қанда  глюкоза  төмендету  әсерін  әлсірететін  дәрілік  заттар:

ацетазоламид,  барбитураттар,  кортикостероидтар,  диазоксид,  несеп 
айдағыштар, 

эпинефрин 

(адреналин) 

немесе 

симпатомиметиктер, 

глюкагондар, іш  жүргізгіштер (ұзақ қолдану), никотин қышқылы (жоғары 


background image

дозалары),  эстрогендер,  прогестогендер,  фенотиазиндер,  фенитоин, 
рифампицин, қалқанша без гормондары, хлорпромазин, изониазид. 

Қандағы гипогликемиялық әсерді не күшейтетін, не әлсірететін дәрілік 

заттар:

Н

2

-гистамин 

рецепторларының  антагонистері,  клонидин, 

резерпин. 

Бета-блокаторлар

  глюкоза  көтерімділігін  төмендетеді.  Глюкоза 

көтерімділігінің  төмендеуі  диабетпен  науқастарда  метаболикалық 
реттелісті өзгертуі мүмкін. Бета-блокаторлар  гипогликемия қаупін (қарсы 
реттеліске қабілетсіздік салдары) арттырады. 

Гипогликемияның  адренергиялық  қарсы  реттеліс  көріністерін 

төмендететін  әлде бөгейтін дәрілік заттар:

  симпатолитикалық  дәрілер, 

мысалы, 

- блокаторлар, клонидин, гуанетидин, резерпин. 

Алкогольді  жедел  түрде  де,  созылмалы  сипатта  да  тұтыну

  осы 

препараттың  қандағы  глюкозаны  төмендету  әсерін  болжанбайтын  түрде 
күшейтуі әлде әлсіретуі мүмкін. 
-  Осы  препарат  кумарин  туындылары  -  антикоагулянттар  әсерлерін 
күшейте де, әлсірете де алады. 

Метформин 

- Лактоацидоз келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолданған кезде  болуы 
мүмкін.  Осы  дәрілік  заттар  бір  мезгілде  қолданылған  кезде  науқастарға 
қатаң  мониторинг  жасау  қажет:  йодталған  контрастылы  заттар, 
нефроуыттылығы күшті антибиотиктер (гентамицин және т.б.). 
- Гипогликемиялық әсері келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда 
артуы немесе әлсіреуі мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданған 
жағдайда  науқастарды  мұқият  қадағалап,  қандағы  глюкоза  деңгейін 
бақылау қажет. 

Гипогликемиялық 

әсерді 

күшейтетін 

препараттар: 

инсулин,  

сульфонамидтер,  сульфонилмочевина  препараттары,  альфа-гликозидаза 
тежегіштері 

(акарбоза), 

анаболиялық 

стероидтар, 

гуанетидин,  

салицилаттар (аспирин және  т.б.), 

-блокаторлар  (пропранолол  және  т.б.), 

МАО тежегіштері, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері. 

Гипогликемиялық  әсерді  әлсірететін  препараттар:  эпинефрин, 

симпатомиметиктер,  кортикостероидтар,  қалқанша  без  гормондары, 
эстрадиол,  эстрогендер,  ішуге  арналған  контрацептивтік  дәрілер,  тиазид 
және  басқа  несеп  айдағыштар,  пиразинамид,  изониазид,  никотин  
қышқылы, 

фенотиазиндер, 

фенитоин, 

кальций 

өзекшелерінің 

блокаторлары,  бета

2

-блокаторлар  агонистері  (сальбутамол,  формотерол 

және т.б.). 

Глибурид:

  2  типті  қант  диабетімен  науқастарда  бір  дозасының  өзара 

әрекеттесулерін  клиникалық  зерттегенде  метформин  мен  глибуридті  бір 
мезгілде 

қолдану 

метформин 

фармакокинетикасында 

да, 

фармакодинамикасында да қандай да бір өзгерістер туғызбаған.  Глибурид 
АUС  және  С

mах 

төмендеуі  және  олардың  тым  өзгергіштігі  байқалды.  Осы 

зерттеу сипатына (бір реттік  дозамен) және қандағы глибурид  деңгейлері 


background image

мен  фармакодинамикалық  әсерлерінің  арасында  өзара  байланыс  болмау 
себебіне орай, осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні түсініксіз. 

Фуросемид:

 дені сау тұлғаларда метформин мен фуросемидтің бір  реттік 

дозасының  өзара  әрекеттесулерін  клиникалық  зерттеу  осы  дәрілік 
қосылымдарды  бір  мезгілде  қолданудың  олардың  фармакокинетикалық 
параметрлеріне 

ықпал 

ететінін 

көрсетеді. 

Фуросемид 

қандағы 

метформиннің С

mах

  және  плазмалық  концентрациясын  22

, ал қан  АUС-

ын  метформиннің  бүйректік  клиренсіндегі  қандай  да  бір  елеулі 
өзгерістерсіз 

15

арттырды. 

Метформинмен 

тағайындалғанда 

фуросемидтік  C

max

  пен  AUC,  фуросемид  монотерапиясына  қарағанда, 

тиісінше, 31

 және 12

 төмен болды, ал жартылай шығарылуының соңғы 

кезеңі  фуросемидтің  бүйректік  клиренсіндегі  қандай  да  бір  елеулі 
өзгерістерсіз 32

 төмендеді. Ұзақ уақыт қолдану кезіндегі метформин мен 

фуросемидтің өзара әрекеттесуі жөнінде ақпарат болған жоқ. 

Нифедипин:

  қалыпты,  дені  сау  еріктілерде  жүргізілген  метформин  мен 

нифедипиннің  бір  реттік  дозасының  өзара  әрекеттесулерінің  клиникалық 
зерттеуінде  нифедипинді  бір  мезгілде  қолдану  қан  плазмасында  
метформин    C

max

  мен    AUC-ын,  тиісінше,  20

  және  9

  арттыратыны, 

сондай-ақ оның несеппен шығарылатын мөлшерін көбейтетіні көрсетілген. 
Тmax пен жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген.  Нифедипин метформин 
сіңірілуін күшейтеді.  Метформиннің нифедипинге әсер ету тиімділігі тым 
аз. 

Катиондық  белсенді  дәрілік  заттар:

  бүйректің  өзекшелік  сөлініс 

жолымен  шығарылатын  катиондық  белсенді  дәрілік  заттар  (мысалы, 
амилорид,  дигоксин,  морфин,  прокаинамид,  хинидин,  хинин,  ранитидин, 
триамтерен,  триметоприм  және  ванкомицин)  бүйректің  жалпы  өзекшелік 
тасымалдау  жүйесі  үшін  бәсекелесу  арқылы  Амарилмен-М  өзара 
әрекеттесуге теориялық тұрғыда қабілетті. Амарил М  мен ішуге арналған 
циметидин  арасындағы  осындай  өзара  әрекеттесу  қалыпты,  дені  сау 
еріктілерде  бір  реттік  және  көп  реттік  дозалардағы  метформин  мен 
циметидиннің  өзара  әрекеттесулерінің  клиникалық  зерттеулерінде 
байқалды,  онда  қандағы  метформиннің  ең  жоғары  плазмалық 
концентрациясы мен жалпы концентрациясының 60

  артуы және қандағы 

метформиннің  плазмалық  және  жалпы  АUС-ның  40

  ұлғаюы  болды.  Бір 

дозалық  зерттеуде  жартылай  шығарылу  кезеңінің  өзгерістері  болған  жоқ. 
Амарил М циметидин фармакокинетикасына ықпал етпеген. Мұндай өзара 
әрекеттесулердің  таза  теория  жүзінде  қалатынына  (циметидинді 
қоспағанда) 

қарамастан, 

науқастарды 

тиянақты 

мониторингпен  

қамтамасыз  етіп,  метформин  гидрохлоридінің  және/немесе  онымен 
бүйректің  проксимальді  өзекшелерінің  сөл  бөлу  жүйесі  арқылы 
организмнен  шығарылатын  катиондық  белсенді  препараттар  қабылданған 
жағдайда өзара әрекеттесетін дәрілік заттың дозасын реттеген  жөн. 
-  Басқалары:  Дені  сау  еріктілердегі  бір  реттік  дозасының  өзара 
әрекеттесулеріне 

жүргізілген 

зерттеулерде 

Амарил 

М 

мен